Жеңіс үшін жанын аямаған жауынгердің бірі – Иван Слинько. Екі бірдей «Ерлігі үшін» медалін кеудесіне қадаған Ұлы Отан соғысының ардагері Орал қаласында тұрады.
Жеңіске құрмет өңірде!
Петропавлда тұратын соғыс ардагері Алексей Ситников қан майданда «Полуторка» деп аталатын жүк көлігімен Мәскеуден Берлинге жеткен. Ол ұрыс алаңдарына қару-жарақ, оқ-дәрі жеткізіп отырған.
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» шарасы Ақтөбеде жалғасты. Бұл жолы осы өңірдегі тілшілеріміз Ұлы Отан соғысының ардагері Вера Лоткованың үйіне барып, қарт жауынгерге теледидар сыйлады.
«Жеңіске құрмет!» акциясы жалғасуда. Өскемендік Ұлы Отан соғысының ардагері Липат Семинға өңірдегі әріптестеріміз Жеңістің 70 жылдығына орай «Хабар» агенттігі атынан теледидар тарту етті.
Қарттарын қадірлеген ел ардақты. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлерге сыйлық тапсыруды қолға алған «Хабар» агенттігі шараны жалғастырып келеді. Біздің қарағандылық тілшілеріміз 91 жасқа келген теміртаулық Василий Болотиннің отбасында болып, қарт майдангерді құттықтап қайтты.