ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жеті күн 11.06.2016

Жеті күн 11.06.2016
Сюжеттер
1. Мемлекет басшысы Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады  2. Ақтөбе оқиғасының хронологиясы 3 Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады
4. Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті 5. Ақтөбедегі лаңкестік оқиға кезінде адамдар қаза тапты  6. 9 маусымда Ұлттық аза тұту күні жарияланды
7. Қазақстандық саясаттанушылар лаңкестікке және Ақтөбедегі оқиғаларға қатысты пікір білдірді 8. Елімізде қауіпсіздіктің «сары», «қызыл» деңгейлері сақталып тұр  9. Елдің берекесін бұзбақ болған Төлешовтің ісі тергеліп жатыр
   
10. Мемлекет басшысы Назарбаев Университеті студенттеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты    

1. Мемлекет басшысы Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

 Қазақстан халқы лаңкестікпен бетпе-бет келді. Қолына қару алған қасқөйлердің ештеңеден қаймықпайтынын көрді. Бірақ үрейленген жоқ. Қайта қоғам ұйыса түсті. 

Қазақстан халқы алғаш рет террорлық қауіптің «сары» және «қызыл» деңгейлері жайында естіп-білді. Тәртіпті тапжылмай орындады. 

Қазақстан халқы аза тұтты. Нақақтан нақақ қаны төгілген, антқа деген адалдықтан айнымаған азаматтарды еске алды. Лаңкестікке лағынет айтты.

Қазақстан халқы терроризмде Отан, отбасы, бауыр дейтін таным-түйсіктің жоқ екенін шын ұқты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Біріншіден, біз кез келген сипаттағы экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарды қайта қарап, бұл құбылысқа қатаң тойтарыс беру жайын ойластыруымыз керек. Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет. Екіншіден, елдігімізге сына қағатын зұлымдықтардың ымырасыз жолын кесуіміз қажет. Ел тыныштығын сақтамасақ, мынадай әлемдік дағдарыстан өте алмаймыз. Сондықтан барша халық болып бірігіп, елді сақтауды ойлауымыз керек.

Сәрсенбі күні Елбасы мәлімдеме жасады. Ақтөбедегі оқиға кімдердің әрекеті?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-По имеющимся данным, террористический акт организован приверженцами радикальных псевдорелигиозных течений, инструкции они получили из-за рубежа. В результате нападения, к огромному сожалению, есть погибшие и раненые среди военных и гражданских лиц. У них есть семьи, дети. Выражаю глубокие соболезнования всем родным и близким погибших.

Өткен жексенбіде атыс-шабыс басталған күні біраз лаңкестің көзі жойылды, бірқатары қолға түсті. 

Ал кеше таң ата Ақтөбеде террористерді қолға түсіру операциясы жүріп жатқандығы туралы ақпарат лезде тарады. Бес қылмыскер оққа ұшты. Қалай болғанда да құқық қорғау мен қауіпсіздік қызметтері үлкен қатердің бетін қайтарды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сотрудники органов правопорядка ценой своих жизней остановили террористов. Они проявили профессионализм, верность своему долгу, доблесть и патриотизм. Хочу особо отметить высокий уровень слаженности и оперативности действий сотрудников полиции и Национальной гвардии. В сложной ситуации жители Актобе проявили выдержку, не поддались панике и провокациям.

Ақтөбедегі оқиға Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне келгенде стратегиялық тұрғыдан нақты шаралар қабылдау қажеттігін көрсетті. 

Оларды жұма күні Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында атады.

2. Ақтөбе оқиғасының хронологиясы

Сәкен Сейітханұлы, тілші 

-Бесінші маусым күні Ақтөбе қаласы тыныш еді. Халық жұмыстарын істеп, алаңсыз тірлік етуге кіріскен. Түс ауа әлеуметтік желілерде жантүршігерлік оқиғалар туралы ақпараттар есіп, түрлі суреттер жарияланды. Алайда жұртшылық бұл жаңалыққа сенгісі келмеді. 

Ақтөбе қаласы күндізгі екі жарым шамасы. Қолдарына пышақ ұстаған, бір топ адам «Паллада» қару-жарақ дүкеніне баса-көктеп кіреді. Олардың суыт жүрісінен сезіктенген Андрей Максименко дереу дабыл бастырмасын басып үлгереді. Сол уақытта қаныпезерлер сатушының бұл қылығын байқаған болу керек, жазықсыз жанға пышақ салады. 

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі

-26 қылмыскер болған. Оның 25-і дүкенге кірген. 1-еуі сыртта қалған. Олар ол жерден 4 иір ойықты мылтық пен 14 тегіс ұңғылы қару алған. 

Қаскөйлер қаруларды алып сыртқа беттеген кезде «Күзет» компаниясының өкілдері келіп жетеді. Қақтығыс кезінде қарулы топтың оғынан Мирхан Тәжібаев мерт болып, жолдасы жараланады. Сол үйдің тұрғыны Николай Онищенко да лаңкестердің қолынан қаза табады. Ал оқиға орнына келген полиция қызметінің 3 өкілі атыс кезінде жараланады. 

Евгения Баслык, куәгер 

-Атыстың дауысы естілген кезде мен 4 қабаттың терезесінен қарап тұрдым. Олар жүріп шығып, мына бұрылысқа бұрылып кетті. 

Қарсы келгендер мен кінәсіз адамдарды жайратып тастаған содырлар екі топқа бөлінеді. Бірі полиция көлігін мініп, «Пантера» дүкеніне бет алады. 

Қару-жарақ орнына шабуылдау кезінде қылмыскерлер Михаил Матросовты өлтіріп, тағы бір адамды жарақаттайды. 

Сол жерге келген полиция жасағымен атыс кезінде лаңкестердің үшеуі қайтыс болып, біреуі ұсталады. Ал қарулы қылмыскерлердің екінші тобы қоғамдық көлікті басып алады. 

Марат Бисекенов, автобус жүргізушісі

-Патруль машинасы келді де алдымды жауып тастады. Сол жағдайда атыс басталды бірден. Полицияның екі қызметкері машинадан шықты да атысып, оң жаққа қашқан кезде есікті аштым да жолаушыларға «Қашыңдар» дегенде өзім ременнен шыға алмай қалдым. Атып жатқан кезде қылмыскерлер келді де автобусты басып алды. 

Қарулы топ жүргізушінің басына мылтық тақап, автобус ішіндегі адамдарды түсіріп тастайды. 

Айгүл Жұмабаева, кондуктор

-Бізге олардың 25-30 шақтысы баса-көктеп кірді. Мені, бізді сол тұрған жерімізде 3-4 адаммен бірге түсіріп жіберді. «Мен барамын», – дегенде олар: «Атып тастаймыз», – деді. Сосын мен сол жерде түсіп қалдым.

Марат Бисекенов, автобус жүргізушісі 

-Басыма 3 «Калашникті» тақап: «Военный частқа жеткіз», – деді. «Срочно. Келе жатқанда алдыңда адам болсын, машина болсын, таптап өт, аяма», – деді. Сол мен адамдардың обалына қалмай жайлап встречныйға жүріп, өз полосама түсіп, лекерлеп-лекерлеп бүкіл жерден красныйдан өтіп, военный частқа жақындаған кезде тоқтай бастадым.

Марат өлім мен өмірдің арасында келе жатса да, өзгелердің өмірін ойлады. Басын қатерге тікті. Қолынан келген қарсы әдістерін істеп бақты. 

