ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жеті күн 10.12.2016

Жеті күн 10.12.2016
Сюжеттер
1. Үкімет индустриялық-инновациялық бағдарламаның тағы бір жылын түйіндеді 2. Қашаған – Қазақстан жұртының ортақ игілігі 3. Елбасы шетелдік инвесторлармен кездесті
4. Мерейлі мекен – Мәңгілік ел 5. Елорда жаңа театралдық сахна «Астана Балет» театрымен толықты 6. Ынтымақтың жаңа кезеңі
 
7. Елбасы Ауғанстан мен Индонезияға көңіл айту жеделхатын жолдады 8. Осы уақытқа дейін қанша отбасы баспаналы болды?  

1. Үкімет индустриялық-инновациялық бағдарламаның тағы бір жылын түйіндеді

1968 жылы АҚШ әлемді өзіне қаратты. Аляскада «Прадхо-Бей» аталатын ірі мұнай-газ кен орнын ашты. 

Бұдан кейін жарты ғасырға жуық уақыт бұл салада анау айтқандай айрықша ашылым болған жоқ. 

2016 жыл. Төрткүл дүниенің назары Қазақстанда. Анығы, Қашағанда. Бұл – еліміздің Каспий теңізіндегі алғашқы кеніші. Мұнда мұнай жасанды аралдар арқылы өндіріледі. Мәселен, «Д» аралы. Онда өнеркәсіптік, тұрмыстық мақсаттағы 41 нысан бой көтерген. 

Сонымен қатар құтқарушы мұзжарғыш флоты бар. Дүниеде теңдесі жоқ техникамен жарақтандырылған. Яғни қауіпсіздік қалқаны мықты. «Қашағаннан» үміт көп. Біраз шаруаның басы қайырылған соң, «Тәулігіне тұрақты түрде 180 мың баррель қара алтын аламыз», – деген жоспар бар. 

Егер кеніш осы қуаттылыққа жетсе, жылына 13 миллион тонна мұнай мен 9 миллиард текше метр газ өндірілмек. Ал биылғы мөлшер әзірге – 1 миллион тонна мен 680 миллион текше метр. 

«Ғасыр жобасы» атанған Қашағанның қарқынын сәл кейінірек тарқатамыз. Ал қазір индустрияландырудың игіліге тоқталсақ. Қазақстан 2010 жылдан бастап Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Содан бергі жеті жылда 961 жаңа кәсіпорын ашылып, 90 мыңнан аса адам екі қолға бір күрек тапты. 

Нәтижесінде біздің ел тұтынушыдан, өңдеуші мемлекетке айналды. Қазір «Made in Kazakhstan» өнімдері өзімізді айтпағанда, өзгелердің нарығына етене болмаса да, ептеп еніп жатыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Оценкой результатов нашей работы является рост доверия со стороны мирового бизнес-сообщества. Общий приток прямых иностранных инвестиций за годы независимости превышает в несколько раз весь приток таких инвестиций в регион Центральной Азии и Кавказа. По рейтингу Всемирного банка «Легкость ведения бизнеса» мы поднялись на 35-е место среди 190 стран мира. Это большое достижение и надо его сохранить. Таким образом, мы можем заявить, что Казахстан выбрал абсолютно верный путь своего развития, создавая альтернативу сырьевой экономике.

Саяси тұратылық» пен «Инвестициялық тартымдылық. Міне, осы екі ұстынмен ұтып тұрмыз. Аттарын атап, түстерін түстемей-ақ қояйық, бірақ Қазақстанға қаржы құйып жатқандардың нағыз алпауыттар екенін айтып өткен жөн. 

Тәуелсіздіктің 25 жылында 60 триллион теңге инвестиция тікелей тартылыпты. Жаһанда болып жатқан қиындықтарға қарамастан біздің елдің белі бекем. Сөзге дәйек. Осы аптада Елбасы тағы бірқатар жаңа өндіріс орындарын іске қосты. Жұмысын ғарыштағы отандық екі ең озық жер серігі, 27 түсіру тобы, жүзден астам телевизиялық техника, мыңнан астам телевизия және коммуникация мамандары қамтамасыз еткен телекөпір жайында тілшіміз Елдар Бақпаев тарқады.

Қазақстан 2050 жылға дейін дамыған 30 елмен үзеңгі қағыстыруды көздейді. Бұл үшін Үкімет арнайы стратегиялық жоспар түзді. Өйткені әлемдік нарыққа үкім айтқан бұл отыздықтың екпін-тегеуріні əлсіз емес. 

