Хабар телеарнасы

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Маңғыстау облысында жалғастырды

Кандидаттар Түпқараған ауданына барып, балық өсіретін компания жұмысшыларымен кездесті. Шаруа қожалығы өнімін шет мемлекеттерге де экспорттайды. Саяси ұйым мүшелері тағы Мұнайлы ауданына барып, сайлаушыларымен жүздесті. Фермерлер саладағы мәселелерді көтеріп, көкейдегі сұрақтарын қойды. Қуаңшылықтың алдын алу амалдары жайлы пікір алмасты. Партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары  Атырау облысында жалғасады. 

Әли Бектаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:
«Ауыл» партиясының өкілдері Қазақстанның барлық өңірінде осындай кездесулер өткізіп жүр. Бүгінгі таңда өңірлердің 80% астамын қамтыдық. 2 мыңнан астам кездесу өткізді. Оған орта есеппен 200 мыңға жуық азаматтар қатысты. Кештетіп Маңғыстауға келдік.