Хабар телеарнасы

Тоқаевтың АҚШ-қа іссапары туралы сарапшылар пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапарына қатысты сарапшылар пікір білдіруде. Қоғамдық даму институтының сарапшысы Риззат Елубаев Мемлекет басшылары БҰҰ-ның жалпы сессиясы да, одан тыс жеке форматтағы жиындар болсын, кездесу өткізетін қолайлы орта екенін айтады. Саясаттанушы әлем назар аударып отырған басқосу  Орталық Азия және АҚШ Мемлекет басшыларының саммиті екенін атап өтті.

Риззат Елубаев, саясаттанушы:
- Бұл формат Орта Азия мемлекеттеріне бірыңғай Орта Азияның күн тәртібін жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің географиялық аумағымызда болып жатқан шиеленіске байланысты АҚШ-тың жеке позициясына қатысты және де сіздер білесіздер, соңғы уақытта санкцияларды айналып өтуге көмектесу деген сияқты күн тәртібінде тұрған мәселелерде көзбе-көз позицияларды нақтылап алып, қандай ортақ нүктелер бар екенін және де бұл мәселені қалай шешуге болатындығын осы саммит аясныда міндетті түрде талқыланатын болады.