Хабар телеарнасы

Ресейлік іздестіру жасағы қазақ сарбазының сүйегін тапты

Жауынгердің есімі медальонынан анықталды. Ол Ақмола облысы, Есіл ауданындағы Терсоққан ауылының тумасы Кенжебек Болтаев болып шықты.

Төсбелгіде әкесінің есімі – Жантас Болтаев деп жазулы. Іздестірушілер жауынгер 1910 жылы туғанын анықтады. Қуантары, бүгін қазақ жауынгердің туыстары табылды. Енді ақмолалық азаматтың сүйегі туған жеріне жеткізіліп, қайта жерленеді.

Наталья Клепикова, «Сосновый бор» жасағының сарбазы /Ленинград облысы/:

- Біз 27 жауынгерді таптық. Олардың алтауының аты-жөні анықталды. Бұл – біз үшін үлкен олжа. Басым бөлігінің туыстарын да таптық. Алдағы уақытта Кенжебек Болтаевты қайта жерлеу бойынша келіссөздер жүргіземіз. Іздеу жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғыс айтамыз.