Хабар телеарнасы

Елорданың экономикалық әлеуеті артып келеді

Тұтас мемлекеттердің өзі ғасырлар, мыңжылдықтар бойы даму даңғылында болса, Астана ондаған жылдарда-ақ өркендеп келеді. Кішкентай ғана қала қаржылық қуатты елордаға айналды. Астана құрылған соң, алғашқы 10 жылда 16 млрд долларға жуық инвестиция құйылды. Халқымен қоса, аумағы да кеңейіп, экономикалық әлеуеті нығая бастады. Ал 3 жыл бұрын бюджет донорына айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сегодня Астана играет ключевую роль в модернизации экономики в условиях Четвертой промышленной революции и интеграции Казахстана в глобальное экономическое пространство. Город динамично присоединяется к глобальному технологическому тренду Индустрии 4.0. Валовый региональный продукт вырос за эти годы в 190 раз. И достиг 5 триллионов тенге в номинальном выражении, а в реальном увеличился в 5,5 раз. Поступления в государственный бюджет достигли 1 триллиона тенге и выросли за эти годы в 78 раз.

Бас қалаға 20 жылда 8 трлн теңге инвестиция құйылып, экономикалық әлеуетін одан әрі дамытатын шағын және орта бизнес қарқынды дамыды. Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында экономиканы ілгерілетудің барлық жолы нақты көрсетілген. Бүгінде құрылыс, сыртқы, ішкі сауда, қызмет көрсету салалары Астана экономикасының өсу драйверіне айналды.

Рысгүл Қауғабаева, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Былтыр салық түсімдері бір трлн теңгеге жетті. Оның 78%-ы республикалық бюджетке жіберіледі. Бұл – Астана республикалық бюджеттің донорына айналды деген сөз. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі былтыр 550 млрд теңгеге жетті. Осы көрсеткіштердің барлығы – Астана мемлекеттік қызметшілердің емес, кәсіпкерлердің қаласына айналғанының дәлелі.

Астанада қазір 100 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Олар 330 мыңнан аса жұмыс орнымен қамтып отыр. Тіпті әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын «Астана бизнес» бағдарламасы қолға алынған. Тағам өнеркәсібі, металлургия, өңдеу кәсіпорындары ерекше өсім көрсетуде. «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуы инвесторлардың көптеп келуіне жағдай жасады.

Индира Жылқайдарова, тілші:

- Мемлекеттік бағдарламалар елорда экономикасына ерекше серпін бергені рас. «Бизнестің жол картасын» алайық, ол бойынша тіпті бір мың жоба қолдау тапқан. Олардан бюджетке келген салық түсімдері 21 млрд теңгеден асты. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде қанша нысан бой көтерді. Қазір құны 7 млрд доллар болатын бір мыңнан астам жоба жүзеге асырылуда.

Индира Жылқайдарова, Аян Сәрсенбаев, Қорытынды жаңалықтар