Кешенді нысанның ұзындығы 1,5 шақырымға жуықтайды. Сәулетшілер Талас өзенінің жағалауын абаттандырып, «Көне қамал» деп аталатын қорған тұрғызды.
Темір жол саласына қажет бұйымдарды шығаруға мамандандырылған кәсіпорындар өнімнің 80% экспортқа шығаруға дайын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясының жабылу салтанатында сөз сөйледі.
Биыл Қазақстанның төрағалығымен Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясы өтеді.
Ақмолалық Жүнісовтер отбасы 70 жыл бойы сақтап келген отбасылық құпиясын жария етті.
Әйелдер қақаған аязда тоңып, үсіп кететін жағдайлар болған. Таңертең ұйқыдан тұрған кезде шаштары мұз болып қатып қалады. Олар 20 сағаттап жұмыс істеген. Мұның бәрі – Елорда іргесіндегі «АЛЖИР» лагерінде жазасын өтегендердің басынан өткергендері.
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты Мемлекет басшысы үндеу жолдады.
Алматыда Esquire Club мүшелерінің алғашқы мәдени іс-шарасы өтті.
Үш томдық кітапқа бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған жаңа құжаттар енген.
Пандемия еліміздің ішкі туризмін біраз тұралатқаны белгілі.