Айқын жоспар болмаса, құйғытып қуып жеткенмен, ащы тері алынбаған сәйгүліктей алқынып қалуымыз мүмкін екенін билік басындағылар жақсы түсінеді. Осыдан жеті жыл бұрын ел экономикасының даму арнасы өзгерді. Үздік отыздықтың тəжірбиесін ескеріп, индустрияландыруға бет бұрдық.

Апта басында Үкімет индустриялық-инновациялық бағдарламаның тағы бір жылын түйіндеді. Нəтижесін сұрасаңыз, биыл 179 млрд теңгенің 63 жобасы іске қосылып, 4 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Индустрияландыру бағдарламасының аяқ-алысы, тұрысы мен жүрісі Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бақылауында. Жыл сайын Президенттің қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтеді. Ірі-ірі кәсіпорындар ашылады.

Биыл да солай. Тəуелсіздіктің мерейтойы қарсаңында елдің қиыр-қиырында инновациялық өндірістердің тұсауы кесілді. 

Жол бастаған Елбасына жақсы таныс шаһар – Қарағанды. Металлургтер жаңартылған домна пешін іске қосты. Мақсаттары – болат өндірісін жылына 6 млн тоннаға дейін жеткізу.

Қуаныш Омашев, Қарағанды металлургия комбинатының ардагері

-Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз Сізбен бірге Теміртауда, Қазақстанның Магниткасында жұмыс істегенімізді мақтан тұтамыз. Сізге қазақстандықтардың бейбітшілік пен тұрақтылығын қамтамасыз еткеніңізге және өмір сүру сапасын арттырғаныңызға ризашылығымызды білдіреміз. Біз жаңа домнаны іске қостық. Бұл біздің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнаған сыйлығымыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Карагандинский металлургический комбинат первенец черной металлургии. Один из лучших предприятий союза. Передаю большой привет всем вам.

Шахтерлар шаһары өндірістің көлемін арттырамыз десе, еліміздің шығысы мен батысы керуен көшін жандандырмақ. «Алматы-Шу» шойын жолы мен Құрық портынан жүк тиеуге мүмкіндік беретін жаңа пойыз жолы. Жоба бар пəрменімен іске кіріссе, Кавказ бен Кəрі құрлыққа жол ашылады. Сонда арада ең кемі, жорға жүреді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті

-Транспортные объекты нам очень важны. Чу – Алматы увеличивает. Құрық, я поздравляю вас!

Қара алтын мен көгілдір отынға бәс тіге берсек, ұтпаймыз, ұтыламыз. Индустриалды-инновациялық бағдарламаның негізі де – шикізат секторына тəуелділіктен арылу. Бағдарлама басымдық берген бағыттардың бірі – жеңіл өнеркəсіпті дамыту. Қазақстандықтар түріктің тоны мен Қытайдың жейдесін киіп, өзгені жарылқамай, өз өнімін ұсынып, өз өндірушілерін қолдауы қажет. Ал отандық өнім ел Президентінің талғамынан шығып жүр.  

Айбек Бектұрғанов, «Қазлегпром-Алматы» ЖШС басшысы

-Аса құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Бүгін итальяндық технология бойынша сұрыптамасы кең аяқ киім өндірісі іске қосылуға дайын. Ал жобаның орындалуы қазақстандық аяқ киім нарығындағы импортты алмастыруды қамтамасыз етеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Рахмет, өзіміздің, сендердің костюмдеріңді киіп келдім.

Бүгін отандық тағам өндірісі де бірнеше жаңа кəсіпорынмен толықты. Оралдықтар: «Қара уылдырық пен бекіре шығарамыз», – дейді. Қостанайлықтар қазақстандық тəттінің түрін көбейтпек, солтүстікте май дақылдарын қайта өңдеу қолға алынбақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Переработка сельского хозяйство необходима.

Дəл осындай ірілі-ұсақты тағы да жиырмадан астам жаңа өндірістің тұсауы кесілді. 

Жалпы жоспар бойынша бағдарламаның екінші бесжылдығы аясында 400 жоба іске асуы тиіс. Бұл тағы 70 мың қазақстандық тұрақты жұмыспен қамтылады деген сөз. Ендеше о баста дағдарысқа қалқан ретінде қолға алған индустриалды жоспар нәтижелі. Содан болар биылғы жылдың қорытынды есеп-қисабы да тәуір.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы взяли четкий курс диверсифицировать экономику и то что сейчас все биржевые цены на энергоносители и металлы упали, показало нам что мы индустриальную программу начали в время, другого пути нет. За последние 5 лет была реализована программа форсированной индустриализации нашей страны, она дала свои результаты, впервые обрабатывающая промышленность стала развиваться быстрее чем горнодобывающая. Ее реальная рост в 2015 году 24 процента, тогда как горнодобывающая росла 17 процентов. Таким образом Казахстан опередил всех своих партнеров по ЕЭС. Производительность труда в обрабатывающей промышленности выросла на 33 процента, за первую 5 летку в данный сектор привлечено было 3 раза больше прямых иностранных инвестиции, чем за предыдущие 15 лет, это почти 18 млрд долларов.

