Жеті күн. 26.12.2015 - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жеті күн. 26.12.2015

  • Сенбі, 26 Желтоқсан 2015 21:04
Сюжеты
1 Президенттің Мәскеуге сапары 2 Кадрлық ауыс-түйістер 3 Биыл қазақ елі сыртқы саясатында толағай табыстарға жетті 
4 Елдегі басты оқиғаның бірі Президент сайлауы болды 5 Жылдың басты оқиғалары: айдан аман, жылдан есен 6 Жолдау – жылдың басты оқиғасының бірі 
   
7 Биылғы жылы маңызды заңдар қабылданды     

1 Президенттің Мәскеуге сапары

Өткен күнге өкпе жүрмейді. Десе де, қой жылы тұтас әлем үшін жайлы бола қойған жоқ. Дағдарыс дауылы шартарапты түгел шарпыды. Геосаяси ахуал ушықты. Бағалы металл мен мұнай бағасы арзандады. Тізбектей берсеңіз, көп. Жаһандағы күрделі жағдайдың салқынын әрине, біз де сездік. Шикізат экспорттаушы ел болған соң, бағаның құлдырауынан ұтылмасақ, ұтпағанымыз рас. Ең бастысы, рецессияға жол бермедік. Жыл бойы дағдарыста дағдарып қалмаудың сан амалы жасалды. Біз бұл тақырыпқа әлі ораламыз.

Қой жылы Дүниежүзілік сауда ұйымының қатарына қосылдық. Осылайша 19 жылдық есіл еңбек ақталды. Келіссөздердің аяқталуына байланысты маусымда Президент халыққа үндеу жариялады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Біз бұл нәтижеге жету үшін 19 жыл табанды түрде жұмыс жүргіздік, келіссөздер оңай болған жоқ. Осы жылдары біздің Үкімет және сарапшыларымыз елімізге тиімді шарттарға қол жеткізу үшін талмай еңбек етті. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын ұштастыра алдық. Бұл ретте ұлттық мүдделерімізді де қорғай білдік. ДСҰ-ға мүше болу – күллі Қазақстанның жеңісі!

Қиындықтарға қарамастан, биыл Қазақстанның жеңісі аз болмады. Мәселен, Индустрияландыру бағдарламасы аясында барлығы 120 кәсіпорын бой көтерді. 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. 

«Нұрлы Жолдың» алғашқы жылы да сәтті басталды. Бағдарлама бойынша 29 мың адам екі қолға бір күрек тапты. Еліміздің түкпір-түкпірінде 7 мыңға жуық жалдамалы әлеуметтік баспана пайдалануға берілді. 

Еуразиялық экономикалық одаққа келсек, алғашқы жылдағы жетістік ауыз толтырып айтарлықтай болмағанмен, шамалы нәтиже бар. Көп істі дағдарыс тежеді. Бірақ, әлеует жетеді. Бәрібір ықпалдасу керек. Қазіргі күрделі кезең осыны тағы қаперге салды. Апта басында Президент Мәскеуге барды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты. Ендігі жылы бірлестіктің тізгінін Қазақстан ұстайтын болды. Сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының басқосуы өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдымен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Екі ел басшысы әлемдік дағдарыс жағдайында экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытудың амалын қарастырды. Бұған қоса, тараптар әлемдегі экономикалық ахуалдың одақ құрамындағы елдердің алыс-берісіне де айтарлықтай әсер еткенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы провели первый не простой год ЕАЭС. Попали в такой кризис. И мы это знали что так будут такие издержки. Все равно я считаю правильно мы сделали. Мы должны двигаться дальше. В целом ВВП всех стран просела на 30 процентов. Товарооборот снизился. Однако общение и открытые границы и совместное предприятие играют свою очень большую роль. И об этом мы будем говорить на сегоднешнем высшем совете ЕАЭС. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сөзін әріптесі Владимир Путин де қоштады. Кремль қожайыны интеграциялық одақтың бес мемлекетке де шапағаты тиіп отырғанын айтты.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті

-Біз қазір Кедендік реттеуден бастап, өзге де мәселелерге қатысты ортақ ережелер төңірегіндегі жұмысты жалғастырып жатырмыз. Мұның барлығы жемісін беруде. Біз өзара келісім жасап, соның аясында жұмысты жетілдірмегенде, біздің экономикамызға тиер соққы бұдан да ауыр болар еді.  

Екі жақты кездесуден соң, іле шала Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының кезекті отырысы өтті. Лаңкестік топтардың әрекеті дүние жүзін алаңдатып отырған тұста, әлемдік қауымдастықтар шұғыл шара қолдануы қажет. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының құрылудағы бастапқы мақсаты да осы. Елу минутқа жалғасады деп жоспарланған жиын жабық есік жағдайындағы тура екі сағатқа созылды. Онда Ресей мен Түркия арасындағы мәселе де қаралды. Жиын соңында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше «алтылық», бірқатар маңызды құжаттарды бекітті. 

Басқосу Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына ұласты. Саммитке жиналған басшылар, Одақ жұмысының алғашқы жылдарын сараптап, интеграциялық процестредің болашақтағы ахуалын бағамдады. Ендігі мәселелер: ортақ нарықтың Тұжырымдамасын бекітіп, алыс-беріс, барыс-келістің жолдарын кеңейту. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық Кеңес алқасының жаңа құрамы жасақталды және одақтың 2016 жылға арналған бюджеті бекітілді. Биыл одаққа Беларусь мемлекеті төрағалық еткен болатын. Ал, 2016-да ұйым тізгінін Қазақстан ұстайды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Казахстан примет все усилие для дальнейшего динамичного развитие нашего интеграционного развитие и за время своего председательство поработает активно с тем, чтобы нам с ШОС сделать свободную торговлю экономическую. И с КНР это расширет наши возможности и усилит ЕАЭС.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Халықтар Достығы Унниверситетіне барды. Президенттің мұнда ат ізін салуы бекер емес. Себебі әлемнің жүз елу елінде білім алып жатқан қазақ жастарының саны бойынша бұл оқу орыны екінші орында. Өйткені мұндағы студенттің 500-ден астамы Қазақстаннан келген. Екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға сүбелі үлес қосқаны үшін университет ректоры Владимир Филиппов Нұрсұлтан Назарбаевқа оқу ордасының «Құрметті ғылым докторы» атағын берді.

Владимир Филиппов, Ресей Халықтар достығы университетінің ректоры 

-Президенттеріңіз Нұрсұлтан Әбішұлы бүкіл әлемге танылған ұлы саяси қайраткер. Біздің оқу орнымызда 150 мемлекеттен келген студенттер оқиды. Сондықтан біз шетелдердің Мемлекет басшыларына ерекше көңіл бөліп отырамыз. Қазақстан – қысқа мерзімде зор табысқа жеткен мемлекет. Мәселен, білім саласындағы көптеген реформалар бойынша Қазақстан үнемі Ресейдің алдында келеді. Президенттің ерекше қолдауының арқасында Қазақстанның білім беру жүйесі әлемде мойындалды. Осы мәселелерді ескере отырып, біз Нұрсұлтан Назарбаевқа университеттің Құрметті докторы деген атақты беріп отырмыз.

Ал қамқоршы Христос ғибадатханасында Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл Нұрсұлтан Назарбаевқа бірінші дәрежелі Сергий Радонежский орденін табыстады. Аса мәртебелі қонақтарға ғана берілетін төсбелгі халықтар арасындағы достықты нығайтуға үлкен үлес қосқан және бітімгершілік жолындағы елеулі еңбек еткен тұлғаларға ғана табысталады. Бұған дейін мұндай төсбелгілермен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Әзербайжан басшысы Ильхам Алиев марапатталған. Қазақстан Президенті православ шіркеуі басшыларына сенім білдіргені үшін алғысын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-За все годы Независимости мы всегда поддерживали равенство отношений, уважение ко всем религиозным конфессиям. Конечно, в Казахстане основными религиями являются ислам и православие. Эти два столпа духовности – основа для согласия в нашем обществе. Мы все знаем, что сегодня в мире происходят конфликты, в том числе на религиозной и этнической почве. Поэтому мы должны гордиться нашим островком стабильности и понимания. Также в Казахстане проводятся съезды лидеров мировых и традиционных религий. 

Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл Қазақстанның бейбітшілік пен бітімгершілік жолындағы атқарған жұмыстары әлемнің әр түкпірінде шиеленістер орын алып отырған қазіргі уақытта баршаға үлгі болуы тиістігін айтты. 

Кирилл, Мәскеу және бүкіл Русь патриархы 

-Сіз әлем мойындаған көрнекті қайраткерсіз. Сіздің жетекшілігіңізбен Қазақстан аз ғана мерзім ішінде қарқынды дамыды. Көпұлтты мемлекет ретінде Қазақ елі діндер мен этностардың бейбіт қарым-қатынастың үлгісі саналады. 

Талғат Уәли, тілші

-Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу сапары аясында бір күнде төрт шараға қатысты. Оның бастысы алты ел президенті кездескен келелі кеңесте мемлекет басшысы әлем назарын аударған түйткілді мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымын білдірді. Сондай-ақ бірқатар елдерді елеңдеткен жайттарды келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешуді ұсынды.

Авторлары: Талғат Уәли, Еділ Ермекбаев, Руслан Жәкеев және Хасен Омарқұлов 

 

2 Кадрлық ауыс-түйістер

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ауысты. Нұртай Әбіқаев зейнет жасына жетуіне байланысты лауазымнан босатылып, Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. Елбасы басшылық құрамға комитеттің жаңа төрағасы Владимир Жұмақановтың кандидатурасын таныстырды. Владимир Жұмақанов 2007 жылдан бастап комитет төрағасының орынбасары, ал 2010 жылдан бері бірінші орынбасар қызметін атқарып келген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Работает с вами много лет, 34 года - всю жизнь работает в Комитете. Он все знает. Я ему полностью доверяю и остановил выбор на нем. Надеюсь, что он будет выполнять задачи, которые поставлены. Комитет всегда опора. У меня особое отношение особое внимание к работникам. Сейчас возникают новые задачи по безопасности государства, все новые события, которых мы не можем предугадать.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Бөрібай Жексембин Қазақстанның Өзбекстандағы, Бақытжан Ордабаев Бразилия, Аргентина және Чилидегі, Зауытбек Тұрысбеков Украина мен Молдовадағы елшілері қызметтерінен босатылды. 

Екі оқу ордасы, нақты айтқанда Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университеті біріктірілді. Бұл туралы Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Президент жаңа оқу ордасына Ескендір Бейсембетовті ректор етіп тағайындады. Басшыға жүктелген басты міндет – үлкен ғылыми-зерттеу орталығын құру. Мемлекет басшысы қазіргі экономикалық жағдайда елге инженерлік-техникалық салаға білікті мамандар қажет екенін айтты.

3 Биыл қазақ елі сыртқы саясатында толағай табыстарға жетті

Әлемдік экономика әрі-сәрі күй кешіп отырған тұста елге басы артық қаржы тарту қазір оңай емес. Бірақ, қиын кезеңге қарамастан, Қазақстанға деген сенімге селкеу түспеді.

Мәселен, биылғы Жолдауда жүктелген міндеттерді орындау үшін жұмсалатын триллиондаған теңгенің тең жартысын дүниежүзілік қаржы ұйымдары береді. Бұл бір. Екіншіден, Президент биыл біраз елді аралады. Нақты айтсам, 13 мемлекетке барды. 32 шет елдік мәртебелі мейман Қазақстанға сапарлады. Осы сапарлар кезінде барлығы 170 триллион теңгенің келісімдері бекітілді. «Жүрген аяққа жөргем ілігеді». 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Жалғыз емеспіз, Құдайға шүкір! Дүниежүзінде Қазақстанды сыйлайды, құрметтейді, сенеді, осы жолдан таймауымыз керек. Осындай болып отырғанымыздың барлығы – 24 жыл істеген еңбегіміздің нәтижесі. 

Сыртқы саясаттағы ұстаным өзгермейді. Көпвекторлы бағыт сақталады. Ресей, Қытай, Орталық Азия елдерімен стратегиялық әріптестік одан әрі нығаяды. Кәрі құрлық және АҚШ-пен арадағы байланыс бекиді. Азия-тынық мұхиты елдерімен, Африка, Кариб бассейні, Орта және Таяу Шығыс, Латын Америкасы мемлекеттерімен ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріледі. Ақпан айында Президент дипломатиялық миссия жетекшілерімен кездесу өткізіп, бағыт-бағдарды тағы бір нақтылап берген болатын. Қазақстан биыл да осы ұстанымдарынан айнымады.

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» Хакім Абайдың осы бір сөзі бүгінгі Қазақстанның сыртқы саясатымен астасып жатыр. Алауыздыққа адымдаған адамзат баласын достыққа, бірлікке шақырады. Бұл жаһандық тұтастықтың қамы үшін. Игі жұмыстың басы-қасында – Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев биыл бірнеше құрлықты аралады. Ел-елге барып көппен ынтымақтастықтың аясын кеңейтті. Дағдарыс дүрбелең салған мезгілде мемлекетке инвестиция тартты. Ал бұл елдің қамы үшін!  

Ресей Федерациясы! Солтүстіктегі алып көршіміз біздің. Қатынас мықты бұл елмен. Бірақ биыл жағдайы мүшкілдеу. Батыстың санкциялық қыспағында қалған ел, соңғы екі жыл құлдыраумен келеді. Әрине, бізге де әсер етпек бұл ахуал. Дегенмен, байланысты бекемдеп, экономиканы ілгерілету қалайда маңызды. Ол үшін қос елдің көшбасшысы жиі жүздесіп тұрады. Биылдың өзінде 14 рет. 13 мәрте телефонмен тілдескені тағы бар. Стратегиялық серіктестікті нығайту үшін Владимир Путин биыл күзде Астанаға мемлекеттік сапар жасады. Біз айтқан қарым-қатынастың тамырына қан жүгіртіп, дағдарысқа төтеп беру – басты мақсат. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы понимаем необходимость принятие оперативных, скординированных мер. Как на национальном уровне, так и в рамках ЕврАзЭС. 

Іргелес жатқан Қытай! Бұл да алып көршіміз. Досымыз. Әріптесіміз. Биыл бұл елмен байланыс бекемдей түсті. Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңге мемлекеттік сапар шегіп, 23 млрд доллардың келісімін жасап қайтты. Осылайша, елімізде 25 бірлескен кәсіпорын бой көтереді. Тағы 20 уағдаластық бойынша келісім бар. Түбі қос тарап 90 кәсіпорын салуды жоспарлап отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Кейбіреулері түгел Қытайдың қаржысына салынатын болады. Кейбіреулері екі жақтан біріккен компания құрылып екі жақтан құйылатын болады. Кейбіреулеріне жеңіл кредит аламыз, көп жылға, кішкентай пайызбенен. 

Президент Қытайдың алып компанияларының басшыларымен кездесті. «Ситик», «Циньхуа», «СNPC» корпорациялары, Қытай мемлекеттік даму банкі бастаған іскер топтың өкілдері. Қытайлықтар Қорғас шығыс қақпасының инфрақұрылымын дамытуға көмектеседі. Алдағы жылдары «Ляньюнган» портындағы қазақ терминалы кеңейеді. Бизнесмендер инфрақұрылымдық жобаларға қызығушылық танытып отыр. 

