Жеті күн 3.09.2016 - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жеті күн 3.09.2016

  • Сенбі, 03 Қыркүйек 2016 22:38
Сюжеттер
1. Елбасы Өзбекстан басшысының қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады 2. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент сессиясының ашылуына қатысты 3. Қауіпсіздікті күшейту бағытында бірқатар тың шаралар қолға алынады
4. Депутаттар демалыстан оралды 5. Елбасы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті 6. G20 саммиті ертең басталады
7. «Ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі» шартқа 183 мемлекет қосылды 8. Сарапшы: Елбасының ядролық қарусыздану бастамасын өзге елдер қолдайды 9. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік ақпарат құралдарына сұхбат берді
10. Елбасы Парламентаралық одақтың төрағасы Сабер Чоудхуримен және жазушы Леонид Млечинмен кездесті 11. Астанада күллі Орта Азияда жоқ би академиясы ашылды 12. Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінде болды
 
13. Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады 14. 370 мың оқушы бірінші сыныпқа барды  

1. Елбасы Өзбекстан басшысының қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Бауырлас өзбек халқы қара жамылды. Кеше Өзбекстан Президенті Ислам Каримов 79 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды зор күйзеліспен қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдады. 

«Қазақстандықтар бұл мезгілсіз әрі орны толмас қазаның ауыртпалығын бауырлас Өзбекстан халқымен бірге бөліседі. 30 жылдай қанаттаса жұмыс істеген досымнан айрылғаныма қайғырамын. Ол өзінің бүкіл өмірін туған халқына қалтқысыз қызмет етуге арнады.  Әрдайым Қазақстанның сенімді досы болды және біздің халықтарымыздың арасында достық пен тату көршіліктің нығая түсуіне үлкен үлес қосты. Ислам Абдуганиевич Каримовтің туыстары мен жақындарына және елдің басшылығы мен бауырлас Өзбекстан халқына қатты қайғырып көңіл айтамын», – делінген көңіл айту жеделхатында. 

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев елдің экономикалық әлеуетінің дамуына, халықаралық беделінің өсуіне, қоғамның әл-ауқатының артуына ықпал еткен ауқымды өзгерістердің жүзеге асырылуы Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің бастауында тұрған Ислам Каримовтің есімімен байланысты екендігін атап өтті. Елбасы тапсырмасымен жерлеу рәсіміне қазақстандық делегацияны Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бастап барды. Осыдан бірнеше күн бұрын Ислам Абдуғаниұлының денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түскендігі туралы хабар тараған.

Өзбекстандық және шетелдік түрлі ақпарат көздері жариялаған бұл деректі ресми органдар растады. Күні кеше ел Үкіметі ресми сайтында Ислам Каримовтың миына қан құйылып, ауыр халде жатқаны жарияланды. Кейін  Өзбекстан Президентінің қайтыс болғаны туралы суыт хабар айтылды. Елде үш күндік аза тұту күні жарияланды. Ислам Абдуғаниұлын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі бүгін туған жері Самарқанда өтті. Ислам Абдуғаниұлы Өзбекстанды ширек ғасырдан бері басқарды. 

Еңбек жолын қарапайым зауыт қызметкері болудан бастаған. Ташкент авиация өндірістік бірлестігінде алдымен инженер, кейіннен конструктор болды. Өзбекстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінде бас маманы қызметінен төрағаның 1-ші орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Өзбекстан қаржы министрі сынды бірқатар жауапты қызметтерді атқарған. 1989 жылы Өзбекстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы, 1990 жылы 24 наурызда Өзбекстан Ұлы кеңесінің сессиясында Өзбекстан Президенті болып сайланды. 1991 жылдың тамызында ел тәуелсіздігін жария етті. Содан бері 25 жыл қатарынан елді басқарды.

2. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент сессиясының ашылуына қатысты

Бұл апта қауырт болды. Айтылған мәселелердің жай-жапсарын талдау үшін, мән-маңызына терең үңілу үшін студияға белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Әділ Ахметовті шақырдық. Әділ Құрманжанұлы, қош келдіңіз! Сонымен, жылдағы дәстүр бойынша Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент сессиясының ашылуына қатысты. Елбасы ерекше мән берген жайт – Ұлт жоспары. Нақтырақ айтқанда «100 нақты қадамды» заңнамалық қамтамасыз ету әлі жалғасады. Осы тұста Елбасының сөзі тыңдайық. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Бес институттық реформаның жүзеге асырылуы, Ұлт жоспарының анықтамалығы қарқынды түрде жалғасуы қажет. Былтырғы жаңа реформаларды жалғастырып, сөзбен емес, іспен жұмыс істейтінімізді әлемге дәлелдеуге тиіспіз. Кәсіби Парламент өзіне жүктелген тарихи міндеттің абыроймен атқаратынына сенемін. Дегенмен, кезек күттірмейтін заңдар деп, былтырғыдай заңның сапасын жоғалтып алмайық. Осы естеріңізде болсын.

Ринат Думанұлы, тележүргізуші

-Әділ Құрманжанұлы, Ұлт жоспарының жүзеге асып келе жатқанына міне, тоғыз ай да өтті. Алғашқы нәтижелеі қандай деп ойлайсыз? Пікіріңізді білсек.  

Әділ Ахметов, Мемлекет және қоғам қайраткері

- Неге қол жеткіздік деген мәселеге келетін болсақ мынау ҮИИД бағдарламаның арқасында Қазақстанда көп дүниелер іске асырылып жатыр. Соның бір - екі көрінісін айтуға болады. Тек қана мемлекеттік мәні бар 10 жарым мың километр жол салынып, күрделі жөндеуден өтті. Тек қана тас жолдар ғана емес, темір жолдар да. Осы сессияда біздің  Президент тағы да үлкен мәселелер қойды. Депутаттар тағы да 50 заңды талқылап, қабылдау керек. Өйткені ҮИИД бағдарламаның жаңа бес жылдығы басталып отыр. Оның үстіне биылғы жылдың өзі үлкен жыл. Өйткені біздің егемендігіміздің 25 жылдығымен сәйкес келіп тұр. Сондықтан кез-келген үлкен бағдарламалардың оның заңдық негізі, іргетасы болу керек. Міне, осы мәселеге Президент үлкен екпін қойды.

Ринат Думанұлы, тележүргізуші

-Енді заңнамалық процеске қатысты Президент сөз жоқ үлкен басым бағыттарды анықтап берді. Халық үшін, азаматтар үшін бүгінгі дүрбелеңде тұрған дүниежүзіндегі жағдайдың алдында Елбасы қай мәселеге ерекше приоритет берді деп ойлайсыз?  

Әділ Ахметов, Мемлекет және қоғам қайраткері

- Экономикаға. Бұдан былай экономиканы басқаша дамытуға Президент екпін беріп отыр. Мен былай деп түсіндірер едім. Тек шикізат емес, қазір шеттен келген инвестицияны тек ақшалай ғана алмай, сол елдерден жаңа технологияны игеру үшін жаңа өндірістер ашылу керек. 

Ринат Думанұлы, тележүргізуші

- Жақсы. Әңгімені осы жерден үзе тұрып, сюжетке кезек берейік. 

Жаз бойы тыныққан депутаттар жаңа саяси науқанға кірісті. 2 ай бойы тым-тырыс болған Парламент абыр-сабыр. Бір-бірін біраздан бері көрмеген сенаторлар мен мәжілісмендер дәлізде-ақ қол алысып, құшақтасып жатты.  Кейбірінің демалысты жақсы өткізгендері байқалып тұр. Көбісі ауыл аралап, халық жағдайымен де танысып үлгеріпті. 6 шақырылымның 2-ші сессиясына қос палатаның депутаттық құрамы бірі қалмай қатысты. Үкімет мүшелері де осында. 

Конституцияға сәйкес Президент сөз алмас бұрын еліміздің мемлекеттік Әнұраны орындалды. Бой жазып келген депуттардан бұрын гимнді Елбасының өзі дауыстап шырқап, өзгелерге үлгі танытты.  Ал үнсіз тұрғандарға Мемлекет басшысы ескерту жасады. 