Ендігі назар жоқтан бар жасап, сүйінші сұрауда емес, қолда барды ұқсатуда. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», – дейді халқымыз. Бұл нақыл саясатта да, экономикада да өзекті секілді. Өзгелер ашып қойған жаңалықты өзгеше етіп, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Нарықтық экономиканың ғасырлар бойы қалыптасқан қағидасын Мемлекет басшысы атқамінерлердің тағы бір рет қаперіне салды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Трансферт технологии. Трансферт это взять то что есть там. Сколько лет я говорил нашим аграриям, академикам, не надо сидеть какого барана развести, возьмите в Австралии барана, и разведите в Казахстане, возьмите в Германии корову, и здесь разведите, наконец начали заниматься, сидят пыхтят какую корову, мы им даем доктора, профессора, а корова такая же, 4 коровы дают вместо одной коровы западной Европы. Не надо выдумывать велосипед, Советский союз хотел создать мерседес, создал волгу, хотел создать тойоту, создал ладу, ну что получилось, не надо, мы как бы не захотели мерседес не можем создать мерседес, создали немцы, лучше не создадут, не надо боинги создавать, да и не нужно, это есть в мире, то что не нужно купим, то что можем создать продать надо производить, понятно, Бакытжан Абдирович.

Бұл жиында Елбасы Үкімет мүшелерін мақтап та, сынап та алды. Инвесторды «үркіткен» шенді-шекпенді қуылады. Президент ескертуді естіртіп айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я встречаюсь договариваюсь, они говорят придем в Казахстан, приходят в Казахстан, придут в одно, в другое, гоняют его по коридорам, он плюнет на это и уходит из Казахстана, поэтому я предупреждаю все что в прошлом году я говорил, со всеми должен состояться разговор, по ним письменный отчет, или они не нашли здесь бизнес, или их здесь вытолкнули, такие не нужны, таких я их тоже выгоню с работы.

Қазақстан көлік бөлшектерін жасаушы мемлекеттен көлік құрастырушы елге айналды. Аты əлемге əйгілі көлік брендтерін біздің мамандар жинап жүр. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті

-Я мечтаю чтобы весь Казахстан на электромобилах скоро, по цене они будут доступны, особенно загрязненные города такие как Алмата, Усть-Каменогорск. Если полностью перевести на электромобили, мы очистим, экономим многократно, мы к этому приближаемся.

Біткен іс әлі тындырылмаған шаруаның бір ширегі. Жалпыұлттық жиынды қорытындылаған Елбасы сөзін осылай деп қайырды. Бұл басқосудан кейін Үкіметтің де мойын бұруға шамасы келмейін деп тұр. Міндет жүктелді, мақсат та бар. Ал оның орындалуы бір ғана биліктің жүгі деп түсінгеніміз қателік болар. Өйткені индустриалды жоспар – болашаққа жол салған жалпыхалықтық бағыт.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бұл саясат еліміздің болашағына арналған үлкен саясат болып табылады. Ешуақытта Қазақстан мұндаймен шұғылданған жоқ. Кеңес Одағы кезінде, патшалық Ресей кезінде жерден қазған байлықты елден әкеткен болатын. Бізге жерді қопарып, шаң жұту ғана қалатын. Бізге жүретін еліміздің ішіндегі жолымызда болған жоқ. Қай өңірге барамын десең, жол тұр. Бұрын олай болған жоқ. Себебі біз колония болдық. Енді, міне, ел болу үшін басқа жұрт сияқты басқа тауар шығаруымыз керек. Мұнай, газ, алтын, күміс, металдың бар болғаны жақсы. Құдайға тәуба, біздің бақытымыз. Қалтамызда жатқан байлық. Бірақ біз бір түйір рудасы жоқ Оңтүстік Қытайға ұқсап, бір түйір заты жоқ Швейцария, Швеция сияқты өркендемесек, қалып қаламыз. Басқа елдің шаңын жұтатын боламыз. Бірақ ол біздің жолымыз емес. Қазақстанның басқа жолмен жүріп, сол елдердің алдына түсуіне ұмтылған халықпыз. Олай болса, табысты болайық.