Еуропа! Ұлы Дала елінің үшінші ірі серіктесі. Көлемі жағынан. Біздің шикізаттың басым бөлігі сонда сатылады. Биыл Президент кәрі құрлықтың бірнеше елін аралады. Тұманды Альбионнан бастады. Ұлыбритания – бақуатты, дамыған мемлекет. Бізге инвестиция салуға ниетті. Ел Премьері Дэвид Кэмеронмен келіссөздер жүргізіліп, 46 құжат бекіді. Келісімдер толық жүзеге асса, Ұлыбританияның белді компаниялары қазақ жеріне 13 млрд доллар көлемінде инвестиция әкелмек. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Бұл ел елімізге он екі млрд доллар инвестиция салған ел. Қарым-қатынасымыз жаман емес. Дағдарыс кезінде де өркендеп өсіп келе жатыр. 

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Тізімде әлемдегі аса ірі мұнай газ-концерні «Шелл» мен елімізде фармацевтикалық зауыт салуға ниетті «Хикма Фармасьютикалс» және «Арселор Миттал» сынды компаниялардың басшылары бар. Жиынтық қаражаты жарты триллион долларды құрайтын бұл компаниялардың инвестициялық әлеуеті зор. Десе де, кездесулердің ішіндегі ең айтулысы төрткүл дүниені қаржысымен уысында ұстап отырған әулиеттің мүшесі Джейкоб Ротшильдпен болды. Қазақ Президенті Лондонға екі күндік сапарын Букингем сарайында қорытындылады. Нұрсұлтан Назарбаевты Ұлыбритания патшайымы екінші Елизавета сән-салтанатымен құшақ жая қарсы алды. 

Тұманды Альбионнан таңғажайып Парижге! Елбасы Еуропа алыбы Франциямен де байланысты бекемдеді. Париж – Астананың маңызды сауда серіктесі. Инвестиция салу жағынан үштікке кіреді. Мұнда да біраз келісімге қол қойылды. Француа Олландпен саяси-экономикалық, мәдени байланыстар пысықталса, елдің бизнес капитандарымен инвестициялық мәселелер кеңінен талқыланды. Кездеуге Эйрбас, Викат, Суфле, Рочильд груп, Арева сияқты 20-ға тарта компаниялардның жетекшілері қатысты. Әлемдік аты бар алыптар барлығы. Нәтижесінде 14 келісімге қол қойылды. Дамыған ел инвестициялармен бірге жаңа технологияларын әкелмек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Екі ел арасында 24жоба іске қосылды. Бір жарым млрдтық он жоба жұмыс істеу барысында. Кеше іс адамдары құны 5 жарым млрд болатын келісімшартқа қол қойды.

Ұлы Дала елі мұхиттың арғы жағымен де байланыста. Сонау Америка Құрама Штаттарымен. Алыс ел дегенмен, қос тарап қатынасып, алыс-беріс, инвестициямен жақындасып кеткен. Біздің елге, экономикаға берері көп бұл тараптың. Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысына барды. Бірақ оның сыртында ондаған кездесулер өткізіп үлгерді. Ел Президенті Барак Обамамен болған келіссөздердің маңызы зор. Нью Йоркте болған саммитке 200-ге тарта ел басшысы келсе, Америка президенті солардың 4-мен ғана жүздесіпті. Оның ішінде Қазақ басшысы бар. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Семь лет диалога с господином Обамой всегда у нас были продуктивны. Я говорил, что мы хотим, чтобы Америка продолжала дальше поддерживать нашу Независимость, наше стремление и наши экономические программы. 

АҚШ-та да Елбасы бизнес капитандарымен кездесті. JP Morgan, Pfizer, Blackstone сынды алып компаниялардың басшылары. Арасында федералды қор жүйесінің бұрынғы басшысы Бен Бернанке де бар. Салмақты, әрі маңызды кездесу. Мұнда да елге инвестиция тарту мәселесі, Астана халықаралық қаржы орталығын құру жайы кеңінен қозғалды.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Самая важная встреча была эта с 40 самыми крупными бизнесменами США. Капитаны бизнеса. Тех кто сидел за моим столом они стоили 4 трлн долларов. И сами модераторы говарили что ни один Президент включая здешнего, никогда не собирал столько людей, настолько важных. 

Инвестициялық ынтымақтастық Күншығыс елімен де орнықты дамып келеді. Күзде Жапон прьемр-министрі Синздо Абэ бір топ бизнесмендер ертіп Астанаға келіп кетті. Әлемнің 4-ші экономикасы саналады бұл ел. Технологиясы көп, оның үстіне. Демек, біздің дамуға сүбелі үлес қоса алады. Әсіресе, атом энергетикасы мен жасыл технологиялар саласында. Шығыстағы әріптестер тіпті атом электр санциясын салып беруге де дайын. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Қазақстанда жапон жағынан біздің халыққа, әсіресе, ядролық қарудан зардап шеккен Семей өңіріне көрсеткен көмегі үшін біз зор рахметімізді айтамыз. 

Қазақ елі ислам әлемімен де тығыз байланыста. Бұған Президенттің Катарға сапары айқын дәлел. Ұстанымдары ұқсас екі елдің серіктестікке ұмтылысы қарқынды. Ынтымақтастық мәселесі алдымен мемлекеттің басшылығымен пысықталса, инвестициялық серіктестік елдің ең беделді бизнесмендерімен талқыланды. Бізде инвестициялық климат қолайлы. Сондықтан Елбасы мәртебелі шейхтарды елге шақырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сіздердің елдеріңізбен экономикалық қарым-қатынасты нығайта түсуге ниеттіміз. 

Бұл елдердің барлығын Елбасы «Астана Экспо-2017» көрмесіне қатысуға шақырды. Қазір елімізде қызу дайындық жүріп жатыр. Ал шетелдіктердің тәжірибесін игеру үшін Милан көрмесіне қатысты. Биылғы жылдың басты жәрмеңкесін Нұрсұлтан Назарбаев та аралап көрді. Италияның таңдаған тақырыбы осал емес: азық-түлікпен байланысты. Әлемдік проблема. Ал оны шешудің жолдарын көрмеге қатысқан 147 ел ұсынды. Қазақстан павильоны алдыңғы қатарда болды. Келушілерді ең көп жинаған біздікілер. Демек ұйымдастыра білеміз деген сөз. Павильонда қазақтың алтын астығы, мал, балық шаруашылығының өнімдері мен қызыл апорты көпшілікті таң қалдырған. Миланға сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті бизнес қауымдастықпен де кеңесіп үлгерді. Италия премьері Матео Ренцимен бірге Экспоға саяхаты Қазақстан-Италия бизнес форумында жалғасты. Тараптар жалпы соммасы 500 млн долларды құрайтын 20-ға жуық келісімге қол қойды. Бұл бизнесмендердің де біздің Экспоға қызығушылығы көп. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Астанадағы барлық нысандардың құрылысы уәде еткеніміздей, 2016 жылдың соңына дейін аяқталады. 

Қазақстан биыл халықаралық ұйымдармен етене жұмыс істеді. БҰҰ-ның үш бірдей саммитіне ат салысуы өз алдына, БРИКС, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының отырыстарына да қатысты. Терроризммен күрес, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесі басты назарда. Елбасы саммиттер алаңдарында ондаған кездесулер өткізді. Саяси, һәм экономимкалық түйткілдер талқыланды. Сирия, Украина мәселесі ең жиі қозғалған. 

Украина демекші, биыл әріптес елдің басшысы Петр Порошенко Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп кетті. Киев Астананы «Шығыс қақпасы» деп бағалайды. Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысқа қарамастан, серіктес ел экономикалық ынтымақтастықты өрбітуге дайын. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Қарапайым саудадан жаңа бірлескен өндірістер құру ісіне көшу жұмыстарын жандандыру керектігі туралы келісімге келдік. Қазіргі кезде бірқатар инвестициялық жобалар пысықталып жатыр.

