Хабар телеарнасы

Тоқаев: Қоғамда заң үстемдігі болуы қажет

Заң алдында – бәрі бірдей. Мұны әрбір азамат жете түсінуге тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мәлімдеген болатын. Президент заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тыйым салынатынын атап өтті. «Мемлекет жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейді. Мұны әрбір азамат жете түсінуге тиіс»,– екендігін айтқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: «Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Заң мен тәртіп қатаң сақталуға тиіс, яғни қоғамда заң үстемдігі болуы қажет. Ең бастысы, біз мейірімді әрі мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуіміз керек».