Хабар телеарнасы

«Ақ жол» партиясының кандидаттары Тараз шаһарына барды

Жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, сайлауалды баяндамасын таныстырды. Партия өкілдері алдымен аяқ киім өндіретін зауытқа барып, еңбек ұжымымен пікір алмасты. Былғары аяқ киім жасайтын мамандар қордаланған мәселелерін ашық айтты. Сондай-ақ кандидаттар жергілікті халықпен кездесіп, партияның бағдарламасын жіті түсіндірді. Мұнан соң, қаладағы металлургиялық зауыт ұжымымен кездесу болды. Партия өкілдері еліміздің барлық өңірін аралауды жоспарлап отыр.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- «Ақ жол» партиясы ұлттық кәсіпкерлердің және отандық өндірушілердің партия ретінде еңбек ұжымдарымен кездесуді қалаймыз. Бұл кездесулердің екі жағы бар. Біріншіден, әрине, өзіміздің саяси бағдарламамызды, атқарған жұмысымыз туралы хабар беріп отырмыз. Екіншіден, осы ұжымдардың, осы кәсіпорындардың проблемаларды және де оларға қажетті бастамаларды талқылап жатырмыз.