ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95

Жеті күн. 30.01.2016

Жеті күн. 30.01.2016
Сюжеты
1. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өтті 2. «Нұр Отан» партиясы депутаттыққа үміткерлердің тізімін белгіледі 3. «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабы ашылды
4. Елбасы мүлікті заңдастыру мәселесіне тағы бір мәрте тоқталды 5. Еліміздің өңірлерінде дағдарысқа қарсы жұмыстар жүріп жатыр 6. Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы мен «Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасын қабылдады
7. Сайлауға дайындық жүріп жатыр 8. Ескі көліктерді жою салығын төлеу алымы енгізілді 9. Қазақстан Иранмен қарым-қатынастың көкжиегін кеңейтуді көздейді

1. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өтті

Сонымен «Нұр Отанның» съезі өтті. Екі мыңнан астам делагат келді. Депутаттыққа үміткерлердің тізімі бекітілді. Сайлауалды бағдарлама жарияланды. Күрделі кезеңде қамсыз емеспіз. Ең бастысы әлеуметтік саланы әлсіретіп алмауға әрекет етіп отырмыз. Мемлекет уәдесінен таймайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Несмотря на глобальный кризис, мы продолжаем социальную поддержку нашего населения. Как вы знаете, по моему поручению в Послании с 1 января текущего года повышены зарплаты работников здравоохранения в среднем на 28 процентов, образования, до 29 процентов, социальной защиты, до 40 процентов, а также с начала года обеспечено 25 процентное повышение размеров социальных пособий по инвалидности, стипендии. 

Халықты жұмыспен қамту. Сайлауалды бағдарламада әуелі осы ой сабақталады. Жол картасы. Оның аясында жинақталған тәжірибе жеткілікті. «Нұрлы жол» бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Былтыр бөлінген қаржының 93 пайызы игерілді. 

500 шақырымға жуық  жол жөнделді. 7 000 пәтер салынды. 51 білім беру нысаны бой көтерді. Биыл да жоспардан жаңылмауға тиіспіз. Дағдарыс қол байлау емес. Керісінше, қайраттандырады.  Алдағы үш жылда тек «Нұрлы жол» бойынша  400 мың жұмыс орны ашылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- Мы поддерживаем людей труда через актуализацию «Дорожной карты занятости-2020». Все акимы об этом знают. Если с только работать, всех людей можно обеспечить работой. Только в 2015 году на реализацию программы «Нұрлы жол» предусмотрели мы 770 миллиардов. Осовенно 93 процента, это 760 миллиардов, это очень неплохо для первого года. 

Үнемдеуге үйрену. Долларға жалтақтай беруді қою. Бюджет қаржысын ысыраптамау. Міне, съезде осы секілді көп мәселе айтылды. Президент әрқайсысына жеке тоқталды. Мән жайын терең түсіндірді.   

Жер жаһанды дағдарыс билеп, әлем нарығы құлдырап, ұлт-ұлыстар тығырықтан шығудың жолын іздеп абдырап жатқан тұста,тар жол, тайғақ кешуден аман өткен қазақ елі шыдамдылық пен сабырлықтың үстем үлгісін паш етіп, қысыл таяң кезеңді еңсерудің өз моделін ойлап тапқандай. Алты алаш жұрты бүгін бір шаңырақ астына жиналып, қайтсем ұлттың қамы жақсарады, мемлекеттің мүддесі мен абыройы қайтсе асқақтайды деген ортақ оймен бас қосты. Отанның нұрлы болашағы кірпішін қалап отырған партияның кезектен тыс 17-ші съезіне осындай бір идеялы, бір мақсатты азаматтар жиналды.

Егеменді ел болғаннан бері қазақ жұрты - әлемде небір экономикалық құбылыстар болса да,  өзге елдердің дамуынан қалыс қалған емес. Бар болғаны 25 жылда мемлекетімізде әлемдік дағдарыстың қыспағына, лайықты жауап қайтара алатын мемлекеттік бағдарламалар мен заң жобалары қабылданды. Әлемді шарпыған бұл жолғы дағдарыс та - біз үшін тек қозғаушы күш. Жаңа идеялар, жаңа көзқарас пен жаңа бастамалардың кезеңі бұл,- дейді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Әр дәуірдің өзінің белгісі бар ғой. Талай қилы-қилы замандардан өтіп келе жатырмыз. Совет одағы құлағандағы дағдарыс, қайда барарымызды білмей дағдарыста қаңғып қалған кездеріміз де болған. Тағы да алдымызда жаһандық сын қатерлер толып тұр. Бірақ біз болашаққа ылғи сеніммен қарап келе жатқан халықпыз. Бұл қазақтың басынан не өтпеген. Бәрінен өтіп келе жатқан қазақ бұдан да өтеді деп сеніммен қарайық. Біз сол сенімді еш уақытта азайтқанымыз жоқ. Сондықтан біздің Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктеріміз кез-келген дағдарыстан салмақты және бағалы.

Қазақстан қазба байлық арқасында әлемдік нарыққа шикізатын шығарумен мемлекеттік қазынаны толықтырып келген. Тәуелсіздік жылдары жиналып қалған қор да салмақты. Демек, валюталық тербелістер кезінде еліміз ұлттық теңге бағамын осы қаражат есебінен ұстап тұру мүмкіндігіне де ие болды. Алайда бұл мақсатта қазына қаражатын жұмсай берген болсақ, сарқылмастай көрінген жинақ қоржыны таяздары анық еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Что было бы если бы мы принципиально не пошли на отказ от безконечно сдержания курса тенге, за счет Национального фонда? Это озночало бы что все люди казахстанские и государство и граждане оказались бы сегондня во много крат беднее. Расходуя запасы, деньги которые накопили мы их не будем иметь в будущем. Рухнула бы финансовая система. Закрылись бы производства, потому что экспортеры ничего от этого не получали бы. Не могли бы платить зарплаты. Разорились бы мелкие предприятия. Был бы скачок инфляциии.

Кезінде, жас мемлекет болғандықтан Қазақстан бар қазынасын әлеуметтік әлеуетті жақсартып, өңірлерді өркендетуге жұмсады. Сан салаға қыруар қаржы шашылып, игерілмей қалған қаржының игілігін көрмей жатқан кездер де болды. Енді кеңшіліктен таршылыққа көшкенде, етек - жеңді жинап, үнемшілдікке көшу маңызды,- деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Оптимизируем как говорится, сокрощаем, экономим деньги, а ничего не случается. То есть когда было денег море, на право на лево все использовали, и тут правительство тоже глаза закрывала. Оказывается надо было случится кризису чтоб етек-жеңімізді жинап, тәртіпке келу үшін керек екен. Иногда гос средствам некоторые наши чиновники относятся как будто это вражеские деньги. Захватили город, захватили деньги и теперь надо все расходовать. Не делают не проектов ничего, к концу года накапливаются не осовенные деньги, налево на право начинаюст раздавать чтоб в следующем году получить больше. Ну как так можно, это же наша страна, это же народные деньги.

Президент үнемшілдікпен қатар, жағадан бас, жеңнен қол шығарып дархан даланың әр қиырын басқарып отырған әкімдердің ықпалдастығын арттыру қажет екенін айтты. Әр облыс - өндіріп шыққан өнімдері артылып жатса бір-бірімен алмасып, бөлісіп жүрсін деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

Каждая область должна сотавить баланс. Вот я вот столько произвожу продукции, обеспечиваю на 80 процентов. Дефицит вот такой мне нужно. А это то что мне нужно производится в соседней области допустим да. Почему так не работаете? Ты стал акимам области ты князь что ли? Уже на стороны не смотришь не на кого. Кто тебе так позволил. Посмотри, если по стране сделать такую кооперацию хотя бы по регионам, центр, юг, север, запад, восток. Несколько областей могут себя обеспечить. Остается мизер который надо завозить. Если надо опять же. Так что выход есть. Работайте вместе. 

