ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Жеті күн». Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебатына қатысты. Отандық 7 компания Ұлттық чемпионы атанды

«Жеті күн». Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебатына қатысты. Отандық 7 компания Ұлттық чемпионы атанды
Сюжеты
1. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебатына қатысты 2. Елбасы көтерген мәселелерге қатысты шетелдік қайраткерлердің пікірі  3. Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та көптеген кездесу өткізді
4. Мемлекет басшысы АҚШ-тың ірі компанияларының өкілдерімен кездесті 5. Әлемдік бәтуа   6. Бірлікке үндеу
7. Алты құрлықтан ағылған БАҚ Елбасы баяндамасына қатысты қандай ақпарат таратты? 8. Ақордада АҚШ-қа сапар қорытындыланды 9.  Экономика локомотиві
10. Отандық 7 компания Ұлттық чемпион атағына лайық деп танылды 11. Шетелдік инвесторларды Қазақстан экономикасы қызықтырады 12. Жаңа кодекс
   
13. Бағамға бағыну     

1. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебатына қатысты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің бас мінберінен бірнеше батыл бастама көтерді, ұтымды ұсыныс айтты. Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымының сессиясында сөйлеген сөзі шын мәнінде «тарихи» деп таңбалауға әбден лайық. Біздің ел ұйымның Жарғысын мүлтіксіз орындап келеді. Өзара қарым-қатынас өте жақсы. Бас хатшылар бірнеше рет Қазақстанға сапарлады. Бір ғана Пан Ги Мунның өзі 2010 жылы елімізге екі рет келді. Биыл Астанада өткен Діндер съезіне қатысты. Елбасы да Нью-Йорктегі штаб-пәтерде талай мәрте болды. Бас Ассамблея сессияларының бел ортасында жүрді. Бұл жолғы басқосудың жөні бөлек. Мерейтойлық сессия. Сондықтан да болар Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде БҰҰ жүріп-өткен жолдың терең мазмұнына үңілді. Әрине, бірлестіктің жұмысы жайлы пікір әр алуан. Қалай дегенмен де, өткен 70 жылда дүниежүзілік соғыс болған жоқ. Отарсыздану жүзеге асырылды. Ал ұйымның өзі пікірлесудің бүкіләлемдік мінберіне айналды. Нұрсұлтан Назарбаев осылай ой түйді. 

Ал Елбасының Бас Ассамблеяның жалпы дебатында тек қазақ тілінде сөйлеуі жүрекке жылы тиді, мақтаныш ұялатты. Кейін журналистерге берген сұхбатында  Президент: «Мен әдейі солай жасадым», –  деді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерейтолық сессиясы. Жаһан жұрты үміт артқан алқалы жиын. 150-ден астам мемлекет пен Үкімет басшылары бас қосты. Бес құрлықтың белсенді өкілдері дүниежүзінің ең өзекті түйткілдерін талқылау үшін жиналды. Қазақ делегациясын Нұрсұлтан Назарбаев бастап келді. 70 жыл бойы әлемдік қауымдастық әскери қақтығыстарды реттеудің амалын іздеп келеді. Шиеленістер азаяр емес. Тіпті кейбір елдерді күйретудің салдары терроризмге ұласты. Сондықтан адамзат жаңа қағидаларға сай дамуы тиіс. Бұл орайда Елбасы ұйымның 2045 жылға дейінгі жаңа стратегиясын әзірлеуді ұсынды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті 

-ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс. Сол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының 100 жылдығына Жаһандық Стратегиялық бастама 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынамын. Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен «Жаңа Болашақ» (NEW FUTURE) концепциясын әзірлеу Жаһандық Стратегиялық Бастама 2045 жоспарын жүзеге асырудың алғашқы қадамы болар еді.

70 жылда жер жаңа. Бүгінде жаһан мүлде жаңа сипатқа ие. Кезінде бейбіт өмірді нығайту үшін құрылған БҰҰ тариxи міндеттерін абыроймен атқарды. Енді оны заңды құрылым ретінде сақтап қана қоймай, жаңғырту маңызды. Президент ұйым қызметіне серпін беретін бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. БҰҰ-ның Экологиялық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму Кеңесіне айналдыруды ұсынды. Оған экономикалық реттеушінің міндеттері жүктелуі тиіс. ХXI ғасырда әлемге жаңа қаржы құралдары керек. Елбасы бұл бастамасының жай-жапсарын кейін отандық журналистермен кездесуінде айтып берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті 

-Дүниежүзілік валюта жөнінде. Доллар тек қана бір жерден шығып отыр. Оны қанша шығарады, қашан тоқтатады еш адам білмейді. Сондықтан дүниежүзілік валюта жайында ойластыру керек.

Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерін Азияға көшіруді ойластыруды ұсынды. Қазір әлемдік даму орталығы Батыстан Шығысқа қарай ойысып келеді. Азияның айбыны асқақтаған дәуір осы ғасырдың еншісінде болмақ. Бұл өңірде ғаламшар тұрғындарының үштен екісі шоғырланған. БҰҰ-ның келешек ордасына айналуға әлеуеті баршылық. 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті 

-Одан бері 70 жыл өтті. Дүние өзгерді. Ол кезде нағыз өсіп-өркендеп тұрған жер АҚШ болатын. Қазір өсіп өркендеп келе жатқан Азия құрлығы. Сондықтан мынаны өзгертейік десек, өзі БҰҰ-ның ішінде 40 мың шенеунік жұмыс істеді. Қайда істейді, не істеп жатыр ешкім білмейді. 5,5 млрд доллар жұмсайды екен жалақыға. Біз елорданы Алматыдан Астанаға көшірген сияқты біраз сілкілеп алу үшін БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтерін Азияға көшіріңдер деп айттым. Азияда өсіп-өркендеп келе жатқан Шанхай, Сингапур, Сеул, Астана бар. Қайсысына көшірем десе, оны талқылап ойланады. Әрине, оңай жұмыс емес. 

Саяси көзқарастардың әрқилылығы мен қақтығыстар салдары санкцияларға ұласты. Ал оның зардабын татып отырған қарапайым xалық. Күрмеулі мәселенің шешу жолын қарастыру маңызды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті 

-Санкцияларды Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін әрекет ретінде бағалап, олардың өз бетімен қолданылуын болдырмау қажет. Миллиондаған адамдардың игілігіне әсер ететін халықаралық санкциялар қолдану құқығы Қауіпсіздік Кеңесінің ерекше құзырында болуға тиіс деп сенемін. Бұл қағидаттарды сақтамау қазіргі әлемдік тәртіптің негіздерін ыдыратады, «қырғи-қабақ соғыстың» сарқыншағына айналады. 

Қырғи-қабақ соғыстың лебі есіп-ақ тұр. Бұл саммит батыс елдері мен Ресей арасындағы аxуалды жақсартуға септігін тигізеді деген болжамдар бұрыннан айтылған. Дегенмен, әркім өз позициясында қалды. Әсіресе Украина мен Сирия бойынша. 

Барак Обама, АҚШ Президенті

-Кезінде Ресей дипломатиялық жолды таңдағанда Украинаның құлдырауы болмас еді. Бұл дағдарыс Украина болашағын өзі таңдайтындай жолмен реттелуі тиіс. Біз Ресеймен қырғи-қабақ соғысқа ұмтылмаймыз. Сирия мәселесі бойынша Башар Асад Президент лауазымын босатуы тиіс деп есептейміз. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті 

-Сирия билігімен ынтымақтасып, әскеріне көмектесуден бас тартуды қателік деп санаймын. Сирияда «Ислам мемлекетімен» Башар Асад пен күрт жасақтарынан басқа ешкім күресіп жатқан жоқтығын мойындау керек. Мұндай маңызды мәселелерді Ресейдің қатысуынсыз шешу мүмкін емес. 

Си Цзиньпин, ҚХР төрағасы 

-Барлық саяси шешімдер әр елдің мүддесіне сай қабылдануы тиіс. Барлық тараптарға өзара тиімді ықпалдастық керек.

Қазақстан – қандай да қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеудің жақтасы. Еуразия өңіріндегі қақтығысушы тараптарды бітістіруге күш салып келеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті 

-Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек. Сол үшін 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыруды ұсынамын.

Адамзат қауіпсіздігін қамтуда біздің ел көш бастап тұр. Қосқан ең өлшеусіз үлесі – ядролық қарусыздану. Ендігі кезекте Қазақ елі атомды бейбіт мақсатта пайдаланып, ядролық отынға қолжетімділікті арттырмақ. 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті 

-Қазіргі таңда мемлекеттердің бейбіт мақсатта қолданылатын атомға және ядролық отынға кемсітусіз қол жеткізу құқығын кепілдендіру қажет. Нақ осы себепті біз Қазақстанда МАГАТЭ-нің Халықаралық аз байытылған уран банкін құру туралы келісімді қолдап, қол қойдық. Бұл – жаһандық ауқымдағы оқиға. Әлем оны атомды қауіпсіз әрі бейбіт мақсатта қолданудың маңызды қадамы ретінде бағалауға тиіс. Сонда атом энергетикасын дамытқысы келетін елдер үшін уранды өздері байытудың еш қажеттілігі болмайды. 