Енді жұмыс Әнұранды жаттаудан ғана басталмайды. Еліміз Тәуелсіздік тарихының екінші ширегіне қадам басты. Жаһанда күн сайын өзгеріс. Оған Қазақстан да бейімделе білуі қажет. Осы тұста Парламент қабылдаған заңдар аса қажет. Демалыстан келген депутаттардан Мемлекет басшысы нәтижелі жұмыс күтетінінін білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- Биылғы сессия қастерлі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлайтын кезеңге сай келіп отыр. Қазір әлемде аса күрделі кезеңдердің бірін бастан кешіп отырмыз. Шекара талғамайтын терроризм мен экстремизм дүниенің барлық қиырын шарлап келеді. Мұның бәрі жаһандық әлемнің ажырамас бөлігі Қазақстанға да ықпалын тигізбей қоймайды. Соған қарамастан, біз заманның сындарлы  қатеріне жауап беру үшін зор қызметтер атқарып келе жатырмыз. Еліміз тәуелсіздік тарихының екінші ширегін тың қарқынмен бастайды деп сенемін. Біз Қазақстан 2050 стартегиясында көздеген мақсатарымызға үздіксіз ұмтылатын боламыз. Алдымызда үлкен міндеттер мен ауқымды жұмыстар тұр. Бұл орайда Парламентке зор жауапкершілік жүктелетінін өздеріңіз білесіздер. 

Өткен қателіктерді еске салған Президент бұл жолы заңдардың халыққа дұрыс жеткізілуін талап етті. Азаматтардың күнде теледидар көріп, не газет оқуға мүмкіндігі жоқ. Ал Парламент қалай да болса өзгерістерді ел құлағына жеткізуі тиіс. Жалпы кез келген құжат мәселені ушықтыру үшін емес, шешу үшін қабылданады. Бірақ бізде әзірге ол бағыт дұрыс іске аспай отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Плохой опыт прошедшего времени нам должен говорить о том, что надо уметь разъяснять законы, а не делать никому для новшества для всего народа. Особенно важно усиливать роль депутатов  Сената и Мажилиса. Цели и задачи нового законодательства. На самом деле если любой закон взять он нацелен на то, чтобы решить какой-то важный вопрос для людей, для народа. Но вот этого не доводится до конца.

Елбасының тілге тиек етіп отырғаны өткен жылы қабылданған Жер кодексі. Аталмыш заңды құжат бойынша ауыл шаруашылығына қосымша қаражат тарту көзделген еді. Бірақ оны қоғамға дұрыс түсіндіру жағы жеткіліксіз болды. Маңызды бағыттарды түсінікті тілмен жеткізу ісімен енді арнайы құрылған комиссия айналысуда. Кемшін тұстар жіктеліп, біраз ұсыныстар түсуде. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- На самом деле мы не учли, что в одни руки не надо давать сотни тысяч гектар сразу. Нигде такого в мире нет. А мы в разгаре первых дней нашей работы в этом направлении позволили всю и вся. За все, за землю, человек получивший должен отвечать. Земля дается тому, у кого есть сельскохозяйственный опыт. Он умеет работать фермером. Имеет образование, опыт. У нас кто попало прихватил и сейчас через прокуратуру, судом возвращаем землю государству, потому что за эти годы эта земля заросла бурьяном и приносит убыток даже соседям. 

Экономикалық санкциялар мен деген елдердің өзін есеңгіретті. Ол Қазақстанға да әсерін тигізбей  қоймады. Мұнай бағасының құлдырауынан мемлекет табысы азайды. Сауда-саттық, инвестиция мен тауар айналымы төмендеді. Сондықтан мемлекет қабылдаған дағдарысқа қарсы іс-қимылдар бұдан әрі қарай да жалғасын табады. Елді шикізатқа тәуелділіктен арылту бүгін де өз қажеттілігін жойған жоқ. Экономика әлеуеті экспортқа бағытталып, шағын және орта бизнес пайда беретін кез келді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- Кстати, в первой декаде этого месяца состоится и готовимся мы к расширенному заседанию правительства, где я предложу новые меры для поддержки занятости, повышения доходов нашего населения, то есть новые средства для того, чтобы нам дать «дышать» экономике и развиваться, чтобы начали работать наши банки, началось кредитование, на местах расширить возможности.

Өткен сессия оңай болған жоқ. Депутаттар 3 ай ішінде 12 заң жобасын мақұлады. Елбасы жаңа сессияда да ешкім бос отырмайтынын байқатты. Алдағы уақытта  50 заң жобасын қарау қажеттігін айтты. Оның ішінде 7 жоба халық қалаулыларының бастамасы. Өткеннен қалған 27 заң қарауда жатыр. Үкімет те Мәжіліске 4 заңды ұсыныпты. Жыл соңына дейін тағы 7-і түседі. Бұдан бөлек алдағы күндері қазына қаржысы есептеле бастайды. Президент қаражатты игере алмау сияқты жылда қайталанатын қателікке жол бермеу керегін қатаң түрде ескертті. Ақша сұрағанда соңғы сөзін айтып, жұмсағанда жауапкершілік танытпайтындарға бір тиын да бермеуді тапсырды. Ал әлеуметтік төлемдер қандай жағдайда болса да қысқартылмауы тиіс. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- Парламенту предстоит рассмотреть и принять законопроект о республиканском бюджете на трехлетний период. В нем будут определены принципы и подходы бюджетной политики на 2017-2019 годы с учетом глобальных тенденций и рисков,  о которых я говорил выше. Надо законодательно обеспечить сохранение расходов бюджета на государственный социальный пакет. Речь идет, прежде всего, о пенсиях, пособиях, стипендиях и других социальных выплатах. Важно выстроить бюджетную политику таким образом чтобы ни при каких обстоятельсвах не было допущено снижение уровня жизни Казахстанцев. 

Мәжілісмендердің айтуынша осы жолы да бюджетті қарастыру көптеген бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Тарта жесең тай қалады. Жедел іске асыруды қажет етпейтін жобаларға биыл да қаражат бөлінбейді. Ал қазынаны қазып алып, оған атүсті қарағандарға жаза күшейтіледі. 

Шавкат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Айналада дағдарыс болған жағдайда біз үйреніп те қалдық. Соңғы уақытта көбінесе көздеген бюджетімізді параметрларымызды қысқартамыз. Мысалы 2016 жылдың басында бөлінген еді. Бірақ біз жаңадан басталған құрылыстарды тотатқан едік. Бірақ содан кейін қосымша қаржы көздері ашылғаннан соң биылғы бюджеттің өзінде көптеген қаражат даму бюджетіне бөлінді. 

«Парламент – халық мүддесін қорғайтын орган. Сондықтан қос палатадағы талқылаулар, бекітілген шешімдерге қоғам қанық болуы тиіс. Елбасы депутаттардың әрбір бастамасы мен ұсынысын бұдан былай ашық түрде, керек болса онлайн режимде жұртқа жариялауды тапсырды. Бірлескен отырыстар мен кеңейтілген жиындар қоғамға қызық әрі қосымша ақпарат. Бұл да халыққа жақындаудың тәсілі», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Айтпақшы, қос палатаның бірлескен жиыны сол күні  ақ алғаш рет Мәжілістің сайтында тікелей таратылды.  

Авторлары: Эльвира Тағайқызы, Еділ Ермекбаев, Азамат Сәметов

3. Қауіпсіздікті күшейту бағытында бірқатар тың шаралар қолға алынады

Қазақстан да әлемнің көптеген елдері секілді лаңкестікпен бетпе бет келді. Парламент сессиясының ашылуында депутаттық корпусқа жүктелген міндеттің бірі – ел қауіпсіздігін заңдық тұрғыдан нығайту.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

 -По моему поручению разработаны и вносятся в мажилис семь законопроектов по вопросам противодействия экстремизму, терроризму, контрразведывательной деятельности, дактилоскопической и геномной регистрации, пробации, укрепления информационной безопасности страны. Мы будем разрабатывать эти законы и будем предлагать депутатам их принятие ради безопасности нашей страны. Несмотря на всякие там дела как будто мы что-то нарушаем, самое главное – сохранить безопасность, стабильность в обществе, и люди чтобы спокойно работали. Прошу депутатов очень серьезно отнестись к этим предложениям и до конца этого года решить эти вопросы.

