Хабар телеарнасы

Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді АҚШ қайтаруға көмектеседі

Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға АҚШ тарапы көмектесуге дайын. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың айтуынша, жалпы қылмыстың мұндай түрімен жалғыз күресу мүмкін емес. Американың бұл мәселені шешуде тәжірибесі мол. Тіпті қайбір жылдары мыңдаған азаматының швейцариялық банктердегі есепшоттарын аштыртып, миллиардтаған доллар салықты қайта төлеткен еді.

Қайрат Омаров, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:
-Америкада бұл мәселе өте өзекті. Олар мұндай заңсыз әрекетпен әлем бойынша күресіп жатыр. Сондықтан Қазақстанның бұл бағыттағы қадамын құптап отыр. Бізге заңсыз шығарылған активтерді қайтарудың заңды тетіктерін ретке келтіру керек болды. Америка тарапы бұл мәселеде бізбен тығыз жұмыс істеуге дайын. Әрі біздің өтінішіміз бойынша қол ұшын созады.