Бұл ұсыныстарды Елбасы БҰҰ-ның мінбесінен қазақ тілінде жасады. Бірлестіктің 6 ресми тілімен қатар, бас кеңседе тұңғыш рет ана тіліміз асқақтады. Ел үшін ең игі бастама осы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті 

-Бұл да жақсылықтың нышаны. Біздің тіліміз дүниежүзіне естілсін, құлақтарына сіңсін. Солай-солай жылжыта береміз деп санаймын. Әдейі солай жасадым. Меніңше дұрыс болды. Барлық тілге ол аударылады. Бірақ бәрі әбден үйреніп кеткен, сөйлескісі келмейді. Тілі басқа жаққа үйреніп, жаттығып кеткен. Сондықтан мен айтқаннан кейін менен кейінгі біздің басшылар солай сөйлейді деп сенемін. 

Саяси дебат қызу өтті. Айтар мәселе, тарқатар түйін көп. Мінбеге шыққанын пайдаланып 30-40 минутқа дейін баяндама жасағандар бар. Осылайша саяси пікірталас 2 күнге созылды. Терроризм мен экстремизмнің белең алуы мен мигранттар мехнаты айтылды. Қалай дегенмен де, державалардың келіссөздерге дайын екені көрініп тұрды. Алайда бейбітшіліктің туын желбіреткен саммиттен соң да Таяу Шығыс пен Украинада атыс-шабыстың шаңы басылған жоқ. 

Авторлары: Мұxтар Ыбырайым, Еділ Ермекбаев, Руслан Жәкеев 

2. Елбасы көтерген мәселелерге қатысты шетелдік қайраткерлердің пікірі

Жалпы дебаттан бөлек Қазақстан Президенті Нью-Йоркте қос бірдей саммитке қатысты. Біріккен Ұлттар Ұйымының 2015 жылдан кейінгі даму кезеңі мен экстремизмге қарсы күрес мәселелері талқыланған жиындарда Елбасының өз айтары болды.  

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерін Азияға ауыстыру жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың тосын ұсынысы шын мәнінде сенсациялық жаңалық болды. 

Елбасы тек ұсыныс айтқан жоқ, әр сөзін дәлелмен бекемдеді. Сарапшылар ең әуелі батыстың әлеуеті әлсірегенін, экономикалық мүмкіндіктері таусыла бастағанын алға тартады. Ал Азия елдері қазір өзгеден оқ бойы озық. Әсіресе Жапония, Малайзия, Индонезия, Қытай сынды мемлекеттердің дәуірі басталды. Қалай дегенменде, штаб-пәтерді ауыстыру – уақыт еншісіндегі дүние. Бұл тақырып әлі талай талқыланады.

Кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құру туралы бастама көтерген болатын. Әрине ол кезде әдеттегідей күмәнданғандар көп еді. Қазір бұл ондаған мемлекеттің басын қосқан іргелі ұйымға айналды. Сол секілді Елбасының биылғы бастамалары да түбі жүзеге асады. Сарапшылар осылай пайымдайды. Әрі ұсыныстардың дұрыстығын мойындайды. 

Ян Шианхуң, Еуро-Азиялық ғылыми зерттеу институты басшысының орынбасары 

-Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігін ерекше бағалаймын. Осы жолғы БҰҰ штаб-пәтерін көшіру туралы идеясы уақыт талабынан туындап отыр. Өйткені XXІ жүз жылдықты «Азияның ғасыры» деп айтады. Болашаққа көз тастасақ, Азия қай жағынан да экономикалық жаңа құрылым жасауға мүмкіндігі бар ірі аймақ. Осы тұрғыдан алғанда Президент Назарбаевтың бастамасы өте орынды.

Мұхаммед Файрус бин Хайруддин, сарапшы

-Нұрсұлтан Назарбаев – салиқалы саясаткер. Қазақстанның Президенті: «БҰҰ экономикалық-әлеуметтік кеңесін жаһандық даму кеңесіне айналдыру – әлемдегі қаржылық дағдарысты шешуге ықпал етеді», – деді. Бұл пікірмен толық келісемін. Сондай-ақ Ұйымның штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселесі де құптарлық. Бұл Азия елдеріне үлкен мүмкіндіктер туғызбақ. Нәтижесінде көптеген мемлекеттердің экономикасы тұрақтандырылады.

Дуглас Хёрд, Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі 

-Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған тың бастамалар көңілімнен шықты. Әсіресе дағдарысқа қарсы көтерген идеясы өте құнды. Сіздердің Президенттеріңіздің «Терроризм, көші-қон сынды кері әсерлер – экономикалық дағдарыстың салдары» деуі бекер емес. Бұл түйіткілдердің түйінін тек бірлесіп шеше аламыз. 

Сери Канам, Франция делегациясының мүшесі 

-70 жылдық тарихында БҰҰ әлем дамуына өлшеусіз үлес қоса білді. Әрине, оған жекелеген мемлекеттердің де еңбегі зор. Мысалы, Қазақстан басшысы әркез тың бастамалар ұсынатыны баршаға мәлім. Бас кеңсені Азияға ауыстыру Ұйымның дамуы және Азияны әлеммен жақындастыру үшін аса пайдалы болар еді.

Александр Охрименко, экономист 

-Нұрсұлтан Назарбаев кедей елдердің экономикасын көтерудің тиімді жолын ұсынды. Елбасының бұл бастамалары дамыған мемлекеттерге де әрі қарай өркендеуге мүмкіндік береді. Босқындар проблемасы мен өзге де келеңсіз құбылыстар өз шешімін табар еді. Осы орайда Қазақстан Президентінің БҰҰ Бас Ассамблеясында айтқан сөздері өте орынды.

Штефан Майстер, Герман сыртқы саясаты қоғамы Шығыс Еуропа, Ресей және Орталық Азия бөлімінің жетекшісі 

-Бүгінде әлемнің дамуында Азия елдері маңызды орын алады. Келешекте БҰҰ үшін бірқатар пайдалы шешім қабылдап, әлемде қауіпсіздік орнатуға септігін тигізетін болады. Экономикалық дағдарыс ушығып келеді. Ал онымен күресетін құралдар заман талабына сай емес. Сондықтан бұл шешімге жаңа мемлекеттерді, оның ішінде Азия елдерін қатыстыру керек. Қазақстан Президенті уақытында күш біріктіру туралы ұсыныс айтты.

Висенте Лоссерталес, EXPO халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы

-Қазақстан халқы тату ғұмыр кешіп жатқанын білеміз. Бұл Президент Назарбаевтың игі бастамаларының арқасында мүмкін болды. Ал терроризм мен экстремизмге қарсы әлемдік бірыңғай желі құру идеясы қазіргі таңда елдерді бірлікке, оның ішінде зұлымдықпен бірігіп күресуге шақырады.

3. Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та көптеген кездесу өткізді

Әуелі Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен жолықты. Тараптар орнықты даму, қарусыздану әрі ядролық қаруды таратпау, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жайында пікір алысты. Сондай-ақ Қазақстан ұсынған халықаралық бастамалар, әсіресе Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін жалғастырудың маңыздылығы айтылды. Биыл Астанада өткен бесінші басқосуға Пан Ги Мун қатысқан болатын.

Елбасы АҚШ Президенті Барак Обамамен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алысты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

 -Семь лет диалога с господином Обамой всегда у нас были продуктивны. Я говорил, что мы хотим, чтобы Америка продолжала дальше поддерживать нашу независимость, наше стремление и наши экономические программы. Мне очень приятно, что Президент России и Президент Америки встретились. Обсудили острые вопросы. Господин Обама сейчас меня информировал об итогах их разговоров по вопросам Украины, Сирии. Они были очень откровенны, как он сказал. Он сказал, что начал понимать позицию России, и мы будем работать. Радует то, что при его президентстве он хочет наладить эти отношения.

АҚШ пен Қазақстан серіктестігі өңірлік даму мен тұрақтылық үшін маңызды. Байланыс алдағы уақытта нығая бермек. Жақын арада Қазақстанға Мемлекеттік xатшысы Джон Керри сапармен келеді. Қазіргі таңда елімізге 30 миллиард долларға жуық америкалық инвестиция тартылған. 500-ге жуық компания жұмыс істейді. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы аясында Нұрсұлтан Назарбаев Польша Президенті Анджей Дудамен әңгімелесті. 

Тараптар сауда-экономика және инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың бүгіні мен келешегін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев әріптесін сайлаудағы жеңісімен және Польша Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Қазірдің өзінде Қазақстанда поляк капиталының қатысуымен 90-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Олар түрлі салаларды, соның ішінде фармацевтика, өңдеуші және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды. 