Марат Бисекенов, автобус жүргізушісі

-Тоқтаған кезде олар айтты: «Жизнь или смерт все равно атып тастаймыз», – деп. «Бірі өмірді таңда», – деді. «Сондықтан воротаны теуіп кір де, арғы жақ ішіне кір», – деді. Мен арғыжақ ішіне кіргенде ешкім зардап шекпесін деп ойладым. Воротаға тірегеннен кейін резко автобусты скоростан сөндірдім. Сол кезде автобустың ішінен атты солдаттарды.

Кезекшілікте жүрген Досбол Сапар, Даниэль Майлыбаев және Берік Қалиев оларға қарсылық көрсетеді. Кескілескен шайқас кезінде қарулы топтың біреуі оққа ұшып, екеуі жараланады. Ал оларға бірінші болып тойтарыс берген 3 әскери жарақат алып, көз жұмады.

Артем Авдеев, 6655 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері

-Олар қарудан оқты жаудыртып жатты. Бұрышқа тығылып алып атып жатты. Бізді жаралап бері өткілері келген сияқты. Бірақ мен сол бұрышты дәлдеп оқты жаудыртып, бері өтуіне жол бермедім.

Әскери бөлімнің қарулары сақталған жерге жете алмаған қылмыскерлер қашып кетеді. Ізіне түскен арнайы жасақ өкілдері сол күні яғни 5 маусымда бас-аяғы алты адамды өлтіріп, жетеуін ұстайды. 

Жандос Нағин, жол-патрульдік полициясының сержанты

-Мен 5-ықшам ауданында «Паллада» қару-жарақ дүкені маңында басым мен оң иығымнан жарақат алдым. Әрине, алғашында ештеңе түсінбей есеңгіреп қалдық. Қазір барлығы жақсы. Бізге дер кезінде көмек көрсетілді. Қазір өзімді жақсы сезініп отырмын.

Күштік құрылым өкілдері 5 және 7 маусымда жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жалпы 13 қылмыскерді өлтіріп, 9-ын ұстайды. Сөйтіп 6 адамға іздеу жариялайды.

10 маусым күні арнайы жасақ өкілдері Некрасов көшіндегі үйді қорып, күдіктілердің барын анықтаған. 

Түнімен тұрғын үйдегі адамдардың бәрін шығарып, таң ата пәтерде жасырынғандарға «беріліңдер», – деген. Бұл сөзге олар құлақ аспай оқ атқан. Күштік құрылым өкілдері шабуыл жасап, жасырынған 4 адамның көзін жойған.

Онымен бірге сол күні Мәскеу ықшам ауданындағы Мясоедова және Арынов көшелерінің қиылысында лаңкестердің сыбайласы патрульдік полиция экипажына тегіс ұңғылы қарумен оқ атқан. 

Полицияның қарсы оғынан ол сол жерде опат болған. Екі тәртіп сақшысы жеңіл жарақат алады.

Қала тұрғыны

-Бізді түнде автобуспен алып кетті. Бәрі сол түнгі екілер шамасында басталған болуы керек. Үйімізге телефон арқылы хабарласып: «Киініп, сыртқа шығыңдар», – деді. Сосын тез жиналып, шықтық. Түнде автобуспен алып кетті. Бәрі сол түнгі 2-лер шамасында басталған болу керек.

Соңғы мәліметтерге жүгінсек, 18 қылмыскердің көзі жойылып, 9-ы ұсталған. Онымен бірге 3 адам іздеуде жүр. Қазіргі уақытта Ақтөбеде арнайы операция жалғасып жатыр. 

Авторлары: Сәкен Сейітхан, Серік Қоңырбаев 

3. Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады

Ақтөбедегі жағдайды Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы күннен бастап өз бақылауына алды. 

Сәрсенбі күні Президенттің қабылдауында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 

Владимир Жұмақанов антитеррорлық операцияның сол кездегі нәтижелерін баяндады. 

Белгілі болғандай, дайындық кезінде 20 адам қылмысқа қатысудан бас тартқан. Президент қаскөйлердің бәрін тұтқындауды тапсырды. Қарсылық көрсеткен жағдайда көздерін жою керектігін айтты.

4. Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Ал Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы: «Ақтөбедегі шабуылдарды мәнсіз және қатыгез», – деп сипаттады. Қолға алатын нақты шараларды атады. Себебі болған оқиға көп нәрсеге басқа қырынан қарауға мәжбүрлейді.

Апта бойы құқық қорғаушылар жағдайдың мән-жайын сараптап, қылмыскерлермен кешенді күрес жүргізе білді. 

Мемлекет лаңкестікке бірден жауап қатты. Алдағы уақытта да бұл жұмыс күшейе бермек. 

Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев терроризм мен экстремизмді тұзақтауға бағытталған кешенді шаралар қабылданатынын айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы уже знаем, что это была террористическая вылазка группа нетрадиционного религиозного течения - салафизм. Мы обеспечивая свободу вероисповедания и предоставляя гражданам возможности отправления своей религии в тоже время будем давать решительный отпор всем кто прикрываясь религиозными лозунгами будет расшатывать обстановку в стране. Нам удалось избежать больших потерь среди мирного населения, хотя террористы на это расчитывали. Действия силовых структур позволили нейтрализовать почти всех террористов. Несколько бандитов находятся в розыске. Я думаю, наши правоохранительные органы всех разыщут и все получат соответствующее наказание. 

Ақтөбеліктердің түн ұйқысын төрт бөлген террористер сазайын тартары сөзсіз. Олардың басым бөлігінің көзі жойылды. 

Ендігі жерде мұндай оқиғалардың қайталанбауы маңызды. Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар стратегиялық тапсырмалар берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Правительству в двухмесячный срок необходимо выработать пакет законодательных инициатив в сферах противодействия терроризму, оборота, хранению и продажи оружия, в области регулирование миграции и религиозных объединений. Рассмотреть усиление мер против участвующих наших граждан в международных террористических организациях. При этом исходить из того, что они предают интересы нашего государства фактически встают на путь войны против своей Родины. Упростить проведение специальных оперативных мероприятий по сигналам о террористической угрозе. Для специальных органов для таких ситуация должны быть особые условия - не должны оглядываться. Весь этот пакет законодательных инициатив надо включить в план работ на текущий год. 

Соңғы оқиғалар күштік құрылымдар жұмысының тәсілдерін түбегейлі қайта қарауды қажет ететінін аңғартқанын айтты Елбасы. 

Заңнамалар зерделеніп, осы салаға қатысты қабылданған бағдарламаларға талдау жүргізетін, тиісті өзгерістер енгізетін кез келді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Если обратится к опыту других стран, то в США, Германии и Израиле и некоторых других используются различные механизмы, направленные на обеспечение прозрачности использования денег из иностранных источников. Правительству необходимо рассмотреть этот опыт и представить предложения по внедрению в Казахстане мониторинга иностранного финансирования наших граждан и организаций.  

Енді қару-жарақ айналымы, оны сақтау мен сату қатаң қадағаланбақ. Бұл да қауіпсіздіктің қамы. Мәселені реттеу үшін Ішкі істер министрлігі заңнамаларға өзгертулер енгізе алады. 

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жұмысты заңнамалық тұрғыдан күшейтуге пәрмен берді. Тіпті қарудың барлық түріне тыйым салу ұсынысы да қаралуда. 