Елдар Бақпаев, тілші

-Осылайша, атқарылған іске жыл соңында ел мен Елбасы төреші болды. Үкімет әкелген жеті жылдың мәліметтерін сараласақ, индустрияландыру бағдарламасы іске асқалы ірілі-ұсақты 961 кəсіпорын іске қосылған. Ашылған жұмыс орындарының саны 90 мыңнан асады. Бұл жобаларға 4 трлн теңге жұмсалды. Нəтижесінде шекесінде «Қазақстанда жасалған» деп таңбасы бар 7 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Елдегі индустриалды саясатты əлде де ұтымды ұйымдастырып, көрсеткіштерді еселеу – келер жылдың тапсырмасы.

Авторлары: Елдар Бақпаев, Жандос Битабаров

2. Қашаған – Қазақстан жұртының ортақ игілігі

Мемлекет басшысы Астанада өткен телекөпірден кейін келесі күні Атырауға аттанды. Сапардың басты мақсаты – Қашаған кен орнын ресми түрде іске қосу. Қосты. Сөйтіп талай жылғы еңбектің тері ақталды, елдің абыройы асқақтады.

Егемендікті еншілеген жылы 25 миллион тоннадай қара алтын еншімізге тисе, казір бұл көрсеткіш 80 миллион тоннаны құрап отыр. 

Енді осыны «Қашаған еселейді» деген есеп бар. Бүгінгі таңда кеніштен «Болашақ» мұнай өңдеу кешеніне тәулік сайын 120 мың баррель көлемінде мұнай жеткізіледі. 

«Теңіз» кеншінің де келешегі зор. Оған өндірілген мұнайды әлемдік нарыққа тікелей шығару мүмкіндігіне ие болуы кепіл. Осы орайда Черчилль айтқан мына бір сөз еріксіз еске түседі. «Басқалар ертең ойлайтын нәрсені бүгін жаса», – депті саясаткер. 

1992 жылы Қазақстан Президенті тап осы «Теңіз» кен орнынан Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск айлағына дейінгі аралықты жалғайтын 1511 шақырымдық мұнай құбырын салу бастамасын көтерген еді. Осылайша Қазақстан, Ресей және Оман сұлтандығы арасында келісім жасалып, Каспий құбыр өткізу консорциумы құрылды.

Бұл бастаманың өзекті екенін өмірдің өзі дәлелдеді. Міне, 15 жыл өтті, «Теңіз-Новороссийск» арасындағы құбырмен мұнай экспорттағалы. Қазір қазақстандық қара алтынның үштен екі бөлігі осы желі арқылы қыр асып жатыр. Бастысы жол ұзақтығы қысқарды. Демек, ұтылған біз емес, ұтқан біз. 

Мемлекет басшысының мұнайлы өлкеге жасаған сапары жайында Мұхтар Ыбырайым сараптайды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Елбасының жұмыс кестесі әдеттегіден тығыз. Торқалы той жақындаған сайын жұмыс қыза түсері хақ. Оған қарамастан Елбасы арнайы уақыт тауып, атбасын Атырауға қарай бұрды. Мұнайлы өңір жұртының мерейтойға тартуы ерекше.

Осы күнді аңсаған ағайынның қуанышы қойнына сияр емес. «Қашаған» кеніші ресми түрде іске қосылып, Елбасының өзі құттықтап келді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Жұмыс аз емес, көріп отырсыздар. Жаздай Атырауға келем-келем деп, қолым тимей жатыр. Дегенмен, барлығын тастап, бүгін келдім. Дүние жүзіне паш етейін деп келдім.

Қашаған – соңғы 50 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орны. Қойнауында 11 млрд баррель қара алтын қоры бар. Қазба байлықтары Қазақстанның негізгі табыс көзі болғандықтан, Қашағанға үміт зор. Сондықтан болса керек, жұртшылық бұл күнді асыға күтті. 

Қымбат жобаға қаржы құйған инвестор да, қарайым халық пен 20 жыл бойы ғаламат жобаның басы-қасында болған Мемлекет басшысы үшін бұл – үлкен қуаныш. Бастысы, елдің игілігін еселей түспек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бұл – өте үлкен оқиға. Кейінгі кезде мұндай ашылмаған. Бұл Қашаған Қазақстан халқына, Атырау халқына, барлығымызға үлкен қуаныш. Еліміздің дәрежесін де, жағдайын да көтереді деп есептейміз. Қазір, әрине, мұнай мен газдың бағасы төмендеп тұр. Дегенмен де, болашақта әлі талай онжылдықтар алдымызда. Мұнай да керек болады, газ да керек болады. Бағасы да көтеріледі, жағдай болады әруақытта.

Қашаған – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі жоба. Оны жүзеге асыру оңайға соққан жоқ. Ол – Каспийдегі тұңғыш кеніш. Теңіз үстінде жасанды аралдар салу геологиялық, тіпті техникалық тұрғыдан өте күрделі. 

