Хабар телеарнасы

Түркістандағы Ұлттық құрылтайдың алғашқы күні қорытындыланды

Жиында айтылған әрбір ой-пікір ескеріліп, барлық мәселелер мұқият зерделенеді. Бүгін арнайы 3 секция өткізілді. Олар «Қоғамдық консалидация», «Мәдениет, өнер, руханият» және «Білім және ғылым» тақырыптарына арналды. Атап айтсақ, азаматтық қоғамды дамыту, этносаралық бірлікті нығайту, қоғамдық бірлестіктердің қызметін заңнамалық реттеу, ұлттық идеология, өңірлердегі қоғамдық кеңестердің рөлі мәселелерін талқылады. Жеке талқылау блогы халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға арналды. Жұмыс секциялары барысында көтерілген бастамалар іске асуы үшін арнайы іс-шаралар жоспары әзірленеді. Ал ертең Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтеді. 

Аида Балаева, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары:
-Бүгінгі құрылтай 3 тақырып аясында жүргізілді. Елуден астам адам сөз алып, жүзден астам ұсыныс келіп түсті. Олар мазмұны жағынан көптеген бағытты қамтиды. Ұсыныстар басқа да алаңдарда сарапшылармен, ғалымдармен електен өткізуді талап етеді. Барлық ұсыныстарды Мемлекет басшысының назарына жеткізіп, мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асыру жөнінде шаралар арнайы жоспар әзірленетін болады.