Қазақстан сан-саланы игерген мемлекетке айналуы тиіс. Әсіресе инновациялық бағытта. Отандық өнертапқыштардың, ғалымдардың идеялары іске асырылып, әлемдік нарыққа шығарылуы керек. Қырда жүрген қазақтың қарапайым қара балалары енді әлемді үздік технологиялық жетістіктерімен таңқалдыратындай дәрежеге жетуі тиіс. Бұл - уақыт талабы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Наступает эпоха нового технологического уклада, который называется четвертая промышленная революция. Нано технологии, 3 Д принтеры просто будут печатать машины. Это щас кажется чудом, а так будет. Уже делается. Много этажные дома строит Китай, на Д принтерах. То есть стоит только задуматся. Куда мир движется. Чтобы опять не плестись в хвосте. По этому правительству и всем нам надо широко инвестировать в доступное образование для подготовки таких кадров.   

Еліміз жаңа экономикалық қалыпқа көшуде. Бүгінде транзиттік әлеует дамып, алпауыт елдермен қарым-қатынас нығаюда. Шағын және орта бизнес ілгерілеп, мемлекет пен бизнестің ықпалдастығы артуда. Отандық өнім саны да ұлғайып келеді. Өндірістік саладағы жетістіктер де аз емес. Бір әттегенайы, елімізде өңдеу саласы баяу дамуда. Осы орайда президент өндірілген шикізатты соңғы өнімге дейін жеткізетін кәсіпорындар ашу керектігіне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Ты произвел алюмини из этого алюминия надо делать прокат. Из проката посуду. Или столярку алюминиевую щас все используют в строительстве. То есть довести это до самой высокой добавочной стоимости. Из железа просто сталь, но не просто сталь, рельсы, балки, арматура производить. И мы получим колоссальную прибавку к национальному продукту.

Дағдарысты еңсерудің тағы бір жолы, мерзімінен бұрын өткізілетін мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы. Биылғы мақсат өзгеше. Ол мемлекет басшысының бастауымен қаланған Ұлт жоспары мен реформаларды орындау. Ұлы істі еңсеруге жаңа идеялы, қазіргі жүйеге түпкілікті өзгерістер енгізе алатын тұлғаларды тарту маңызды. «Нұр Отан» партиясының бүгінгі съезінде осыған лайық 127 азамат ірікітелді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-По списку, как вы заметили, меняется примерно 60% состава депутатов Мажилиса. И это правильно. Причины разные: достижение пенсионного возраста, желание омолодить депутатов, желание включить тех, кто нужен на этом этапе. Нужные юристы которые, умеет знает законы. Не очень просто. Нужны экономисты которые понимают суд сегоднишних экономических проблем мира и Казахстана. 

Осылайша Президент жиын соңында саяси әрі маңызды науқан - сайлауда «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылатын үміткерлер тізімін бекітуге  келісімін беретіндігін жария етті. Партияның жаңа тұғырнамасы осы бағытты қамтымақ.

Жұрағат Баман, тілші 

-Кезектен тыс ұйымдастырылған құрылтай, күрделі кезеңнің өзекті мәселелерін талқылауға арналды. Себебі қазір елімізге қысылтаяң шақтан қысылмай өту үшін тұрақты даму мен тиімді экономика қажет. Съезд барысында сөз алғандар Нұр Отанның осы күнге дейін атқарған шаруаларына да тоқталды. 

Авторы: Жұрағат Баман

2. «Нұр Отан» партиясы депутаттыққа үміткерлердің тізімін белгіледі

Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық. «Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасы осы ұғымдармен үндес, ал олар болса Ұлт жоспарымен астасып жатыр. Биыл бес реформа бойынша нақты іс басталды. Президент солардың бірқатарын атады.

Мәселен, мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерді жаңарды,  үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілді. Мансаптық жоғарлау қамтамасыз етілді. Үш инстанциялы сот төрелігіне көштік. Инвестициялық алқа жұмысын бастады. Жерлікті полиция қызметіне кірісті.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Эффективная реализация всех Пяти реформ - ключ нашего успеха в ХХI веке. 100 шагов, по сути, - это 100 моих предметных решений по системным вопросам дальнейшего развития страны. Для того чтобы План Нации был выполнен, помимо работы Национальной комиссии, необходимы профессиональные действия государственных служб на всех уровнях. Поэтому акимам и всей системе партии «Нур Отан» следует считать это одной из главных задач.

Сонымен, партиялық тізімге 127 кандидат ілікті дедік. Құрам 60 пайызға жаңарды. Үміткерлердің арасында Еңбек ерлері, білім беру ісінің, мемлекеттік қызметтің мамандары бар. Сонымен қатар, спорт, мәдениет, ақпарат құралдары секілді салалардың өкілдері кездеседі.

 Маңызды шараға партия мүшелері тегіс жиналды. Өнер, спорт және саясаттың серкелері бас қосқан жиынды елбасы көтеріңкі көңіл күймен бастады. Осы шараға алыс жақын жерлерден арнайы келген ел мақтаныштарын орнынан тұрғызып, ілтипатын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-У нас присутствует здесь Геннадий Геннадиевич Головкин. Где он? Во. Могу подтвердить что весь Казахстан болеет когда ты выходишь на боксерскую арену. Все. Носу, разницы с Америкой 11 часов. Гордимся. Ну побей их как можно больше и возращайся. Обезательно. 

Бұл жиында сөз сөйлеймін деушілерге президент ешқандай шектеу қоймады. Тіпті партияның кейбір мүшелері регламенттен шығып бара жатса да, президент олардың баяндамаларын бар пейілімен тыңдады.  

-Может есть желающие еще что то. Скажут вот хотел сказать. Хотел. А в то не дали мне слово. Нету таких? Пожалуста. Да. Вот видешь?

Алғашқылардың бірі болып сөз тізгінін екі дүркін Қазақстан Барысы Бейбіт Ыстыбаев алды. Әдетте қарымын боз кілемде білекпен байқататын Бейбіт бұл жолы партия мүшелерінің алдында көсіле сөйледі. Иә. Көп сөйлей бермейтін палуанымыз біз ойлағандай сөзге шорқақ болмай шықты. 

Бейбіт Ыстыбаев, Қазақстан Барысы

-Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады дейді халқымыз. Біз боз кілемде бір ғана палуанмен алыссақ, әлемдік саясаттың нағыз һас батыры сізсіз. Біз сізден үлгі аламыз. Сізге қарап бой түзейміз. Қазақстың батырлары, ер азаматтары мен спортшылары қашан да сізбен бірге. Қандай сайлау өтсе де, сіз бастаған «Нұр Отан» бәрін алып та, шалып та жығады. 

Енді партия сенім артқан 127 үміткер кандидат ретінде тіркелуі тиіс. Олардың арасында тек саясаткерлер ғана емес, заңгерлер мен қоғам қайраткерлері де бар. Кей бірі бұған дейін мәжілістің мінберінен сөз сөйлеп, елдің мәселелерін сан рет көтерген тұлғалар. Партия бұл сайлауға Бекболат Тілеуханның да түскенін қалапты. 

Бекболат Тілеухан, Қоғам қайраткері

-Бір жағадан бас бір жеңнен қол шығармай ел ел болмайды. Әсіресе осындай кезде бірігуіміз керек. Бастаған ердің атынан еріп беру елге сын осындай кезде. Бұл бірлі жарым ғана тұлғалардың мойына түсетін жүк емес. Бұл елдің алаштың баласына түсетін үлкен сынақ. 

