Хабар телеарнасы

Заңсыз шетел асқан қаражат қашан қайтарылады?

Әлеуметтік әділеттілікті атағанда елден заңсыз шығарылған активтерге де тоқталу қажет. Ұлықтау рәсімінде Президент Үкімет заңсыз шығарылған капиталды қайтару үшін қажетті рәсімдерді реттейтін заң жобасын әзірлейтіндігін айтқан. Бүгінде бұл маңызды құжат қысқа мерзім ішінде Парламентте қабылданды. Қазір заңсыз шетел асып кеткен қаражатты қайтару бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатыр.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Қазірдің өзінде 1 трлн теңгеге жақын қайтарылды. Енді түскен ақшаға әлеуметтік мәселелер шешіледі, сонымен қатар Пезидент біздің экономикамызды төртінші, бесінші өнеркәсіптік айналымға жеткізу жөнінде нақты тапсырма қойған болатын. Міне осы қаржының барлығы біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласын жалпы модернизациялауға кетеді және соның аясында біздің еліміздің интеллектуалдық-әлеуметтік деңгейі міндетті түрде өсетін болады.