Хабар телеарнасы

29 қаңтарға арналған ауа райы

29 қаңтарға арналған ауа райы

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Алматы облысының Алакөл көлінде жел 18-23 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде тұман болып, Атырау, Ақтөбе облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар мен Алматы облысында да тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, түнде Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында да тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облысы мен Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында аяз бірнеше күнге сақталады.