Жиын басталмай тұрып-ақ съезге келушілер кезек-кезегімен суретке түскен Қайрат Нұртас та үміткерлер қатарында. Жас әнші өзімді көтерген халыққа, еңбегімді сіңірер кезім келді,- дейді. 

Қайрат Нұртас, Әнші 

-Қаншама халық бізді осындай дәрежеге жеткізді. Өзімнің жеке кештерімнің бәрін шынын айтсам бүкіл аударның түкпір-түкпірі, қала, аудан араламаған жерім қалған жоқ. Сондықтан қаншама халық мені көтерді. Енді мен өзім ойлаймын сол мені көтерген халықты, осы қазақ елін. Енді кезек менде. Мен енді көтеруім керек деп ойлаймын. 

Байқағандарыңыздай съезде жарияланған тізімде шоу-бизнес пен спорт майталмандары көп. Сондықтан жаңадан жасақталар парламенттің үміткерлері жайлы қоғамда сан алуан пікірлер айтылуда. Дегенмен бертінге дейін сенатор болған Ғани Қасымов мұндай әңгімелерге қосылмайды. 

Ғани Қасымов, Қоғам және мемлекет қайраткері

-Илья Илин байрақты бәсекелерде Қазақстанның әнұранын бір емес екі рет орындатып, Серік Сәпиев Олимпиада чемпионы атанғанда біз олар ды жақсы көреміз. Ал саясатқа араласқысы келсе, олар лайық па деп күмәнданамыз. Ол дұрыс емес. Оларға халық сенеді, біз сенеміз. Ертең мәжіліске өтіп кетсе өз салаларының мәселелерін қозғайды. 

Ислам  Байрамуков, Олимпиада жүлдегері

-Өздеріңіз көрдіңіздер. Жиналып отырған халық бәрі шапалақ ұрып отырды. Үлкен қошамет біздің спортшыларға. Неге десеңіздер олардың еңбектері өте үлкен. Біздің еліміз үшін. Еліміздің спорты үшін. Өздеріңіз білесіздер елдің намысын қорғап, туымызды желбіретіп, әнұранымызды айтқызған әр бір қазақстандықтың олар жүрегінде. 

Елбасының баяндамасын мұқият тыңдаған съезд қатысушылары жиыннан ерекше көтеріңкі көңіл-күймен шықты. Бес институционалды реформа мен 100 нақты қадамның партия жасақтаған сайлауалды тұғырнамадан табылуы көсегемізді көгертені анық дейді. 

Еркін Жиеналин, «Нұр Отан» партиясы Ойлы аудандық филиалы төрағасының орынбасары

-Осы съезден түйген ойым біз қазіргі таңда сындарлы сәтте Елбасының қасынан табылуымыз керек деп ойлаймын. Яғни біздің қазіргі осы сәт жаһандық сын-қатерлердің айналадан анталап тұрған заманында, осы съезде біздің партияның сайлау алды тұғырнамасы осы бес факторды анықтап, сайлау алды бағдарламасын соның айналасында топтастырды. 

Бекзат Алтынбеков, Кәсіпкер

Халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап беріле отырып, партияның алдына қойылатын сайлау алды бағдарламасында жалпы атқарылатын істерге толық тоқталды. Жалпы бүгінгі партияның съезінде айтылған әрбір ой біздің көңілімізден шықты. Біз енді соны орындауға тиіспіз деп есептеймін. 

Айта кетерлік тағы бір жайт. Бұл жолы «Нұр Отан» саяси партиясыны  жарияланған Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің жартысынан көбі – әйелдер. Сондай-ақ, партия атынан депутаттыққа үміткерлер құрамы 60 пайызға жаңарды. Демек тың идеялар тың бастамаларға жол ашпақ.

Талғат Уәли, Тілші

Осылайша еліміздің түкпір-түкпірінен келген  2200-ге тарта «Нұр Отан» партиясының мүшелері Елбасының съездегі баяндамасынан тың тапсырмалар арқалап, оны өз аймақтарында насихаттау үшін елдеріне қайта аттанды.

Авторы: Талғат Уәли

Экономиканы дамыту, азаматтық қоғамның маңызын арттыру және Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін нығайта түсу. «Нұр отан» көздеген игі мақсат осы. Сайлауалды бағдарламада міндеттерді орындаудың нақты жолдары көрсетілді. Саясаттанушылар пікірін тыңдайық.

Леся Қаратаева, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері 

-Нұр Отан партиясының съезі, сөзсіз, Қазақстанның ақпараттық-саяси күнтізбесіндегі басты шара. Тізімге кімдер кіретіні - басты интрига болды. Кандидаттар жария етілді, онда 120-дан астам үміткер бар. Тізімнің ауқымдылығы партияның кең қанат жайғаны мен Қазақстанда оның жақтастары көп екенін білдіреді. Бір назар аударатын тұсы - партия тізімі 60 пайызға жаңарған. Мұнымен Нұр Отан партия мүшелерінің барлығына тең мүмкіндік берілетінін көрсетіп отыр. Себебі ұсынылған азаматтардың білігі мен тың идеялары Қазақстан үшін маңызды болады және олар осы ойларын алдағы Парламент жұмысының барысында паш ете алады.

Андрей Чеботарев, «Альтернатива» зерттеу орталығының директоры 

-«Нұр отан» партиясының бұған дейінгі сайлаулардағыдай - өзге партиялардан бұрын, бірінші болып съезд өткізуі дәстүрге айналған. Бұл оның - жеңіске жетіп, парламенттен барынша көп орын алуды көздейтінінің белгісі. Съезд әдеттегідей, Елбасының қатысуымен өтті, бұл Мемлекет басшысының өзі жетекшілік ететін партияны қолдайтынын білдіреді. Нұр Отанның кандидаттары арасында үкімет өкілдері мен аймақтардың әкімдерінің болуы, меніңше, партияның - елде жүргізіліп отырған саясат үшін өз жауапкершілігін атқару билігімен қатар сезінетінін көрсетеді. Сондай-ақ, президент маңызды мәселелер, оның ішінде сыртқы саясат туралы жақсы айтты. Осы орайда, тізімнің жаңаруы - партияға да, Мәжілістің келесі шақырылымы үшін де жақсы үрдіс. Депутат болғандары - маңызды заң жобаларын әзірлеуге ат салыса алады.

3. «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабы ашылды

Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабы ашылды. Белсенді топтың құрамына партия және қоғам қайраткерлері, саяси кеңес мүшелері еніп отыр. Өткен сайлау науқандарына қатысып, мол тәжірибе жинақтаған азаматтармен қатар, штаб құрамына жастар ұйымдарының белсенді өкілдері де кірген. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов мәлімдеді. Оның айтуынша түрлі әлеуметтік топтарға жататын тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, штабтың бағыты айқындалып, медиа жоспар бекіген. Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Нұр Отанның» сайлауалды штабын Асқар Мырзахметов басқарады. 

Асқар Мырзахметов – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары

-Штаб жұмысының негізгі міндеті - сайлау науқанының тиімділігін қамтамасыз ету, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру, «Нұр Отан» партиясының парламенттік және мәслихат сайлауында айқын жеңісіне қол жеткізу. 

