Хабар телеарнасы

Қытай төрінде қоржынымызға 3 қола түсті

Ұлттық құрама спортшылары екінші күн қатарынан жеңістерімен қуантуда. Дегенмен әзірге алтын жоқ. 81 келідегі Абылайхан Жұбаназар іріктеу кезеңін сәтті өтіп, қола үшін белдесуде өзбекстандық спортшыдан басым түсті. Ал әйелдер арасында дзюдошы Эсмигүл Күйілова қола медалімен жеңіс тұғырына көтерілді.

Үшінші жеңіс сұрмергендер сайысынан. Қазақстан жалпыкомандалық есепте 45 елдің арасынан 13 орынға көтерілді. Споршыларымыз белсенділік танытып, Азия ойындарындағы жалпы есептегі жағдайын жақсартуға атсалысуда. 

Жандос Қонысбаев, дзюдодан ҚР мемлекетік жаттықтырушысы: 
- Алғашқы күндер енді табан тірейтін күндер. 60, 66, 48, 52 келілер. Енді Әбиба финалға шықты. Мағжан қоламен шектелді. Бірақ осы Азия ойындарының жеңімпазы Хамза Дидар бар. Шархан Нұрлыхан бар. Қырықбай Ғалымжан бар. Құдай қаласа, алтынды барынша күтеміз. Болу керек. Талап – сол. Ұлттық құраманың алдындағы талап алтын.