Хабар телеарнасы

Астанада инновациялық сапалы білім беру бағдарламасы жүзеге асты

Мемлекет басшысы Азия ойындарынан кейін бапкерлік қызметтің ерекшеліктеріне назар аударып, кадр даярлау жүйесін жетілдіру, спорттық білім мен ғылымдағы әлемдік үрдістерді ескере отырып, спорт менеджерлерін оқыту туралы айтқан еді.

Президент тапсырмасы бойынша Астанадағы Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы тұңғыш рет инновациялық сапалы білім беру бағдарламасын жүзеге асырды. Польшаның Экономика университеті мен Бельгияның білім беру кеңесі және спорт федерацияларының бірлесіп әзірлеген жаңа жобасы спорттық менеджмент пен спорт ұйымы басшыларының біліктілік деңгейін арттыруға бағытталған. Қазір бұл бағдарлама бойынша еліміздің әр өңірінен 80-ге жуық спорт ұйымдарының басшылары дәріс алып жатыр.

Ардақ Назаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біз осы спорттық бағытты дамытатын менеджерларды көп дайындауымыз керек. Өйткені менеджерлар не береді? Ол бүкіл саланы дамытады. Қаржы құяды. Арнайы мамандар келеді. Тәжірибелер алмасады.