Мұндай радикалды шараларды қолданбай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндігін мұқият зерттеу керектігін айтты Президент. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Законодательно усилить контроль за оборотом оружия, порядком его хранения, ужесточить ответственность, провести комплексные проверки, которые этим занимаются. МВД в месячный срок обеспечить внесение изменений в законодательство, если это нужно. Запрещающие продажу оружия в состоянии пригодном для быстрого несанкционированного применения. Видели же? Когда все спусковые крючки были привинчены, они не могли использовать это. Почему это не используется везде всюду? Усиливающих квалификационные требования, обеспечивающих охрану объектов, где хранятся оружия и боеприпасы, взрывчатые вещества. Кроме того, определить места, где должны быть эти оружейные магазины. Не в многоквартирных же домах многоэтажных, а в специальных. 

Көші-қон және діни бірлестіктер қызметі де бұдан былай мемлекеттің жіті назарында. Мұнда да заңнамалық толықтырулар қажет. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Миграция, незаконное поселение, в том числе создаваемые самозахватчиками земель создает благоприятную среду для преступности. Это есть во всех наших регионах. Здесь нужны законодательные поправки. Правительству надо ускорить работу по созданию интегрированной системы миграционного контроля, основанной на современных технологиях. Приступить к разработке закона о дактилоскопической, т.е. биометрии. До этого обеспечить исполнение имеющихся механизмов регистрации и учета населения. Руководители местных органов власти несут персональную ответственность за недопущение таких несанкционированных поселений, самозахвата земельных участков на дачах и т.д.

Бұл жұмыстардың басым бөлігі өңірлерде іске асады. Демек, әкімдердің белсенділігі мен мұқияттылығы тағы қажет. 

Облыс басшылары жарты жыл сайын жұмыстың нәтижесін Елбасыға тікелей баяндап отырады. Бұл елдегі тәртіпті күшейтуге бағытталған шара. 

Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда да күзет күшейеді. Әуежай, теміржол және автовокзалдар заманауи тексеру жүйелерімен қамтылады. 

«Тіпті, аулалар да сапалы бейнебақылау құралдарымен қамтылғаны жөн», – деді Президент. Бұл шаралар азаматтарға қолайсыздық тудырмауы тиіс. 

Бұдан бөлек, әскери қалашықтар, бөлімдер, оқ-дәрі мен қару-жарақ сатылатын орындарды, әскери нысандарды қорғау шаралары қолға алынады. 

Президент халықпен де жұмыс жүргізу ісін түбегейлі жақсарту керектігін айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Заранее надо это отработать. Люди, чтобы знали какой сигнал даются населению и что они должны при этом делать. В каждом крупном городе должна работать система мгновенного оповещения населения. Особо надо принять меры по обеспечений защиты военных объектов, включая военные городки, воинские части, места хранения боеприпасов и вооружений. Требует коренного улучшения работа населения, в первую очередь, с неустроенными, неблагополучными. Особенно молодежь в определенной области попадает. 

Әрбір жұмыссыз адам есепте болуы керек. Бұл орайда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып, әр адаммен жеке жұмыс жүргізуі қажет. Елбасы осындай тапсырма берді. 

Екі ай мерзім ішінде халықтың осы бөлігін жұмыспен қамту жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс. Қажет жағдайда Еңбек кодексіне тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Елімізде құқық қорғаушылардың да қызметі жаңа деңгейге көшеді.

Бұдан былай, полицейлерге батыл әрекет жасап, қауіпті сәтте шұғыл шешім қабылдау мүмкіндігі беріледі. Жаңа ережелер бекітіледі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Отношения к полицейским, определенно законодательно четко оговорено. На все факты нападения, неуважения к полицейскому должна давать жесткая правовая оценка со стороны правоохранительной системы. Человек в форме должен быть под особой защитой государства. Ему должна быть гарантирована неприкосновенность во время исполнения служебного долга. Естественно полицейский тоже должен вести себя соответственно. Это понятно. Ну это не относится к тому, когда он выполняет свой долг при исполнении находится. Призываю все общественные институты и гражданское общество оказывать поддержку органам правоохранительного порядка, вносить посильный вклад в обеспечение безопасности страны. 

Бұл қабылданатын кешенді шаралардың бір парасы ғана. Оны жүзеге асыру құқық қорғау қызметкерлерімен бірге барлық қазақстандықтардың еншісінде. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы теми мерами, которые я сказал, не ограничимся. В ближайшее время примем комплексные решения по всем другим вопросам. Аппарат Президента и Совет безопасности будут работать совместно со специалистами. «Елдің тыныштығы» деп бәріміз айтамыз! «Қазақстанның болашағы» дейміз. «Мәңгілік Ел боламыз» дейміз. Ол болу үшін елдің іші бірлігі болу керек, тірлігі де бір болу керек. Мынандай лаңкестерге, бандиттерге жол бермеуіміз керек. Барлық бәле содан басталатын болады. Ең басында. Сондықтан ешкім ренжімесін бұдан былай өте қатаң жазаға тартылатын болатынын ескртіп айтқым келеді барлығына. Бұл барлығымыздың жұмысымыз, бүкіл Қазақстанның жұмысы, біздің Отанның шаруасы. Сондықтан бірге болайық. 

Мұндай шұғыл шешімдер қабылдаудың себебі айқын – елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтап қалу. Ал мемлекеттің дамуы ең әуелі соған байланысты.

Авторы: Мұхтар Ыбырайым 

5. Ақтөбедегі лаңкестік оқиға кезінде адамдар қаза тапты

Айдың-күннің аманында атпалдай азаматтардан айырылдық. «Тас түскен жеріне ауыр». Бірақ «Қайғыны бөліссең, жеңілдейді», – дейді қазақ. Қара жамылған отбасылардың қайғысына қалың қауым ортақтасты. 

Зейба Есқалиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны

-Терроризмнің салдарынан қаза тапқан отандастарымызға қайғырып көңіл айтамыз. Мұндай терроризмнің көзін жою керек. Ешуақытта мұндай болмауы керек. 

Қайрат Сабырбай, Семей қаласының тұрғыны 

-Біз барша семейліктер, ақтөбеліктердің қайғысына ортақпыз. Осындай ел тыныштығына қауіп төндіретін шығындар енді әрі қайталанбаса деп тілеймін.

Хасан Бациев, Шымкент қаласының тұрғыны 

-Енді бұл – шынында өте бір қайғылы оқиға. Сондықтан осындай жағдайға барғандар, итермелегендер өте бір ауыр, нақты жазасын алуы керек деп ойлаймын. Себебі осындай жаза алмаған болса, ол қайталана береді. Сол басқаларға сабақ болатындай нақты, ауыр жазасын алуы керек деп есептеймін. 

Осы аптада Ақтөбедегі террорлық шабуыл құрбандарының сүйегі жер қойнына тапсырылды. Жазықсыз жеті адам... Зар еңіреп қалған ата-ана, бала-шаға...

«Әкем жақсы адам еді», – деп жылаған бұл балақай офицер Даниэль Майлыбаевтың ұлы – Бексұлтан. 

Ұлттық Ұланның ішкі барлау қызметінде істейтін Даниэль сол қанды жексенбіде жұмыста болатын. Лаңкестер Ұлттық ұланның қару-жарақ сақталған қоймасына кірмек болғанда қылмыскерлердің алдынан шығады. Олар жаудырған оқты кеудесімен тосады.

Ақарыс Майлыбаев, Даниэль Майлыбаевтың әкесі

-Өзі әскери тәртіпке көнімді бала еді. Мен өзім де Совет Одағы кезінде диверсиялық жұмыста істегеннен кейін балаларымды әскери маман ретінде көргім келді. Декабрьде 41-ге толар еді. Сұм ажал алып кетті арамыздан.

