Хабар Жаңалықтары бойынша барлық жаңалықтар
«Соғыс және бейбітшілік». Осындай атаумен Өскемендегі Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай графикалық картиналар көрмесі өтуде. Көрмеге соғысқа қатысқан майдангер-суретшілердің 50-ге жуық туындысы қойылды.
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Павлодарда мектеп оқушыларының яғни жас зерттеушілердің еңбектері қойылған «Атамұра» мұражайы ашылды. Онда Кереку өлкесінен соғысқа аттанған жауынгерлердің жеке заттары, фотосуреттері мен құжаттары қойылған.
Отан үшін отқа түскендердің ерлігі мәңгі жадымызда. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында Астанада «Еске алу эстафетасы» жалғасын тапты.
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық акциясы наурыз айының басында Минскіде басталған болатын.
Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай Өскеменде 30 шақты қарт майдангер мен тыл ардагерлеріне қала басшысы ҚР Президенті атынан бірыңғай мерейтойлық медаль табыстады.
Оралда Жеңістің 70 жылдығына орай «Аталардың ерлігін, жыр етем келер ұрпаққа» атты облыстық қолжазба жинақтарының байқауы өтті. Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған байқау өткен жылдың желтоқсан айы мен биылғы 15-ші ақпанның аралығын қамтыды.