Ринат Думанұлы, тележүргізуші

-Әділ Құрманжанұлы, өзіңіз көрдіңіз, Ұлттық қауіпсіздікті күшейту бағытында терроризммен күресте бірқатар тың шаралар қолға алынбақшы. Соның ішінде дактилоскопиялық және геномдік тіркеулер жүзеге аспақшы. Бұл қаншалықты лаңкестікпен күресті күшейте алады сіздің ойыңызша?   

Әділ Ахметов, Мемлекет және қоғам қайраткері

- Әлемдік терроризммен күресу бұл оңай шаруа емес. Жеке мемлекет оны жеңе алмайды. Сондықтан барлық мемлекеттер бір-бірімен ықпалдасып отырып жеңуге мүмкіндігі болады.  Сондықтан жаңағыдай әдістерді қолданса, бір- бірімен ақпарат алмасуды күшейтсе, сонан кейін ЕҚЫҰ- нен, ШЫҰ, мынау Президенттің бастамасыменен қазір ұйым болуға аз-ақ қалған Азиядағы өзара сенім және іс-қимыл шаралары. Бұлардың бәрі осы қауіпсіздікпен байланысты. Сондықтан қауіпсіздік тек жеке мемлекетке керек емес. Ол бүкіл әлемге керек.  Сондықтан Президенттің ұсынысы тек қана өзіміздің ұлтымыздың мүддесінен шығып отырған жоқ. Бүкіл әлемнің үдесінен шығып отыр.

4. Депутаттар демалыстан оралды

Қос палатаның қалаулылардың жұмысы осы сессияда да қауырт болмақ. Жаңа маусымға депутаттар қандай қарқынмен келді? Жазғы демалысты қалай өткізді? Қайда болды? Кіммен кездесті?

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

- Мен немерелеріммен. Жеті немерем. Сол бәрімен кезек кезек демалдық.  Регионда мен маусымда болдым, бір жарым ай.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Төле би, Қазығұрт аудандарында аграрлық секторға қатысты реформалардың жақсы жүріп жатқанын көрдік.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Шекара аймақтарында өзімнің екі айлық демалысымды өткіздім. Ол бір шетінен дұрыс болды. Өйткені, шекарадағы алты-жеті сағаттық таудың арасында барып, таудың арасында шекара күзетіп жатқан адамның халін ешкім біле бермейді. Үлкен қуанышқа бөленді. 

Кей халық қалаулылары ел аралай жүріп, Риоға Олимпиадасын да назардан қалдырмаған. Ел намысын қорғаған спортшыларға кірпік ілмей қолдау көрсеткен.

Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Олимпиада басталғалы бүкіл үмітіміз, арманымыз Данияр Елеусіновте болды. Мен Батыс Қазақстан облысында жүргенде сол күні финалға шығып жеңімпаз атанды. Мен сол елдің бүкіл халқы қуанғанын көзіммен көрдім.

5. Елбасы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті

Қыркүйектің 4 мен 5-де Ханчжоуда  G20 саммиті өтеді. Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алқалы жиынға қатысады.

Ринат Думанұлы, тележүргізуші

-Әділ Құрманжанұлы, бұрыннан қалыптасқан дәстүрге сәйкес  G20--ның қожайын мемлекеті тек екі елді ғана қонақ ретінде, арнайы делегат ретінде шақыра алады. Бұл жолғы саммитке осы саммиттің қожайыны Қытай Қазақстанды екі елдің бірі ретінде шақырып отыр. Бұл нені көрсетеді?

Әділ Ахметов, Мемлекет және қоғам қайраткері

- Қазақта ата сөз бар. Жасы кіші демегін, ақылы асса аға ғой. Қой асығы демегін, қолыңа жақса сақа ғой дейді. Қазақстан 18 млн халқы бар, бірақ территория жағынан 9-шы орында болғаныменен әлемдегі орны бөлек. Өйткені Қазақстан антиядролық қозғалыстың басында келе жатқан мемелекет. Міне, осындай әлемдік үдерістерге үлкен үлес қосып отырған мемлекеттің басшысы ретінде шақырып отыр. 

Айта кетейін, кеше Нұрсұлтан Назарбаев Ханчжоуда Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Төрт құжат бекітілді. Соның бірі – «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларын ұштастыру жөніндегі ынтымақтастық жоспары.

Алыс туған ағайыннан жақын тұрған көрші артық. Қытай төрағасының Қазақстанға деген көзқарасы осындай! Нұрсұлтан Назарбаевты үлкен жиырмалықтың жиынына арнайы шақыруы берік достықты білдіреді. Көшбасшылардың саммит қарсаңында кездесуі де серіктес елдердің ынтымақтастығын аңғартып отыр.

Қос көшбасшының биылдыққа үшінші жүздесуі бұл. Жемісті деуге негіз бар. Сауда-экономика, көлік-транзит, отын-энергетика мәселелері қозғалды. Аралас-құралас болып кеткен екі елдің бұл бағыттарда жоспарлары көп. Дегенмен, әңгімені Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге жұмыс сапарымен келуге, G-20-ға қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтудан бастады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Хочу поблагоданить совершить рабочий визит перед очень вжным мероприятием. Мы очень выско ценим. Председательствоаание было в непростое время китай 20 , и повестка дня очень важная на современном этапе всего мира. И то что рассмариваютя сугубо экономчисекие проблемы – это задача перед всем миром. Встретились в ташкенте и эти встречи инетнсивны. Доверие между кнр кз выросло на выскоий уровень. Наши отношения примеры для межгосударственных отношений. И межэкономичсекое сотрудничество подняли. Мы в этом году отмечаем 25 летиее незаивисмости. Это очень важная дата для всех. Создали образцовую модель отношений. Стратегического партнерства.

Қазақстан мен Қытай Азия өңірін алға бастап жүрген үзеңгілестер. Жаһандық диалогты нығайтуда берері мол. Бұл орайда Си Цзиньпин Қазақстанның өңірлік және әлемдік экономиканың дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ал екі ел қатынасына келер болсақ, стратегиялық серіктестік көпке үлгі боларлықтай дәрежеге жеткен. Былтыр қарым-қатынастың жаңа кезеңі туралы бірлескен декларация қабылданды. Келесі жылы дипломатиялық байланыстардың орнағанына 25 жыл толады. 

Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы

-Қазір барлық саладағы екіжақты серіктестік қарқын алып келеді, оның одан әрі дамуы жолындағы міндеттер айқындалды. Біздің қарым-қатынасымыздың орнағанына келесі жылы 25 жыл толатынын ескере отырып, өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайта түсу қажет. Сондай-ақ, бірлескен күш-жігер арқылы адалдық, өзара сенім, ауызбіршілік және өзара көмек рухындағы қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, стратегиялық үйлесімді, өзара тиімді ынтымақтастықты күшейте түсу керек. 

Қазақстан мен Қытай стратегиялық әріптес қана емес. Ірі сауда серіктестер. Еліміздің жалпы сауда-саттығының 17 пайызы осы елге тиесілі. Былтыр тауар айналым 10 млрд доллардан асқан. Қытай деректеріне сүйенсек, бұл көрсеткіш тіпті 14 млрд-қа жуықтайды. Қалай болғанда, алыс-берісі мен барыс-келісі көп әріптестердің болашаққа жоспары айқын. Сауданы ұлғайтып, бірлескен инвестициялық жобаларға серпін беру. Инвестициялардың дені көлік, мұнайгаз, құрылыс және тау-кен саласын қамтиды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Экономическиу отношения оцениваю положительно . В рамках решения программ произвосдвтенных отнений между нашими странами, ожидаем в результате релазиацию этих программ на территории Казахстана для активного содействиы китайских компаний будет создана ряд технологическх предприятий. На сегодня подобрано 51 проект , общая стоиомсть больше 20 млрд долларов. Это ваша подадержка и мы над этим работаем . В этом году осуществлены два крупных проекта- автомобильные предприятия, нефтепереработка. В следущем году четыре проекта. До 2020 года большая программа. 

Бұл сапардан соң серіктестік нығая түсері хақ. Ол үшін бірнеше құжат бекіді. Жібек жолы мен «Нұрлы жолды» үйлестірудің ынтымақтастық жоспары мақұлданды. Енді сауда, көлік, логистика мен Қытай жүктерін батысқа тасымалдау әлеуеті тек арта бермек. 

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі

-«Нұрлы жол» мен жібек жолын ұштастыру жоспарында екі ел басшыларының негізгі бастамалары көрініс тапқан. Сауда, көлік-логистика, транзит мәселесі, Қытай мен Еуропаны байланыстыруға бағытталған негізгі жоспар. Бұл келісім Астана мен Пекиннің ұзақмерзімді серіктестікке мүдделі екенін көрсетеді. Екі елдің экономикалық жоспарлары бірін-бірі толықтырып отыр. Сол арқылы Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық қауымдастықты бірыңғай экономикалық алаңға жұмылдыруға мүмкіндік тудыруда. 

Тараптар ауыл шаруашылығында да ынтымақтастықты арттырмақ. Қытай бізден соя, май, ет тасымалдауға қызығушылық танытып отыр. Қытайға экспортталатын еттің сапасын қадағалу бойынша хаттама қабылданды. Бұл да маңызды құжат. Енді қазақстандық фермерлер көрші нарыққа өнімдерін емін-еркін сата алады. Қытай Қазақстан азық-түлігі мен тауарлары экологиялық таза ел деп мойындайды. Жылына 50 мың тонна соя сатып алуға ниетті. Бекіген келісімнен соң Қазақстан енді жылқы малын да экспорттай алады. 

Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі

-Жылына 60 мың тонна ет тасымалдауға мүмкіндігіміз бар. Бұл үлкен әлеует. Қытайлықтар біздің өнімдерге үлкен сеніммен қарайды. Себебі, сапасы жоғары, экологиялық таза. Көрші нарыққа балық та көптеп экспортталып жатыр. Осылайша, аграрлық сектордың экономиканың күретамырына айналуға мүмкіндігі мол. Ауыл шаруашылығындағы серіктестіктен экономикалық тұрғыда зор пайда көруге болады. Ет, сүт, балық пен астық Қазақстанның жаңа мұнайы мен газына айналуға қауһары жеткілікті. 

Осылайша, екі жақты келіссөздер жемісті болды. Бұл келісімдер тауар айналым мен инвестицияларды арттыруға серпін берері хақ. Ал қазіргі дағдарысқа орай сәл бәсеңдеп қалған алыс-берісті ұлғайтуың әлеуеті әлі зор екені анық. Бұған екі мемлекеттің басшысы сенімді. 

Авторлары: Жандос Жұмабек, Мұхтар Ыбырайым, Жұмағали Біршебаев, Руслан Жәкеев, Хасен Омарқұлов, Алмаз Омарғалиев

6. G20 саммиті ертең басталады

Сонымен G20 саммиті ертең басталады. Дәл қазір Ханчжоудан бізден әріптесім Мұхтар Ыбырайым байланысқа шығып отыр.

Мұхтар Ыбырайым, тілші

- Қайырлы кеш, Ринат! Біз қазір саммит өтетін халықаралық «Экспо» сарайының баспасөз орталығында тұрмыз. Жылдың басты жиыны жақындаған сайын мұнда журналистердің де саны арта түсуде. Жоғары лауазымды меймандардың басым бөлігі Ханчжоуға келгенін осыдан-ақ аңғаруға болады. Қытай тарапы жиырмалықтың жиынын өткізуге тыңғылықты дайындалған. Қытайдың жирымалыққа төрағалығы күрделі кезеңде өтіп жатыр. Әлемдік экономиканың өсімі төмендеуде. Сондықтан саммит мақсаттарының бірі жаһандық экономикаға серпін беру. G20 экономикалық мәселелерге зейін салып, әлемдегі ең өзекті мәселелерді шешуге күш салмақ. Бұл жиынға алғашқылардың бірі болып келген Қазақстанның да мақсаты соған саяды. Биыл саммитке дамушы мемлекеттердің басшылары көптеп шақырылғанын айта кету керек. Африка одағының төрағасы Чад Республикасы, АСЕАН-ның қазіргі төрағасы Лаос та осында. Сарапшылардың пікірінше, Қытай саммиті қатысушылар саны жағынан ең үлкен жиынға айналмақ. Осылайша Қытай үлкен жиырмалық қызметінің күллі әлемге қатысы бар екенін аңғартуда. Сондықтан, мұнда қабылданған шешімдерге жаһан экономикасының келешегіне тікелей байланысты болмақ. 

Ринат Думанұлы, тележүргізуші

- Мұхтар, үлкен жиырмалықтың отырысы ертең басталады. Елбасы қандай сессияларға қатысады?

Мұхтар Ыбырайым, тілші

- Ертең Нұрсұлтан Назарбаев саммиттің бірінші сессиясына қатысады. Азулы саясткерлермен бірге отырып, дамудың жаңа жолдарын қарастырады. Президенттің нақты қандай мәселелерге мән беретіні белгісіз. Бірақ оның тың бастамалар көтерері хақ. Жаһандық экономика жаңашылдықты талап етіп отыр. Әлбетте, алқалы жиындар мен биік мінбелерде айтылған мемлекет басшысының идеяларын әлемдік қауымдастық қошеметпен қабылдап жатады. Әсіресе, экономикалық бастамаларын жұртшылық жоғары бағалайтынын білеміз. Естеріңізге сала кетейін, бұл Елбасының жиырмалықтың жиынына алғаш рет қатысуы емес. 2013-жылы Владимир Путиннің шақырумен Санкт-Петербор саммитінің де мәртебелі мейманы болған.

Ринат Думанұлы, тележүргізуші

-Рахмет! Бізбен байланысқа шыққан саяси шолушымыз  Мұхтар Ыбырайым. 

-Әділ Құрманжанұлы, бір сұрақ.  G20 саммитінің тақырыбы - инновациялық, өзара байланысты, тұрақты және инклюзивті экономика құру. Осы тақырыпқа қатысты біздің мемлекеттің күн тәртібіне енгізер қандай ойы болуы мүмкін?  

Әділ Ахметов, Мемлекет және қоғам қайраткері

- G20 - ның экономикаға үлкен екпін қойып отырғаны өте дұрыс деп айтамын. Өйткені, көп түйткілдер осы жерде шешілуі тиіс. Өйткені, G20 - ға әлемдегі барлық мемлекеттер келеді. Халықаралық та, сонан кейін шақырылған мемлекеттер бар. Оның ішінде Қазақстан да өзінің пікірін айтатын болады деп ойлаймын. Оның үстіне Қазақстанның моральдық және құқықтық правосы бар. Себебі, жаңа Жібек жолының бойында тұрған мемлекет. 2 жарым мың шақырым Жібек жолы Қазақстанның территориясымен өтеді. Транзиттік, көліктік мәселер бар бұл жерде. Осыған байланысты көптеген мәселелер шешіледі. Сондықтан қазақстанның үлесі өте үлкен болмақ. 

Ринат Думанұлы, тележүргізуші

-Әділ Құрманжанұлы, студиямызға келіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңіз үшін алғыс айтамыз.

7. «Ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі» шартқа 183 мемлекет қосылды

«Әскерилер ядролық сынақтар іс жүзінде адамдардың денсаулығына игі әсер етеді деп біздерді сендіргісі келеді. Бүгін бұл мемлекеттік қажеттілік екенін біз түсінеміз, бірақ мұндай жағдайда атомдық жарылыстардың қоршаған ортаға әсеріне нақты терең талдау жүргізілуі керек. Ал оның нәтижелерімен халықты хабардар етуге тиіспіз». 1989 жыл. Мамырдың 30-ы. Жоғары Кеңестің Мәскеудегі пленарлық отырысында Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, ядролық қаруды сынауға қатысты өзінің көзқарасын ашық білдірді. Сол кезде «үйшілік әңгімені сыртқа шығарды, Кеңес Одағының қорғаныс қабілетін төмендетті» деп Назарбаевты жазғырушылар көп болды. 