Сондай-ақ бүгін орталық сайлау комиссиясына «Нұр Отанның»  партиялық тізімі тіркеуге ұсынылды. Оған 127 адам енгізілген. Партиялық тізімдегілердің келісімі туралы өтініштері мен өмірбаян деректері қоса тапсырылды. Кандидаттардың өздері мен олардың жұбайлары салық органына табысы мен мүлкі туралы  декларация тапсырғаны туралы да анықтамалар берілді. Айта кетейік, сайлау заңнамасына сәйкес «Нұр Отан» партиясы сайлау жарнасын енгізуден босатылады. Себебі өткен сайлауда дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы санының 7 пайыздан артық дауысын алған болатын.

4. Елбасы мүлікті заңдастыру мәселесіне тағы бір мәрте тоқталды

Соңғы мүмкіндік. Қалталы азаматтар жасырын жатқан қаражатын, я болмаса мүлкін жылдың соңына дейін заңдастыра алады. Ел ішіндегі ғана емес, сырт мемлекеттегі иелігін де жариялауға құқылы. Ешкім оларды жазғырмайды. «Нұр Отан» партиясының 17-ші сьезінде Елбасы мүлікті заңдастыру мәселесіне тағы бір мәрте тоқталды.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мен отандық бизнеске қаражатын өзіміздің елдің игілігіне үлес қосуға шақырамын. Туған елің, саған барлық жағдайды жасап берді, бизнесіңді қолдады. Қалтаңды ақшаға толтырдың. Қазақстанда таптың соның бәрін. Соның барлығын алып келіңдер деп, лигализация жасап отырмыз ғой. Айыптамаймыз. Кешіреміз. Ешкім қудаланбайды. Алып келіңдер де елдің ішінде болып жатқан жекешелендіруге қазір бір-бір үлкен объектіден сатып алыңдар да, содан табыс тауып тыныш отырыңдар. Халыққа жұмыс бересіңдер. Елдің экономикасын көтересіңдер.

Елбасы пәрменімен өткен жылы тиісті заңға бірқатар өзгертулер енгізіліп, жариялау үдерісі мейлінше жеңілдетілді. Ақшаны заңдастырудың қазір екі жолы бар. Бірі - банктегі шотта көрсету. Екіншісі жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы немесе кәсіпке салу жолымен өз қажетіңе жұмсау. Бұл үшін 10 пайыз алым ұсталмайды. Мүлікті заңдастыру да оңай. Құжаттары дұрыс рәсімделген жағдайда мемлекеттік органдарға тиісті декларация тапсырылады. Айта кету керек, заңдастыру кезінде анықталған барлық мәліметтер салық органдары мен банк тарапынан құпия сақталады. 

Ардақ Теңгебаев, ҚР Қаржы вице-министрі 

-Заңдастыру кезінде құқық қорғау немесе өзге органдар тарапынан қысым көрсетілмеуі үшін кепілдер қарастырылған, Үкімет тарапынан. Осыған байланысты қазір мүлікті заңдастыру қарқыны күшейді деп айтуға болады. Заң қабылданғанға дейін 100 млрд. теңге көлемінде ақша заңдастырылған болатын. Қазір 138 млрд. теңге заңдастырылды. 

Күні бүгінге дейін ел аумағында 58 мың нысан заңдастырылған. Мемлекеттік кірістер органдары мен жергілікті биліктердің қарауына тағы 74 мың өтініш келіп түскен. Олардың құны шамамен 758 млрд. теңгеге жуықтайды. Бұдан бөлек, 455 миллиард теңге болатын бағалы қағаздар мен ақша заңдастырылған.

Қазақстандықтар шетелдегі мүліктері мен қаражаттарын да жария ете бастады. Барлығы 38 өтініш қаралып, жалпы құны 1 млрд. теңгеден асатын бағалы қағаз бен нысандар заңдастырылған. Олардың дені - Ресей, Испания, Мажарстан, Араб Әмірлігі мен Өзбекстанда орналасқан. 

5. Еліміздің өңірлерінде дағдарысқа қарсы жұмыстар жүріп жатыр

Бұл дадағдарысқа қарсы бір әрекет. Жалпы, қазір бүкіл ел  қиын қыстау кезеңнен қиналмау өтудің қамына кіріскен. Жұмыс орындарын сақтап қалу, қолдан келсе, көбейту – негізгі мақсат. 

Жылу қазандықтары және кәсіпорындар үшін электрлі сүзгілер шығаратын Өскемендегі зауыт бұл. Жуырда өндіріс мамандары салмағы 200 тоннадан асатын технологиялық сүзгілерді жинастырды. Қондырғы сүзгілері зиянды тозаңды 95-98 пайыз көлемінде ұстап қалады. Яғни ауаны ластанудан сақтайды. Әуелде металлургия, құрылыс саласында қолданылып келе жатқан сүзгілерді көрші елден таситынбыз. 2014-ші жылы осы зауыт іске қосылып отандық өнімнің үлесін арттырды. 

Өміржан  Омарбаев, Цех бастығы

-Қазіргі шығаратын өніміміз электро фильтр. Қазір оны Братскға жіберіп жатырмыз, Ресейдің қаласы Братск алюминий зауытына. Жоспарда үлкейетін мәселе бар зауытта. Үлкейсе жұмысшылар аламыз. 

Дағдарыс деп даурықпай, тиянақты тірлік ету облыс басшыларының бастапқы жоспары еді. Бастама аясында жергілікті билік 7847 өндіріс орнымен мәмілеге келіп, меморандум қабылдады. Құтталған құжат аясында биыл 30 мыңнан астам адамға қолдау көрсетіледі. 

Нұрымбет Сақтағанов , ШҚО әкімінің бірінші орынбасары

-Біз 7847 меморандумға қол қойдық. Осы жұмыстарға сәйкес жұмысшылардың праволарын олардың құқықтарын жан-жақты қадағалап тиісті жұмыстар жүргізіп отырмыз.  

Мұнайлы өңір Маңғыстауда да жүйелі жұмыстар атқарылып отыр. Мәселен Ақтау портының солтүстік бағыты кеңейіп, инфрақұрылымы жаңарды. Қазір терминалда сынақ жұмыстары жүріп жатыр. Енді астық өткізу қарқыны төрт есеге көбейіп, порттың шамасы жылына 3 миллион тоннаға жетеді. 

Александр Калявин, Ақтау солтүстік теңіз терминалы басшысының орынбасары

-Терминал құрылысын биыл аяқтау жоспарланған. Бүгінде негізгі жұмыс кешеннің шығыс бағытында жүріп жатыр. Ол жақта инженерлік желілер мен қосалқы ғимараттар салынуда.  Қазірде 300-ге жуық адам қызметке қабылданды. Барлығы жергілікті тұрғындар. 

Әлбетте экспортты еселеп шығаратын бұл аймақта жұмыс орындарының тапшы болмауы заңдылық шығар. Өйткені мұнай, астық, тау-кен өнімдерінің барлығы осы су жолымен шет елдерге жетеді.

Елораданың нышаны Бәйтеректің құрылысына қатысқан кәсіпорын биыл жұмыс қарқынын күшейтті. Қарағанды металл құрастыру зауыты жыл өткен сайын жұмыс көлемін арттырып отыр. Өткен жылы 25 миллион тоннадан астам өнім өндірген. Әрине зауытқа толассыз тапсырыстар түссе табыс артып, тынымсыз тірлік жүрері заңдылық. Енді өндіріс орны ЕХРО көрмесінің құрылысына қатысып, павильондар арасын жалғайтын жолдардың темір қаңқасын  жасайды. Сонымен қатар Астанадағы вокзалдың құрылысында қазір мың адам еңбек етіп жүр.

Еділ Шетенов, Электр дәнекерлеуші

-Зауытымызда ешқандай жұмысшыларды қысқарту болған жоқ. Және училищеден жас жігіттер келеді практикаға оларда осы зауытта практика жасайды содан кейін жұмыс істеп қалады. 