Бұдан бөлек, биыл Астанаға Түркия, Индия, Пәкістан мен тағы да бірқатар елдердің басшылары табан тіреді. Серіктестік сан саланы қамтиды. Ауыл шаруашылығынан бастап, жоғары технологияларға дейін. Олар Қазақстанмен сауда-саттықты күшейтіп, байланыстарды нығайтуға ниетті. Біздің мүддеміз де осыған саяды. Енді бұл елдермен сауда жасау оңтайланбақ. 

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақ елі Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі атанады. Қазақстан бұл айтулы күнді 20 жыл күтті. Көзді тарс жұмып, тәуекелмен ұйымға еніп кеткен жоқ. Талаптарды кезең-кезеңімен орындады. Ұлттық мүддемізді де қорғай алды. Биыл хаттаманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Женевада рәсімдеді. 

Әлемдік сарапшылар Қазақстан Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясында көтерген бастамаларын батыл, айтқан ұсыныстарын ұтымды деп бағалады. Бұл тарихи деп таңбалауға әбден лайық оқиға. 

Ұйымның штаб – пәтерін Азияға көшіру. Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын әзірлеу. Ядролық қарусыз әлем қалыптастыруды адамзаттың басты мақсаты ету және лаңкестікке қарсы бірыңғай әлемдік желі құру. Мұның бәрі Нұрсұлтан Назарбаев көтерген мәселелер. Сол кезде жапондық «Дипломат» порталында жарық көрген «Қазақстан БҰҰ-ны Азияға көшіргісі келеді» деген мақалада: «Бәрі де ап-айқын айтылған. Бұл шын мәнінде әлемдік қоғамдастықтың жиырмасыншы ғасыр бойында берік қалыптастырып үлгірген геосаяси түсінігін төңкеріп түсіретіндей соншалықты тың, соншалықты тосын ұсыныс» деп атап көрсетілді. Әрине, штаб-пәтерді ауыстыру – уақыт еншісіндегі дүние. Бұл тақырып әлі талай талқыланады! Осы сапардағы тағы бір жаңалық – Елбасының ұйымның биік мінберінен алғаш рет қазақ тілінде сөйлеуі жүрекке жылы тиді. Көңілге мақтаныш ұялатты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Бұл да жақсылықтың нышаны. Біздің тіліміз дүниежүзіне естілсін, құлақтарына сіңсін. Солай-солай жылжыта береміз деп санаймын. Әдейі солай жасадым. Меніңше дұрыс болды. Барлық тілге ол аударылады. Бірақ бәрі әбден үйреніп кеткен, сөйлескісі келмейді. Тілі басқа жаққа үйреніп, жаттығып кеткен. Сондықтан мен айтқаннан кейін менен кейінгі біздің басшылар солай сөйлейді деп сенемін. 

Осылайша, биыл Қазақ елі сыртқы саясатында толағай табыстарға жетті деуге негіз бар. Көп елмен жасалған уағдаластықтарды жүзеге асыру мешін жылы да жалғасын таппақ. Алда ұзақмерзімді инвестициялық жобалар күтіп тұр. 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Айдос Ентебеков

4 Елдегі басты оқиғаның бірі Президент сайлауы болды

Ел-жұрттың тілегіне Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек болды. Бүгінін бекемдеп, ертеңгі тірлігін елеп-екшегеннен кейін сайлау өткізу жөніндегі ұсынысты Елбасы да құп алды. Сәуір айында өткен саяси науқанға қатысам деушілер әу баста көп еді. Бірақ, талапқа тек үш үміткер сай келді. Нұрсұлтан Назарбаевтан өзге, додаға – кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов пен «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов қатысты. 

Әділ әрі ашық бәсекеде халық кезекті рет Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім мандатын тапсырды. Елбасына сайлаушылардың - 97,75 пайызы дауыс берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Қымбатты отандастар! 26 сәуір еліміз үшін тағы бір тарихи, тағдырлы күн болды. Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті. Ел бірлігі мен кемел келешекке сенімін танытты. «Мәңгілік Елдің» мызғымас ұстанымдарына адалдығын көрсетті. Бұл таңдау – жарқын болашаққа қадам басқан Қазақстанның таңдауы. «Мәңгілік Ел», «Қазақстан-2050» Стратегиясына, «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен 5 халықтық реформаға елімнің білдірген қолдауы. Өмірін халқының бақытына арнаған жанға ел сенімінен басқа баға жоқ. Сол сенімді ақтаудан артық мақсат жоқ.

Cайлауды биыл өткізуге байланысты әу баста екі уәж айтылған болатын. Әуелгісі, келер жылға Президенттік және Парламенттік сайлаудың қатар келуі. Мемлекеттік деңгейдегі қос науқанның бір мезгілде өтуі заңға қайшы. Әрі мінсіз ұйымдастырылуы да неғайбыл еді. Келесі себеп, жаһандық дағдарыстың алдын алумен байланысты. Халықаралық сарапшылар сол кезде қаржылық қиындықтар шарықтау шегіне 2016 жылы жетеді деп топшылады. Қалыптасқан қазіргі ахуалға қарап, бұл жорамалдың негізді екенін аңғару оңай.

Экономикалық көзқараспен қарасақ та, саяси тұрғыда салмақтасақ та, есеп-қисап жасауға, ертеңге жоспар құруға қажет уақыт пен қаражатты үнемдедік. «Қамданған, қапы қалмайды».

5 Жылдың басты оқиғалары: айдан аман, жылдан есен

Биыл Ақордадағы алғашқы жиын елдің экономикалық дамуына арналды. Қаңтарда президент министрлер кабинетін толық жинап, әлеуметтік-экономикалық кеңес өткізді. Бұл жылдың жеңіл болмайтыны сол кезде-ақ болжанған еді. Нұрсұлтан Назарбаев өткен тәжірибеміздегідей осы жолы да дағдарыстан экономикалық өсіммен өтуді мақсат қылды. Бұл үшін күні бұрын қамданбақ керек. Елбасы Үкіметті, тіпті түгелдей халықты үнемділікке үндеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-В связи с таким резким сокращением доходов нашего бюджета правительству придется пересмотреть кое какие параметры. Мы уже изменения внесли, если надо будет, посмотреть ещё и здесь мы должны четко разъяснить и прямо и честно народу говорить, что сейчас мы приступим к экономии во всем.

Қаржылық қиындықтың салқынын қарапайым халық сезінбеуі тиіс. Елбасы осы мәселені Үкімет мүшелеріне ерекше ескертті. Әлеуметтік жәрдемақылар қысқартылмайды, ал жұмыссыздықпен күреске министрлер кабинеті айрықша екпін қоюы керек. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Біз бұлай боларын білдік, алдын ала қамдандық. Сондықтан да біз «Нұрлы Жол» бағдарламасын түздік. Екіншіден, ИИДБ жалғастыратын болдық. Бұл екі бағдаралама да дағдарысқа қарсы жасалған әрекетіміз. 

Мұнай мен металл бағасы төмендеді. Енді экспорттан келер қайыр аз. Қысылтаяң кезеңде өз экономикамызды көтеру үшін кайтпек керек? Мәселенің бір шешімін Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Давайте запустим акцию «Сделано в Казахстане». Во всех торговых сетях чтобы появились секции казахстанских товаров. Акимам за этим проследить. 

Президент баршаны отандық өнімді тұтынуға шақырды. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық тауарларға қолдау көрсетуді өзгеден емес, өзінен бастады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-У нас самая отсталая это легкая промышленность. Жабылып қалды барлығы. Она начинает подниматься. Вот ваш покорнй слуга сидит в костюме Казахстанского производства. Могу показать Казахстанская легкая промышленность. И туфли у меня Казахстанский. Видишья полная реклама для легкой промышленности. 

Дағдарыс әлемнің дегбірін қашырған тұста ең бірінші кезекте елге ауызбірлік керек екені белгілі. Бірлігі мығы ел ғана кез келген қиындыққа табандылық таныта алады. Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын айтқан Нұрсұлтан Назарбаев қалың бұқара елде болып жатқан жағдайдан қай кезде де құлағдар болатынын ескертті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Я еще раз объявляю казахстанскому народу – ничего мы скрывать не будем, будут трудности – вместе с народом будем переживать, и скажем, что надвигается. И никто другой не скажет вам, который не отвечает ни за что, болтает языком.