Майор Майлыбаевтың әскери карьерасы 1995 жылы Алматы шекара училищесіне түскеннен басталған. Өмірінің соңғы сәтіне дейін антына адал болды. Артында 4 баласы қалды. 

37 жасар әскери қызметкер Берік Қалиев те төрт баланың әкесі еді. Ол – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылының тумасы. 1998 жылдан бері әскери салада. Кіші сержант Ұлттық Ұланда келісімшарт негізінде қызмет етіп жүрген. Әскери бөлімшенің қақпасынан баса-көктеп кірген қылмыскерлермен айқаста қаза тапты.

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі

-Отбасына біз толықтай көмектесетін боламыз. Заң бойынша 5 жылдық соңғы атқарған қызметінен бастап қаржылай көмек мөлшері көрсетіледі. Ол 5 млн теңге болса, қосымша облыс әкімдігі тарапынан тағы да балаларына, жолдасына қаржылай көмек көрсететін боламыз. Қараусыз қалмайды.

Радикал топ атқан ажал оғы бетіне, аяғына тиіп, жан тапсырған тағы бір сарбаз – Сапар Досбол. Не бары он тоғыз-ақ жаста. Отан алдындағы әскери борышын өтеуге Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Ақтөбеге. Бүтін бір әулеттің тұңғышы. Алты айдан соң, ауылына оралатын еді. Өкініштісі, мерзімінен бұрын «Груз200-бен» қаралы табыт жетті туған жеріне. 

Бекзат Сүгірәлиев, досы

-Сыныптастардың ішінде орны ерекше бала еді. Өзіне тән батырлығы бар. Сыныптастар ішінде алғашқылардың қатарында кетті әскерге. Көкпарға ерекше қызығушылығы бар еді.

Қыршын кеткен тағы бір оғлан – Мирхан Тәжібаев. 1984 жылы туған. Үйленбеген. Отбасындағы 3 ұлдың кенжесі. Бірер ай бұрын ғана «Күзет» қызметіне кірген. 

Дәл сол қанды жексенбіде демалуы керек еді. Алайда әріптесінің өтінішін жерге тастамай, оның орнын алмастыруға жұмысқа шыққан. 

«Паллада» дүкенінен шабуыл туралы шақырту түскенде алғашқылардың бірі болып жеткен. Тас-түйін қаруланған лаңкестермен атыста, оқ мойнына тиеді. Мирхан сол жерде тіл тартпай үзіледі.

Ақзира Әділова, Мирхан Тәжібаевтың әпкесі 

-Қолына қаруын алып барған кезде жаудың ортасында қалып, сондай ерлікпен қаза тапты. Енді не қалды ол баладан, тек сол ерлігін білсе екен. Кеудесін оққа тосып, жас болса да қорықпай сондайға барған ерлігін халық білсін. Артындағы жастарға үлгі болса дейміз.

Қаскөйлердің қолынан қаза тапқан енді бір азамат – Андрей Максименко. «Паллада» қару-жарақ дүкенінің сатушысы. 

Әдеттегідей қызу жұмыс үстінде еді. Қару асынған қаскөйлер лап қойып, 17 дана қаруды күшпен алады. 

Осы сәтте балық аулауға қажетті ұсақ-түйек алмаққа дүкенге Михаил Матросов кіреді. Экстремистермен шамасы келгенше тіреседі. Бірақ күш тең емес еді. Михаил да сол жерде жан тапсырады. 

«Үлкен үй салсам деген арманына жете алмай кетті», – деп еске алады оны жары. Артында 13 жасар ұлы қалды. 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед күллі қазақстандықтардың, Елбасының бұл азаматтардың қайғысына ортақ екенін, қолдан келген көмекті аямайтынын жеткізді. 

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі 

-Көзіне қан толған экстремистер оғына ұшпағанда Николай Онищенко келер жылы 70-ке толатын еді. Қарияны қарақшылар әйелінің көзінше өлтірген. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары

-Есть люди, которые хотят сеять панику среди нас. Есть люди, которым не нравится наше единство, наше спокойствие. Но им это не удалось. Глава государства дал четкое и ясное поручение со всей строгостью закона наказать, публично наказать таких людей. Потому что это не люди.

Бұл қанды қақтығыста 14 полиция қызметкері әртүрлі жарақат алды. Жансақтау бөліміне түскендері де бар. Оларға жан жақты медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Солардың бірі – Еламан Жанділдаев. Қызылорданың жігіті. Жағдайы жақсарып келеді.

Жәмила Құсанова, Еламан Жанділдаевтың анасы

-Алты баламның ең үлкені. Балам бірінші Алланың, екінші ақ халатты дәрігерлердің көмегімен аман қалды. Аллаға шүкір. 

Бейбіт күннің берекесін бұзған бұзақылармен айқаста ғазиз жанын құрбан еткен бұл оғландардың жүрісі, сөзі, күлкісі – енді естелік қана. Олар сіздің, біздің қауіпсіздігіміз үшін көз жұмды. Сондықтан да есімдері мәңгілік. 

Бейбіт күнде қан төгілмесін! Ананың жүрегі езілмесін. Келіншек қара жамылмасын! Бүлдіршіндердің жанарын мұң шалмасын! Халыққа қалқан болар оғландардың сапы сиремесін.

Авторы: Мақпал Мадиярова

6. 9 маусымда Ұлттық аза тұту күні жарияланды

«Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы» ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 9 маусымда ұлттық аза тұту күні жарияланды. 

Маусымның тоғызы күні Қазақстан халқы аза тұтты. Астанадағы бас байрақ пен барлық өңірлердегі Мемлекеттік Тулар тұғырдан түсірілді. 

Ойын-сауық, мәдени шаралар шегірілді. Ақпарат құралдарындағы көңіл көтеретін бағдарламалар тоқтатылды.

Ақтөбедегі оқиға байланысты Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко және Татарстан жетекшісі Рустам Минниханов Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айту жеделхаттарын жолдады. 

Ресейліктер де қазақтың қайғысына ортақтасты. Қаралы күнде Қазақстанның елшілігіне диаспора өкілдері, шетелдік дипломаттар, жергілікті саясаткерлер мен әскерилер келді. 

Николай Бордюжа, ҰҚКҰ бас хатшысы

-Мен Қазақстан азаматтарының Ақтөбе қаласындағы лаңкестік әрекеттерден қаза табуына байланысты көңіл айту кітабына жаңа ғана жазба қалдырдым. Қанды оқиға біздің бірге болып, ортақ ұжымдық қауіпсіздігімізді нығайтуымыз қажет екендігін, ең бастысы, терроризмнің кез келген түріне қарсы белсенді күрес жүргізу керектігін нақтылай түседі.

Ақтөбедегі лаңкестік шабуылды түрік халқы да айыптайды. Басқасы басқа, жыл басталғалы бері террорлық актілерден көз ашпай келе жатқан бауырлас ел қазақстандықтардың халін жақсы түсінеді.  

Мехмет Мерт, Ыстамбұл қаласының тұрғыны 

-Жексенбі күні Қазақстанда, одан кейін Түркияда да бірнеше дүркін террорлық оқиға болды. Біз түрік халқы лаңкестіктің барлық түрін қатаң айыптаймыз. Өйткені содырлардың қолынан жазықсыз жандар мерт болып, зардап шегуде. Қаралы күнде бауырлас елдер бір-бірлерін осылайша демеп, ішкі қайғыларын бөлісуі абзал. Екі елге де амандық, саулық тілеймін. Ал содырлар заңның қатаң талабымен жазалануы тиіс.

