ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

    Жексенбі, 19 Қараша 2017 07:00
Фото: Анимации - Аватары

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

Тек батыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын және жел 15-20 м/с күшеюі  күтіледі. Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады

    Жұма, 17 Қараша 2017 07:05
vsenovostint.ru

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, тек оңтүстік-шығыс пен оңтүстікте, батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде көктайғақ пен тұман, жел 15-20 м/с-қа күшейеді, солтүстігінде бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20 м/с-қа дейін жетеді, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ, тұман болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ пен тұман болып, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

    Бейсенбі, 16 Қараша 2017 07:01
Моя газета

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде  тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет

Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын болады

    Сәрсенбі, 15 Қараша 2017 07:06
Татар-информ

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын, желдің күшеюі мен тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын мен жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды, Ақмола, Қостанай,  Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысында тұман, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақпарат көзі: Қазгидромет