Елбасы АҚШ-қа сапары кезінде Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельмен де пікірлесті. Қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас сөз болды. Қазіргі кезде Люксембург төрағалық етіп отырған Еуропалық Одақпен Қазақстанның ынтымақтастығын нығайту жайы қаралды. Биыл мамыр айында Нұрсұлтан Назарбаев пен Ксавье Беттель Астанада жолыққан болатын. 

4. Мемлекет басшысы АҚШ-тың ірі компанияларының өкілдерімен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың ірі компаниялары өкілдерімен де кездесу өткізді. Жексенбі күні оның үстіне Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының сессиясы өтіп, бәрі қарбаласып жатқан тұста бірден қырыққа жуық компанияның, қорлар мен қаржы институттарының жетекшілерін бір жерге жинау оңай емес. Бірақ олардың бәрі Қазақстан Президентімен кездесуге келді. 

Кездесуге келген «бизнес капитандары» активтерінің жиынтық құны – 10 триллион доллар. Елбасы «Нұрлы жол», «ЭКСПО» жобалары жайында айтты. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына назар аударды. Бес реформа туралы әңгімеледі. 

Нью-Йорк. Астана уақытымен таңғы бес шамасы. АҚШ-тың ең беделді кәсіпкерлері мен саясаткерлері жиналуда. Нағыз «бизнес капитандары». Әйгілі JP Morgan, Pfizer, Blackstone сынды алып компаниялардың басшылары Нұрсұлтан Назарбаевпен арнайы кездесуге келді. Арасында федералды қор жүйесінің бұрынғы басшысы Бен Бернанке де бар. Салмақты әрі маңызды кездесу. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Самая важная встреча была эта с 40 самыми крупными бизнесменами США. Капитаны бизнеса. Тех кто сидел за моим столом они стоили 4 трлн доллоров. И сами модераторы говарили, что ни один президент включая здешнего никогда не собирал столько людей на столько важных. Там тоже была возможность рассказать, что мы делаем сейчас и пригласить их участвовать в наших  программах развития. Как в индустриальной программы, «Нұрлы жол». 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жүріп өткен жолын бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Әңгіме тоқсаныншы жылдары тоқырап барып, аяғына нық тұрған жаңа экономика мен жаңа жобалар төңірегінде өрбіді. Екі сағатқа созылған кездесу  барысында Елбасы елдің бүгінгі бағыт-бағдарына да тоқталды. Индустрия, инфрақұрылымдық даму мен жарқын болашаққа бастайтын бес реформа.

Стивен Шварцман, «blackstone» компаниясының төрағасы

-Кездесу өте қызықты өтті. Президент Қазақстанның 20 жылда жеткен жетістіктерін айтып берді. Бұл таң қаларлық жетістіктер. Алға қойған жоспарлары да таңдай қақтырады. Біз Қазақстанның әлемдік экономикадағы алдағы рөлін талқыладық. Ресурстары мол және ақылды жастары көп қазақ елінің келешегі кемел деп сенемін. 

Қазақстан – инвестицияға қолайлы мемлекет. Батыс пен Шығысты тоғыстырып отыр. Оның үстіне елде инфрақұрылымдық жобалар көп. Бизнес капитандарының айтуынша, Қазақстан тұтас Орталық Азияның тұрақты дамуында маңызды роль атқарады. 

Ханс-пол Бюркнер, «Тhe Вoston consulting group» төрағасы

-Орталық Азия тұрақсыз аймақ болып есептеледі. Оның құрамында қуатты экономикасы бар Қазақстан сияқты ірі мемлекеттің болуы тұтас өңірді тұрақтандыру үшін маңызды. Менің ойымша, ұзақмерзімді жоспары бар инвесторлар осы елге көңіл бөлуге тиіс. Көптеген елдер реформа, трансформациялар жөнінде жиі айтады. Қазақстан осы бағытты таңдаған бірер мемлекеттің ішіне кіреді. Елде көптеген жылдар жұмыс істейтін бір ғана «Шевронды» алсақ, Қазақстанның ұзақмерзімді перспективада үлкен мүмкіндіктері бар екенін көреміз.

Стивен Грин, «Guggenheim I» төрағасы

-Қазақстанның Шығыс пен Батыстың ортасында орналасқаны бизнес үшін өте қолайлы. Президенттің алға қойған жоспарлары көп. Елдің келешегі зор. Сондықтан Қазақстанға жиі барып тұру керек деп ойлаймын. 

Астанада xалықаралық қаржы орталығын құру шеңберінде Елбасы ірі компанияларды серіктестікке шақырды. Нью-Йорк, Шанхай мен Дубай сынды Астананы қаржы ордасына айналдыру үшін әлеует жеткілікті. Бастаманы «бизнес капитандары» құптап отыр. 

Майкл Сакс, «GCM Grosvenor» төрағасы

-Астананы әлемдік қаржы орталығы ету жоспары жиынға қатысушыларды таң қалдырды. Мен Қазақстанда болдым. Дамуы қарқынды. Сондықтан тағы барып, өзгерістерді өз көзіммен көргім келеді. 

Джордж Патаки, Нью-Йорк штатының бұрынғы губернаторы 

-Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаржы орталығына айналдыру мәселесін айтты. Қала Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан. Әлемді қызықтырып отырған да осы жай. Президент мені Астанаға шақырды. Келуге дайын екенімді жеткіздім.

Елбасы Халықаралық қаржы корпорациясының атқарушы вице-президенті Цзин Юн Каймен жеке дара жүздесті. Онда жеке секторды дамыту және инвестиция саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Американың «Cisco Systems» компаниясы да Қазақстандағы қызметін одан әрі дамытуды көздеп отыр. Желілік технологиялар саласының көшбасшысы «ЭКСПО-2017» көрмесін ілгерілетуді іске асырады. Көрмені ұйымдастыру және басқару үшін сандық платформа салып береді. Ол үшін 3,5 млн еуроны құрайтын ақпараттық қамту мен құрылғылармен қамтиды. Бұл жөнінде Нью-Йоркте «Астана ЭКСПО-2017» компаниясымен уағдаластық жасады. 

Джон Чемберс, «Cisco Systems» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы

-Қазіргі таңда біз күш-жігерімізді сандық трансформацияға жұмылдырып отырмыз. Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп осы саладағы серіктестік төңірегінде сұхбаттастық. Кездесу барысында «Астана ЭКСПО 2017» көрмесі мен Қазақстан экономикасын трансформациялау мәселесі де айтылды.

General Elektric-тің жүк магистральдер локомотиві өндірісі, Chevron-ның арматура зауыты, Philip Morris International-дің сандық акциз маркаларын қадағалаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі, Innovaro компаниясының ұйтқы болуымен құрылған Технологиялар трансферті орталығы мен Астанада бой көтерген заманауи Hilton қонақүйі. Бұл «бизнес капитандарының» Қазақстан экономикасына салған инвестицияларының тек бір парасы ғана. Алдағы уақытта инвесторлар еліміздегі біраз инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды қаржыландыруды жоспарлап отыр. Бұл кездесуден соң АҚШ-тың бизнес элитасымен серіктестіктің көкжиегі кеңейе түспек.

Авторлары: Ақбөпе Бексұлтан, Мұхтар Ыбырайым, Еділ Ермекбаек, Руслан Жәкеев 

5. Әлемдік бәтуа

АҚШ-қа сапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Бас Ассамблеяның жалпы дебатынан бөлек Қазақстан Президенті Нью-Йоркте қос бірдей саммитке қатысты. БҰҰ-ның 2015 жылдан кейінгі даму кезеңі мен экстремизмге қарсы күрес мәселелері талқыланған жиындарда Елбасының өз айтары болды. Қос жиында талқыланған тақырыптардың қай-қайсы да маңызды. Ал Қазақстан басшысы көтерген мәселелер өткір. 

Мәселен, Елбасы Аралдың тағдыры туралы айтты. Бұл тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатарлық жайт. Тартылған теңізден тараған шаң мен улы тұзды жел көтеріп, Еуропа мен Антарктидаға жеткізген. Қазір Аралдың солтүстік бөлігі қалпына келді. Бұған Дүниежүзілік банк қолдау көрсетті. 

Семей ядролық полигоны аймағын сауықтыру жұмыстары да жүріп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдері бұл экологиялық проблемаларды шешу үшін көмек күтеді деп ой түйді. Лаңкестікпен күресте жаңа дүниежүзілік мәміле керек. Қауіп ортақ. Демек, мемлекеттер күш біріктіруі тиіс. Қазақстан Президенті әлемдік қауымдастықты осыған үндеді. Үндеп қана қойған жоқ, терроризммен күрестің тың ережелерін айтты. Лаңкестік ұйымдардың бірыңғай тізбесін әзірлеу, оларға қолдау көрсеткендерге ең қатаң санкциялар қолдану, қылмысқа қатысы барларды қудалаудың, экстрадициялаудың ортақ тетігін дайындау. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев ұсыныстарының бір парасы ғана және олардың бәрін қалың көпшілік қолдайды. 

