Хабар телеарнасы

Алматы облысында аурухана әкімдігі ₸2,1 млрд жымқырған

Алматы облысында ауруханадан 2,1 миллиард теңгеден аса қаржы ұрланды. 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілген медициналық мекеменің басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан қаржы жымқырғаны анықталды. Олар медициналық бұйымдарды сатып алу туралы жалған құжаттар жасаған.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
-2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. Аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.