Мамандар: «Ұңғымадағы қысым да өте жоғары», – дейді. Дегенмен, кеніш маңайында бір емес, бірнеше арал тұрғызылды. Тұтас флот қалыптасты. Соның бірегейі – «Д» аралы. 

Екі ай бұрын дәл осы жерден коммерциялық өндіріс басталды. Қазір тәулігіне 100-120 мың баррель коммерциялық мұнай өндірілуде. Бір жылдан соң, бұл меже 370 мыңға дейін арттырылмақ. Бұл 1997 жылдан басталған қыруар жұмыстың алғашқы нәтижесі ғана.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Егер де біз осы өте күрделі үлкен қаражатты талап ететін кен орнына дүниенің компанияларын жинамасақ, олардың қаражатын салмасақ, олардың технологиясын салмасақ, білімін әкелмесек, өзімізді де үйрете алмас едік. Мұндай мұнай алмас едік. Бұл өте күрделі еді. Бір-ақ мысал айтуға болады. 60 млрд-тан астам ақша жұмсалды.

Ал мына «Болашақ» мұнай айыру кешені – Қашаған кенішінің негізгі өндірістік нысандарының бірі. Кешенді қондырғы демесеңіз, нағыз зауыттан еш айырмасы жоқ. Бұл жерде мұнай мен газды дайындау жүзеге асады. Қара алтын құрамындағы газ, күкірт секілді химиялық элементтерден тазартылады. Жылына 1 млн тонна күкірт өндіріледі мұнда. 6,2 млрд текше метр газ дайындайтын жүйесі де бар.

Бейімбет Сабыров, NCOC компаниясы қондырғы алаңының басшысы

-Біз Сізге 14 қазанда мұнайдың алғашқы партиясын экспортқа жөнелткенімізді баяндауға қуаныштымыз. Бүгінгі таңда 600 мың тоннадан астам мұнай, 400 млн текше метр тауарлы газ өндірілді. Осындай табысқа Қашаған кен орнын игеру жұмыстарына Сіздің ерекше назарыңыздың арқасында жетіп отырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Баршаларыңызды құттықтауға келдім әдейі. Жаңағы аралдағы мұнайды теңіздің, жердің астынан шығарып, өңдейтін сендерсіңдер, мұнайшылар. Екі жерде де болғанмын, көргенмін. Табысты болыңдар! 

Биылғы жылдың соңына дейін Қашағанда 1 млн тонна мұнай мен 680 млн текше метр газ өндірілмек. Келер жылы көрсеткіш әлдеқайда арта түседі. 8,9 млн тонна – қара алтын, 5,6 млрд текше метр – табиғи газ. Жобаның келешегі зор деуге негіз бар. 

Облыстың магистральды мұнай құбырлары операторлары да жұмысын жандандырып келеді. «ҚазТрансОйлдың» 663 шақырымдағы мұнай айдау станциясы іске қосылды. Бұл нысанды модернизациялау қара алтынды Қытайға тасымалдауға мүмкіндік береді.

Жеңісбек Лұқпанов, «ҚазТрансОйл» АҚ батыс филиалының директоры

-Қайта құрудан өткен станция болашақта басқа шикізат жөнелтушілермен қатар Қашаған кен орнының мұнайын Қытайға тасымалдауға жол ашады. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің Қытайға тасымалданатын қара алтын көлемін жылына 20 млн тоннаға дейін жеткізу туралы тапсырмаңыз орындалды.

Қашағанның қара алтынын сан тарапқа жеткізетін тағы бір құбыр бар. Ол Каспий құбыр консорциумы деп аталады. Бұл – ірі халықаралық мұнай тасымалдау магистралі. Оның жалпы ұзындығы 1,5 мың шақырымнан асады. Қазіргі таңда бұл құбырлар арқылы тәулігіне 135 мың тонна мұнай сыртқа шығарылады. Жыл соңына дейін 40 млн тоннадан астам мұнай экспорттау көзделуде. Сөйтіп бұл екі магистраль арқылы Қашаған кен орнында өндірілетін мұнайды «Атырау-Самара», «Атырау-Новороссийск» бағыты мен «Қазақстан-Қытай» құбырлар жүйесі арқылы тасымалданатын болады. Құрық порты іске қосылысымен Қашағанның қара алтыны Каспий арқылы Бакуге, әрі қарай Еуропаға жол тартады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-КТК-ны салу үшін мен Ресей басшыларымен 6 жыл жұмыс істегенмін. Ай  сайын, күн сайын барып отырып. Ол кезде Қашаған жоқ болатын. Қазір, міне, 67 млн тоннаға дейін жеткізсек, Қашағанның мұнайын да осы құбырмен шығара аламыз. Өте жауапты жұмыста тұрсыңдар.