БҰҰ алдағы 15 жылға арналған дамудың күн тәртібін мақұлдады. 2030 жылға дейінгі даңғыл жол айқын. Адамзат дамуы 17 мақсат пен 169 міндетті көздейтін құжатты негізге ала отырып алға жылжымақ. Бұл саммитке ұйымға мүше 193 елдің өкілі түгел қатысты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Казахстан поддерживает глобальный документ по развитию нашей планеты. Принятие целей устойчивого развития предвещает поворотный момент для стран и народов мира. Итоговый документ нашего саммита станет поистине глобальным путеводителем развития и процветания на Земле. Цели и ориентиры нового документа ООН полностью совпадают с приоритетами и задачами Казахстана.

2030 жылға дейінгі тұрақты даму жоспары – мыңжылдық декларацияның заңды жалғасы. Кеше мен бүгінді байланыстырып, заманның құбылуына қарай бейімделу дұрыс үрдіс. Қазақстан мыңжылдық жоспардың басым бөлігін ерте орындап қойды. Ендігі кезекте 2015 жылдан кейінгі кезеңде орнықты дамудың мақсаттарын іске асыруға дайын. Негізгі жұмыс кедейлікті жоюға бағытталмақ. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-На земле бедность очень большая. Недоедает около 1 млн людей. 750 млн человек безграмотных. Умирает больше 40 тыс. детей ежегодно. Поэтому, богатый мир должен помочь. В связи с этим я предложил если бы все государства выделили на это 1 процент военных расходов 1 трн 700 млн расходы мира на вооружение, то это была бы большая поддержка и большая помощь. Генсек ООН он очень высоко оценил это предложение. 

Жаһандық қауіп-қатерлерге төтеп беруде Қазақстанның өз амалы бар. 30 елдің қатарына енуді көздейтін стратегия мен ұлт жоспары. Бірақ бірге дамудың да маңызы зор. Бұл орайда Елбасы өз пайымын айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Важным для стран Евразии является возрождение экономики Великого Шелкового пути на современном уровне. Это принесет благо многим странам, сокращая транзит из Азиатско-Тихоокеанского региона в Европу. Настало время сплотиться вокруг идеи Большой Евразии, которая объединит в единый интеграционный проект XXI века Евразийский экономический союз, Экономический пояс Шелкового пути и Европейский союз.

Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан үшінші саммит зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күреске арналды. Құрылтай АҚШ президентінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Қазір лаңкестік төрткүл дүниені толғандырып отыр. Сондықтан Елбасы қатерлерге төтеп беру үшін жаһан жұртын жұмылуға шақырды. «Жаңа әлемдік бәтуа керек», – деді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Надо создать антитеррористическую коалицию ООН, выработать единый механизм действий по розыску, задержанию и экстрадиции лиц, причастных к совершению преступлений насильственного экстремизма и терроризма. В рамках ООН необходимо перейти от рекомендательного к обязывающему характеру всех резолюций и решений, направленных на противодействие насильственному экстремизму. Они должны рассматриваться и утверждаться на уровне Совета Безопасности.

«Терроризмді жаһандық қауіп деп таныған жөн. Сондықтан әлемге террористер мен экстремистерге қарсы бағытталған нормалар мен ережелер қажет деді», – Елбасы. Сонымен қатар террорлық топтардың бірыңғай тізбесін әзірлеу маңызды. Оларға қатысы бар адамдарға қатаң шаралар қолдану ұсынылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В рамках ООН надо унифицировать понятие экстремистских и террористических структур, дать только Совету Безопасности право объявлять их вне мирового закона. Нужен единый механизм преследования и экстрадиции лиц, причастных к преступлениям международного терроризма и экстремизма. Надо четко установить, что в отношении тех, кто будет оказывать им поддержку, будут применены самые жесткие санкции.

Қазақстан экстремизммен күресте белсенді. Осыдан 14 жыл бұрын мемлекеттердің антитеррорлық коалициясына енді. 2001 жылғы оқиға осы зұлматпен бүкіл әлем болып, бірге күресуіне әкелді. Құрбан болғандардың рухына тағзым ету үшін Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорктегі «11 қыркүйек» ұлттық мемориалында болды. Олардың қатарында Қазақстан азаматы Жанетта Цой да бар еді. Дүниежүзілік сауда орталығы қирағаннан кейін оның аумағында бой көтерген мемориал құрылысы 2011 жылы аяқталды.

Авторлары: Мұxтар Ыбырайым, Еділ Ермекбаев, Руслан Жәкеев 

6. Бірлікке үндеу

Сарапшылар Қазақстан басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының биік мінберінен жаһандық маңызы бар мәселелерді көтерді деп санайды. Әр мемлекеттің жыл сайын өзінің қорғаныс саласына жұмсайтын бюджетінің 1 пайызын Ұйымның Арнайы қорына аудару туралы ұсынысты қалың көпшілік қуаттайды. «Сонымен қатар Үлкен Еуразия идеясының аясында топтасу – аса маңызды стратегиялық новелла»,– дейді шетелдік қайраткерлер. 

Карла Стэйла, БҰҰ жаһандық зерттеу басылымының тілшісі 

-Мысалы, АҚШ әскери саланы дамытуға қыруар қаражат бөліп келеді. Өзге де мемлекеттер дәл солай. Егер белгілі бір мемлекеттің әскери әлеуеті жоғары болса, ол айналасына қауіп төндіреді. Ал осы әскери бюджеттің бір бөлігін әлемдік дамуға бөлсе, қауіпсіздікке қосқан үлесі болады. Меніңше, Қазақстан Президентінің әскери бюджеттің бір пайызын бөлу туралы ұсынысы   керемет бастама.

Евгений Мураев, Украинаның халық депутаты 

-Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсыныстарымен толық келісемін. Бүгінде біз әлемдегі геосаяси жағдайдың тұтқыны болдық. Мен мұны Украина тұрғыны ретінде жақсы білемін. Соңғы жылдары бірнеше мемлекет егемендігінен айырылып, қазір экономикалық, әлеуметтік қиындықтарды басынан кешіп жатыр. Өкінішке қарай, Украина да осы елдердің қатарына қосылуға жақын. Сондықтан бұл мәселелерге жаһандық қауымдастық араласпаса, олар оң шешімін таппайды.

Ивета Григуле, Орталық Азия елдері бойынша Еуропарламент делегациясының басшысы 

-Егер Орталық Азиядағы жағдай тұрақты болмаса халық Еуроодаққа ағылушы еді. Мұндай құбылыс байқалмайды. Сондай-ақ Қазақстан ланкестік ұйымдар мен нашақорлық мәселесін қатаң қадағалап отыр. Осы түйткілдерді шешу жөнінде Қазақстан өңірде көш бастап тұр.

Маттиас Дорнфельдт, саясаттанушы

-Қазақстан өз аймағында тұрақтылықтың орталығына айналып отыр. Сондықтан да Назарбаев ядролық арсеналы бар ел басшыларын атом бомбасынан бас тартуға шақырды. Оған қоса қазір әлемді лаңкестік әрекеттер да жайлап барады. Осыған қатысты да Қазақстан Президентінен барлық ел бірігіп бейбіт өмірге қол жеткізу туралы ұсыныс түсті. Бұл құптарлық бастама.

7. Алты құрлықтан ағылған БАҚ Елбасы баяндамасына қатысты қандай ақпарат таратты?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің бас мінберінен сөйлеген сөзін 193 тәуелсіз елдің өкілдері ғана емес, алты құрлықтан ағылған ақпарат құралдарының тілшілері де тыңдады. Сосын жалпақ жұртқа жариялады. 

Шетелдік баспасөзді ашып қалсаң да, ғаламтордағы азулы БАҚ сайттарын басып қалсаң да, Президенттің цитаталарын көресіз, көлемді мақалаларға жолығасыз. Әдетте БҰҰ-ның алып баспасөз орталығында жүздеген журналист жүреді. Шұғыл ақпарат тарату үшін тілшілер дейтін қауымның қарбаласып жататыны рас. Алайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мінбеге шығып, сөз алғанда олардың бәрі сілтідей тынды. Сөзді ұйып тыңдады. Мұны Нью-Йорктен оралған әріптестерім кейін айтты. Сонымен мұхиттың арғы бетіннен әлемдік ақпарат құралдары Қазақстан басшысының баяндамасына қатысты қандай ақпарат таратты? 

Айдос Тұрысбек, шолушы

-Жаһандық антиядролық қозғалыс қалыптастыру, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл танытатын біртұтас әлемдік желі құру, бірыңғай валюта енгізу, БҰҰ хатшылығын Азия құрлығына көшіру мүмкіндігін қарастыру. Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем елдерін елең еткізген осы және өзге де ұсыныстары осы аптада шетелдік баспасөзде кеңінен талқыланған тақырыптар болды. Мәселен, америкалық «Ассошиэйтед Пресс» Қазақстан Президентінің әлемдік қоғамдастықты БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойына дейін қолдарындағы барлық ядролық қарудан бас тартуға шақырғанына баса назар аударды. Бұл бастаманы The New York Times басылымы да қуаттайды. Газет тілшілері «Қазақстан – ядролық полигонды жапқан және ауқымы жағынан төртінші ядролық қару-жарақтан өз еркімен бас тартқан, сондай-ақ Орталық Азияда ядросыз аймақ құрған тарихтағы тұңғыш ел», – деп жазып, Елбасының «Ядролық қарусыз аймақты әлемнің өзге өңірлерінде, соның ішінде Таяу Шығыста да құрған жөн» деген пікірін келтіреді.

БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күрес жөніндегі саммитінде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев әлемге лаңкестер мен экстремистерге қарсы іс-қимылдың әмбебап әрі міндетті ережелері қажеттігін баса айтты. Мемлекет басшысының бұл ұсынысын түріктің «Джихан» басылымы да зерделеді. Ақпарат құралы: «Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құруды ұсынамын. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының терроризммен күрес жөніндегі мәселенің бәрін қамтитын құжатын әзірлеп, қабылдау қажет», – деген Президент сөзін келтіріп, оның терроризм және экстремизммен күрес мәселелеріне байланысты айтылған бастамаларын қолдайтындықтарын аңғартты. 

Әлемнің ең негізгі мультимедиялық ақпараттық агенттіктерінің бестігіне кіретін испандық «ЭФЕ» де Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары мен ұсыныстарын батыл деп бағалады. Баспасөз бетінде Президенттің жаһандық дағдарысқа төтеп беру бағдарламасы, оның ішінде бірыңғай валюта құру идеясы туралы жарияланды. Осы мәселе төңірегінде International Herald Tribune басылымында «Қазақстан Президентінің батыл бастамасы» атты мақала жарық көрсе, бүгінгі қаржы нарығындағы қиындықтарды еңсеруге болатын Президент идеялары туралы Оңтүстік Америка елдеріне 24 сағат бойы ақпар тарататын NТN-24 телеарнасы да хабарлады.

Қазақстан басшысының сөзіне кең көлемді талдау жасаған жапондық «Дипломат» ақпараттық-сараптамалық порталы БҰҰ-ның штаб-пәтерін Нью-Йорктен Азияға көшіру туралы бастамасын халықаралық бас ұйымды реформалау қажеттігімен байланыстырады. «Қазақстан БҰҰ-ын Азияға көшіргісі келеді» деген мақалада Президент ұсынысына қатысты: «Бәрі де ап-айқын айтылған. Бұл шын мәнінде әлемдік қоғамдастықтың жиырмасыншы ғасыр бойында берік қалыптастырып үлгерген геосаяси түсінігін төңкеріп түсіретіндей соншалықты тың, соншалықты тосын ұсыныс», – деп жазады. Бұл идеяны латынамерикалық TeleSUR интернет басылымының журналистері де қолдап отыр. «БҰҰ-ның штаб-пәтері 1952 жылдан бері Нью-Йоркте орналасып келеді, енді оны ғаламның өзге жарты шарына ауыстыратын уақыт та келген шығар?! Бәлкім Азия, Африка және Латын Американың аймақтық интеграциясын ұлғайту үшін Назарбаев біз ойланатындай кең ауқымды мәселелердің бірін көтеріп отыр», – деп жазады шетелдік тілшілер. 

Түйіп айтсақ, Қазақстан Президентінің БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзі, көтерген бастамалары мен жасаған ұсыныстары әлемдік ақпарат құралдарының қызығушылығын туғызған, сол арқылы әлем жұртшылығының арасында қоғамдық пікір қалыптастырып қана қоймай, санаға серпіліс жасаған тарихи оқиға болғаны анық. 

8. Ақордада АҚШ-қа сапар қорытындыланды

Нәтижелі кездесу. Президент Америка Құрама Штаттарына сапар қорытындысын осылай бағалады. Ақордада өткен кеңеске Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты. 

«Біз үш бірдей ірі шараға жалпы дебатқа және екі саммитке бардық. Сондай-ақ көптеген кездесу өткіздік, солардың маңыздылары АҚШ президентімен және Американың ірі компанияларының басшыларымен келіссөздер болды», – деді Мемлекет басшысы. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ұсынған бастамалар халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары баға алғанын, енді оларды жүзеге асыру үшін өзге елдермен бірлесе жұмыс жүргізу қажеттігін айтты. 

Елбасының қабылдауында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов те болды. Бұл кездесуге сондай-ақ KCA International компаниясының басшысы Хуан Чю мен «Сембол Констракшн» мекемесі директорлар кеңесінің төрағасы Феттах Таминдже де қатысты. 

Ахметжан Есімов халықаралық көрме аумағы мен павильондарды салтанатты шарадан соң да пайдалану жайын баяндады. Хуан Чю көрменің басты нысаны Сфераның ішін жабдықтау тұжырымдамасымен таныстырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

 -Я считаю основной момент это показать нам идею. Новая энергетика и мы будем это показывать в главном павильоне в шаре. На прошлой встрече вы докладывали, я слушал и мне это понравилось. Теперь настала пора это осуществлять.

Хуан ЧЮ, KCA International компаниясының басшысы 

-Энергетиканың барлық түрлері сферада көрініс табады. Сәулет және дизайны жағынан, құрылыс технологиялары бойынша Сфера зәулім әрі көз тартар әсем ғимарат болады. Біз оны Париждің Эйфель мұнарасы немесе Сидней опера театры сияқты әлемге әйгілі брендке айналдыруымыз қажет.

9. Экономика локомотиві

Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу әлемдік нарыққа жол ашып отыр. Бәсекелестікке төтеп беру үшін экономиканы әртараптандырудың алғы шарттары қандай? Қаржылай дағдарыс кезеңіндегі сын қатерлердің салқынын сезіп үлгірген өндірістің жағдайын қалай жақсартамыз? Қазақстандық машина жасаушылардың үшінші форумына келген мамандар осындай мәселелерді талқылады. 

Мәселенің өзектілігі сол, машина жасаушы кәсіпорындардағы қазіргі ахуал бірқалыпты деуге келмейді. Жыл басында қаржылай қиындықтарды бастан өткерді. Сөйтіп өндіріс көлемін төмендетуге мәжбүр болғандары да бар. Оған түрлі фактор себеп. Мұнай өндіруші компаниялар қарқынды бәсеңдетіп, кейбір ауқымды жобаларды іске асыруды кідірте тұруды ұйғарған. Осыдан мұнай газ жабдықтарына және көлік шығаратын кәсіпорындарға тапсырыс азайды. Дегенмен, соңғы бір айда ұлттық валютаның еркін айналымға жіберілуі бизнестің еңсесін тіктеуге сеп болды. Қазақстан бұрынғыдай нарықтағы көлік саудасының көлемі бойынша топ 50 елдің қатарында. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес жаңа міндеттерді еңсеру қолға алынған. Бұған дейін біз тек машина құрастырған болсақ, енді ірі зауыттар айналасына қазақстандық тауарлар шығару өндірістерін шоғырландыру көзделген. Ал отандық автонарықты қолдау үшін жеңілдетілген несиемен қамтуға Үкіметтен тағы 10 миллиард теңге бөлінбек.

Экономикасы өрге басқан елдерде машина жасау дамудың локомотивіне айналған. Германия, Жапония, Қытай секілді мемлекеттердегі өнеркәсіп өнімінің отыздан 50 пайызға дейінгі көлемі осы саланың еншісінде. Халықаралық сауда орталығының дерегіне сүйенсек, Қазақстанға жеткізілетін импорттық тауарлардың 44 пайызы машина жасау өнеркәсібіне тиесілі. Бұл саладағы өндіріс көлемі биыл алғашқы жарты жылдықта былтырғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіште тұрақтап тұр. Төрт бүтін оннан бір пайыз. Соңғы 5 жылда машина жасау саласындағы кәсіпорындар 1,5 есеге көбейген. Бізде мобильді бұрғылау кешені, электровоздар, жүк және жолаушы вагондары, локомотивтер, бульдозер сияқты дайын өнімдер шығару жолға қойылды.

Альберт Рау, ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары

-Машина жасау индустрияландырудың алғашқы бес жылдығында қарқынды дамыды. Алайда құлдырау да айтарлықтай болды. Дағдарыстың әсерінен жыл басынан бері 29 пайызға төмендеді. 

Индустрияландыру картасы аясында Қостанай, Алматы мен Шығыс Қазақстанда жеңіл және жүк көліктерін құрастыру жолға қойылған. Бірінші бесжылдықта машина жасау саласындағы табыс 3 есеге артты. Алайда жыл басында көлеңкелі бизнес өрлеуге бет алды. Ресей ақшасының құнсыздануы, қаңтар айынан Қазақстан мен Ресей шекарасы арқылы автокөлік тасымалдауға қосымша құн салығының алынып тасталуы нарықтағы жағдайды күрт өзгертті. Жылдың бірінші тоқсанында республика аумағына 107 мың темір тұлпар жүйесіз сауда жолымен әкелінген. Әлбетте бұл отандық ішкі нарыққа соққы. 6 айда жеңіл автокөліктер өндірісі елу бес бүтін оннан төрт пайызға құлдырады. Былтырғымен салыстырғанда бұл саладағы өнім шығару биыл 2,5 пайызға азаяды деген болжам бар.

Андрей Лаврентьев, Қазақстан автобизнес қауымдастығының төрағасы

-ЕАЭО аясында көліктерді экспорттау үшін бізге өндірісті бір жерге шоғырландыру керек. Ол сатылы деңгейде атқарылады. Жоспар бойынша 2017 жылы оның көлемі 30 пайыз болса, экспорттық әлеует артады. Екінші жарты жылдықтан бастап жаңа жабдықтарды сатып алу көрсеткішін арттырудамыз. Кейбір тетіктерді өзімізде шығару жоспарда. Сондықтан болашаққа оптимистік көзқараспен қараймыз. 

Шалқар Нұртілеуов, сарапшы

-Осы жылдың басында наурызда 20 млрд теңге бөлінген болатын тұтынушыларға кредит ретінде. Оның 5 миллиарды коммерциялық көліктерге, жүк көліктері мен автобустарға, 15 млрд теңге жеңіл көліктерге, отандық көлік өндірушілерге бөлінген болатын. Бұл үлкен септігін тигізіп, нарықта серпіліс пайда болды.

Қазақстан жаһандық кедергілерге қарамастан инвестиция тарту арқылы Renault, Nissan, Avtovaz, Jac секілді әлемдік брендтермен ынтымақтастықты арттырмақ. Отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін жеңілдетілген несие беруге қосымша тағы қаржы бөлінеді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

-Үкімет несиемен лизингтің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасын қабылдады. Инновациялық технологияларды сатып алуға гранттар беріліп, экспорт пен ішкі сұраныс ынталандырылатын болады.

Нарықтағы автокөлік бағасы жыл соңына қарай елу пайызға дейін қымбаттауы ғажап емес. Себебі машина жасау саласындағы шикізаттың 80 пайызы импортқа тәуелді. Осы ретте еліміз қазақстандық тауарлар үлесін арттыруға күш салып жатыр. 

Мейрам Пішембаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы

-Қазақстандық үлесті біз көбейту керекпіз. Өйткені 2020 жылдан бастап қазақстандық құралымы біздің шығып жатқан көліктердің 50 пайыздан кем болмау керек. Егер 50 пайыздан кем болса, біз Ресей, Белоруссияда көрші мемлекеттерге ол көліктерді сата алмаймыз. Сондықтан автокомпоненттерді шығару мәселесі, автомобиль шығаратын зауыттардың төңірегінде кіші шағын бизнес даму керек. Автобөлшектер шығаруға жағдай жасуы керекпіз. 

Теміржол машина құрылысы саласында өндіріс қарқыны айтарлықтай бәсеңдегені байқалады. Мамандардың айтуынша, бұған тапсырыстардың азайғандығы басты себеп. Қазақстан локомотив құрастыру зауыты – алпауыттардың бірі. Олар отандық тауарлар үлесін 35 пайызға жеткізді. Бірақ шикізаттық бөлшектердің үштен бірі ғана өз елімізден. Қалғаны шетелден алынады. 

Бағдат Бектұрғанқызы, тілші 

-Отандық локомотивке сырт елдерден қызығушылық жоғары. Қазақстан локомотив құрастыру зауытының өнімдеріне қазір Еуропа мен Азия аймағынан тапсырыстар түсіп жатыр. Зауыт басшыларының айтуынша, ұлттық валютаның еркін айналымға жіберілуі бұл өнімдер бағасының қымбаттауына әсер етті. 

Нарық талабына бейімделіп, экспорттық мүмкіндіктерін игеріп әкеткен өндірістің бірі – Алматыдағы желдеткіш шығару зауыты. Өртке қарсы, ылғал кептіргіш және жалпы көлемді желдеткіштің түр-түрі өндіріледі. Қолданылатын шикізат – отандық. Және ешбір қалдық қалмайды. Ішкі нарықтағы негізгі тұтынушылары – құрылыс компаниялары.

Алтай Әбдіреев, «Алматы желдеткіш зауыты» АҚ логистика бөлімінің менеджері 

-Нарықтағы өзіміздің орнымызды жоғалтпау үшін біз бағаны көтерген жоқпыз. Әрине, бізге де әсер етіп жатыр. Біздің кейбір құрамдас бөлшектердің бағасы көтерілуде. Бірақ біз нарықтағы бәсекелестікке төтеп беруге тырысып жатырмыз. 

Зауыт басшылығы ТМД аумағында байланыс аясын кеңейтуді межелеп отыр. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен, әсіресе Қырғызстаннан тапсырыс көбейген. Шекарадағы кедендік бақылаудың алынып тасталуы сыртқы сауданы жеңілдетуге сеп болып отырғанын айтады. 

Отандық бизнес өкілдері алдағы уақытта ауыл шаруашылығы мен электр техникаларын шығарудағы экспорттық әлеуетті арттыруға мүдделі. Ол үшін жаңа экономикалық жағдайда шетелдік тәжірибелерді кеңінен пайдалану қажет. Бұл ретте ұлттық кәсіпкерлер палатасы ғылым мен бизнес арасындағы әріптестікті арттыруды ұсынып отыр. 

Нұржан Әлтаев «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары  

-Атамекен палатасының қарамағында координациялық орталық ашылды. Ол координациялық орталық кәсіпорындардың технологиялық проблемаларын бәрін жинап, ғылымның алдына қою. Соны біздің ғылым шешуді мақсат ету керек. Сонда ғана біз инновациямыз әрі қарай дамиды.

Елбасы тапсырмасына сәйкес Қазақстанның машина жасау саласын экономиканың локомотивіне айналдыру – басты міндет. Бұл тұрғыда форум барысында айтылған мәселелер Үкімет қарауына ұсынылмақ. 

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Ұлан Нарынбек, Бауыржан Сыздықов, Қанат Әбілдин 

10. Отандық 7 компания Ұлттық чемпион атағына лайық деп танылды

Апта ортасында «Бәйтерек» холдингі осындай хабар таратты. Оны «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасын талқылау барысында жариялады.

Негізінен бәрінен де оқ бойы озып шыққан 28 компания іріктеліпті. Оның нақты 7-еуі талаптарға сай келді. Үздіктер қатарында «RG Brands», «Агроөнім», «Баян Сұлу», «Масло-Дел», «Alina» сынды табысты кәсіпорындар бар. Ал оларды «МакКинзи» халықаралық консалтингтік компаниясы мен «Бәйтерек» холдингінің сарапшыларынан құралған команда електен өткізді. 

Талап қатаң. Сенім зор. «Ұлттық чемпиондар» үш жылда Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуы қажет. Экспортын арттырып, ішкі өнімділікті ұлғайту міндеті тұр. Үкімет қосымша 170 млрд теңге көлемінде қаржылай көмек беруге дайын. Бағдарлама Қазақстанда бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған шикізаттық емес сектордың өндірісін құруға негізделген. Егер ол іске асатын болса, өнеркәсіптің өңдеуші саласында қосымша бес мың жұмыс орны ашылады. 

Юкка Максимайнен, Mckinsey&company компаниясы Қазақстандағы кеңсесінің жетекшісі

-Отандық кәсіпорындардың экспортқа шығу мүмкіндіктері, ішкі үдерістерді дамыту мен өнімділікті арттыру тұрғысында бағыттары айқындалды. Сондай-ақ компаниялар осы жаңашылдықтарды қабылдап, жүзеге асыруға кіріседі.

11. Шетелдік инвесторларды Қазақстан экономикасы қызықтырады

Әлемдегі қаржы дағдарысынан туындап отырған қиындықтар мен тәуекелдерге қарамастан, шетелдік инвесторлардың Қазақстан экономикасына қаржы салуға қызығушығы артпаса, кеміген жоқ. Саяси тұрақтылық, оңтайлы инвестициялық климат және жеңілдіктер. Оның үстіне Қазақстан арқылы көрші елдердің нарығына шығу инвесторларды ынталандырады. Біз үшін пайдасы – отандық кәсіпорындардың өнімдерін экспортқа шығару мүмкіндігін арттыру. Сондықтан жылдар бойы халықаралық нарықта жұмыс істейтін шетелдік компаниялармен тәжірибе алмасу аса маңызды. 

«Хабар» арнасына берген арнайы сұхбатында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев индустриалды даму бағдарламасының аяқалысы жайында айтты. 

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі

-Қазіргі таңда Алматының үлкен айналма жолын салуға байқау жарияланады. Құрылысы келесі жылы басталады. Мемлекеттік-жекеменшік кәсіпкерлік аясында бөлінетін жалпы қаржы құны 100 млрд теңгеден асады деп болжануда. Оған 5 халықаралық консорциум қатыспақ. Оған қоса өзге де индустриялық ірі жобалар бар. Атап айтсақ, Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-химия кешені. Сондай-ақ тыңайтқыш, мұнай-газ кәсіпорындарына қажет құралдар және көлік жасайтын ірі өндірістер ашу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығының аграрлық және өңдеу саласында ауқымды жобаларды жүзеге асыру қарастырылуда. Олардың қатарына Қорғас пен Каспий порттарын дамыту кіреді. Қазір 15-тен астам ірі жоба бойынша жұмыс атқарылуда. Барлығына дерлік, дамыған елдердің трансұлттық компанияларының технологияларын пайдалану арқылы қол жеткізу көзделуде. Осындай жолмен шағын және орта бизнес саласына да инвестиция тарту жоспарлануда. Себебі олар анағұрлым тұрақты және жағдайға оңай бейімделетін қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұл – өте маңызды.

Соңғы бес жылда елімізде бизнес жүргізу үшін оңтайлы жағдай жасалды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, инвесторлардың 80 пайызының Қазақстандағы экономикалық ахуалға көңілі толады екен. Оған индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы мен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында экономикаға тікелей әсер ете алатын бірнеше ірі жобаның ашылуы дәлел», – дейді Әсет Исекешев.

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі

-ҮИИД-дың бірінші бес жылдығына арналған бағдарлама 2008-2009 жылдардағы әлемдік дағдарыстан кейін жарияланды. Бұл – аса батыл қадам болды. Экономикалық климатты оңтайлы ету үшін көп жұмыс атқарылды. Қазір соның нәтижесін көріп отырмыз. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форум рейтінгінде 42-ші орында. Бұған инвесторларға жағдай жасаудың арқасында қол жеткізілді. Шетелдік инвесторлар негізінен тамақ өнеркәсібінің ет өнімдері, жеміс пен көкөніс өңдеу саласына, сондай-ақ машина құрастыру, металлургия мен қызмет көрсету саласына инвестиция салғылары келеді.

12. Жаңа кодекс

Заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алуға, оны таратуға әркімнің конституциялық құқығы болмақ. Бұл мәселені осы аптада Мәжіліс депутаттары талқылады.

«Ақпаратқа қол жеткізу» туралы заң жобасына сәйкес енді мемлекеттік құрылымдардың нормативтік актілері, бюджеттік есептері, мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау нәтижелері электронды үкіметтің веб-порталына орналастырылады. Оны кез келген азаматтың оқуына, талқылауына рұқсат беріледі. Сондай-ақ Парламент палаталарының отырыстарын, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының жергілікті органдары өткізген жиналыстарын онлайн-трансляциялау көзделуде. Бұл мемлекеттік қызметтің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз етпек.

Жалпы төменгі палатаның қарауында қазір 106 заң жобасы болса, оның 25-сі осы аптада талқыланды. Олардың қай-қайсы да маңызды. Алайда Еңбек кодексінің жай-жапсарына тағы бір тоқталуды жөн көрдік. Сәрсенбі күні құжат бірінші оқылымда мақұлданды. 

Мәжілістің әр отырысына әлеуметтік маңызы зор заң жобаларын әкеліп, депутаттардың «қолдауларын сұрап» тұратын министр ханым Тамара Дүйсенова бұл жолы жаңа Еңбек кодексінің мазмұнын баяндады. Сонымен жаңа Еңбек кодексінде «Қызметкерлердің штаты мен санын қысқарту туралы» бап толықтырылды. Қолданыстағы кодексте жұмысшыны қысқартқанда оған себебін түсіндірместен, бір ай бұрын хабарлама беретін. Бір айлық еңбекақы көлемінде өтемақысын төлеп, шығарып салатын. Енді жұмыс беруші қызметкеріне не үшін еңбек шартын бұзуға мәжбүр болғанын түсіндіруі тиіс.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі 

-Құрылымдық өзгерістер болып жатса, негіздеме береді. Егер экономикалық жағдай боп жатса, кәсіподақтарға бір ай алдын, жұмысшының өзіне 15 күн алдын хабарлама береді жұмыс беруші. «Жұмыс көлемі кеміп жатыр, сізді қысқарту мәселесін қарастырып жатырмыз. Бірақ сізге екі айлық жалақыңызды төлейміз», – деп хабарлама береді. 

Заң бойынша денсаулығы ақаусыз қызметкер аптасына 40 сағат, тәулігіне 8 сағат жұмыс істеуге міндетті. Қолданыстағы заңға сәйкес, егер ол мереке және демалыс күндері де жұмыста жүрсе, оған 1,5 күндік жалақы мөлшерінде үстемақы төленуі керек. Жаңа құжатта оның мөлшерін 1,5 есеге қысқарту ұсынылған. Алайда депутаттар мен кәсіподақ өкілдері жаңа Кодекстің бұл тұсын қолдамай отыр. 

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Үстеме жұмыс үшін, сонымен бірге мереке, демалыс күндері, түнгі жұмыстар үшін 1.5 коэффициентті ұсынып отыр. Негізі заң жобасында 1.25 болған. Бұл ең төменгі. Ал одан жоғарылату бұл еңбек шартында ұжымдық шартта қарастырылады. Бұл жерде жұмысшылардың құқықтары, мүдделері бұзылмайды.

Гүлнәр Жұмагелдиева, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары 

-Егер қарапайым ғана мысал келтіретін болсақ, дәрігердің бір күндік жалақысы 3000 теңге десек, ол демалыс және мереке күндері жұмыс істеп, тек 4500 мың теңге алады. Бұл оның табысына кәдімгідей әсер етеді. 

Жаңа Заң жобасында физикалық мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жасау қарастырылған. Яғни мүгедектерді арнайы жабдықталған жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін квоталар енгізу ұсынылуда. «Мүгедектерге көмек» қорының директоры Руслан Кеңесбай заңнаманың бұл тұсын қуана қолдап отыр. Руслан Кеңесбайдың мүгедектерді жұмыспен қамтып, жанталасып жүргеніне 3 жыл. Қол астында құлағы мен тілінде мүкісі барлар ғана қызмет етеді. Арбаға таңылғандарға жұмыс бергісі-ақ келеді. Алайда жалға алған ғимаратында арнайы пандустер, лифті жоқ. 

Руслан Кеңесбай, «Мүгедектерге көмек» қорының директоры

-Көбісі каляскіде отырғандар. Оларда басқалармен салыстырғанда жоғары білімдері бар. 3-4 баланы көрдім. Программистер: «Қаншама мекемеге бардық, жұмысқа алмайды», – деп айтады. Өзіміз арнайы көлік болмаса, жете алмаймыз. Жетсек, көтеріле алмаймыз.

Арбаға таңылғандарға ортақ бұл кедергіге Орал қаласының тұрғыны Біржан Қожақов та тап болған. 34 жасында қос аяғынан бірдей айрылған Біржан  жиһаз цехын ашқан кәсіпкер. Басты мақсаты – өзі сияқты жарымжандарды жұмыспен қамту. Цехында ұлттық бояуы қанық, ою-өрнекті дүниелер жасайды. 

Біржан Қожақов, кәсіпкер

-Мысалы, мен осы арада арендада отырмын. Менде 17 мүгедек жұмыс істеп жатыр. Өзім мүгедек болғасын шамамен бағытын келтіріп қойдым. Басты мәселе – мүгедектерді жұмысқа алып келу. Мұнда олар автобуспен келеді. Кейбіреулері екі автобуспен келеді. Солар қатты қиналады. Көбіне мүгедектер жазда жұмыс істейді. Күзде қыста жайлап үйлеріне жіберем. Олар тек төрт күн істейді.

Саңыраулар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорны жарымжандарға барынша жағдай жасап отыр. Мұнда сау қоғамға сіңісе алмаған 50 шақты саңырау мен мылқау жан нәпақа тауып жүр. 

Мейрамбек Ысқақов, Саңыраулар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнының жұмысшысы

-Мені кәсіпорынға жұмыс алғанда қуандым. Жалақыма да ризамын. Қазір осы жерде көптеген достарым бар. Білмегенімді үйрететін ағалар бар.  

Кәсіпорынның меншігінде металл, жиһаз цехы бар. Саңырау, мылқау жігіттер жасаған орындықтар, қоқыс жәшіктері, дене-жаттығуына қажет құралдар әр аймақтағы балалар үйінде, футбол алаңдарында, қаладағы саябақтарда тұр. Сондай-ақ арнайы тігін цехы бар. Бір-бірін ыммен ғана түсінетін тігіншілер медициналық киім-кешек, төсек-жабдықтарын он екі мүшесі түгел адамнан кем тікпейді.