Ұлттық аза тұту күнінде Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің алдына жергілікті жұрт гүл шоқтарын әкеп қойды. Елшіліктің өзінде Мемлекеттік Ту төмен түсірілді. 

Андрей Мамыкин, Еуропалық Парламенттің депутаты

-Жақындарынан, бауырларынан айырылу – орны толмас қайғы. Париждегі және Брюссельдегі қанды қырғыннан кейін Еуропа жұртшылығы мұның қандай қиын екенін жақсы біледі. Өкінішке орай, лаңкестіктен ешкім де сақтандырылмаған. Алайда терроризмге жол бермеуіміз керек.

Осылайша бүкіл әлем қайғымызға ортақтасты. Ал қазақстандықтардың өздері Қасиетті ай қарсаңында бүлік шығарып, елдің тынышын алмақ болғандарды сөкті, жазғырды. 

Күллі қоғам қуанышты кездерде ғана емес, мұңлы күндерде де бірге екенін көрсетті. 

Бейбіт күнгі қанды оқиға дүйім жұртты есеңгіретіп тастады. Дін атын жамылғандар елдің тыныштығын бұзды. Қасиетті Рамазан айы басталар тұста берекесін қашырды. 

Мұздай қаруланған содырларға қарсы тұрып, оққа ұшқан сарбаздар қас-қағым сәтте ажал құшқан бейбіт тұрғындардың қазасы талай жанның қабырғасын қайыстырды. 

Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти 

-Ислам діні ешкімді ұстанатын дініне, ұлтына бөлместен жазықсыз қан төгуге ешқашан рұқсат етпейді. Ел мұсылмандарының басын қосып отырған ҚМДБ болған оқиғаны үзілді-кесілді айыптайды. 

9 маусым – Жалпыұлттық аза тұту күні. Мемлекеттік Тулар төмен түсірілді. Батыстағы қалың жұрт таң сәріден Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімі орналасқан ғимарат алдына жиналды. Қаскөйлердің қолынан қаза тапқан сарбаздарды еске алып, гүлдер қойды. 

Астанадағы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында да қаралы митинг өтті. 

Смағұл Елубай, жазушы

-Ұлттық аза тұту күні сөзсіз халықты бірлікке шақыратын күн болуы керек. Бұдан кейін мұндай жазықсыз қантөгіс болмауы үшін халқымыз бұдан да әрі біріге түсу керек. Тәуелсіздік үшін Туымыздың төңірегінде шоғырлана түсу керек деп ойлаймын.

Қалың жұрт қара жамылғандардың жақындарына материалдық және рухани жәрдем көрсетуде. 

Атқарушы билік шейіт болған әскерилердің отбасыларына пәтер, ал артында қалған балаларына «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагерінде демалуға тегін жолдама берілетінін жеткізді. 

Бизнес қауымдастықтары, құқық қорғау, күштік құрылымдар бір күндік жалақыларын аударуды ұйғарды. 

Тараз, Көкшетау мен қостанайлық полицейлер қанды оқиға кезінде жарақат алған әріптестері үшін қан тапсырды.  

Еркебұлан Шәкімжанов, Көкшетау қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің взвод басшысының орынбасары  

-Жаңадан құрылған жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қаза болды. Жарақат алып ауруханада жатқан әріптестеріміз тезірек айығып кетсін деген тілекпен және көмек болсын деп қанымызды тапсырдық.   

Қоғам елді арандатушыларға қарсы күресте жұмылған жұдырықтай бірлігін көрсетті. Зиялы қауым, депутаттар мен бірлестік өкілдері ел ішіне ылаң салғысы келгендердің әрекетін айыптады.  

Мейрамбек Төлепберген, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

-Қазір өзінің ұлттық боямасын жоғалтып алған елдер толып жатыр. Құндылықтар дегендер жайына қалды. Сондықтан да мұндай жағдайда елдің ішкі тұрақтылығы мен саяси тұрақтылығы, ұлтаралық бірлігі деген ерекше маңызға ие болды.

Раиса Маденова, Қазақстан Корейлері қауымдастығы Ақтау филиалының төрайымы 

-Жантүршігерлік оқиғаға қатысты қылмыскерлерге аяушылық болмайтынын айтқан Елбасыны қолдаймын. Ақтөбеде болған қайғылы жағдайдан соң қоғамда алауыздық емес, бірлік нығая түсті.

Лаңкестік әлем елдеріне ғана емес, енді Қазақстан үшін де аса маңызды мәселеге айналды. 

Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топтың жетекшілері: «Радикалдарға қарсы күресті бірлесіп жүргізетін уақыт жетті», – деп отыр. 

Айтуларынша, Еуразия кеңістігі мен ТМД елдеріндегі лаңкестерді 30-ға жуық халықаралық ұйым қаржыландырып келген.   

Юрий Чиханчин, Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ЕАТ төрағасы 

-Осы уақытқа дейін террористік қылмыс жасаған талай адамды қолға түсіріп, қамауға алдық. Бірақ радикалдардың шабуылы бітер емес. Егер бұған жол беріп қойсақ, біздің де жұмысымыздың осал тұстары болғаны. Сондықтан бізге күш біріктіретін кез келді. Терроризммен барлық елдің күш құрылымдары түгелдей тізе қосып күресуі керек.  

Лаңкестікпен бетпе-бет келген ел ішінде тұрақтылық, діни келісім мен бірлікті нығайтпақ керек. 

Камал Бұрханов, саясаттанушы

-Біз осы идеология саласын қолға алмасақ болмайды. Бұл діни күрес – идеологиялық күрес. Олар ақша ұрлаймыз деп барған жоқ. Қару ұрлаймыз, Үкіметке қарсы шығамыз деп соңы өз мемлекетіне, өз Отанына қарсы шықпақ. Демек, сана-сезімін мүлдем бұрып жіберген. Біз сол салада көп жұмыс істеуіміз керек. 

Зарема Шәукенова, Саясаттану және дінтану институтының директоры

-Болған оқиға өскелең ұрпақпен жиі сөйлесіп, олардың тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігін кезекті рет дәлелдеп берді. Қазір интернет заманы. Сондықтан әр ата-ана баласының не оқып, нені көріп жүргенін, кімдермен араласатынын жіті қадағалауы тиіс. 

Салафизм секілді жат ағымның жетегінде 15 мыңдай Қазақстан азаматы жүр екен. 

Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің айтуынша, соңғы екі жылда ағымға арбалған жандардың жалпы саны азайған. Мәселе басқада. Жалған дінге кіргендерін жасыратындар көп. Оларды анықтау да, діни көзқарасын өзгерту де қиынға түсетін көрінеді.  

Ғалым Шойкин, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы

-«Ақниет» орталығы, әсіресе осы 2014 жылдан бастап қызмет етіп келе жатыр. Олардың жұмысымен 300-дей адам дәстүрлі Исламға өткен болатын. Бұл жұмысты біздің ҚМДБ мамандары да өткізіп жатыр. Олар да сол мыңға жуық осындай азаматтарды біз осы қайта дәстүрлі Ислам ортасына қайтардық.  

Қалай дегенмен де, заң тұрғысынан талапты қатаңдатып, бақылауды күшейтпек керек. Ақтөбе оқиғасынан кейін қаймана халық та, қоғам қайраткерлері де осыны айтып отыр.