Президент қордаланған мәселелердің түйінін тарқататын бес институционалдық реформаны ұсынды. Ұлт жоспары дағдарыстан елді аман алып шығатын стратегия ғана емес, бұл Қазақстанды озық елдердің қатарына қосатын маңызды құжат.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Бізге аса маңызды 5 инстуционалдық реформаны іске асыруды мен партияның съезінде жақында жарияладым. Олар - кәсіби және автономды мемлекет, заң үстемдігін қамтамасыз ету, халықтың құқықтарын сақтау, индустрияландыру және әртараптандыруға негізделген экономикалық өсім, болашағы біртұтас ұлт, трансферентті және ашық, халыққа есеп беруші мемлекет.

Қазақстанның биылғы жылы жеткен елеулі жетістіктерінің бірі Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі атануы. 19 жыл бойы жүргізілген табанды келіссөздер оң нәтижесін берді. Айтулы оқиғаға орай Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Үндеу жариялады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. 

Жыл басынан бері Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық аймақтарын аралады. Облыстардың тыныс-тіршілігімен танысып, жаңа кәсіпорындарды іске қосты. Халықтың қал-аһуалын көзімен көрді. Елбасы ат ізін салған шаһарлардың бірі Семей қаласы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Барлық жағынан алып қарағанда тұтастай еліміз секілді Семей де өркендеп, өсіп келе жатыр. Өскеменнің өзінде металлургтармен кездескенімізді көрдіңіздер, мәдени орталық – жаңа театр ашылғанын көрдіңіздер. Халықтың көңіл-күйі жақсы екенін көріп, мен де үлкен қуанышпен олармен қауыштым.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына да жұмыс сапарымен барды. Ел дамуының оң тұстарын Ақжайық өңірінен де аңғаруға болады. Мәселен, «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында аймақта «Орал – Каменка» тас жолы қайта жөнделіп, құны 44 миллиард теңгенің екі индустриялық нысаны іске қосылған. ТМД аумағында алғашқы болып 120 метрлік рельстер шығаратын кәсіпорын ашылды. Меже – жылына 200 мың тонна рельс, 230 мың тонна прокат өндіру.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мұндай зауыт Қазақстанда болған жоқ. Мұндай өнім ешқашан шығарылған жоқ. Сырттан әкеліп отырдық. Енді өсіп, өркендеп келе жатқан Қазақстанның «Нұрлы Жол» бағдарламасын орындауға осы зауыттың үлесі үлкен болады.

Ал қарашада Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір мәрте Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Әлемдік экономиканы шайқалтқан дағдарыстың салдарын ескерген Елбасы барлық министрліктер мен ұлттық компанияларды үнемшілікке шақырған болатын. Министрлер кабинетінің алғашқы есебінде белгілі болғанындай бұл оң нәтиже бере бастаған. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы на сколько сократили государственные расходы. Мне сказали что это 1,5 триллиона тенге. 1,5 триллиона тенге сокращены госрасходы. Вы смотрите как мы расходовали. И ничего не случается при этом. Может подумат еще сократить рассходы. 

Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет мүшелеріне күнделікті қажетті тауарлардың бағасын қымбаттатпауды міндеттеді. Оған қоса кәсіпкерлердің де құқығы тапталмауы тиіс. Демек баға нарыққа сай болуы керек. Президент жанар-жағармай бағасын өсірмеу туралы да пәрмен берді.

Бақуатты қазақстандықтарды мүліктерін заңдастыруға шақырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Я предупреждал и еще раз хочу сказать. После этой легализаций мы начнем искать деньги запрятонные от налогов по всему миру. ОЭСР объявил что он расскроет все счета. Никаких авшоров не будет. Мы предлагаем принести денги и жить спокойно и спать спокойно. Ни дергатся когда звонок в дверь. 

Елбасы бүкіл әлем назарында ұстап отырған «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысты да жиналыс жасады. Осы орайда Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке көрме құрылысына қажетті материалдарды отандық өндірушілерден сатып алуды міндеттеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Надо посмотреть и минимизировать импорт и все покупать в Казахстане. Ничего страшного. Пересмотрите все. Все что можно было. Деревянные изделие, мебельное изделие и все другие. Сократить импорт. Расход валюты. Не будем давать никаких денег. За тенге будем покупать. 

Мемлекет басшысы баса назар аударған мәселелердің бірі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік. Осы заңның аясында бірқатар әлеуметтік мәселелер шешімін тауып келеді. Мәселен Алматыда еуропалық талаптарға сай келетін балабақша салынды. Мұны алматылық кәсіпкер не бары 3 айдың ішінде тұрғызған. Нысанды өзі барып көрген президент, барша кәсіпкерлерді бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ұмытпауға шақырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Қазақстар 4-5 этаж үй салды. Оның ішінде үйді сыпыру үшін 5-6 адам керек, Барлығына 10 шақты адам ұстау керек. Қазір не қыларын білмей жүр. Ең үлкен машина мініп, Танк сияқты машино болса соны да алар еді ол кезде. Ал қазір мінекей ықшамдап істеуге келдік. Үйді де кішірек болу керек. Жағдай да солай дүние де солай. Сондықтан олармен сөйлесіңдер. Төрт этажды үйді не қылады? Берсін балабақшаға.  

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы халыққа әлемдік дағдарыстан қаймыға берудің қажеті шамалы екендігін айтты.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Оны мировой кризис деп айта бергеннен май шықпайды одан. Ондай кризистар бола береді алдыңғы жақта. Қандай шаралар қолдану керек. Қиын қыстау заманда қандай жаңашылдық қандай жағдайларменен шығу керек. 

Бұл жиында ескертулердің бір сыпырасы Үкімет мүшелеріне де қатысты болды. «Еңсені тіктеп, алға қарай сеніммен қадам басу керек». 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Алдыға қарау керек. Елді қорқыта бермей анау-мынау деп. У правительство есть такой наклон. Страхи наводить. Смотрите идет. Ничего не идет. Елмен бірге көрген ұлы той деген қазақтың сөзі бар. 

Қазақ халқы үшін қой жылы той жылы болды. Елбасының тікелей тапсырмасымен барлық өңірлерде Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде тойланды. Басты шара қазақ хандығының құрылған жері Тараз қаласында өтті. Бұл жиында да Елбасы халқын тарихи мерекемен құттықтап, ел бірлігін қашан да биік ұстауға шақырды.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Төле би бабамыз айтып кеткендей «бірлік болмаса, тірлік болмайды». Мынау Қазақ хандығын неге атап жатырмыз, тарихымызға үңілетін болсақ Қазақтың барлық тарихы бірігу тарихы. Қазақ басын қосып біріккен кезде ешбір жауға берілмеген, жеңіп шығып отырған. Қазақтың басы ыдырап, жан-жаққа бөлініп, ел-ел болып бөлініп кеткенде сол кезде жау келіп басып алған. Осы тәлімді біз ешқашан естен шығармауымыз керек.   

Осы жылы тарихқа алтын әріптермен жазылатын тағы бір оқиға болды. Үшінші қазақ Айдын Айымбетов ғарышқа ұшып, еліміздің ғылымына қажетті зерттеулер жүргізді. Осы ерлігі үшін оған кейін «Халық қаһарманы» атағы берілді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Біз бүгін халқымыздың батыр ұлы, Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетовті марапаттауға жиналдық. Өткен айда ол Қазақстанның ғарыштық бағдарламасы аясында Халықаралық ғарыш стансасында 10 күндік сапарға барып қайтты. Осы күндердегі 17 млн Қазақстан халқының барлығы бұл шараға қарап, Айдынға тілектес болып отырды.

