Хабар телеарнасы

ОСК жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттарын ресми түрде тіркеді

Яғни бүгіннен бастап олардың Мәжіліс депутаттары ретіндегі өкілеттіктері басталды. Төменгі палатаның барлық 98 дептутаты алғаш рет тікелей сайлау құқығы негізінде іріктелді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бұл бір жағынан сенімнің жоғары деңгейі әрі халық алдындағы үлкен жаупкершілік екенін атап өтті. Жаңа сайланған Мәжіліс депутаттарына куәлік пен омырауға белгі тапсырды.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы: 
- Сайлауды өткізудің жаңа форматы мүдделі азаматтардың саяси қатысу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті және сайлау саласын жандандырды. Сайлау бәсекелестің және ашықтық қағидаттарында өтті. Олардың қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттық корпусы айтарлықтай жаңартылды.