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Бақтияр Хамит 

7. Қазақстандық саясаттанушылар лаңкестікке және Ақтөбедегі оқиғаларға қатысты пікір білдірді

Содырлардың сойқанынан ойран болған елдер, опат болған халық аз емес. Өткен жылдың өзінде әлемде ірілі-уақты 11 774 теракт болған. 

Лаңкестер 92 мемлекетте лаң салды. Әсіресе Ирак, Сирия, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан мен Нигерия аумағында атылған оқ, жарылған бомбаның үні жиі естілді. 

Осы аптаның өзінде әлемнің қиыр-қиырында бірнеше террорлық оқиға болды.

Сейсенбінің таңында Түркияның Ыстамбұл шаһарында жарылыс ұйымдастырылды. Қаладағы аялдамалардың бірінің маңында бомба іске қосылған. 11 адам жан тәсілім етті. Отыздан астам тұрғын жараланды.

Сәрсенбіде Ирактың Кербела қаласында теракт болды. Қаланың қақ ортасында бомба қойылған көлік жарылып, 8 адам қаза тапты. Жараланғандар жиырмадан асады. Шабуыл үшін жауапкершілікті «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымы өз мойнына алды. 

Бейсенбі күні Израильдің ірі қалаларының бірі – Тель-Авивте атыс болды. Ағайынды екі палестиналық жергілікті дәмханалардың бірінде оқ жаудырып, 4 адамды мерт қылды. 15 адам жараланған. Қанды қолдар қолға түсті. Ел билігі олардың әрекетін теракт деп бағалады.

Жұмада содырлар Сирияның Алеппо қаласында Үкімет әскеріне шабуыл жасады. Қиян-кескі ұрыста 54 адам қаза тапты. Араларында бейбіт тұрғындар бар. Жараланғандар 100-ден асады. 

Атыс-шабысты «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымы мен «Джебхат ан-Нусра» радикалды тобы ұйымдастырған. 

Бұл оқиғалар лаңкестікте шекара жоқтығын көрсетеді. Бейбіт дінмен бүркемеленген зұлымдардың ойы біреу – бүтін жерде бүлік шығару. Оны Ақтөбедегі оқиғадан да аңғардық.  

Мырзатай Жолдасбеков, қоғам және мемлекет қайраткері

-Біз әркімге еріп, Исламның атын бұлғап, Исламды жамылып жүріп, Исламға, әділетке, кісілікке, парасатқа қарсы жұмыс істеп жүрген иттерді, ақымақтарды ғайбаттауымыз керек. Ол кімнен туса да қазақ емес. Мен оны қазақ деп есептемеймін. Оларды тіпті адамның баласына жатқызу қиын. Бұндай жамандыққа бармау керек. Біз бәріміз дүрлікпейік, даурықпайық, бізді қорғайтын күш те бар. Сосын Құдайға тәубә, мәмілеге келіп отырған халқымыз бар. Біз осыны қадірлеуіміз керек.

Әділ Ахметов, Халықаралық Түркі академиясы тіл және терминология орталығының жетекшісі

-Ақтөбедегі оқиғаны кім істесе ол істесін, мен айтар едім, бұлардың ойында жаман пиғыл бар. Қазақстанның бірлігін қаламайтындар, Қазақстан халқының ынтымағын қаламайтындар, халыққа үрей тудыру үшін әдейі жасалған қанқұйлы қылмыс деп айтар едім. Сондықтан біздің құқық қорғау органдарының дер кезінде осындай іс-әрекеттерді түп-тамырыменен жойып жіберуге арналған әрекеттерін мен құптаймын.

Ерлан Қарин, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры

-Осындай радикалды топтардың мақсаты қоғамда үрей туғызу болатын болса, біз өз тарапымыздан оған жол бермей, бірлігімізді, ынтымағымызды сақтай отырып, түрлі алып-қашпа әңгімелердің соңына ермеу керек. Қазір қоғам мен мемлекеттің бірлесіп іс жасайтын, бірлесіп тығыз жұмыс жасайтын сәті.

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы

-Біз тыныштықты жақсы көретін халықпыз. Бақуатты жақсы көретін, болашақты ойлайтын халықпыз. Сол себепті біз бір болып, терроризмге қарсы болып, терроризмді жойдыру керек. Бірақ террористі көрдің бе, оның қатты жазалау керек, аямау керек осылай қайталамауы үшін аямауымыз керек. 

Нұрлан Ерімбетов, Қазақстанның Азаматтық Альянсының төрағасы  

-Ең бастысы, қазір біз ел болып, бір отбасы болып бәріміз бірге өмір сүруіміз керек. Тағы да айтарым, меніңше балаларымыздың тәрбиесімен айналысуымыз керек. Мұның барлығы тәрбиенің жоқтығы. 

Қанды оқиғалар қайталанбауы үшін Қазақстан кешенді шаралар қабылдайтын болады. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгерістер енгізіледі. Парламенттің қос палатасы бұл жұмыстарға кідірместен кірісуге дайын. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Депутаттар өз тарапынан керекті жұмыстарды талқылайтын боламыз. Егер керек болса, заңдарға да өзгеріс енгізу мәселесін көтеруді жоспарлап отырмыз. Сондықтан осы жағдайлардан кейін қорытындылар жасалатыны сөзсіз. Енді осы бағытта қандай заңдарды дамыту керек, не істеу керек, бұл жағынан біз жұмысқа тікелей ат салысуға дайынбыз. 

8. Елімізде қауіпсіздіктің «сары», «қызыл» деңгейлері сақталып тұр

Террорлық ахуал – қауіптің деңгейіне байланысты «сары» «сарғылт» және «қызыл» болып үшке бөлінеді. Ақтөбеден өзге өңірлерде лаңкестік қатердің «сары» түсі белгіленгенін айттық. Бұл - аймақтардағы жағдайдың қалыпты екенін аңғартады. Бірақ сақтық үшін 40 тәулік бойына қауіпсіздік шаралары еселенеді. 

Қазір барлық қалалар мен елді мекендердің кіреберісінде сақшылар күндіз-түні кезекшілік етуде. 

Өткен-кеткен көліктерді тінтіп, құжаттарды тексеріп жатыр. Енгізілген «сары» деңгейдің талабы сол. 

Әуежайлардағы жағдай да осыған ұқсас. Қауіпсіздік күшейтілген. Тексерудің де, тексерушілердің де саны артқан. Сондықтан ұшар алдында әуежайға ертерек барған жөн. 

Марат Шыңғысов, «Халықаралық Астана әуежайы» АҚ басқарма төрағасының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары

-Қосымша тексеру бекеттерін қойдық. Авиациялық қауіпсіздік және тексеру қызметтерінен арнайы мамандар алдырдық. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін олар әуежайға келушілерді кіреберістен тексеріп жатыр. 

40 күн бойы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау саласының мамандары еңбек демалысына бармайды. Жұмыс орнынан алыстаған жағдайда басшылығын ескертуі шарт. 

Көшеде, адам көп шоғырланған орындарда күмәнді заттарды көзі шалса, сақшыларға хабарлауы керек. Ал күдік тудыратын адамдардан бойын аулақ салғаны абзал. 

Бастысы сақшылардың сақтық шараларына түсіністікпен қарауы қажет. Өйткені сын сәтте бірді-екілі бүлікшінінің бой көрсетіп қалатыны бар. 

9. Елдің берекесін бұзбақ болған Төлешовтің ісі тергеліп жатыр

Елдің берекесін қашыру әрекеттері бұған дейін де болған. Күні кеше жер реформасын желеу етіп, 21 мамыр күні жұртшылықты көшеге шығуға үгіттеу – соның бір айғағы. 