Осылайша қазақстандықтар тағы бір жылды еңсерді. Ел ішінде тыныштық, ұлтаралық татулық салтанат құрып, тарихи құндылықтарымызға қан жүгіргенін ескерсек өткен жылға өкпе жоқ деуге толық негіз бар. 

Авторлары: Талғат Уәли, Қанат Әбілдин, Руслан Жакеев

6 Жолдау – жылдың басты оқиғасының бірі

Өсім. Реформалар. Даму. Қазақстанның дағдарысқа қарсы стратегиясы осы үш ұғыммен бітеқайнасқан. Мұны Президент биылғы Жолдауында айтты. Жаңаруға жетелейтін жоспардың жай-жапсарын түсіндірді. 

Қаржы секторын тұрақтандыруға қарекет етеміз. Бюджетті оңтайландырамыз. Экономикалық бәсекелестік ынталандырылады. Жаңа әлеуметтік әрі инвестициялық саясат жүргізіледі. Жолдаудан кейін Үкімет те көп ұзатпай осы бес бағыт бойынша жоспар түзді. Соның айналысында жұмыс басталды. 

Қиындықтар болады. Жылдың басты қорытындыларына арналған бейресми әңгімеде Президент мұны тағы қаперге салды. Бірақ, азаматтардың әлеуметтік жағдайы нашарламау үшін бәрін жасап жатырмыз деді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Әрине білдік осылай болатынын, мұнша қиын болатынын білгеніміз жоқ. Біздің сыртқа шығаратын тауарларымыз әсіресе мұнайдың бағасы жылдың ортасындағы 115 доллардан міне 40 долларға жақындап отыр. Тек қана бұл емес, сыртқа шығаратын металдар, мұнай, газ барлығының төмендеуі біздің бюджетті 180 миллиардқа кемітті. Бұл өте үлкен ауқымды қаражат. Осыған байланысты біз не істеуіміз керек екенін анықтап, жұмыс істеп жатырмыз.

2015 жылдың жылнамамызда дағдарысқа душар болған кезең болып қалары сөзсіз. Өйткені әлем экономикалық ауырсынуды сезініп отыр. Сонымен, биылғы қаңтар аса жайлы бола қоймады. Мұнайдың бағасы 120-дан төмен бір-ақ сырғыды. 

Нұрбек Әмиша, тілші

-«Қара алтын» құнының құбылуына хронология жасасақ, қаңтарда 49 доллар болса, ақпанда 60-қа қайта көтерілді. Қаңтарда 49, онан соң 60, 56, 62 деңгейді көрсетті. Шілде, тамыз 53, ал қыркүйек, қазан және қарашада 44-ке тұрақтады. Жылдың соңында мұнайдың баррелі 36 долларға жетті. 

Бюджетті 120 долларға есептеп қойған Қазақстан экономикасы үшін де бұл ауыр соққы болды. Шикізатқа негізделген экономикамыздың турболентті жағдайға түсіп қалмауы үшін үкімет барлық шараны жасап жатыр. Дегенмен, мұнай құнының әлде де әлсірейтіні ақиқат. 

Акбар Тоқаев, мұнай-газ саласының сарапшысы

-Биыл мұнайды барлау мен өндіруге инвестиция 20 пайызға төмендейді деген болжам бар. Жаңа жобалар 40 пайызға қысқарады. Мұндай жағдай соңғы он жылдықтарда байқалмаған еді. Мұнайды барреліне 40 доллар болуы еліміз үшін жақсы жағдай деп айта алмаймын. Алайда, бұдан барлық қара алтын кеніштері зардап шеге қоймайды.  

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының мәліметінше, осы жылы қара алтынға деген сұраныс бір күнге 92,86 млн баррель болса, 2016 жылы 94, 11 млн баррель. Яғни, әлемдік қажеттілік өседі. Демек, мұнайды сатып алушылар саны өссе, тиісінше, бұл шикізат өндіруші ел Қазақстанға да жақсы. 

Акбар Тоқаев, мұнай-газ саласының сарапшысы

-Қараңыз, егер сіз нарыққа келдіңіз, сізге 95 түрлі тауар алу керек, ал нарықта 96 түрі тұр. Сол секілді. Демек, нақты жағдайда мұнай бағасы қатты төмендемейді. 

Қазақстан – шикізат өндіруші ел. Экспортымыздың 60 пайызы мұнай-газ өнімдерінен тұрады. Сондықтан экспорттық тауарларымыздың әлемдік нарықтағы бағасының құлауы ұлттық валютамыздың долларға шаққандағы бағамын төмен ұстап тұруға болмайтынын көрсетті. Себебі, рубль мен юаньның да девальвацияға кетуі теңгеміздің тегеурінін азайтты. 

Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы

-41 млрд долларға сырттан тауар әкелеміз. Олардың біразын өзімізде өндіруге болады. Ресеймен байланысты теңгемізді жібердік, бірінші кезде қиындық түсіп жатыр, ҰБ басқасы дұрыс игере алмай жатырмыз. Ресей мен. Қытай дағдарысы қалай болатынын түсінбей жатырмыз. Соған байланысты нарықтық қатынастарды өзгеше жүргізуіміз керек.

Вячеслав Додонов, экономист-сарапшы

-Біз қазір қор биржасындағы экономикалық дағдарыстың жаңа кезеңін байқап отырмыз. Өткен жылы тауар биржасындағы дағдарысты бастан өткерсек, мәселен, мұнай бағасының түсуі секілді. Енді қор биржасындағы ахуалдың құбылуын көріп отырмыз. 

Ұлттық банк пен Үкімет 20 тамыз күні теңге бағамын реттемейтінін, оның құнын енді сұраныс анықтайтынын мәлімдеді. Бұл – сыртқы экономикалық ахуалдың әсеріне қарсы әрекет еді. 

Нұрбек Әмиша, тілші

-Жыл басынан бергі мәлімет бойынша, теңге бағамының динамикасы мынадай: Қаңтар 2015-184, Ақпан, наурыз, мамыр және сәуірде баға 185-ке тұрақтаған. Маусым мен шілдеде сәл өссе, тамызда ҰБ шешіміне сай 255-ке бір-ақ көтерілді. Әрі қарай 283, 279, 312 және жыл соңында 341 болды. 

Дегенмен, Ұлттық банктің жаңа төрағасы инфлияция деңгейінің 2016 жылы қазіргі 12-ден 8-ге шейін төмендейтінін айтты. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы 

-Валюта нарығы қазір сұраныс пен ұсыныстан тұрады. Кейбіреулер ойлап жүргендей, Ұлттық банк айырбастау курстарымен айналыспайды. Екінші жағынан алғанда, теңге ставкасы бойынша тұрақталу байқалып отыр. 

Мемлекеттің әл-аухатын анықтайтын ІЖӨ-нің әрине, төмендегені рас. Егер соңғы алты жылдықты салыстырсақ, жан басына шаққандағы жалпы өнім мынадай: 

ҚР ІЖӨ 

2010 - 7,3%

2011 - 7,5%

2012-  5,0%

2013-  6,0%

2014 - 4,3%

2015 - 1,5 - 2% 

Үкімет Елбасы тапсырмасы бойынша дағдарысқа қарсы бағдарлама жасады. Онда бұл көрсеткішті көтеру қаралған. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі

-Былтырғы жылы 4 пайызға өсіп келе жатса, биыл 1,5 пайызға дейін төмендеп келді. Сондықтан бәрі бюджет түсімдеріне де әсерін берді бұны дагдарысқа қарсы жұмысымызды жүргізіп, параметрлерін өзгерттік. 

Сұлтан Әкімбеков, Әлемдік экономика және саясат институтының директоры

-Жыл біршама ауыр болды. Дегенмен, базалық салықтық саясат өзгерген жоқ. Әрине, Салық кодексі жаңарды. Енді қосымша құн салығының орнына сатудан түсетін салықты енгізіледі. Жалпы, базалық салық жүйесі сақталды. 