Түгі күміс, түбі алтын өңірде тек тау-кен өндірісінен бөлек шағын және орта бизнеске де жете мән берілген. Бизнестің жол картасы бағдарламасы аясында облыстағы 86 мыңнан астам кәсіпкерлердің дені жағдайын жақсартып алған. 

Әнуар Ахметжанов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

-2016-шы жылы біз индустрияландыру бағдарламасы аясында ең кемі 10 жаңа жобаны іске қосамыз. Осы жобалардың жалпы инвестиция көлемі 100 миллиардан астам. 800 жаңа жұмыс орны ашылады. 

Шымкентттегі фабрика енді жылына 5 миллион шаршы метрге дейін кілем тоқи алады. Өткен жылы кәсіпорын жаңарудың екінші сатысынан өтіп қарқыны артқан. Қазір кілемнің түрлері де көбейген. Ел ішінде сұраныстың артқандығынан, жібектен жасалған өнім шыға бастады.

Жомарт Керімшеев, «Бал Текстиль» ЖШС атқарушы директоры

-Шикізаттың жартысын өзіміз өндіріп жатырмыз, өңдеп жатырмыз. Ал дайын өнімді көршілес Ресей мен Қырғыз еліне экспорттаймыз. Ол өндірілген өнімнің қазіргі кезде 30 пайызын құрап отыр. Болашақта бұл көрсеткішті 60, 70 пайызға жеткізу көзделуде.

Оңтүстік өңірге қазір инвесторлардың жолы жиі түсіп жүр. Өйткені 11 индустриалдық аймаққа олар қызығушылық танытқан. Алдағы уақытта Түркістанда араб елінің өкілдері шұбаттан құрғақ ұнтақ жасайтын кәсіпорын ашады. Одан бөлек Түлкібас ауданында алма кластерін дамыту қолға мықтап алынады. Яғни алмадан 4 түрлі өнім алмақшы. Сондай-ақ Бәйдібек ауданында Біріккен Араб Әмірліктері өкілдерімен бірлескен цех ашылады. Нақтырақ айтсақ жылына 5 мың тонна сиыр етін өндіретін кәсіпорын іске қосылады. 

Сапарбек Тұяқбаев, ОҚО әкімінің орынбасары

-Бұрын металл, кен саласына, металл, түсті металл болсын, газ, мұнай болсын тартымды кезде, бәрі сол жаққа кетіп қалатын, инвесторлар. Әзір тамақ саласын бірінші қарап жатыр. Тамақ өндірісі, ауыл шаруашылығы. Сол себепті біздің табиғи мүмкіндігіміз көп болғандықтан, инвесторлар бізге келіп жатыр. 

Инвесторлар келіп іс бастаса жергілікті жұрт игілігін көрері анық. Жұмыс орындары көптеп ашылып, ел бюджетіне салық түседі. Яғни дамуымыз жеделдейді.

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

6. Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы мен «Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасын қабылдады

Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл, сондай-ақ, мемлекеттік шекараны қорғау мәселесі жайында мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановпен әңгімелесті. Кездесу барысында комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы мақсат-міндеттері талқыланды. 

«Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов те Елбасының қабылдауында болды. Үнемделген қаржы жайында айтты. Қысқарған штат туралы баяндады. 

Елбасының қабылдауына келген Ұлттық компания басшысы  құрылысқа бөлінген қаражаттың тағы 53 млрд теңгесі үнемдегенін баяндады. Бұл бюджет қаржысының алғашқы оңтайлануы  емес. Ахметжан Есімов бұған дейін тағы 78 млрд теңгені іркіп қалғанын айтқан болатын. Кездесу барысында Президент ЭКСПО-ның маңызына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Дүние жүзі жұрттың бәрі қарап отыр. 70 ел келетін болды. Жиналыста айтқанбыз. Тапсырмалар берілген. Біріншіден сол келетін адамдарды анықтап, екіншіден немен толтырамыз сол көрменің ішін. Үшіншіден Қазақстанның көрмесі немен толады. Сонан кейін қала қалай қарсы алады сол халықтың барлығын. Барлығы дайын ба инфраструктура. Қай жерге келеді, қандай нәрсені көрсетеміз? Мәдениетімізді біздің. Қанша біздің жастар волонтер болып сол жерде көмектеседі. Тәжірибе алады, көреді.  Үлкен жұмыс болайын деп тұр. Сонан кейін арғы жағынан финансовый орталық. Қарап отыр соған. Көрме біткеннен кейін ары қарай кетеді. Сонда бюджеттің қаражатын тапсырма бойынша 78 млрд-қа қысқарттың. Қазір тағы 53. Сонда  131 миллиард.  Келетіндері халықтың 80 проценті өзіміздікі болады ғой? Коммуникация, қай облыстан, қайда келеді? Қалай ұйымдастырылады? 

- Барлығы әкімшілікпенен келісімшарт жасадық. 

- Сырттан келетіндер өте аз болып қалмасын. Бізге көрсету керек қой елге. 

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы 

-Шет елмен де жұмыс жасап жатырмыз. Анау күні Давоста үлкен жұмыс жасалды. Осы біздің ЭКСПО туралы.  Швейцариямен қол қойылды. Соныменен жан-жақты көп мәселелер бар. Жаңа ғана өзіңіз айтқандай қалаға жаңа қонақ үйлері, жататын тұратын орыны. Оның логистикасы, қалай алып келіп, алып кету. Қауіпсіздік. Жаңағы билет бағдарламасы. Оны қазірден бастап кірісейік деп жатырмыз. Құрылыс жоспар бойынша жүріп жатыр.  

Қомақты қаржыны үнемдеу ең бірінші кезекте топ-менеджерлер санын қысқартып, штаттық кестені 12 пайызға азайтудың нәтиежесінде мүмкін болған. Сондай-ақ қымбат импорттық құрылыс материалдарының орнына сапасы да, бағасы да тиімді отандық өнім сатып алынған.  Осылайша бас-аяғы бөлінген қаражаттың 131 млрд теңгесі ел қазынасында қалды.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы 

-Көптеген нысандардың құрылысына бөлінген қаражат артық. Шындыққа жанаспайды. Олардың  функционалдық қызметін сақтай отырып, шығындарын азайтуға болатынан аңғардық. Мүмкін бұл бұрынғы басшылардың қателігі шығар, жемқорлық әрекеті де болуы ықтимал. Онымен енді құзырлы органдар айналысып жатыр. 

 Қазіргі күні «ЭКСПО» көрмесіне 70 елдің келетіні ресми түрде расталды. Жалпы «мейман» мемлекеттер санын 100-ге жеткізу көзделуде. Сондай-ақ көрме құрылысында 230 қазақстандық компания жұмыс жасауда. Олармен 77 миллиард теңгенің тауары мен қызмет түрлерін ұсыну жөнінде келісімшарттар бекітілген. 

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы 

-Дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ең бірінші кезекте құрылысты  жандандыра түстік. Бетон құю, металл конструкцияларын құрау, нысандарды тұрғызу ісінің 80-90 пайызы аяқталды. Сондықтан алдағы күзде құрылыс жұмыстары толық аяқталады деп сеніммен айта аламын. 

Көрме өткеннен кейін ондағы нысандарды әлемдік стандарттарға сай Қаржы орталығының қажеттілігіне жарайтындай жұмыс істету жоспарланған. Сондай-ақ Елбасының БҰҰ Бас ассамблеясында мәлімдегеніндей «Жасыл экономика» хабын да көрме аумағында орналастырылмақ. Бұл шешімді көптеген мемлекеттер қолдап отыр.  Ахметжан Есімов көрме нысандарын салу жоспарлы мерзімге сәйкес жүріп жатқанын айтты. Биыл құрылыс аяқталып, көрме нысандарын мазмұндық тұрғыдан толықтыру ісі басталады. 

