Хабар телеарнасы

Шымкентте 5 адамның өліміне себепші болған автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте бес адамның өліміне себепші болған автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты. Ол 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 5 жыл мерзімге қамауға алынды. Сот жаза тағайындауда жәбірленушілердің кешірімі мен бұрын сотталмағанын, кәмілетке толмаған баласы барын ескеріп, осындай үкім шығарды. Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында жүргізушісі жоқ автобус 6 адамды қағып, салдарынан 5 азамат көз жұмды. 1 адам түрлі дене жарақатын алды. Ал автобусты қараусыз қалдырған 49 жастағы сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінішін білдірді. 

Жанат Мүсірәлі, қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы:
- Тағайындалған жазаны өтеу, қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде өтеу белгіленді. Азаматтық талапкер Сейдалиеваның талап-арызы өзінің нақтылауы бойынша барлығы 2 миллион теңге материалдық және моральдық залал өндірілді.