2015 жылдың тағы бір жаңалығы – Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі. Кәсіпкерлерге кең мүмкіншілік ашқан интеграцияның бизнеске берері мол. Алайда жыл басында ресей рублінің құлдырауы екі елдің де экономикасына әсер еткені рас. Көршіміздің арзан автокөлігі қазақстандық тұтынушыларға ағыла бастады. Тиісінше, біздің ішкі автонарығымыз сынаққа түсті.  

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы

-Біздің тауарларымыз Ресейге өте алмады. Ол бізге ыңғайлы болған жоқ. Ресей тауарлары арзанырақ болды да, қанша автомобиль келді, біздегі шығатын автомобильдердің 60 пайызға жуық төмендеді.

Дегенмен, қазір жағдай біршама реттелді. Жыл соңына дейін дағдарыстың әсерінен ірі кәсіпорындардың экспорты азайды, өйткені әлемдік қаржы бағамы алуан түрлі. Валютаны бос кеңістікке жіберу ірі индустриялық компанияларға пайда емес, көмек қана болды. Дағдарыс екі бүйірден қысқанмен, 9 айдың есебіне қарасақ, шағын және орта бизнес 4 пайызға өскен.  

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы

-20 пайыздан астам бюджетіміз қысқарды, ол дегеніміз, бюджеттің мемлекеттен келіп түсетін кәсіпкерлерге деген сұранысы деңгейінің 20-25 пайызға түскенін көрсетеді. Бұған қарамастан еліміздің экономикасы өзінің тұрақтылығын көрсетті. 

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз де ел экономикасының елеулі оқиғаларының бірі. Инвестициялық климаты қолайлы мемлекетке инвестлар ағылады, сауда-саттық әрі бәсекелес те күшейеді. 

Азаматхан Әміртаев, ҚР Инвесторлар альянсының төрағасы

-2015 жылғы әлемдік дағдарыстарға байланысты инвестициялық ахуалға өзгерістер болды. Бірақ, Қазақстанның жүргізген сыртқы саясатына байланысты, экономикалық саясатына байланысты Дүниежүзілік банкі, Еуропалық даму банкі қызығушылық танытып отыр. 

Ішкі экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін жекешелендіру науқаны да биыл басталады. Мемлекеттік сектордың да кейбір нысандары жеке меншік пен мемлекеттік әріптестік арқылы басқарылады. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі

-Үкімет отырысында 65 сатылатын мекеменің тізімі бекітілді. Кеңесшілермен кәсіпорынмен көп жұмыс бар. 

Иә. Жылды Қазақстан осылай жапты. Дағдарыс – басты қарсылас. Экономикалық ауыртпалықтарға қарамастан еліміз рецессияға жол бермеді. Ең бастысы, қиындықта жол табу – басты формула. 

Авторлары: Нұрбек Әмиша, Айдын Өнербаев, Әнуар Тәуекелов, Еркебұлан Тілеуқазы, Есбол Жәмшитов

7 Биылғы жылы маңызды заңдар қабылданды

Әуелі «Бес реформа», кейін содан тарайтын «100 нақты қадам» жарияланды. Бұл жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұруға қауқарлы, сонымен бірге дамыған отыз елдің қатарына қосылуға қамшылайтын Ұлт жоспары. Президент «реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылдағы бірінші кезектегі жалпы ұлттық міндет» деп нақты айтты. Тапсырма берілді. Сол бойынша қауырт жұмыс басталып кетті.

Алғашқы тарау кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналады. Оған сай, мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талап күшейе түспек. Болашақ мамандарды іріктеу, жұмысқа қабылдау, еңбекті бағалау қатаң жүргізіледі. Қызметке алу төменгі лауазымдардан басталады. 

Ең көп өзгеріс индустрия және экономика салаларын күтіп тұр. Шикізаттан дайын өнім шығаруға бет бұру үшін 49 қадам жасау керек. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету жайы бағдарламаның екінші бөлігінде айтылады. Бұл бағыттағы маңызды бір құжат – Азаматтық іс жүргізу кодексіне Президент қазан айында тұңғыш рет жария түрде Ақордада қол қойды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мұндай рәсімді тұңғыш рет жасап отырмыз, өйткені ел үшін маңызы өте зор. Бүкіл Қазақстан үшін мәні зор. Біріншіден Қазақстан жаңа жылдан бастап 5 буынды сот жүйесінен 3 буынды сот жүйесіне көшетін болады. Екіншіден инвестициялық дауларды қараудың жаңа тәртібі енгізіледі. Сол арқылы елімізде жаңа жағдайда экономикалық даму үшін маңызды рөл атқаратын инвестициялық тартымдылық арта түседі. 

Ұлт жоспарындағы міндеттерді орындау ісіне келгенде, Парламентке көп жүк артылды. Депутаттар жазғы демалыстан келе салысымен, бірден іске кірісті. Ет қызуымен алғашқы алты аптаның ішінде 534 рет жұмыс топтарының отырыстарын өткізді. Барлығы 11 мыңнан астам түзету енгізді. Кейін Сенат та бұл қарқынды іліп әкетті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Екінші жартжылдықта мен жариялаған реформаларды іске асыру үшін Парламентіміз қауырт жұмыс істеді. Үкімет әрине жобаларды дайындаған, Парламентте қабылдау, 80 заң жобалары қабылданып, оның көпшілігіне мен қол қойдым. Менің тапсырмам бойынша ендігі жылдың басынан бастап осы жобалар іске аса бастау керек. 

Ұлт жоспарын заңдық тұрғыдан қамтамасыз етуден бөлек, Парламент депутаттары көптеген заң жобаларын қабылдады. Бір жылда 167 заң жобасы қабылданды. Мәжіліс, Сенат депутаттары үзіліссіз жұмыс жасады.

Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Сенбі, жексенбі күндері жұмыс тобында жұмыс істеуімізге тура келді. 

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Өте қауырт жұмыс болды

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Біз жаңа әлеуметтік саясаттың негізін қаладық.

Нәтижесі қандай? Келесі жылдың 1 қаңтарынан іске қосылатын заң жобалары ел өміріне қаншалықты әсер етпек?

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты 

-Нәтижелі жыл болды деп айтуыма болады. 100 қадамды іске асыруға байланысты 60-қа жуық заңдар қабылданды.

Тек күзгі сессияда Парламент 80-нен астам заң жобасын қабылдады. Мәжіліс, Сенат қабырғасында бір күнде 20 шақты құжат талқыланып, пленарлық отырыс 7-8 сағатқа дейін ұласқан күндер болды. Үзіліссіз, түскі ассыз, бұрын соңды бұлай қауырт жұмыс жасамағандықтарын депутаттардың өздері мойындап отыр. Халық қалаулыларының қарауына бір жылда 210 заң жобасы келіп түскенімен, қабылданғаны - 167.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы

-Біз биылғы жылы жақсы жұмыс істедік деп айтуға болады. 167 заң жобасын қарастырып, дер кезінде қабылдадық. Олардың басым бөлігі «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен « 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» құқықтық жағынан қамтамасыз етуге арналғанын айрықша атап өту қажет. 

Қабиболла Жақыпов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы

-Аяқталып келе жатқан 2015 жыл оңай кезең болған жоқ, әлемді шарпыған дағдарыс пен жаһандық қатерлер біздің елге де өз әсерін тигізді. Бүгінгі ахуал біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. 

