ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

    Жұма, 08 Желтоқсан 2017 07:05
2018god.net

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің кей өңірінде жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Тек республиканың оңтүстік, солтүстік және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Жамбыл облысында тұман болып, желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/сқа жетеді деп күтіледі. Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.
Ақмола облысында тұман болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі күтіледі.

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында көктайғақ, тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Алдағы күндері ауа райы жылынады

    Бейсенбі, 07 Желтоқсан 2017 07:00
Фото: Природа

Алдағы күндері еліміздің ауа райына әсер етіп келген Сібір антициклоны Алтайға қарай ауып, күн жылиды.

Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық фронттар жылжып, алдымен республиканың батысында одан соң басқа аумағында сулы қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ал мамандардың айтуынша, әдетте қараша айында-ақ ақ ұлпаға көміліп қалатын Астанада қардың әлі күнге дейін қалың жаумай жатқаны осы антициклонның салдары. «Бірақ мұндай құбылыс бас шаһарымызға жат емес», – дейді олар. Ал ресми дерекке сүйенсек, өткен жылы желтоқсанның 1-і күні Астанадағы қардың қалыңдығы 10 сантиметрге жеткен

Еліміздің кей жерлерінде қар жауады

    Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 07:02

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде қар жауады, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде Жалаңашкөл аймағында жел соғады, күші 18-23 м/с. Атырау облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 18 м/с күшеюі күтіледі.

Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

    Дүйсенбі, 04 Желтоқсан 2017 07:03
allWomens

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, тұман күтіледі.

Тек солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, шығыста және солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі (15-20 м/с) күтіледі, Оңтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан областарының кей жерлерінде тұман, Алматы, Жамбыл областарында көктайғақ күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет