Хабар телеарнасы

Демократиялық қоғамды бір мезетте құру мүмкін емес — сарапшылар

Демократиялық қоғамды бір мезетте құру мүмкін емес. Ол үшін адамдардың көзқарасы өзгеріп, елде институттар қалыптасуы тиіс. Ашық саясат сараптамалық клубының отырысында бас қосқан сарапшылар осылай дейді. «Алдағы саяси науқанның өзі - елдегі демократияны дамытуға бағытталған маңызды қадам»,дейді ғалымдар.

Арман Ешмұратов, ҚР Тұңғыш Президент кітапханасының бас сарапшысы:
- Адамдардың көзқарастары өзгеріп жатыр, өз ойларын қорықпай айтып жатыр. Ол өте үлкен өзгерістер. Қазір қараңызшы, сайлауда кандидатураларын ұсынып жатыр, иә? Ол өзгерістің басы. Әділ мемлекет. Әділ экономика. Әділ қоғам. Осы бағыттар мына елге, қоғамға түсіп, сол дискурсқа өтсек, көқарас қалыптасса, менің ойым - болып жатқан жағдайларды реттеп, өзгертуге әкеледі.