Каспий құбыры консорциумын құру қиынға соқты. Ресеймен келіссөздар ұзаққа созылды. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев жолын тапты, діттеген мақсатқа жетті. Қазір магистраль толық қуатта жұмыс істеп тұр. Оны толтыру жоғары деңгейде. Мұнай экспортқа шығып, біздің ел мол пайдаға кенелуде.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я уже с решительным разговором приехал в Москву. Узнал, что Борис Николаевич лежит в больнице Кремлевской. Приехал я в больницу. Прямо в палате сели. Я говорю: Борис Николаевич, с очень серьезным разговором пришел. Извините, что в больницу, но время не терпит – или, или. Показал вот нефтепровод проходит через нашу территорию , приходит туда и за счет перекачки Россия получает миллиард долларов ежегодно денег от компаний за транзит. Объем-то большой 30-40 миллионов тонн, а сейчас мы расширяем до 70 миллионов тонн. Да, Россия теряет он тут же набирает трубку, звонит Черномырдину или министру сейчас не помню. Тут у меня Нурсултан Абишевич. Северо-Каспийский в нефтепровод это для России  выгодно или не выгодно? Я же всех уже прошел, всем на картах показал. Тот сказал: Выгодно. Ну, тогда я подписываю. Вот так решился вопрос.

Бұл құбырлар арқылы «Теңіз» кенішінің де байлықтары экспортталып жатыр. Жоба аясында бірнеше зауыт бой көтерді. Мұндағылар ілеспе газды өңдеу және газды ұңғымаға кері айдау зауытымен мақтанады. Ол жерасты қысымын сақтау үшін қажет. «Мұндай зауыттар жер бетінде некен-саяқ. Теңдесі жоқ ең ірі өндіріс орны. Әрі қымбат», –  дейді сарапшылар. 

Ғасырлық келісімге 1993 жылы қол қойылған. Қазір кен орнынан жылына 27 млн тонна мұнай өндірілуде. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта түспек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я думаю Тенгиз тоже будет развиваться и будет давать все больше. Хоть сейчас не самые лучшие времена по конъюнктуре цен на рынке, но наша работа будет успешной. В рамках будущего расширения планируется довести объем добычи на Тенгизе до 39 млн тонн. На Карачыганаке планируется дальнейшее развитие, с целью поддержания готовой добычи на уровне 11 млн тонн.

Сөйтіп 2030 жылға қарай елімізде мұнай өндіру жылына 100 млн тоннаға дейін жетпек. Көздеген басты меже осы. Тағы бір мақсат отандық шикізатты өңдеу дәрежесі мен үлесін артыру керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біз де алатын мұнайымызды осы жерде өңдеуіміз керек. Мына Атырауда нефтепереработка жүріп жатыр, екінші кезеңі жүріп жатыр. Әрі қарай нефтехимияға барамыз, миллиардтаған ақша болады. Мен ылғи сұраймын, бұл кісілерден мұнай өңдеуді Қазақстанда жандандыру керек, оның үлесін нығайту керек деп. 

Екі кеніштің де берері мол. Мәселен, Қашаған кен орнын игерумен сабақтас салалар пайда болды. Осы жобаның арқасында теңіз сервистік инфрақұрылымы мен кеме құрастыру сияқты жаңа салаға жол ашылды. 

Ірі металл кондырғыларын шығаратын кәсіпорындар мен теңіз операцияларына қолдау көрсету базасы құрылды. Мұнай төгілген кезде жұмыс жүргізетін экологиялық база да пайда болды. Шамамен 70-ке жуық бірлескен компаниялар ашылды. Қазір Қашаған жобасында 274 компания жұмыс істеп жатыр. Ондағы қазақстандық үлес 50 пайыздан асады. Инвестициялармен бірге жаңа технологиялар тартылды. Сөйтіп Қазақстан кен орнын пайдаланудың қарқынды кезеңіне аяқ басты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бұл межеменен шектелмей, тезірек оның жобалық қуаттылығын қамтамасыз ету алдымызда тұрған маңызды міндет деп санаймын. Консорциумға өндіріс қуаттылығын артырып, әрі қарай «Қаламқас» теңіз, «Хазар кен» орындарын бірлесе игеруді тапсырамын. Тәжірибені игеруіміз керек. Талай рет айтқанмын, түбінде барлығы өзіміздің қолымызда болады, өзіміз игереміз. Басқа елдердің жолы сол.

Қашағанда 11 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды. Қазір отандық кадрлардың үлесі 90 пайызға дейін өсті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мен ылғи консорциумда айтатынмын: «Қазақтың балалары жұмыс істейтін болсын көбірек. Сырттан әкеле бермеңдер», – деп. 90 пайыз біздің азаматтар жұмыс істеп жүр. Бұл деген керемет нәрсе. Сатып алған тауарларды алар болсақ, Қазақстаннан ол жерлерде де біздің азаматтар жұмыс істеп жүр ғой.

Барған сайын біздің мамандардың біліктілігі артып келеді. Мұнайдың қыр-сырын меңгеріп, шетелде оқығандар бүгінде Атырауда жетіп артылады. Инвестордың қаражатына білімін жетілдіріп келгендер көп. 1998 жылдан бері 15 мың жұмысшыға кәсіби-техникалық білім беру үшін 250 млн доллар жұмсалды. Сөйтіп мыңдаған отандық отбасылардың әл-ауқатты артты. Дені – жастар.

Солардың бірі – Берік Уап. 2000 жылы Қашағанда алғаш бұрғылау жүргізілгенде ол 7 жаста еді. Елбасы батасын берген бала бүгінде білдей мұнайшы, ғылым магистрі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Жеті жастағы бала 16 жылдың ішінде 23-ке келдің ғой биыл. Сол арада Манчестер, Эдинбург университеттерін бітіріп, сол Қашағанда жұмыс істеп жатыр. Ал айтшы, есіңде ме, сол кезде бетіңе қап-қара мұнайды жаққаным.

Берік Уап, мұнайшы

-Сол кезде білгенмін, мұнай-газ саласына баруым керек екенін. Сіздің артқан үміттің бар екенін. Сізге сол кезде берген батаңызға, Қашаған секілді жобаға беріп жатқан қолдауыңызға мың да бір алғыс. Рахмет Сізге! Тағдырымды шешкен адамсыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сол кезде де бата бергем, қазір де бата берем. Сенің құрдастарың, замандастарың сендер үшін мына отырған ағаларың жұмыс істедік. Болашақта Қазақстанды дәл осындай ұстаңдар. Мерейлі болсын! Жасың ұзақ болсын, бақытты бол!

Атырауға мұхит асып келген қалталы кәсіпкерлер шетелден барын әкелді. Осы өңірде қоныс теуіп, қызметі мен тамағын тұтынды. Бұл да аймақ экономикасының дамуына үлес қосты. Бастысы, инвесторлар әлеуметтік жауапкершілікті ұмыт қалдырмады. 

Консорциум Маңғыстау мен Атырау облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына 500 млн доллар қаржы салды. 49 мектеп, 30 медициналық мекеме, 68 инфрақұрылымдық нысан, 8 мәдениет және 12 спорт орталықтарын салып берді. Инвестициялық тартымдылығы зор Қазақстанға трансұлттық компаниялар инвестиция салуды жалғастыра бермек.

Бен Ван Берден, Royal Dutsh Shell компаниясының атқарушы директоры

-Қашаған кенішіндегі жұмыстың басталуын біз асыға күттік. Біз үшін нағыз жұмыс енді басталды. Ұзақмерзімді серіктестікті нығайту үшін мүмкіндік мол. Әсіресе жаңа жұмыс орындары ашылып, елдің индустриялық дамуы күшейеді. Қазақстан кен орнын игерудің келесі кезеңіне көшті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында болған елеулі оқиға Қазақстан тарихында алтын әріппен жазылары сөзсіз. Президент мырза, бұл – біздің ортақ жеңісіміз.

Дарэн Вудс, «Эксон Мобил» компаниясының президенті

-Қашағанның ашылуына қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл жобаны Президенттің қосқан үлесінсіз атқару мүмкін емес еді. Елдің 25 жылдық жетістіктерін осы кеніштің ашылуымен байланыстырамыз. Бұл дегеніңіз Қазақ елінің жаңа инвестицияларға ашықтығын аңғартады. Қазақстанда жұмыс жасау өте жайлы. Осы орайда Президенттің қолдауы үшін алғысымыз шексіз.

Ғасыр жобасы жүзеге асыруға талай мұнайшы атсалысты. 20 жыл тарихи кезең іспетті. Бұл аралықта тұтас бір мұнайшылар буыны қалыптасып үлгерді. Олардың еңбегі елеусіз қалмақ емес. 

Нұрсұлтан Назарбаев мұнай-газ өндіру ісіне еңбегі сіңген қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады. Қарапайым бұрғылаушылардан бастап, трансұлттық компаниялардың басшыларына дейін Елбасының ықыласына бөленді.