Әрине, бұл мәлімдеме «ядролық қаруды сынауды тоқтату» керек деген талап емес еді, бірақ, мазмұны тұрғысынан қарасақ, өте батыл бастама болатын.

Кейін көп ұзамай 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстанда ядролық сынақтарға тиым салған Президент Жарлығы шықты. Міне, содан бері 25 жыл өтті. 

Кеңес одағы ыдыраған тұста, еліміз қуаты бойынша әлемде төртінші саналатын ядролық арсеналдың мұрагері атанды.  Бір мысал, егер салыстырып қарайтын болсақ, Ұлыбритания (296), Франция (512) және Қытайдағы (284) оқтұмсықтарды қоса алғанның өзінде де олар бәрібір Қазақстандағыдан аз еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Для того чтобы отказаться от такого мощного потенциала, нужна была сильная политическая воля. Скажу откровенно, что часть нашего общества была подвержена соблазну сохранить ядерный статус. Потребовалось множество усилий, чтобы не поддаться на эти ложные искушения.

1949 жылдан бері Қазақстанда 456 ядролық сынақ өткізілді. Оның 116 ауада жасалды. Сол 1991 жылдың өзінде Семей полигонында 3 ядролық жарылыс өткізу жоспарланғанын қазір біреу білсе, біреу білмес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-По оценкам специалистов общее число граждан, подвергшихся облучению, составляет до 500 тысяч человек. Ещё несколько поколений казахстанцев будет ощущать на своем здоровье последствия тех губительных экспериментов. Казахстан и казахстанцы пострадали от ядерных испытаний, возможно, как никакая другая страна и народ в мире. 

Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай Астанада өткен конференцияға қатысқан қауымның қарасы көп болды. 

29 тамыз. Адамзат тарихындағы айтулы күн. Осыдан тура 25 жыл бұрын Қазақстан Президентінің жарлығымен жаһандағы ең ірі Семей полигоны жабылды. Біздің ел төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Бұл тарихи шешім – жахандық қауіпсіздік көшіндегі теңдессіз қадамдардың бастауы болды.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Халқымыз Тәуелсіздік таңы атар сәтте бейбітшілік жолын таңдайтынын барша әлемге паш етті. Бұл Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік көшін бастаған теңдессіз қадамдарының бастауы болды. Біздің бейбіт бастамаларымыздың бәрі де әлем қауымдастығының жаппай қолдауына ие болды. Соның нәтижесінде Қазақстан жаһандық ядролық қарусыз әлем қозғалысының көшбасшысына айналды. 

Қазақстан адамзат баласын тажал қаруынан бас тартуға үндеп келеді. Бұл жолғы форум да сол ізгі ниеттің бір көрінісі. Әлемнің 51 елінен келген танымал саясаткерлер мен ғалымдар жахандық қауіпсіздікті сақтау жолындағы қазақстандық бастамаларды талқыға салды.  

«Атом энергиясы 20-шы ғасырдағы ғылымның үлкен жетістігі. Бірақ оны соғыс қаруына айналдыру – адамзат тарихындағы ең үлкен қателік болды», – деді Елбасы. Қазақстан осы қасіретті жойып, бүгінгі және келешек ұрпақты  тажал қарудан құтқаруды көздейтіндігін айтты.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- Я убеждён, что в XXI веке человечество в силах пройти достойный путь к миру, свободному от ядерного оружия спасти нас, наших детей и внуков.

40 жыл қырғын көрген елдің азабын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ел жүрегінде ядролық сынақтардың ізі жатыр. Қасиетті Семей өлкесі сұрапыл атоммен суарылды. Жарты миллион адам зардап шекті. 465 жарылыс жасалса, оның 116-сы жер бетінде болған. Сол сынақтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 есе көп. Өкінішке қарай бұл зұлматтың қасіреті бүгінмен шектелмейді. Әлі бірнеше ұрпақ азабын тартады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Нужно выработать реально работающий механизм применения жестких мер против обладания и распространения ядерного оружия. Такие многосторонние соглашения необходимо утверждать резолюциями Совета Безопасности ООН. Казахстан добивается принятия в ООН Конвенции о полном и всеобщем запрещении ядерного оружия. 

«Ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі» Шарт 1996 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында қабылданған. Бұған 183 мемлекет қол қойды, 164 ел құжатты ратификациялады. Ал Қытай, Солтүстік Корея, Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Иран, Израиль мен Мысыр қол қоймай отыр. Олар келіссе, құжат заңды күшіне енбек. 

Хишам Бадр, Мысыр Араб Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

-Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің үндеуіне қарамастан, ядролық қаруға ие кей мемлекеттер әлем тұтастығына қауіп төндіріп отыр.  Осы тұста Қазастан ол қарудан бас тартуға болатынын көрсетті және өзгелерді де бейбітшілікте өмір сүруге шақырып келеді. Қазір осы идеяны насихаттауды кең көлемде жүргізуде. 

Келісімдерді құжатпен бекітудің мәні зор. Алайда саяси шиеленістер кезінде сөзден секіріп, қарумен сескендіріп отыратындар бар. Соның бірі – Солтүстік Корея. 

Хонг Ёнг Пё, Корей Республикасының бірігу жөніндегі министрі 

-Қазақтың басынан өткен жайттан сабақ алуымыз керек. Алайда Солтүстік Корея әлі күнге ядролық қаруды сынақтан өткізуін жалғастырып келеді. Ондай операцияның төртеуін жасады енді бесіншісіне дайындалып жатыр. Бұл сондағы полигонға жақын тұратын халықтың денсаулығына қауіпті. Қазірдің өзіне олардың түрлі ауруға шалдыққандығы анықталған. Бірақ оны көрмегендей, түк білмейтін кейіп танытып отыр. 

Қазақстан мен Жапония зұлмат қарудың қасіретін жақсы түсінеді. Елбасының ядролық қарудан ада әлем құрудағы бастамасын ұдайы қолдап, үн қосатындығы сондықтан.   

Мотоме Такисава, Жапонияның Парламенттік сыртқы істер вице-министрі

-Біз бұл қарудың зардабын шеккен ел ретінде Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құру бастамасын жақсы түсінеміз. Әсіресе Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесін ерекше атап өткім келеді. Онда халықаралық қауіпсіздік үшін маңызды жайттар айтылды. Сондықтан бірге жұмыс жасап жарылыс салдарын жоюға және ондай мәселенің енді туындамауына атсалысайық. 

Ширек ғасырда бейбітшілік пен ядролық қарусызданудың қазақстандық үлгісі жасалды. Елбасы әзірге бұл әлемдік тарихтағы бірегей мүмкіндік екенін баса айтты. Негізгі бағыттарды айқындап берді. Және осы тиімді модельді әлем елдеріне ұсына отырып, ядролық қарусыз әлем құрудағы тың пікірлерін ортаға салды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Всем ядерным державам надо приступить к переговорам о выработке Всеобщего договора о сокращении ядерных вооружений. В-четвертых, международная правовая база ядерной безопасности в XXI веке укрепила свою основу. По инициативе Казахстана Генеральная Ассамблея ООН приняла 7 декабря 2015 года, впервые в истории человечества, Всеобщую Декларацию о построении мира, свободного от ядерного оружия.