Авторы: Зайнұр Байжігіт

7. Сайлауға дайындық жүріп жатыр

Сайлау өткізу туралы Президент Жарлыққа қол қойғалы бері Орталық сайлау комиссиясы біраз істің басын қайырды. Қос науқанға  7 миллиард 985 миллион 300 мың теңге жұмсалады. 

Шығындардың 53%-ы - сайлау комиссиялары мүшелеріне төленетін еңбекақы. Бұл ретте, заңға сәйкес, сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік қызметте болса, оларға айлық берілмейді. Бірақ, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысына үстемеақы алады. 

Орталық сайлау комиссиясы мен оның аймақтардағы өкілдіктерінің жұмысы нәтижелі әрі заңға сай атқарылуы үшін, әрине, алдымен сайлау туралы заң мен ережелер пысықталды. Одан соң - шетелдік байқаушыларға шақыртулар жіберіліп,олардың өкілеттігі аясын реттейтін нормалар да ыңғайластырылды. Ал, осының барлығын аймақтардағы өкілдерге түсіндіру үшін семинар-кеңес өтті.

Махметғали Сарыбеков, Жамбыл облыстық аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы

-Халықаралық, қазақстандық байқаушылар төрт категориядағы тұлғалар бар. Әр қайсысының өзінің құзірі, заңда бекітілген өкілеттілігі бар. Сайлау комиссиясының мүшелері өздерінің өкілеттілігін дұрыс біліп, келген байқаушыларға соның аясында жұмыс істеуін біз қамтамасыз етуіміз керек. 

Жиында алдағы электоралды науқанда туындауы мүмкін мәселелер талқыланып, сайлау заң¬намасы талданды. Бастысы, белгіленген учаскелерді дауыс беру кабинасы, қажетті техника, байланыс құралдарымен қамту. Сайлауға қатысушылар мен дауыс берушілердің сұрақтарына жауап беру комиссия мүшелерінің міндеті.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы

-Бірнеше қаулы өзіміз қабылдадық. Ол күнтізбелік жоспар болсын, кейбір құжаттар болсын, осы сайлауға арналған. Бәрін облыстарға, мемлекеттік органдарға жеткіздік.

Халықты сайлау жайлы ақпарат¬тандыру басталды, дауыс берушілердің тізімі жасалуда. Алдын-ала ақпаратқа сай, саяси науқанға қатысуға құқылы қазақстандықтар саны - 9 млн. 790 мың. Оларға 20-21 наурыз күндері 9800 учаске есігін ашады. Әзірге сайлауға түсетін партиялар мен кандидаттарды тіркеу кезеңі.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы 

-Мәжіліс сайлауына қатысуды қалайтын партиялар жиырмасыншы ақпанға дейін тіркеліп үлгеруі керек. Ал, жергілікті мәслихат депутаттығы үшін үміткерлер 24 ақпанға дейін өз сайлау комиссиясына құжатын өткізуіне болады.

Сырт көзге байқалмаса да, сайлауға дайындық қызу жүріп жатыр. Дауыс беруге адамдар белсенді қатысуы үшін, ақпараттық плакаттар, жадынамалар мен билбордтар әзірленуде. Бүгін, ертең - сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және сайлау округтерінің тізімі дайын болады.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

-Сайлау қалай өтеді, қашан, қай тәртіппен өтеді? Сосын кімдер кандидат ретінде ұсынылады, саяси партиялардың қатысуы қандай, ассамблея қалай ұсынылады, мәслихат депутаттарына талаптар қандай деген сұрақтардың барлығына осы аптада түгел жауап берілді.

Тағы бір айтары, өзге елдер мен халықаралық ұйым өкілдерін тіркеу басталды, өтініштері 14-наурызға дейін қабылданады. Саяси науқанда шетелдік тілшілер де келіп жұмыс істейді. Қазір орталық сайлау комиссиясы ғимаратында баспасөз орталығы ашылды, компьютер орнатылып, ғаламтор қосылған. Тағы бір маңыздысы, дауыс беру тәртібі туралы айта кетсек. 

Астана мен Алматы тұрғындары 2 сайлау бюллетенін қолданады. Біреуін мәжіліс, ал екіншісін - қалалық маслихат депутаттығына үміткерге дауыс беру үшін пайдаланады. Ал, облыс тұрғындары - 3 сайлау бюллетенін алады. Себебі олар мәжіліспен қоса облыстық және қала немесе аудандық мәслихат депутаттарын сайлайды. Орталық Сайлау Комиссиясы ұйымдастыру-түсіндіру жұмысын жүргізсе, аймақтардағы комиссиялар - учаскелерінің санын түгендеп, дайындық шараларын пысықтауда.  

Мәселен, Маңғыстау облысында дауыс беруге келе алмайтын науқас күтімімен отырған және мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін дауыс беру жәшігі үйге апарып беріледі. Өңірде 400 мыңға жуық сайлаушы тіркелген, 115 сайлау округі мен 199 учаске бар.

Есен Күмісқали, Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы

-Сайлаушылар тізімі әлі де нақтыланады. Саяси науқан алдында әкімдік пен халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары үй-үйді аралап, тұрғындар санын тексереді. Тізімнің уақытқа сай әзір болуын талап етеміз. Себебі, сол бойынша бюллетеньдер дайындалады.

Ал, Қарағанды облысында бұған дейінгі өткізілген саяси науқандарда халық кезек күтіп, көп тұрып қалғандықтан, бұл жолы қосымша сайлау учаскелері ашылған. Аймақта барлығы 1105 сайлау учаскесі бар, тіркелген сайлаушылар саны 840 мыңнан асады. 

Атырау облысында - сайлау күні - тұрғындарымен қатар осында жұмыс істейтін мыңдаған мұнайшы да азаматтық борыштарын атқарады. Тіпті олардың жұмыс орындарына сол күні тікұшақ қатынайды. Саяси науқанда өңірде барлығы 9 аумақтық, 134 округтік, 234 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Олар 302 мың сайлаушының уақытылы дауыс беруін қамтамасыз етеді.

Асау Ибрашев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы

-Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындырдың барлығы былтыр Президент сайлауында оларға мүмкіншілік беріп, ТШО-да жасайтындар жаңа Қаратонға келген, Қашаған кенішінде жасайтындарға вертолет ұйымдастырылып еді. Биыл енді ауа райының жағдайына қарай осындай жұмысты ұйымдастыру жағын қарастырамыз.

Ал Қостанай облысында дауыс беру учаскелері 32-ге қысқарды. Себебі кей елді мекендер шалғай, онда тұрғындар аз. Ол ауылдарға арнайы көлік жіберіледі. Осы күндері облыста түрлі денгейдегі мәслихаттарға 94 адам өз-өзін ұсынған.

Антонина Маркова, Облыстық сайлау комиссиясының  төрайымы

-Сайлау дәл мереке қарсаңында өтеді ғой. Біреулері қыдырып, басқа жақтарға іссапарға кетуі мүмкін. Мынау үнпарақта сондай жағдайда  қалай дауыс беруге болатындығы жазылған.

Оңтүстік Қазақстанда, керісінше, жаңа 46 сайлау учаскесі ашылып, 1074-ке жетті. Былтыр өткен сайлауда бір учаскеге баратын азаматтар көп болған соң, тұрғындардың өтініштері ескерілді.

Еліміздің мегаполисі Алматыда жаңа аудандардың қосылуына байланысты - сайлау округтерінің шекаралары өзгертілді. Қалалық сайлау комиссиясы берген алдын-ала мәлімет бойынша, дауыс беруге құқылы алматылықтар 1 миллион 378 мыңнан асады.

Ерғали Сағат, Қалалық сайлау комиссиясының мүшесі

-Наурызбай ауданы қосылды. 002026  Онда да учаскелер болатын дайын, олар облыстық сайлау комиссиясына бағынышты болған. Сол учаскелер, өзінің территориясымен, аумағымен қалаға кірді. 002049 дауыс берушілердің саны көбірек болады.

Сондай-ақ, сайлау комиссиясының мүшелері «Уатсап» әлеуметтік желісінде ақпарат алмасудың тиімді жолын пайдаланбақ.

Авторы: Ақбөпе Бәкір

8. Ескі көліктерді жою салығын төлеу алымы енгізілді

Елімізде ескі көліктердің импортына салық салынатын болды. Осы аптада тиісті қаулы күшіне енді. Төленетін салық мөлшері - көліктің салмағына, қозғалтқышының көлеміне қарай белгіленеді. 300 мың теңгеден 2 млн. теңгеге дейін. Қазір Қазақстанда 2 жарым миллионнан астам ескі көлік тіркелген.

Көлік механигі Өмірзақ Байболов бүгін тағы бұзылған ескі көлікті жөндеп жүр. Қарауында екі машина, бірінің дөңгелегі құрыса, екіншісінің қозғалтқышында кілтипан бар. Әрине тозған темірдің жиі бүлінуі бесенеден белгілі. Сатып алушылар көп ретте арзан көлікке таңдау жасап кейін тұралауы көп тұлпарды түзеумен титықтайтыны бар.  

Өмірзақ Байболов, көлік механигі 

-Ескі көліктердің көбінесе алдыңғы подвескалары мен маторы ғой көбінесе кететін. Май жейді, түтіндейді. Тартпайды. Дұрыс істемейді деген сол. 

Дұрыс істемеген көлік жолда қалдырады болмаса қара түтінді будақтатып итең жүріске салады. Сол мимырт қозғалыс жүргізушіге де, тұрғындарға да пайда әкелмейді. Зиян тигізеді. Дұрысы ауаны ластайды. Көлік нөпірінен көз сүрінетін Алматы шаһарының қазір экологиясы құрдымға кетіп барады. Айтылды, жазылды бірақ нәтижесі шамалы.  

Темірхан Жақсылық, Техника ғылымдарының магистрі

-Шет елден әкелінген және 15 жылдан асқан шамамен көпшілігі техникалық ресурстары нашарлаған және тозған болып саналады. Ондағы жану процесіндегі отынның толық жанбауынан көмірсутек және азот тотығы сияқты өте улы газдардың ауаға толығымен шығуына байланысты қоршаған ортағы толығымен әсер етеді. Және сол ортадағы адамдарға психологиясына және нейрохирургиясына кері әсері бар.  

Келеңсіз кедергімен Қытай билігі де күресіп жатыр. Көрші мемлекет экономикалық жобаларды жүзеге асыру үшін, экологияны алға тартып ескі көліктердің техникалық байқаудан өтуіне қатаң талап қойды. Жаңа тәртіп бойынша 2015 жылдан еуро-3 талабына сай келмейтін, яғни шығарылғанына 9 жылдан асқан көліктердің техникалық байқаудан өтуі қиындайды. Бұл Қытайдағы барлық автокөліктердің жартысынан астамы жаңа тәртіпке сай келмейді деген сөз.

Таң Уынфың, Ескі автокөліктерді жоятын компанияның меңгерушісі

-Біз бұған дейін шығарылғанына 10 жыл жетпейтін көліктерге 1300 доллар, 10 жылдан ескі көліктерге 1000 доллар беретінбіз. Осы күзден бастап биліктің талабы бойынша бұл өтемақының үстіне тағы 400 доллардай қосылды. Сонда өтемақы 1500-2000 долларға жетті. Қазір ескі көліктерін бізге өткізетіндердің саны бұрынғыдан екі есе көбейді.

Таң Уынның сөзіне сенсек өткен бір айда олар шамамен 160 көлікті  алған. Егер жоба осылай сәтті жүзеге асса, бұл ғарыштан көрінетін улы түтін басқан Қытайды біршама тазартады. Екіншіден отандық автоөндірісті дамытады. 

Осы тәртіп біздің елде де алдағы уақытта орнайды. Енді шет елден көлік әкелсеңіз тіркеу алымынан бөлек ескі көліктерді жою салығын төлейсіз. Қозғалтқыш көлеміне байланысты салық 300 мың теңгеден бастап 2 жарым миллион теңге дейін жетеді. Жөнін айтсақ енді өзге елдерден Қазақстанға тозығы жеткен көлік әкелу тыйылып, отандық көліктердің саудасы жүреді. Сәйкесінше экология жақсарады,-дейді мамандар. Ал іште жүрген ескірген 2 жарым миллион көліктің жайы тозығы жеткен машинаны кәдеге асыратын кәсіпорындармен шешіледі. 

Гүлшира Әтемова, ҚР Энергетика министрлігінің басқарма басшасы

-Әртүрлі аймақтарда автокөліктердің белгілі бір бөлшектерін кәдеге жарататын кәсіпорындар болды кіші кәсіпорындар. Бірақ бұндай компаниялар Қазақстанның барлық өңірлерінде жоқ. Бұған қарамастан бұл сфера болды. 

Сәкен Сейітханұлы, тілші

-Көліктің дөңгелегі тесіліп болмаса желініп қалса не істемек керек. Әрине ауылдық жерлерде дөңгелектің ортасын кесіп астау жасайды. Яғни пайдаға асырады. Ал қалалық жерлерде бұл дөңгелектерді қоқысқа шығарып тастайды. Қоқыс көліктері мұны қабылдамайды. Содан кейін бұлар жазық далада жиналып жата береді. Күннің астында жатқан дөңгелек 150 жылда бір ақ шіриді. Тек шіріп қоймай ауаға цианитті калий және бензол секілді улы заттарды таратады. Осы олықылықтың орнын толтыру үшін өткен жылы Астанада дөңгелекті пайдаға асыратын зауыт іске қосылды. 

Кәсіпорын жұмысшылары жүк көліктерімен ескірген дөңгелектерді жинап әкеледі. Оны кесіп, арнайы қондырғыға салады. Бұл технология рәзіңкені, темірді, жіпті шикізаттан бөліп шығарады. Сөйтіп рәзіңкені өзге зауытқа өткізеді, жіпті тағы бір өндіріс орнына жөнелтеді. Соңында футбол алаңының төсеніші мен жылу сақтайтын өнімдер дайындалады. 

Ермек Әбдиев, Зауыт директоры 

-Бүкіл дүниежүзінде резіңке ұнтағын асфальтқа төсейді. Ол мемлекеттік стандарт болып кеткен. Бүкіл Еуропа, Америка,Қытай, Ресейде көшіп жатыр осы жылдан бастап. Қазақстанда да біраз жерде сынақ ретінде төселген асфальттар бар. 

Ал шымкенттік ағайынды Бейсембаевтар бұрын қолданылған шетелдік көліктерді кәдеге жаратып жатыр. Автомеханиктер қоймадағы жұмыс кабинетіне қажетті жиһаздарды қымбат машиналардың қосалқы бөлшектерінен құрастырып алған. Бөлмедегі орындықтан бастап киім ілгішке дейін жарамды заттардан жасалған. Тіпті жарықшамның өзін матор қорабынан жасап шыққан.

Құрманғазы Бейсембаев, Көлік механигі 

-Біздің кәсібіміз осы қосалқы заттарды сату. Тірлігіміз осы, жұмысымыз осы болғаннан кейін осы кабинетімізді машинаның дизайнымен келтірдік. 

Еліміздің әр өңірінде көлік бөлшектерін кәдеге жарату осылай іске асып жатыр. Болашақта шет елдік үлгіде ескі көлікті қабылдау орны ашылып қалуы мүмкін. Ол жоспар қазір қаралап жатқан көрінеді. Әрине халыққа кедергі емес керекті іс болады деген үміт басым. 

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

9. Қазақстан Иранмен қарым-қатынастың көкжиегін кеңейтуді көздейді

Қазақстан да Иранмен қарым-қатынастың көкжиегін кеңейтуді көздейді. Ендігі аптаның соңында Тегеранда екі елдің бизнес форумы өтеді. Алыс-берісті 5 есеге арттыру – басты мақсат. Әріптесім Бағдат Бектұрғанқызы тақырыпты талдайды. 

Иран - Оңтүстік Азиядағы дамушы ірі мемлекеттердің бірі. Парсы шығанағы арқылы теңізге шығар мүмкіндігі бар. Сондықтан қазақстандық мұнайдың Иранға экспортталуы – қара алтынды ашық нарыққа өткізудегі  ең тиімді жол. Санкциялар салынған он бір жылда Иранға шетелден қаржы тарту мүмкін болмады. Экспорт көлемі күрт азайып, ел аумағындағы өндірістің үштен бір бөлігі тұралап қалған-ды. Енді Тегеран еңсесін тіктеуге бет бұрды. Экономикасын ілгерілетуде Азия нарығын бағамдады. Осы тұста Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының көкжиегі кең. 

Моджтаба Дамирчилу, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі

-Екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында бизнес форум  өткізіледі. Жаңа келісімдерге қол жеткізіледі деген жоспар бар.  Қазақстан мен Иран көлік, ауыл шаруашылығы, тау-кен салаларына инвестиция бөлуді көздейді.  

Сапарбай Жұбаев, Экономист 

-Транзиттік қызметтердің өзінен-ақ біз Қазақстанның мүмкіндіктерін пайдалануымыз керек деп ойлаймын. Вольфрам, инди, титан сияқты металдар тек бізде бар.  Біз оларды  бүгінде жарты шикізат ретінде экспорттап жатырмыз. Ал егер де оларды дайын өнім ретінде Таяу Шығыс, Еуропаға, Иран болсын экспорттайтын болсақ, нанотехнологияларға сұраныс әрқашанда болады. өйткені жаңа технологиялар, күн батареялары оларға керек. Космостық технологиялар титансыз ешбір космостық, әуе самолет құрылыстары жұмыс істемейді.

Екі ел арасында сауда байланысын жүргізуге қажетті инфрақұрылым жақсы дамыған. Түрікменстан арқылы Қазақстан мен Иранды байланыстыратын темір жол салынды. Қазақстан, Түрікменстан және Иран аумағы арқылы өтетін «Өзен-Берекет-Горган» теміржол желісінің ашылуы – экономикалық әлеуетімізді арттыруға сеп болуда. Бұл - келешекте Парсы шығанағы аймағына шығуға мүмкіндік беретін дәліздің негізгі бөлігі.    

Моджтаба Дамирчилу, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі

-Қазақстан Иранның транзиттік мүмкіндігін арттырып, Ресейге, Еуропаға шығатын көпір болып отыр.  Екі ел арасында байланысты арттыруда инфрақұрылымдық жобалар сәтті іске асырылды. Кеме қатынасы жақсарды. Бұдан былай кемелер белгілі жоспар бойынша жүреді. ЕАЭО аясында еркін сауда аймағы арқылы тауар айналымы көбейеді деген сенімдеміз. 

Каспий теңізі арқылы қазақстандық өнімдерді Иранға тасымалдайтын бірден-бір жол – Ақтау теңіз порты. Қазір мұнда тауарды өткізу мүмкіндігі біршама артты. Енді жүк тасымалдау күрт өседі деген болжам бар. 

Куаныш Есетов, «Қазақ Теңізфлоты» компаниясы бас директорының кеңесшісі  

-Біз қазір күтіп отырмыз Қазақтеңіз флоты да соған қосылады деп Иранға мұнай тасымалдаумен. Және тек қана біздің емес, басқа кемелер де. Себебі бізден кететін немесе бізге келетін құрғақ жүктер бар. Соның ішінде бидай, темір жаймалары. 

Мейіржан Майкенов «Kaznex Invest» АҚ басқарма төрағасының орынбасары

 -Иран нарығына қызығушылар көп. 80 млн халқы бар үлкен нарық. Теңіз арқылы қатынасқа шығу мүмкіндігі бар көршілес елдерден осы нарықты бағындыруға тырысатын елдер баршылық. Алайда баға саясаты, логистика басқаша. Қазақстандық тауар өндірушілер нарықтағы бәсекелестіктің қатаң екендігін ескеріп,талап үдесінен шыға білуі керек.  

Әлемдік саудада Ислам Республикасы мұнай- газ ғана емес, ауыл шаруашылығы тауарларымен танымал. Көкөніс, жемістері мен дәнді дақылдарына сұраныс басым. Әсіресе біздің елде. Мәселен, өткен жылы екі ел арасында сауда айналымы  - 380 млн долларды құраған. Олардан біздің елге жеміс-жидек, көкөніс, тұрмыстық-құрылыс бұйымдары саудаланған. Ал Иранның қазақстандық астық пен мұнайға және бағалы металдарға деген сұранысы басым. 

Біздің елден Иранның қол кілемдеріне де тұрақты тапсырыс берушілер аз емес. Астанадағы мына шағын дүкеннің 4 жылдан бері тұрақты жұмыс істеуі – соның айғағы. Кәсіпкер дағдарыс пен валюта нарығындағы күрделі өзгерістерге қатысты қиындық болмаса, екі ел арасында сауда байланысына ешбір кедергі жоғын айтады. 

Салтанат Сағадинова, Кәсіпкер

-Олардың брендті тауарларының бірі - кілем. Біз айлап емес, жыл бойына қолдан тоқылатын кілемдерді тасымалдаушылармен делдалсыз сауданы орнаттық. Ірі қалалардан емес, ауыл ішіндегі шеберлерді іздедік.  

Кәсіпкерлер тауарды әуе қатынасымен көбіне Ыстамбұл арқылы жеткізеді. Тасымалдауға кеткен шығын сату бағасын еселеп жібереді екен. Жуық арада бұл мәселенің де оңтайлы шешілетін түрі бар. Биыл маусым айынан бастап Тегеран мен Алматы арасында тікелей әуе рейсі ашылады. 

Иранның Қазақстан ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен де байланысы арта түспек. 

Сапарбай Жұбаев, Экономист 

-ТМД мемлекетттері сияқты оларға да сауда айналымын Еуразиялық кеңістікте ашық қойып қойсақ Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін олар пайдаланады. Ресей мемлекетімен Иран өте жақсы байланыста. Соның бәрі біз арқылы өтетін болса біздің кәсіпкерлерге жұмыс болады. Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің артуына мүмкіндік болады. 

Ислам Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ аясында еркін сауда аймағын құруға әзірлікті бастап кетті. Сарапшылардың айтуынша бұл елмен еркін сауда аймағы Үндістан, Ирак және Пәкістан бағытында көлік дәліздерін құру үшін қажет.  

Авторы: Бағдат Бектұрғанқызы