Осы бағытта Еліміздің мемлекеттік тұғырын бекемдеуге, құқықтық негізін одан әрі нығайтуға Парламент депутаттарының қосқан үлесі зор. Әрбір қабылданған заң елдігімізді нығайтып, еңсемізді тіктеуге ынталандырады. Жалпы, әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағдай республикалық бюджеттің қайта қаралуына негіз болды. Бір жылда бюджет екі мәрте нақтыланды. Ақпанда және қарашада. Ал, тамыз айында ұлттық валютамыз еркін айналымға жіберілген еді. Доллар бағамы бірден көтеріліп, қара алтын құны құлдырады. Бастапқыда республикалық бюджет «Brent» маркалы мұнайдың 80 долларлық бағасымен есептелген. Алайда, қайта қаралған бюджетте мұнайдың бір баррелі 40 доллар, Ақш доллары -300 теңге деп есептеліп отыр. Қара алтын құнының төмендеуіне байланысты Қазақстан бюджетінің кірісі 22 пайызға азайды. Сәйкесінше, базалық шығыстар да елеулі қысқартылды. Алайда, әлеуметтік шығындар бұрынғы күйінде. 

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Әлеуметтік мәселеге көзделген мемлекеттің өзіне алған міндеттерінің барлығы толыққанды ол жерде бюджетте салынды. Ол заңды біздің қаржылық паспортымыз десек болады. Келесі жылдың, үш жылдық бюджеттің өзіндік экономикалық потенциалы мен әлеуметттік мәселелерді шешетін жолдағы атқаратын істері белгіленген.

Алдағы үш жылда әлеуметтік салаға 6 триллион 527 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл республикалық бюджеттің 37 пайызы. Парламентпен қатар, қоғамда ең қызу талқыланған құжаттардың бірі «Еңбек кодексі». Оны дайындауда 59 елдің тәжірибесі ескерілген. 2016 жылдан бастап, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Білім беру саласында тер төгіп жүрген азаматтардың еңбекақылары - 15-29 пайызға дейін, денсаулық сақтау саласында қызмет ететіндердің жалақысы - 7-28 пайызға дейін өседі. Ал, зейнетақы 9 пайызға, базалық зейнетақы 7 пайызға ұлғаяды. Яғни, ең төменгі зейнетақы мөлшері 34 мыңнан 37 мың 800 теңге артпақ. Бұған қоса, елімізде 2017 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Біздің азаматтарымыз 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, екі пакет медициналық көмек алатын болады. Бірінші пакет- ол мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етілген, қаржыландырылатын пакет деп есептелінеді. Оны 17,5 млн халқымыздың барлығы алады. Екінші пакет- егер де осы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын азаматтар жарнасын төлеп отыратын болса, сол қосымша медициналық пакеті деп есептелінеді. 

Жұмыс берушілерге салмақ салмас үшін, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жарнаның негізгі бөлігін, яғни 4 пайызын мемлекет төлейді. Ал, жұмыс берушілер жарна мөлшерін 2020 жылға дейін 2 пайыздан 5 пайызға дейін ұлғайтады. Тиісті төлем жұмысшылардан 2019 жылдан ұсталады. Көпшілікті елең еткізген, ел ішінде бір жылдан астам уақыт талқыланған тағы бір құжат – «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» заң жобасы. Құжат бұл саладағы 5 бірдей заңды алмастырып, қарама-қайшылықтарды шешуге сеп болмақ. Әрі шағын тауар өндірушілерді бірігіп жұмыс жасауға ынталандырады. Алайда, шаруаларды - біріккен жағдайда табысты қалай бөлісуге болады? Кооператив иелеріне қандай жеңілдіктер қарастырылған,- деген сауалдар мазалауда. 

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

-Қазіргі жаңа заңның аясында, сол заңда салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, енді кооперативтер тура сондай бар жеңілдіктер ауылшаруашылық тауар өндірушілерге көрсетілген жеңілдік сол коперативтерге де қарастырылатын болады. Екіншісі, үлкен шектен тыс нормативтік реттеу жойылды. Үшіншісі, Қазіргі жаңа заңда кооператив мүшелері осы коорперативтің тапқан табысын өзара келісіп, бөле алатын мүмкіндікке ие болды. 

Қазақстанда кооперация құрамындағы фермерлік шаруашылықтардың үлесі 1,5 % аспайды. Ал, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 100 пайызды еңсерген (АҚШ – 100%, Франция – 100%, Испания – 120%, Нидерланды – 140 % - ЭЫЖҚ және азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының мәліметі). Бүгінде елімізде 200 мыңға жуық тауар өндіруші, бір млн-ға тарта жеке шаруақожалығы бар. Оларды ірілендіру ауылшаруашылығы өндірісіне жаңа серпін бермек. Ал, 11 қарашада қабылданған «Мемлекеттік-жеке әріптестік туралы» заң арқылы маңызы зор әлеуметтік салаларға жеке бизнесті тарту көзделген. Тіпті, заң аясында алғашқы  жобаларды жүзеге асыру ісі қолға алынды. 

Жамбыл Ахметбетков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Шетелдік инвесторларға қарағанда біздің отандық кәсіпкерлер ғана осы жобаға араласа алады. Олар араласқанда конкурс арқылы. Конкурстың ережелерінің барлығы жеңілдетілген. Ең бір қызығушылық танытатын ол мемлекет қаражатын кәсіпкерлерге беру арқылы, кәсіпкерлерді тарту арқылы мемлекет екеуі бірлесе үлкен жобаларды іске асырады. 

Елбасы Жолдауында кәсіпкерлерге: «біз сіздерге кәсіптеріңізді жандандыруға қолдау көрсеттік, енді дәулеттеріңізді молайтқан тұста мемлекет те, сіздерден экономиканы дамытуға көмектесулеріңізді талап етуге құқылы»,- деген еді. Ал, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру ісі азаматтық секторға табыс етіледі. «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» жаңа заңнамада оларға жүктелетін міндет сараланған. 

Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Осы желтоқсан айында заңға қол қойылды. Келесі жылдың басынан бастап белсенді түрде жұмыс істейтін болса, олардың саяси мәселелерге араласу бағытындағы, олардың әлеуметтік меселелерді шешу бағытындағы, басқа да көптеген мәселелердің барлығындағы, ауылдағы мәселелерге араласуға толық мүмкіндігі болады. Бұлардың бірнеше бірлестікте мүше болып тұруға болады. 

Қазір елімізде 27 мың қоғамдық бірлестік жұмыс жасаса, оның 2 мыңға жуығы үкіметтік емес ұйым екен. Бірақ дені реестрде жоқ. Сондықтан, арнайы база құрылып, олардың барлығы тіркеуге алынбақ. Және 6 ай сайын атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, ел қазынасынан бөлінген әрбір тиынның қайда жұмсалғандығы сараланады,- дейді мәжіліс депутаты. Бұған қоса, 2017 жылға қарай Қазақстанның Астанасынан халықаралық қаржы орталығы ашылмақшы.Тиісті заң жуырда ғана қабылданды.  

Серік Ақылбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Қаржылық орталық дегеніміз Дубайдағы қаржылық орталыққа сәйкес жасалып жатқан нәрсе. Бұған үлкен қаржы келеді. Қаржылық орталықтарда өздерінің ішкі соты болады. Ол жалпы біздің Қазақстанның сот системасына кірмейді. Онда ағылшын заңдары бойынша өздерінің ішінде қаралады. 

Бұл бастама еліміздің Орталық Азиядағы заманауи қаржылық хабқа айналуын және  әлемнің алдыңғы қатарлы 20 қаржы орталығының көшінен көрінуін қамтамасыз етпек. Сонымен қатар, хаб еліміздің ЖІӨ-нің өсуіне ауқымды үлес қосады,- деген болжамдар жасалуда. Ұлттық банк басшылығы Астанадан оффшорлық қаржы орталығының құрылуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды. Әлемдік дағдарысқа қарамастан, Қазақстан алдына айқын мақсат қойып, діттегеніне жету үшін тер төгуде. Қабылданған заңдар биік шыңды бағындыру жолындағы алғашқы қадамдар. Жауапты сәтте күш біріктіріп, жұмыла кірісу аса маңызды. 

Авторлары: Гүлмайра Қуатбайқызы, Әнуар Тәуекелов  

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.