Хабар телеарнасы

Астанада бәйгеден республикалық турнир өтті

Оған елдің түпкір-түпкірінен жиналған 100 жуық шабандоз қатысты. Кіл жүйріктер ұшқыр, топ және аламан атты бәйгенің 3 түрінен сынға түсті. Тұлпарлары желмен жарысқан шабандоздар медаль, грамоталардан бөлек, ақшалай сыйлыққа да ие болды. Республикалық турнирдің жалпы жүлде қоры биыл 20 млн теңге. 

Самат Жылқыбаев, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы: 
- Ұлттық спортты насихаттаудағы жылда өтетін шарамыз. Бұдан да басқа Астанада көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Шектеу жоқ. Өйткені бұл бәйге болғаннан кейін жергілікті болсын, араб аттары болсын, сондай аттар қатысып жатыр.