Қарағанды Облысы бойынша барлық жаңалықтар
Елімізде байрағын желбіреткен әскери патриоттық эстафета жалғасуда. 92 күн ішінде «Жеңіс таңбасы» Қазақстанның барлық аймақтарын айналып шығады.
Жезқазған қаласының тұрғыны, соғыс ардагері Талғатбек Қадыров ақсақал Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай Мәскеуде өтетін салтанатты шеруге шақырту алды.
Қарағанды қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Сабырғали Құсенов бүгін 100 жасқа толды.
Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері де Елбасының құттықтау хатын алды.
Қарағанды облысындағы 376 ардагердің барлығы да жаңа жыл қарсаңында Елбасы құттықтауын алды. Соның бірі – Балқаш қаласында тұратын Рашида Сергиенко.
Президент сәлемдемесі облыстың түкпір-түкпірінде тұратын 20 ардагердің үйіне жеткізілді. Солардың бірі - Камали Дүйсембеков.
Қарағанды облысынан Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған 45 мың адамның 18 мыңы майдан даласында шейіт болған. Өкінішке қарай, сұм соғыстан елге аман оралған майдангерлеріміздің де қатары сиреп келеді.