Хабар телеарнасы

Астана 25 жылда әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылық орталығына айналды

Астана 25 жылда әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылық орталығына айналды. Халықаралық аренада түйіні тарқамай жүрген келіссөздерді абыроймен ұйымдастырды. «Қазір Астана күллі түркінің үлгі тұтар елордасы», - дейді Түркиядағы «Жақсылар» партиясының депутаты, белгілі саясаткер Күршат Зорлу. 

Күршат Зорлу, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты:
- Қазақстан мен Түркияның бауырластыққа негізделген қарым-қатынасы біз үшін маңызды. Терең тарихи байланысымыз күн өткен сайын нығайып келеді. Солардың бірі - біздің Астанамен ынтымақтастығымыз. Аз ғана уақыттың ішінде Астана брендке айналды. Бейбітшілік пен тұрақтылық орталығы сипатына ие болды. Мереке құтты болсын. Түркияның Ұлы Ұлттық мәжілісінен сәлем жолдаймын. Құтты болсын!