Халық мәселеге салмақпен қарады. Оның үстіне тәртіп сақшылары дереу әрекет етті. Сондықтан болар сол сенбіде жаппай қақтығысқа жол бермедік.

Дүйсенбіде Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасев қамауда отырған атышулы кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің елдегі заңсыз акцияларды қаржыландырғаны жайында мәлімдеді. 

Осылайша ол билікті күшпен басып алмақ болған. Тоқтар Төлешов жалғыз емес, жақтастары бар. 

Тізімде Бас прокурордың бұрынғы орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі Істер департаментінің экс-бастығы секілді бірқатар лауазымды тұлғалардың аты аталады. 

Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен жиынында жер мәселесіне қатысты жұртты дүрліктіріп, митинг ұйымдастыруға шақырғандар құрықталғаны мәлімденді. 

Оған сенсек, наразылық шараларын ұйымдастыруға «Шымкент сырасы» серіктестігінің бұрынғы бастығы демеушілік жасаған. 

«Тоқтар Төлешов арандату арқылы елдегі тұрақтылықты жойып, билікті тартып алуға бағытталған әрекеттер жасаған», – делінген ақпаратта. 

Ол сондай-ақ биыл мамыр айында аймақтарда болған тәртіпсіздіктерді де қаржыландырған. Құзырлы органдар мұны да хабарлады. 

30 қаңтарда Шымкентте арнайы операция кезінде белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов арнайы жасақпен қамауға алынған еді. Ресми мәліметке сай «Шымкент сыра» зауытының басшысына жантүршігерлік қылмыстар бойынша айып тағылды.

Құсайын Игембаев, ҚР Бас прокуратурасының департамент бастығы

-Арнайы прокурордың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландыру, ұйымдасқан қылмыстық топты басқару, заңсыз есірткі заттарын сақтау күдіктермен «Шымкентпиво» серіктестігінің бас директоры Тоқтар Төлешев пен және оның айналасындағы бірнеше адамдарға қылмыстық іс тергелуде. Көрсетілген әрекеттермен қатар Төлешевке ауыр және аса ауыр, соның ішінде адам өлтіруді ұйымдастыру және адамды ұрлау, түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын келтіру, басқа біреудің мүлкін қасақана жою, рейдерлік сияқты қылмыстармен айып тағылуда.

Тоқтар Төлешов туралы мәлімет бар. Алайда көп емес. Шымкентте ол, әрине, өте белгілі, танымал адам. «

Әлбетте, қарапайым тұрғындар оны жиі жолықтырмайтын», – дейді камераға қарап сөйлеуден бас тартқан қала тұрғыны. 

Шымкент қаласының тұрғыны

-Тоқтар туралы жағымды да, жағымсыз да әңгімелер, әсіресе соңғы кездері көбейіп кетті. Балалар үйлерінде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды деп еститінмін. Ал өзінің көл-көсір кештер өткізгені туралы бейнежазбалар интернетке шығып жатты.

Иә осы ұлан-асыр кештер туралы қазір жиі айтылып жүр. Оның өзінің және ағайындарының туған күндеріне, мерейтойларына отандық және шетелдік саяси және өнер тұлғалары көптеп шақырылатын. 

Әсіресе әскери ұшақтар мен техниканы пайдаланып ауқымды шаралар өткізгені туралы қоғамдастық өз пікірін білдіруде.

Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері

-Ешбір Қазақстан азаматы қанша бай болсын, қанша таныс-тамырлары болсын ондай заңсыз әрекеттерге бармайды. Ол әскери топтардың жасағанын интернеттен көреміз.

Сондай-ақ Бас прокуратурадағы брифингте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Төлешовтің одан да басқа қылмыстарға қатысы барын айтты. Күдікті тергеу изоляторында отырып, еліміздің бірнеше қаласында заңсыз шаралардың өтуін қаржыландырған.

Руслан Карасев, ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі

-Атырау, Астана, Алматы, Қызылорда қалаларында Жер реформасы деп аталатын наразылық акциялары Төлешов мырзамен өткен жылдың желтоқсанында дайындалып, қаржыландырылғандығы туралы дәлелдер алынды. Аталған наразылық акциялары бұдан да ертерек өткізілуі керек екендігі нақты анықталған. Бірақ Төлешевтің тұтқындалуына байланысты акцияны ұйымдастыру уақыттары тікелей ұйымдастырушылармен өзгертілген. Қазіргі таңда олардың кейбірі тұтқындалған.

Сондай-ақ қамауда отырса да, Төлешовтің Сарыағаш қаласында мамыр айында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға әрекет еткені белгілі болды. 

Ұлттық кауіпсіздік комитеті өткізген іздестіру жұмыстары кезінде жасырын орындардан қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар тәркіленді. 

Тергеу амалдары нәтижесінде кәсіпкердің елдегі қалыптасқан жағдайды пайдаланып, билікті күшпен басып алуға дайындалғаны анықталды. Өзінің жоспарын іске асыру үшін Тоқтар Төлешов бірқатар лауазымды тұлғамен бірлесіп жұмыс істеген. 

Руслан Карасев, ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі

-Олардың қатарында ҚР Бас прокурорының бұрынғы орынбасары Бақтыбаев Ильяс, ОҚО ІІД бұрынғы бастығы генерал -майор Досқалиев Ғибратулла, ОҚО ІІД бастығының бұрынғы орынбасары полиция полковнигі Айтпеков Сәкен бар. ҚР Қорғаныс министрлігі Оңтүстік аймақтық басшылығының 35-748 және 55-652 әскери бөлімдерінің командирлері, полковниктер Жумин Бекзат және Пернебаев Қайрат та бар.

Ал саясат және әлеуметтанушы ғалымдар: «Мұндай шараларға баратындар ел ішіне іріткі салып, тәртіпсіздіктер орнатуды көздейді, өздерінің жеке басының пайдасын ғана ойлайды», – дейді.

Марат Башимов, Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры

-Түрлі-түсті революциялардың тетігі қалай іске қосылатыны белгілі. Криминалдық құрылымдарды белгілі бір қызығушылығы бар тұлғалар қаржыландырады. Мақсат біреу ғана - билікті күшпен басып алу. Осы орайда тиісті органдар кәсіби және шапшаң әрекет етті.

«Тағылған айыптар мұқият тексерілуі тиіс. Ал егер дәлелденсе, жауаптылар тиісті жазасын алуы қажет», – дейді қоғам қайраткерлері.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Егер заң жүзінде солардың бәрі дәлелденген болса, солардың сондай әрекеттері осылай жасалған болса, оларды үлкен жауапқа тарту қажет. Олардың ісіне бүкіл қоғам болып, заң орындары өзінің бағасын береді деп есептеймін. Өкінішке орай Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болған кезде жасампаздық пен өмір сүріп жарқырап, өсіп келе жатқанда халқымыздың арасында мынадай жағдайдың шығуы қатты қынжылтады.

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу амалдары әлі жалғасуда. Құзырлы орган қазір Тоқтар Төлешов пен оның сыбайластарының Ақтөбедегі қанды оқиғаға байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Авторлары: Ақбөпе Бәкір, Әбдез Рахманұлы, Мейрамбек Ахмаханов 

10. Мемлекет басшысы Назарбаев Университеті студенттеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты

Бүгін Елбасы Астанадағы Назарбаев Университеті студенттеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты. Оқу орнын құрудағы негізгі мақсат жоғары деңгейдегі мамандар даярлау болатын. Осы тұста Президент түлектерді отандық экономиканы гүлдендіруге шақырды.

