Хабар телеарнасы

Ұлттық спорт: «Алтын тұғыр» сыйлығының жеңімпаздары марапатталып жатыр. LIVE

Жылдың  жүйрігі – «Секрет». Дәл қазір Астанада Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы «Алтын Тұғыр» Ұлттық спорт сыйлығының жеңімпаздарын марапаттап жатыр. Осы іс-шарадан әріптесім Диана Қадыр ақпарат беруге әзір. Диана, «Жыл жылқысы» Алматы облысының Секреті болды, ал «Үздік атбегі» деген атақты Мұрат Досбергенов алыпты, ал өзге спорт түрлері бойынша кімдердің бағы жанды?

Диана Қадыр, тілші:
-Ұлттық Спорт қауымдастығына қарасты 10 спорт түрінің үздіктері марапатталып жатыр. Оза шапқандарға «Алтын тұғыр» ұлттық сыйлығын табыс етілді. «Құсбегі» аталымында Кунтуған Арманбек, «Көкпар» аталымы бойынша «Әулие ата» командасы, ал аударыспақта Сайлау Мұхаметжанов топ жарды. Осы Ұлттық сыйлықты иеленгендердің арасындағы ең жасы, атақты шабандоз – Бекзат Ділдәхан.