Кенжебек Ыбырашев, PSA ЖШС бас директоры

-Қашаған – ерекше жоба. Ол – Тәуелсіздіктің жеңісі мен жемісі. Бүгінгі қол жетіп жатқан нәтиже бірінші кезекте Тәуелсіздіктің арқасы. Екіншіден, өзіңіздің мұнайшылардан сенген үмітіңіз орындалып отыр деп есептеймін.

Пол Крайнен, «Эксон Мобил» компаниясының коммерциялық директоры

-Біз үшін бұл жобада жұмыс істеу – үлкен мәртебе. Қазақ халқы мен Сізді Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын. Болашақта да Қашаған жобасына бар күшімізді саламыз деп сендіремін.

Талғат Мусин, «Теңізшевройл» ЖШС операторы

-Бүгін қуаныштымын. Қолыңыздан осындай награда алдым. Сіздің арқаңызда мына Қашаған кен орны ашылып жатыр. 25 жылдық мерейтой құтты болсын бәрімізге.

Қашаған – Қазақстан жұртының ортақ игілігі. Мега жоба қалың елдің игілігіне қызмет етеді. Өндіріс, машина құрастырудан бастап, тұрмыстық қызмет көрсетуге дейінгі сан-салалы кәсіпорындарда мыңдаған жұмыс орны құрылды. Есесіне, мұнай өндірудің үлесі артып, экспорттан түсетін қаржы да артты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Атырау бұрын қандай еді? Қазір Қандай? Атыраудың адамдары қандай, жастары қандай? Бұлар – басқа азаматтар. Басқа елдің, Қазақстанның жаңарғанының азаматтары. Жұмыстарын білетін, шетелдің тілін білетін, шетелде оқып келген мамандар. Міне, 20 жылдың ішінде істеп, бірге тәжірибе алғандар. Енді әрі қарай кім алып кетеді деген сұрақ жоқ. Жігіттеріміз бар елді апаратын. Мұнайды да, газды да көтеретін жігіттеріміз бар.

Мұхтар Ыбырайым, тілші

-Бұл ғаламат жобаның аясында бой көтерген серпінді нысандар ел экономикасын алға сүйретпек. Тек бір ғана облыс емес, күллі ел үшін маңызды. Қазір Қашағанның қарыштауына 7 еншілес компания атсалысып жатыр. Олардың айтуынша, жобаның оң әсері қазірден сезілуде. Мыңдаған жұмыс орындары ашылды, миллиондаған тонна мұнай өндірілмек. Ең бастысы, миллиардттаған доллар табыс әкеледі. Демек, Қашаған «ғасыр жобасы» деген атқа толық лайық.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Айдос Меделбеков, Руслан Жәкеев 

3. Елбасы шетелдік инвесторлармен кездесті

«Эни», «Тоталь», «ЭксонМобил», «Шелл», «Инпекс», Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясы. Бұлар – мұнай саласындағы ең ірі трансұлттық компаниялар. Осы алпауыттар Қазақстан Президентімен кездесу үшін Атырауға атбасын бұрды. 

Кездесу барысында әріптестікті дамыту мәселесі жайында әңгіме өрбіді. Мемлекет басшысы барлық мәселелерді шешу үшін бірлесе күш жұмсаудың маңыздылығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я помню наши огорчения, когда труба не выдержала газ при первом пуске три года назад. Мы пытались пустить и казалось бы когда будет еще. Никто не мог сказать. Но вы справились с задачей досрочно. Я знаю в таком большом проекте всегда будут возникать вопросы – налоговые, за экологию, но это жизнь. И правительство очень внимательно будет рассматривать такие вещи, чтобы вместе с вами решать, как мы всегда решали. Мне больше всего пришлось решать таких вопросов с Шевроном первые года. Я почти что работал помощником у них – каждый день встречались, решали то одни, то другие вопросы. И на Совете иностранных инвесторов решали и здесь будем решать.

Мұнай-газ саласындағы жетекші компаниялардың басшылары Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалды айрықша атап өтті. Сол үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын жеткізді. 

Велла Антонио, ENI компаниясының барлау және өндіру жөнінде бас директоры

-Біз бұл жобаны жүзеге асыру үшін барымызды салдық. Мұнай өндірісінің басталуына қуаныштымыз. Келешекте мұнай бағасын есепке ала отырып, салық тәртібіне назар аударған абзал.

Брояк Арно, Total E&P компаниясының президенті

-«Тотал» компаниясының атынан бұл тарихи оқиғаға қатысқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Жоба қоршаған ортаға тигізер зияны ең төменгі деңгейде жүзеге асады деген үміттемін.

Тәуелсіздік жылдарында мұнай-газ саласына 200 миллиард доллар инвестиция тартылған. