Хабар телеарнасы

«Junior Eurovision 2018» балалар ән байқауының басталуына бес күн қалды

Жарыстың іріктеу сынынан сүрінбей өткен 10 қатысушы ірі жобаға тас-түйін дайын. Одан тыс тартысты додада талантты жастарымыз өнер көрсететін Алматыдағы «Халық Арена» алаңында дайындық жұмыстары пысықталуда.

Бардық. Көрдік. Қайттық. Бұл – қарапайым көрермен көзімен қараған құбылыс. Әсілі олай емес. 1Тойдың болғанынан боладысы қызық1 демекші, елімізде алғаш рет шымылдығы түрілейін деп тұрған ірі жобаның мәзірі әзірден әзірлік көруде. Атап айтқанда, сіз отыратын орындықтан бастап, ән шырқалатын сахна төріне дейін әрленуде. Себебі бұл байқаудың маңызы ерекше.

Ғалия Байбосынова, «Junior Eurovision 2018» байқауының артқарушы продюсері:

- Қазір соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сахнаны қай жаққа қоямыз, жарықты қай жақтан ілеміз, қонақтар қай жақтан отырады, қанша адам сияды деген сияқты кішігірім жұмыстарға дейін мән беріп жатырмыз.

Одан кейін бүлдіршіндеріміз сахна төрінде соңғы дайындықтарын пысықтайды. Себебі, әлем жұртының назары ауатын додада, кімде болса, мінсіз болғысы келеді.

Ғалия Байбосынова, «Junior Eurovision 2018» байқауының артқарушы продюсері:

- Бұл – көптен бері келе жатқан арман. Неге «Junior Eurovision» байқауына біздің балалар қатыспайды деп әрдайым ойлайтынмын. Біздің балалар өте дарынды. «Әу» демейтін қазақ жоқ. Мұны бекер айтпайды ғой. Дарынды балалар өте көп. Бұл шараны әлем көреді. Ерекшелігі сол.

Көптен күткен додамыз 22 қыркүйек күні кешкі сағат 18:30 да басталады. Онда еліміздің жарық жұлдыздары төрелік етеді. Олармен қоса, сіз де sms арқылы дауыс беріп, таңдау жасай аласыз. Жеңімпаз ортақ дауыс беру нәтижесі арқылы белгілі болады.

Авторы: Бірлік Берікұлы