Назарбаев Университеті – әлемдік деңгейдегі ғылым мен білімнің орталығы. Студенттер мұнда тегін оқиды. Қаржының бәрін мемлекет өтейді. 

Мәселен, 4 жылдағы бір ғана бакалавриат бағдарламасының құны – 87 мың доллар болады. Бұл жақсы маман дайындаудың қамы. 

Бүгін Назарбаев Университетінен де 622 түлек түлеп ұшты. Оқыды, тоқыды, білім алды. Енді әрі қарай қанат қағып, үлкен өмірге араласқалы тұр. Бірі оқуын жалғастырса, бірі жұмысқа кіріседі. Жастардың қуанышында шек жоқ. Шаттығын бөлісу үшін Нұрсұлтан Назарбаев білім шаңырағына арнайы атбасын бұрды. Игі дәстүрге айналғандай. 

Былтыр алғашқы қарлығаштарын түлеткен Елбасы, биыл да жас өрендермен бірге. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Біз заманның қиындықтарына қарамай, экономиканың қиындықтарына қарамай, сендердің алаңсыз білім алып, қамсыз өмір сүру үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Сендер де еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етулерің, барша жастарға үлгі болуларың қажет. Қай салада қай жерде еңбек етсеңдер де, еңбектерін қасиетті Отанымыз Қазақстанның игілігіне жұмсалатын болсын. Барлығыңа сәт-сапар тілеймін! Біздің Тәуелсіздігіміздің ұясынан ұшқан ұрпақсыңдар, менің қолымнан ұшқан ұрпақсыңдар. Сол үшін мемлекеттің осы қамқорлығын бағалап, жан аямай елге қызмет істейді деп сенемін.

Назарбаев Университеті әлемдік деңгейде мамандар даярлайды. Елдің үздік оқу орны. Оқытушы-профессорлары да мыңнан тұлпар. Жаһандағы үздік тәжірибелер топтасқан мұнда. Материалдық-техникалық база жоғары деңгейде білім алуға мүмкіндік береді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы все гордимся, что университет состоялся как научно-образовательный центр мирового уровня, о чем я мечтал. При этом для студентов обучение абсолютно бесплатное. Вы это должны понимать. Не один университет в мире не обучает за счет государство. Там обучается за счет студентов и родителей. Стоимость образования в Назарбаев университете по программе бакалавриата в среднем за 4 года составляет 87 тысяч долларов, магистратуры – 36 тысяч долларов. Все эти расходы покрывает государство, потому что нам очень нужны кадры. Такова ни где в мире нет.

Мемлекет шетелде оқу шығындарын мойнына алды. Мұны сыртта жүрген студенттер түсінулері тиіс. Соммалар қомақты. 

Ұлыбританияда бір жыл оқудың өзі – 55 мың доллар. АҚШ-та екі жылдық мерзім 136 мың доллардан асады. Президент жаһанның кез келген жерінде білім алуға мүмкіндік ашты. «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асты. 

Осыдан 6 жыл бұрын Астанада заманауи университет бой көтерді. Бұл да жастардың игілігі үшін. «Енді осында білім алған мамандар, жиған-тергенін Отанын гүлдендіруге жұмсауы тиіс», – деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Руководству университета следует переориентироваться в вопросах трудоустройства выпускников, более активно взаимодействовать с казахстанскими работодателями. Национальные холдинги и компании страны, государственные органы сами должны быть заинтересованы в отечественных специалистах международного уровня и работать совместно с Назарбаев Университетом по трудоустройству выпускников. Попечительский Совет и руководство Университета должны заняться этими вопросами и направить Правительству конкретные предложении. 

«Білімді мыңды жығады» деген бар. Қазір біліктілердің заманы. Инновация, индустрия мен технологиялардың тілінде сайрайтындар асқақ тұр. 

Қазақ жастарының да жігері тасып, оқуға деген құштарлық басым. Мұны бүгінгі диплом алушы түлектердің жүздерінен байқадық. Елбасының ұлағатын құлағына құйып, көкейіне түйген жастардың айтары бір: Ел сенімін ақтаймыз! 

Ирина Федорова Назарбаев Университетінің түлегі

-Қазақ халқында «Батаменен ер көгереді» деген ұлы сөз бар. Міне, біздер Сіздің батаңызбен көгеріп, университетті сәтті аяқтадық. Құрметті Елбасы, әлемдік деңгейдегі халықарлық университет ашу идеяңыз Қазақстан болашағына деген үлкен жоба. Үлкен инвестиция. Біз сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз!

Зайра Әлібай, Назарбаев Университетінің түлегі

-Осы дипломымды алдым. Енді алға самғауға, жоғарыға ұшуға дайынмын. PHD дәрежесін алғым келеді. Содан кейін Қазақстанға қайтып келіп өзімнің заводымды ашқым келеді. 

Ернат Тұрсынбай, Назарбаев Университетінің түлегі

-Елбасымыздың қолынан диплом алған өте қуанышты сәт мен үшін. Мен оған барған кезде ол кісі менен сұрады: «Қай мамандықты бітіріп жатсың?», – деді. Мен: «Биология», – дедім. Ол кісі айтты: «Өте маңызды сала», – деп. Сол үшін мен өз оқуымды медицина саласында жалғастырамын. Және медицина саласында Қазақстанды дамытуға үлес қосамын деп ойлаймын. 

Ләззат Жаншаева, Назарбаев Университетінің түлегі

-Өте қуанышты сәттердің бірі. Сөзбен жеткізе алмаймын. Елбасының айтқан сөзі ерекше әсер етті деп ойлаймын. Оның сөздерінен біз әрдайым бата сияқты аламыз, тыңдап, оны орындауға тырысамыз.

Назарбаев Университеті халықаралық ғылым қоғамдастығының да қолдау-қошеметіне ие. Бірнеше жылдың ішінде оза шапқан оқу ордасын бүгінде білмейтін ел жоқ. 

Алан Руби, Пенсильвания университетінің аға ғылыми қызметкері

-Біз Назарбаев Университеті ашылмай тұрып, бірлесе жұмыс істей бастадық. Бағдарламаларды дамыттық. Бүгінде біздің жоспарымыз іске асты. Оқу ордасының түлектері өте білімді. Бұл жастар болашақта ұлт көшбасшысы болатынына сенемін. 

Жүйріктер мекені. Нағыз білімді, білгір жасты кемеліне жеткізетін орда. Олардың қамқоршысы көп. Арқа сүйер елі мен Елбасы бар. Үміт артады, ертеңіне зор сеніммен қарайды. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың алтын ұядан балапандарын ұшыруға арнайы келген себебі де сол – ұзақ жолға шыққан жастарға сәт-сапар тілеу. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Біздің Туымызда бүркіттің мүсіні бар. Бүркіт деген қазақ үшін қастерлі құс. Ұясын үлкен шыңдарға салады. Балапандарын сол жерде шығарады. Балапандарының қанаты қатып қарайған кезде келеді де желкесінен алып, аспанға шығарып тастайды. Қанаты қатқандары ары қарай самғап ұшып кетеді. Қанаты қатпағандары құлдырап төмен түскен кезде ана бүркіт ұшып барып, балапаның ұстап қайтадан ұяға отырғызады. Бірақ оған ешуақытта қайтып келмейді. Оның өмірі өзінің қолында болады. Сондықтан біз сендерді ұядан ұшырдық.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Мұхтар Ыбырайым, Қанат Әбілдин