Мемлекет басшысы ядролық арсеналды қысқартуды сондай әскери  күш-қуатқа ие болып отырған барлық мемлекеттердің қатысуымен көпжақты үдеріске айналдыру керек деді. Бұл ретте жүйелі тетік, көп тарапты саяси шешімдер қабылдау халықаралық жоғары деңгейдегі сенімді қажет етеді. Қақтығыстарды болдырмау үшін жаңа халықаралық ұйымдар құру немесе қызмет етіп отырған ұйымдарды реформалау қажеттігін алға тартты. Сонымен қатар, қарапайым қару түрлері мен әскери технологиялардың таралуына бақылауды күшейткен де орынды.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- На государствах постоянных членах Совета Безопасности ООН, обладающих наибольшим арсеналом ядерного оружия, лежит особая ответственность перед всем миром. Вообще желательно бы было, чтобы они возглавили эту работу и сами с себя начали. Сокращение и уничтожение ядерного оружия. Иначе всем предлагать не обладать, не испытывать, а самим продолжать совершенствовать это оружие и испытывать – это не продуктивно. Мы обращаемся к ним, чтобы именно данные страны возглавили эту работу и показали пример.

Мемлекет басшысы ядролық қаруды азайту туралы жалпыға ортақ шарт әзірлеу жөніндегі келіссөздерді бастау керектігін алға тартты. Сарапшылардың дені Нұрсұлтан Назарбаев айтқан бұл бастамаларды қолдайтындықтарын жеткізді.  Алдағы уақытта ядролық қарусыздануға үлес қосқандардың еңбегі еленбек. Ол үшін арнайы сыйақы тағайындауды ұсынды конференцияға қатысушылар. Бұл бастаманы Президент те қолдады. Сыйлық иегерлерінің есімдері қараша айында Астанада өтетін Бейбітшілік саммитінде жария етілмек. Айтулы жиында жаһандық тұтастық пен қауіпсіздік мәселелері тағы да сөз талқыға салынады. 

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Мұхтар Ыбырайым, Эльвира Тағай, Жұмағали Біргебаев, Айдос Меделбеков

8. Сарапшы: Елбасының ядролық қарусыздану бастамасын өзге елдер қолдайды

Қорытып айтар болсақ. Жер бетін ядролық қарудан тазарту жөніндегі жұмыстар нәтижесінде, осы уақытқа дейін 50-ден астам мемлекет басшыларының араласуымен 3 мың тоннадай жоғары байытылған уран мен плутоний қауіпсіз жерге көшірілген. Жер жүзіндегі 40-қа таяу мемлекетте уран рудалары бар десек, бүгінде 13 ел жоғары байытылған ураннан құтылған. Уран өндірісі бойынша Австралиядан кейінгі орында тұрған Қазақстан да төмен байытылған уранға көшеді. 328 халықаралық өткізу бекеті радиациялық бақылау құрылғыларымен жабдықталған.

Ал Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздандыру бағытындағы ең сәтті бастамасының бірі – «АТОМ» жобасы. 2013 жылы іске қосылған жоба мақсаты – онлайн-петицияға ядролық қаруға қарсы жаһан жұртының қолын жинау. Сөйтіп, «Ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі» Шарттың тезірек Заңды күшіне енуіне ықпал ету. Қазіргі таңда петицияға әлемнің 100-ге жуық елінен 300 мыңнан астам азамат қол қойған. Сіз де мына сайтқа кіріп, өз даусыңызды қалдыра аласыз! Ал біз Астанада өткен халықаралық конференцияны қорытындылау үшін саяси ғылымдар докторы Төлеутай Сүлейменовтің пікірін білуді жөн көрдік.

-Төлеутай Ысқақұлы, өткен 25 жылдың ішінде әлемдік қауымдастықтың ядролық қарусыздануға қатысты көзқарасы қаншалықты өзгерді? Елордада өткен жиыннан осыны аңғара алдыңыз ба? 

Төлеутай Сүлейменов, Саяси ғылымдар докторы

-Сұрақтарыңызға көп рахмет. Былай айтуға болады сұраққа, әнеу күні 29-шы августте осы жерде үлкен жиын болды. 50 мемлекеттен Астанаға делегация келді. Олардың бәрі сөздерінде декларацияға өздерінің пікірлерін қосып, рахметтерін айтып көзқарастарын білдірді. Олардың бәрі резолюцияға қолдарын қойып бізді қолдап, біздің Президенттің Нұрсұлтан Әбішұлының бастамаларын қолдап, осы 25 жылдың ішінде өзгердік деп айтып кетті. 

«Ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі» Шартқа бүгінде 183 мемлекет қол қойды, 164 мемлекет құжатты ратификациялады. Ал, Қытай, Солтүстік Корея, Үндістан, Пакистан, АҚШ, Иран, Израиль, Египет неліктен қол қоймай отыр? Қоюы мүмкін бе?

Төлеутай Сүлейменов, Саяси ғылымдар докторы

-Сұрақтарыңызға көп рахмет жауап берейін. Бұл сұрақты біз білеміз, белгілі сұрақ жаңағы мемлекеттер неге қол қоймайды, неге десең олардың ядролық қарулары бар. Египет, Израилдер, Солтүстік Корея разработка жасап жатыр. Пәкістан, Үндістан оларда бар деп айтылады. Олардың бәрін жаңағы мемлекеттерді  құрама штаттар қолдайды. Сондықтан оларда ядролық мемлекет боламыз дейді. Бірақ біз ойлаймыз, әнеу күні конференция өтіп кетті. Сонда да айтылды біз бәріміз жиналып осы мемлекеттерге қол қойғызуымыз керек декларацияға деп сондай келісімге келген болатын. Мен ойлаймын болашақта олар да қосылады осы документке. 

9. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік ақпарат құралдарына сұхбат берді

«Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференция аясында Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік ақпарат құралдарына сұхбат берді. BBC, Euronews, CNBC Arabia, «Россия 24» телеарналары өкілдері Қазақстан басшысына бірнеше сұрақ қойды. Сұхбаттан үзінді тыңдайық. 

-Господин Президент, спасибо большое. 25 лет прошло с момента принятия вами смелого решения о закрытия Семипалатинского полигона, но угроза со стороны ядерного оружия до сих пор актуальна. Насколько оптимистичны вы всё-таки по поводу перспектив достижения мира свободного от ядерного оружия и каковы вызовы в этой сфере.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Если не будет у нас оптимизма, значит мы согласны к ядерному уничтожению всей планеты. Пессимизм заключается в том, что ядерная война будет и все будет уничтожено и апокалипсис. Я думаю, никто на земле не согласен с этим. Поэтому мы оптимисты, оптимисты потому что люди хотят жить, растить детей и внуков и не хотят ядерной войны. Если мы будем пессимистами и сидеть ничего не делать, это будет плохой ответ на то, что сейчас делается. Поэтому такие конференции и наши инициативы все направлены на то, чтобы довести до каждого человека планеты опасность. Почему, потому что люди привыкают уже жить в условиях наличия ядерного оружия. Уже привыкли, не одно поколение, что оно есть и есть. Ничего не случается и не случается. А это может случиться в один прекрасный день. Поэтому всем нам надо быть оптимистами и бороться против ядерного оружия. 

10. Елбасы Парламентаралық одақтың төрағасы Сабер Чоудхуримен және жазушы Леонид Млечинмен кездесті

Астанада өткен конференция аясында Нұрсұлтан Назарбаев Парламентаралық одақтың төрағасы Сабер Чоудхуримен кездесті. Кездесу кезінде халықаралық қауіпсіздікті нығайту және ядролық қарудан азат әлем қалыптастыру мәселелері талқыланды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-По теме ядерного разоружения роль Парламентов очень большая. Поскольку парламентарии избирает народ, если каждый парламентарии обратится к своим избирателям, мы ведь будем иметь большую силу для того чтобы сдвинуть этот вопрос. 

Сабер Чоудхури, Парламентаралық одақ төрағасы 

-Мен сізбен толық келісемін. Біздің жаппай жою қаруына қарсы бірлескен күресіміз енді бірлескен қозғалысқа айналуы тиіс. Ол біздің ортақ мүддеміз әрі ортақ ұлы мақсатымыз.

Президенттің қабылдауында Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Леонид Млечин де болды. Екеуара әңгімеге қазіргі заман әдебиетінің ахуалы мен қоғамдағы өзекті мәселелер арқау болды. 

