Өскемендік ардагер Валентин Кудрявцевті жерлестері «аңыз адам» деп атайды. Соғыстан келгеннен кейін саналы ғұмырын жол полициясына арнаған майдангер: «Өмірдегі басты құндылықтардың бірі – адал еңбек», - дейді.
Өскемен бойынша барлық жаңалықтар
«Соғыс және бейбітшілік». Осындай атаумен Өскемендегі Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай графикалық картиналар көрмесі өтуде. Көрмеге соғысқа қатысқан майдангер-суретшілердің 50-ге жуық туындысы қойылды.
Өскемендік Ұлы Отан соғысының ардагерлері және «Социалистік Еңбек ерлері» - Қайролла Бақтыбаев, Әутәліп Қалиев пен Қайырбек Айжігітов та Елбасының құттықтау хатын қабыл алды. Ардагерлер алғыстарын айтып, бүкіл елге жаңажылдық тілектерін жолдады.