Хабар телеарнасы

Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

«Отбасының цифрлық картасы» инновациялық жобасы — Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасының арасындағы тиімді әріптестіктің нақты үлгісі. Бұл туралы БҰҰ Бас Хатшысының көмекшісі Ивана Живкович айтты. Нью-Йоркте еліміздегі цифрлы дамуды ілгерілету бойынша жүзеге асырылған жоба таныстырылды. Қазірдің өзінде өзге мемлекеттер Қазақстанда жыл басында іске қосылған әлеуметтік бағдарламаға қызығушылық танытып отыр. Жалпы отбасының цифрлық картасында тұрмысы төмен азаматтарға жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Бала туғаннан бастап, басқа да әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыны тағайындау жұмыстары тез әрі сапалы түрде жүзеге асырылады. Қарапайым азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеп, мемлекеттік шығыстарды да қысқартады. «Тек мамыр, маусым айында 60 млн. тг үнемделді»,— дейді халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Ивана Живкович, БҰҰ бас хатшысының көмекшісі:
-Қазақстан қандай жұмыстар атқарғанын нақты іспен көрсеткені өте маңызды. Теңсіздікті жоюда соңғы жылдары ауқымды шаралар жасалды. БҰҰ ДБ Қазақ үкіметімен белсенді түрде байланысып көптеген бағдарлама мен жобаны жүзеге асырды. Соның ең бір жарқын үлгісі — «Отбасының цифрлық картасы». Оның әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінде қалай жұмыс істейтінін жаңа VR технологиясымен көрдік.