Ақтөбе заң институты ғимаратының алдына Кеңес Одағының Батыры Малкеджар Бөкенбаевтың ескерткіш бейнесі орнатылды. Өткен жылдың аяғында оқу орнына батырдың аты берілген болатын.
Жеңіс үшін жанын аямаған жауынгердің бірі – Иван Слинько. Екі бірдей «Ерлігі үшін» медалін кеудесіне қадаған Ұлы Отан соғысының ардагері Орал қаласында тұрады.
9 сәуір күні бастама алған «Жеңіске құрмет!» акциясы республиканың түкпір-түкпірінде, тек облыс орталықтары, Алматы мен Астана ғана емес, шалғай ауылдарда, аудандардағы ардагерлерге ерекше сый-құрмет көрсетті.
«Жеңіске құрмет!» акциясы жалғасуда. Өскемендік Ұлы Отан соғысының ардагері Липат Семинға өңірдегі әріптестеріміз Жеңістің 70 жылдығына орай «Хабар» агенттігі атынан теледидар тарту етті.
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» қайырымдылық шарасы аясында Ақтөбе қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Зинаида Ғұсмановаға сыйлық табысталды.
«Хабар» Агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!» шарасы Шығыс Қазақстан облысында да жалғасын тапты. 19 жасында соғысқа аттанған Иван Каплиев Сталинград қоршауын бұзудағы кескілескен ұрыстарға қатысты.
«Хабар» агенттігінің ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!» шарасы аясында оңтүстікқазақстандық тілшілеріміз Шымкентте тұратын Ұлы Отан соғысына қатысқан Төлеген Жақыпбаевтың үйінде болып, ардагерді қуантып қайтты.
Өскемендік ардагер Валентин Кудрявцевті жерлестері «аңыз адам» деп атайды. Соғыстан келгеннен кейін саналы ғұмырын жол полициясына арнаған майдангер: «Өмірдегі басты құндылықтардың бірі – адал еңбек», - дейді.
Біздің тілшілер ардагер Ізтұрған Өтесіновтің шаңырағында болып, «Хабар» агенттігінің арнайы сыйлығын табыстады. 91 жастағы қарт майдангер сұрапыл соғыс жылдары мен майдандас достары жайлы сыр шертті.
Екінші дүниежүзілік соғыстың зұлматы еш ұмытылмақ емес. Ұлы Жеңіске жету жолында майдан даласындағылармен бірге тылдағылардың да ерлігі ерен болғаны сөзсіз.