Ауа райы - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Жұма, 15 Қыркүйек 2017 07:01

Еліміздің аспанында күн ашылып, жел екпіні бәсеңдейді.

Жиын-терімге таптырмайтын уақыт басталады. Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш тәулікте болатын антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде сынап бағанасы +20... +28 градусты көрсетпек. Ал оңтүстік аймақтарда ауа температурасы 31 градусқа дейін жоғарылайды. Тек батысымызда ғана аздаған өткінші жауын-шашын жаууы ықтимал.

Астана қаласында түнгі сағатта +7+9, ал күндіз 22+23 градус жылы болады.

Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2017 07:06

Синоптиктер елімізде күн жылынады деп болжап отыр.

Тропосфералық солтүстік тасқындар батысқа ауысып, ол Қазақстанға Атлантика аймағынан жылы ауа әкеліп, температураның жоғарылануына себеп болмақ. Тек жақын тәуліктерде солтүстік, орталық және шығыс облыстарда үсік сақталады. Ал 15 және 16 қыркүйекте күндіз температура көптеген облыста 20 мен 28 аралығында, оңтүстікте 26 мен 31-ге дейін көтеріледі. Алдағы үш тәулікте жауын-шашын болмайды. Тек Қазақстанның батысында 14 қыркүйекте өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

 
Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 10:19

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданындағы Самарское ауылында соққан қатты жел аудандық аурухана ғимаратының шатырын жұлып алып кетті.

Секундына 32 метрге дейін жеткен желдің салдарынан ауылдағы көпқабатты үйдің шатыры да қираған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазір келтірілген шығын көлемі анықталуда. Бұл туралы бізге телефон арқылы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

-12 қыркүйек күні сағат 17.30-да Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданындағы Самарское ауылында екпіні секундына 32 метрге дейін жеткен қатты желдің салдарынан ауданаралық аурухана ғимаратының ауданы 600 шаршы метр шатыры ішінара жұлынды. Зардап шеккендер жоқ.

Бұдан басқа көпқабатты үйдің ауданы 60 шаршы метр шатыры ішінара жұлынды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.