Марафонның бірінші күні телевизия майталманы Зейін Әліпбек, тележүргізуші Динара Кунафина, журналист Батыржан Ибрагимов балалар үйіне барып, «Хабар» Агенттігі арнайы дайындаған сыйлықтарды тарту етті.
10 Күндік Телемарафон бойынша барлық жаңалықтар
«Хабар» Агенттігі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында арнайы жоба – отандық телевизия тарихындағы тұңғыш «Жаңа күн - Жаңа Қазақстан» мерекелік телемарафонын ұсынып отыр.
Арнамыздан наурыздың 14 мен 23 аралығында таңғы 7:00-ден түнгі 00:00-ге дейін «Жаңа күн – Жаңа Қазақстан» мерекелік жобасын тамашалай аласыздар.