Ермек Исмаилов, Саңыраулар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры

-Біздің жер аумағымыз кішкентай болып тұр. Жақында металл цехын үлкейттік. Егер ат шаптырым жер болса, осы мүгедек жандарға арнап жатақхана салар едік. Өйткені көбінің тұратын жері жоқ. Бар болса да, шалғайдан, қала сыртынан қатынайды. 

Жаңа Заңға қол қойылса, мүгедектерді жұмыспен қамтып отырған жұмыс берушілердің шығынын мемлекет субсидияламақ. Яғни жұмыс берушілер қарамағындағы жарымжандарға қажетті жоқ дүниені жасатуға, сатып алуға мүмкіндік алмақ. Сондай-ақ мүгедектерді шамадан тыс жұмыстарға жегуге тыйым салу сақталады. Оларға белгіленген 36 сағаттан артық емес жұмыс уақыты өзгеріссіз қалады. Заң жобасын жоғары палата мақұлдап, Елбасы қолдаса, қазақстандықтар жақын күндері жаңа ережелерге сай еңбек етпек.

Авторлары: Мақпал Мадиярова, Ануар Тәуекелов 

13. Бағамға бағыну

2020 жылға дейін Қазақстан тәулігіне 2 млн баррель мұнай өндірмек. Осылайша мұнай-газ саласындағы озық елдердің ондығына кіруді көздеп отырмыз. Сонымен қатар еліміздің көмірқышқыл ресурстарының әлеуеті үш есеге артуы ықтимал. Ал энергетика саласын зерттеуді Қытаймен бірлесіп жүргіземіз. Бұл Астанада өткен KAZENERGY Еуразиялық форумында көтерілген мәселелердің бір парасы ғана. З күнге ұласып, 3 мыңға жуық делегат қатысқан халықаралық жиында мұнайдың мұңы көп айтылды. 

Жаһандағы қаржылық-экономикалық жағдай мұнай бағасына байланысты құбылып отырғандықтан, қара алтын құны форумда талқыланған өзекті тақырыпқа айналды. Мұнай бағасын тұрақтандыру тетігі табыла қоймады. Дегенмен, сала мамандары 2016 жылы қара алтын құны 50 доллардан кем болмайды деген болжам жасады. 

Люй Гуньсиунь, Рetrochina компаниясының вице-президенті

-Келесі жылы мұнайдың құны 50 доллар шамасында болуы қажет. Кейбіреулер 30 долларға арзандайды деген болжам жасауда. Бірақ мен бұған сене алмаймын. Керісінше 2018-2019 жылдары өнім бағасы 80 жолларға дейін көтерілуі мүмкін. Қазір АҚШ-та тақтатас мұнайының баррелі 45 доллар тұрады. Оның құны дәстүрлі өнім бағасына әсер етуде. Нәтижесінде қара алтын құны құлдырауда. 

Американың мұнай бағасына тікелей әсер етіп отырғандығын әлемдегі ірі мұнай компаниясының басшысы астарлап қана жеткізді. Дегенмен, қара алтын құнының арзандауы аспан асты еліне тиімдірек. Себебі Қытай бұл өнімді тұтыну бойынша әлемде екінші орында. Бірақ кейбір елдердің экономикасы мұнай бағасына тәуелді.

Дэниел Ергин, IHS зерттеу компаниясының вице-президенті 

-Барлығы мұнай сарқылуда деп айтқан еді. Алайда АҚШ-та тәулігіне 5 млн баррель қара алтын өндіріледі. Бұл бұған дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2 есе жоғары көрсеткіш. Өндіріс ауқымын қысқартпау туралы шешім қабылдаған ОПЕК тізгінді өзгеге бергісі жоқ. Бұл мұнай бағасының арзандауына тікелей ықпал етуде. 

Дегенмен, ОПЕК құрамында өндіріс ауқымын қысқартуды құптайтын елдер де бар. Бұл ұйымның ортақ шешімге келе алмай отырғандығын айғақтаса керек. 

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі: 

-Бізге ОПЕК-ке мүше елдердің бірі қара алтын өндіруді уақытша тоқтату арқылы бағаны көтеруді ұсынған еді. Бірақ бірде-бір ел мұндай қадамға бара алмасы анық. 

Энергетика министрі Қазақстан Үкіметіне мұндай ұсынысты жасаған елді атаудан бас тартты. Біздің мәліметтерге сәйкес, бұл – Венесуэла үкіметі. Қалай болғанда да мұнай өндіруші елдер тығырықтан шығудың өзіндік жолдарын қарастыруда. 

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары 

-Мұнайдың бағасы 40-30-ға дейін түседі деп болжам жасауымыз керек. Соған дайындық болу керек. 

2014 жылы елімізде 81 миллион тонна мұнай өндірілсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1 млн тоннаға кеміген. Өндіріс ауқымының азайюы ел табысына тікелей ықпал етеді. 

Тимур Құлыбаев, KAZENERGY қауымдастығының төрағасы

-Келесі жылы Қашаған кен орны іске қосылады. Сонымен қатар «Теңізшевройл» жобасын ұлғайтамыз. Нәтижесінде Қазақстан 2020 жылдың басында мұнайдың тәуліктік өндірісін 2 млн баррельге жеткізуге мүмкіндік алады. Бұл көрсеткіш арқылы қара алтын және газ өндіруші көшбасшы елдердің ондығына енеміз. 

Мұндай көрсеткіштер елге ірі инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Әрі Азия елдерінің ОПЕК-ке бәсекелесе алатындығын аңғартады. Форумда Қытай және Қазақстан сарапшылары тап осы мәселені көтерді. Яғни мемлекетаралық картельге балама қажет екендігін жеткізді. Өз кезегінде Қазақстанның мүмкіндіктерін Францияның бұрынғы премьер-министрі Франсуа Фийон да жоғары бағалады. Және әлемдік нарықта мұнай бағасы барреліне 35 долларға дейін құлдыраған шақта экспортының 60 пайызы қара алтынды құрайтын мемлекетке транформация тығырықтан шығудың бір жолы екендігін жеткізді.  

Франсуа Фийон, Францияның бұрынғы премьер-министрі 

-«ЭКСПО-2017» көрмесінің болашақ энергиясы деп аталуының өзі жайдан-жай емес. Ол трансформацияны қалай өткізу керек деген сауалға жауап іздеп тұрғандай. Елдің болашақта трансформация жасау мүмкіндігі жоғары. 

Форум барысында «Жібек жолын жаңғырту арқылы болашаққа бірге қадам жасау», «Қазақстан мен Қытайдың ғылыми-технологиялық ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктерін ашу» тақырыптары да жан-жақты талқыланды. Өз кезегінде Қытайдағы ірі мұнай және химия корпорацияның басшысы Ван Юй Пу Жібек жолы экономикалық белдеуін жаңғырту Азия елдері үшін тиімді болатындығын жеткізді.

Ван Юй Пудың пайымынша, Жібек жолы белдеуі оған қатысушы мемлекеттердің қорлар мен мұнай нарығына қатысты өзге де ақпараттармен алмасып отыруына және өнімді кедергісіз саудалауына мүмкіндік бермек. 

Гүлмайра Қуатбайқызы, тілші  

-Қазіргі уақытта Қазақстаннан Қытайға Атасу-Алашанькоу құбыры арқылы жылына 20 млн тонна мұнай тасымалдай алады. Сондай-ақ Орталық Азия елдеріне біздің жеріміз арқылы 55 млрд куб метр газ жөнелтіледі. Жібек жолы экономикалық белбеуінің іске қосылуымен бұл көрсеткіш анағұрлым арта түспек. Оның үсіне CNPC корпорациясы Қытайда тәулігіне тұтынылатын газдың 9,3 пайызға, мұнайдың 3 пайызға артатындығын болжап  отыр. 

Қытай сарапшылары: «Қазақстан арқылы мұнай тасымалдау тиімді», – дейді. Себебі арада транзиттік аумақтар мен басқа елдердің шекарасы жоқ. Форум аясында қол жеткізілген тағы бір жаңалық Қазақстан  алдағы уақытта энергетика саласын зерттеуді Қытаймен бірлесе жүргізбек. Осы орайда Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясы мен Қытай инженерлік академиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бүгінде Аспан асты елі Қазақстандағы мұнайдың 25 пайызын өндіреді. Нарыққа жаңа компаниялар келеді алдағы уақытта. Осындай уағдаластықпен оныншы KAZENERGY форумы аяқталды. Сапаршылар пікір-талас алаңында келесі жылы тағы кездесетін болып келісті. 

Авторлары: Гүлмайра Қуатбайқызы, Лилия Шаймарданова, Ерзат Зайытхан, Мейрамбек Ақмаханов