Хабар телеарнасы

Мәулен Әшімбаев Алматы облысы мәслихатының депутаттарымен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін Алматы облысы мәслихатының депутаттарымен кездесті. Жиында жергілікті депутаттар рөлінің маңыздылығы сөз болды. Палата төрағасы жаңа формациядағы заңдарды әзірлеп, қабылдауға мәслихатты жұмылдыру керек екенін алға тартты. Ал сенаторлар өңірлердегі мәселелердің оң шешілуіне ықпал етуі тиіс. Мәулен Әшімбаев мәслихаттарға материалдық-техникалық және әдістемелік көмек көрсету мәселесіне де тоқталып өтті. Тиісінше тұрақты семинарлар, тренингтер және тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыруды ұсынды. Өйткені мұндай бастамалар жергілікті депутаттардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сапар барысында Алматы облысының белсенді жастарымен де кездесу өтті.  

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 

- Заңдарды шығаруға байланысты, методикалық көмектерге байланысты, өзін-өзі басқаруға арналған заңды жетілдіруге байланысты осындай бағыттар бойынша бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Жалпы өңірлерді қолдау, өңірлермен жұмыс істеу - Сенаттың негізгі басымдылығы.