Ермек Тұрсынов

Ермек Тұрсынов

Ермек Тұрсынов

Ермек Кәрімжанұлы Тұрсынов – режиссер, сценарист, жазушы, аудармашы, кинодраматург, кіші футболдан спорт шебері.

1961 жылы 20 шілдеде Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған. Мұнан соң Мәскеуде кинотанушы-сценарист деген мамандық алады.

«Мегаполис» газетінде бас редактор, «Қазақстан» телеарнасының президенті және «31» арнаның бас продюсері қызметтерін атқарған.

2009 жылы орта ғасырдағы шығыс елдерінің әміршісі, Египет және Сирия елдерінің билеушісі Бейбарыс Сұлтанның тарихынан сыр шертетін «Мамлюк» атты романы жарық көрді. 2010 жылы «Семь майских дней» тақырыбында тағы бір кітабы шықты. Кейіннен осы атау бойынша фильм де түсірді.

Бүгінгі таңға дейін Ермек Тұрсынов – «Келін», «Шал», «Кенже, «Кемпір» және «Жат» фильмдерін түсіріп, талантымен танылып жүрген білікті кино-режиссер.