Хабар телеарнасы

Ашық Үкімет пен басқару жүйесіндегі жаңа мәдениет бізге де жетті

Есту, түсіну, әрекет ету арқылы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланыс нығаймақ. АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Болгариядан келген 100-ге жуық сарапшы мемлекеттік басқарудағы заманауи тәсілдерді бөлісті. Айтуларынша, басқаруда IT технологияларды белсенді қолдану керек. «Ал бізге цирфландыру, жасанды интеллектіні дамыту қажет»,— деді Сенат төрағасы. Сонда қарашаның ұсыныстарымен жедел танысуға мүмкіндік болмақ. Одан бөлек, әділ басқарудағы бірқатар жаңашылдыққа тоқталды. Палата үшін мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау және саяси реформалармен үндестіру маңызды болмақ.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Елімізге білімді, білікті, бойына дұрыс құндылықтарды сіңірген басқарушылардың жаңа буыны қажет. Қазір мемлекеттік органдар үшін аналитиктер даярлау ісі де маңызды міндет болып саналады. Көптеген құрылымдарда сапалы талдау жасай алатын білікті мамандар жеткіліксіз. Былтыр біз Сенат жанынан Талдау мектебін құрдық. Мектеп аясында мамандардың екі тобын даярлап шығардық.

Александр Маринов, халықаралық сарапшы:
-Біздің мемлекет қабылдаған, өте ұзақ реформалық процесспен бөлістім. Мемлекеттік қызмет, стратегиялық жоспарлар және ұзық жылдық тәжірибемді ортаға салдым. Халықтың үнін биліктегілер естігені дұрыс. Бастысы оң әрекетке көшуі керек. Яғни Азаматтық қоғамға, бизнес өкілдеріне жоғарғы билік ашық болу керек. Осы салаларда талқыланатын сұрақтар өте көп. Біздің де Қазақстаннан үйренеріміз бар.