Сондай-ақ Елбасы бүгін Ақордада «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісін қабылдады. Мемлекет басшысы Алтынай Асылмұратованы Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры лауазымына тағайындады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Учебные корпуса все созданы. Для преподователей жилье, для учащийся жилье, медицинское обслуживание, отдых, профессиональное образование и плюс еще театр там есть свой. Все что необходимо в очень хорошем центре. Самое главное, детей, молодежь воспитывать к искусству, к прекрасному. 

Ал сәрсенбінің сәтінде Елбасы Қазақ ұлттық хореография академиясының ашылу рәсіміне қатысты.

11. Астанада күллі Орта Азияда жоқ би академиясы ашылды

Әсем Астана тағы бір ғажап ғимаратпен, тағы бір өнер ордасымен толықты. Білім күні қарсаңында Елбасы күллі Орта Азияда теңдесі жоқ Қазақ ұлттық хореография академиясын ашты. Бұл оқу орны балет бишілерін бірінші кластан бастап даярлайды, тіпті, магистрлік, докторлық дәрежеге дейін жеткізеді. Академияда өте қатал талаппен, өте қатаң сынақпен таңдалған 400-ден астам бала оқуға кірісті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бұндай мектепті тек ауқатты, күшті мемлекет салады. Жағдай жақсы мемлекетте  елдің, xалықтың өнерге деген ынтасы көбейеді. Сол кезде ғана салынады мұндай мектеп. Бұл - жүз жылда, мың жылда салынатын мектеп. Сондықтан осының барлығын біз қадірлей білуіміз керек. Отандық мәдениеттің жаңаруына мемлекет бірінші күннен бастап көңіл бөліп келе жатқандығын білесіздер. Біз мәдениет жылын жариялап, бүкіл Қазақстанда мәдениет ошақтарының барлығын жаңғырттық. Қайтадан іске асырдық. Жаңадан театрлар ашылды. Жас дарынды жастардың маман болуып шығуына барлық жағдай жасап келеміз. Қазақстанның қайталанбас өнерін әлемдік саxнаға шығару үшін дайындық керек, әрине.   

Архитектурасы көздің жауын алатын академияда жалпы білім беретін би мектебі, колледж, институт бар. Бір ғана балет ғимараты 21 залдан тұрады. Жатақхана, бассейн дене шынықтыру орындарымен толық қамтылған. Оқу тегін. Балет өнерін игергісі келген жастар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған.   

Қытайдың би университетін көрген Елбасыға өз елімізде хореография академиясын ашу туралы идея келеді. Мұндай оқу орны отандық бишілерге арман еді. Ал енді міне, әлемдік дәрежедегі балет мэтрлері Қазақ ұлттық хореграфия академиясында су жаңа дәстүрге куә боп, қол соғып тұр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Я хочу вручить статуэтку балерины, которая вращается на драгоценных камнях. Эта статуэтка является символом вашей академии. Может быть перед академией такое поставить. Эта статуэтка каждый год будет передаваться выпускниками вновь вступившим первоклассникам. И так будет продолжаться из года в год. 

Балет майталмандарын даярлау жауапкершілігі Алтынай Асылмұратоваға жүктелді. 10 жасынан бастап билеген Алтынай ханымның ата-әжесі, әке-шешесі, сүйген жары мен қызы да – балет өнерінен алыс емес. Англия корольдік театрының, Марсель балетінің прима-балеринасы, Ресейдің ең мықты Ваганов балет театрының көркемдік жетекшісі болған, әлем «Жизель» деп мойындаған Алтынай Асылмұратова - енді Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры. 

Алтынай Асылмұратова, Қазақ Ұлттық хореография академиясының ректоры

-Шынында да бұл жерде балалар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Жатын орын, білім алатын сыныптар да жоғары деңгейде. Енді тек еңбек етіп, биіктерден көріну қалды. Біздің мақсатымыз сіздің үмітіңізді ақтап, білім ордасынан тек тәжірибелі маман шығарып қана қоймай, нағыз елін, жерін сүйетін азаматтарды тәрбиелеп шығару. 

Балет – физикалық дайындықты талап ететін кірпияз әрі қиын өнер. Академияда ол үшін бар жағдай жасалған. Сондықтан да бұл оқу ордасы отандық мамандардан бөлек, шетелдік майталмандардың да қызығушылығын арттырып отыр. 

Пол Эмерсон, Хореограф (АҚШ)

- Мұндағы құндылықтарды сөзбен жеткізу қиын. Би ансамбльдеріне арналған 21 студияны көру үшін-ақ шекара асуға болады. Өз мәдениетін қолдап, осынша жағдай жасау әркімнің қолынан келмейді. Таңқаларлық жайт. 

Қызығы мен қиындығы көп өнерді таңдаған  жастарды қолдауға балет жұлдыздары да келді. Бүгінде ол қандастарымыздың есімі шетелдік театрлардың афишасында жарқырап жазылып жүр. 

Әлия Танықпаева, Венгр мемлекеттік опера театрының прима-балеринасы

- Мен Арқалықтың тумасымын. Балет биін үйрену үшін он жыл бойы түрлі жолды жүріп өттім. Егер менде Астанада, осындай оқу орнында білім алу мүмкіндігім болғанда ата-анам да, өзім де шексіз қуанышты болар едім. 

Расымен де, бұрын бидің осы түрін меңгеру үшін жастарымыз шекара асуға мәжбүр болатын. Енді бір ғана оқу орнынан тәжірибелі маман шығаруға мүмкіндік туды. Бұл - биге құмар балақандарға, жасөспірімдерге баға жетпес сыйлық. 

Қарлығаш Қарабалаева, 9-сынып оқушысы

-Мен кішкентай кезімнен осы биге қатты құмар болып, балерина болғым келді.Осы академия ашылғанына өте қуаныштымын. Мен сияқты кішкентай балалар келіп, осында түсіп, өздерінің армандарына қол жеткізеді деп ойлаймын.  

Ләйлә Айтімбетова, Ата-ана

-Ата-ана ретінде мен баламның осындай үлкен өнер ордасында оқып жатқанына қуаныштымын. Барлық ата-аналарымыз қуанышты. Өнер академиясының корпустарын аралап көрдік. Жататын орындарын көрдік. Барлығы азіргі талаптарға сай өте керемет. Қуанып жатырмыз. 

Елбасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өз бастамасымен ашылған өнер ордасынан елдің атын шығаратын даңқты бишілер шығатынына сенімді.   

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Астан Опера театры бар. Алматыда театр бар. Шымкентте театр бар. Басқа би ұжымдары бар. солардың барлығына мамандар дайындап жастарды эстетикалық тәрбиелеп, жаңа маман жаңа интеллигенция жасау үшін құрып отырмыз. Бұл болашаққа деген, шығармашыл жастарға деген, талантты балараға деген Қазақстанның, елдің жасап отырған үлкен мүмкіндігі. Болашақта осы қабырғадан талай майталмандар, еліміздің атын шығаратын бишілер шығады деп мен сенемін.  

Жаңадан ашылған би орталығымен әріптістік орнатқысы келгендер де көбейіп жатыр. Бұл дегеніңіз, Қазақ ұлттық хореграфия академиясы Орта Азия ғана емес жаһанға белгілі өнер ордасы болады деген сөз.

Авторлары: Мақпал Мадиярова, Гүлнәр Жандағұлова, Эльвира Тағайқызы

12. Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінде болды

Нұрсұлтан Назарбаев «Экспо-2017» көрмесін отандық және шетелдік ғылым үшін  қызығушылық тудыратын сапалы инновациялық дүниелермен толықтыруға шақырды. Мемлекет басшысы «Астана Экспо-2017» көрме-кешеніне барып, «Қазақстан» павильоны құрылысының барысын көрді. Сондай-ақ Конгресс-орталық ғимаратымен танысты. Ұлттық павильон орналасқан шар тәріздес ғимараттың тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясының мұражайы» ретінде көрініс тапқан.

13. Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Осы аптада көрші қырғыз халқы қара жамылды. Мәскеу қаласында баспаханада шыққан өрттен елдің 14 азаматы қаза тапты. Ал Бішкек пен Ош арасындағы күре жолында жол-көлік оқиғасынан 9 адам мерт болды.    

Суыт хабарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев зор күйзеліспен қабылдап, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

14. 370 мың оқушы бірінші сыныпқа барды

Тамыздың 30-ы күні Конституция күнін тойладық. Елбасы қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтап, Ата заң талаптарын мүлтіксіз орындау - елдің табысты дамуының басты қайнар көзі мен кепілі екендігін атап өтті.

Ал 1-ші қыркүйек күні еліміздегі 7 мың 126 мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Соның 60-ы жаңадан салынған. Нұрсұлтан Назарбаев білім күні қарсаңында елордада бой көтерген нөмірі 84 мектеп лицейінде болды. Ұстаздар мен шәкірттерді мерекемен құттықтады. Жаңа білім ошағындағы оқу сыныптарын аралап көріп, материалдық- техникалық базамен танысты.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-20 зияткерлік мектеп іске қостық. Үлгі болсын деп. Бұл жылдарда еліміз бойынша 1700-ден астам мектеп іске қосылды Қазақстан бойынша. Биылдың өзінде 60 мектеп іске қосылайын деп отыр. Осының барлығы қазақтың болашағына, Қазақстанның болашағына, ұрпаққа деген үлкен Қазақстанның жасап отырған жақсылығы. 

Сонымен жаңа оқу маусымы басталды. Биылғы жыл оқушылар үшін ерекше болады. Өйткені, бірінші сыныпқа барған балақайлар жаңа бағдарлама бойынша әзірленген кітаппен оқиды. Онымен бірге аптасына 5 күн мектепке барып, екі күн тынығады. Мұнымен қатар 2016-ші жыл білім ошақтарына тағы қандай жаңашылдықтар әкелді?

Ринат Думанұлы, тележүргізуші

-«Жеті күн» студиясының қонағы – Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева. Эльмира Амангелдіқызы, қайырлы кеш!  Әуелі сұхбатымызды бастамас бұрын әріптесім Сәкен Сейітханұлы  дайындаған шолуға құлақ асайық. Сәкен,  биыл бірінші сыныпқа барған оқушылар саны қанша?

Сәкен Сейітханұлы, шолушы

- Биыл еліміз бойынша бірінші сыныпқа барған балалар саны 370 мың. Өткен жылмен салыстырғанда 30 мыңға көп. Яғни 2015-шы жылы мектеп табалдырығын аттаған оқушылар саны 340 мың болған. Соған орай кейбір мектептерде 1 сыныпқа 1000-ға жуық оқушы барды. Яғни, бірінші «П»,  бірінші «Р» деген сыныптар бар. Мұның себебін ата-аналар балалар санының көптігінен және мектептердің арасының алшақтығынан деп біледі.

Алтын Тапаева, Қосшы ауылының тұрғыны 

-Бізге қарасты мектеп, осы бірақ мектеп. Басқа жерге апаруға жағдайымызда келмейді. Бірақ әр сыныпты азайтып 25-28 баладан істеп жатырмыз дейді. Бір классты оқытуға шамамыз келеді деп жатыр мұғалімдер. 

Ринат Думанұлы, тележүргізуші

-Эльмира Амангелдіқызы,  биыл бірінші сыныпқа барғандар рекордтық көрсеткішке жеткенін көрдік. Баланың саны көп болғаны әрине қуантарлық жайт. Дегенмен мұғалім тапшылығы сезілген жоқ па? Және бір мектепте оқушы көп болса білім сапасына кері әсерін тигізбейді ме?

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі

-Біздерге қазіргі таңда ешқандай жергілікті әкімшіліктен ешқандай мәлімет түскен жоқ. Мұғалімдер саны жеткілікті. Жыл сайын жас маман аламыз мектептерге, сондықтан бізге ондай мәлімет түскен жоқ. Егер мұғалімдер жетіспей жатыр деген сұрақтар болса, біздің сайтымызға жазуға мүмкіндік бар. Біздер жергілікті білім басқармалармен сол сұрақты шешуге тырысамыз. 

Ринат Думанұлы, тележүргізуші

-Түсінікті. Бұл экраннан көрген мектебіміз кең екен. Оқушылар екі ауысыммен оқып жатыр. Алайда министрлік таратқан ақпартқа сай елімізде 3 аусымды мектептер бар. Олардың саны 33. Тіпті кейбірі заман талабына сай емес. Бұл ақиқат. Сәкен,  осындай мектептің біріне барды, жағдайын көрейік. 

Сәкен Сейітханұлы, шолушы 

-Бұл Астана маңындағы Қаражар ауылы. Шамамен 500-ге тарта түтіні бар. Бірақ ауылдағы мектептің сиқы мынау. Сенбей отырған шығарсыздар. Рас. Бастауыш мектеп, 3 дәрісханасы, 118 оқушысы бар. Осыншама оқушы биыл 3 ауысыммен оқуы мүмкін. Ал жоғарғы сыныптар яғни 250 тарта бала көрші Қараөткел және Астанаға қатынап оқиды. Ауыл тұрғындары мектеп мехнатын көріп отыр. Осыдан екі жыл бұрын елді-мекенге білім ошағын салып бастаған,  бірақ жартысына келіп тоқтап қалған.

Талғатбек Қоштай, Қаражар ауылының тұрғыны 

-Тоқтап қалған себебі естуіміз бойынша мектептке бөлінген ақшаның 4/1 бөлігі ғана бөлінген. Бөлінген ақшаға ғана осы мектептің қабырғалары толығымен тұрғызылып қойды. Қабырғасы толығымен тұрғызылғанымен төбесі жабылмай қалды. 

Ринат Думанұлы, тележүргізуші

-Эльмира Амангелдіқызы, өзіңіз көрдіңіз! Мұндай үш ауысымды мектептердің жайы қашан шешіледі. 

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі

-Сіз жаңа айта кеттіңіз 33 үш ауысым мектеп бар.«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. 2018-жылға дейін үш ауысымды мектепті жоюға тиістіміз. 

Ринат Думанұлы, тележүргізуші

-Енді биылғы жылдың жаңашылдығына келсек. Сәкен, оқу жылындағы негізгі тың бастамаларды айтып берсін. Тыңдайық. 

Сәкен Сейітханұлы, шолушы

-Осы жылдың жаңашылдығы деп екі жайтты атап өтер едім. Біріншісі бес күндік оқу жүйесі, екіншісі бірінші сыныптың жаңа оқулықтары. Әуелі айтпағым биыл тек бірінші сыныптар 5 күн оқиды, қалғандары 6 күндік білім үрдісімен сабақ алады. Осы тұста Эльмира Амангелдіқызы, сізге бір сұрақ қойсам? Не себепті бұл жүйеге өттік?

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі

-Әрине, 5 күндікке өткенімізге бүкіл біздің ата-аналарымыз, ұстаздарымыз, бүлдіршіндеріміз өте қуанышты деп ойлаймыз. Неге десеңіз бұрын бір күн демалса, қазір 2 күн демалады. Денсаулықтарына да жеңіл, олар отбасыларымен көп уақыт өткізіп, біздерде биыл бірінші сынып, келесі жылдан бастап 2-5-7 сыныптар, 2019-жылға дейін барлық сыныптар 5 күндікке өтеді. 

Сәкен Сейітханұлы, шолушы

-Екінші жаңалық ол жаңа бағдарлама бойынша әзірленген кітаптар. Биыл естуімізше барлық мектеп оқушылары мынандай мұқабасы және ішкі мазмұны ерекше кітаппен оқиды. Ұстаздар кітап оқылуы жеңіл деп жатыр. Мұның мазмұнын сапасын кім қадағалады?

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі

-Біздер коммисия құрамына профессорлар, методология мамандары, мұғалімдер жергілікті әр облыстан мұғалім алдық. Назарбаев зияткерлік мектептің мұғалімдері солардың бәрі коммисия құрамын қарап бірыңғай оқулықты дайындадық.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.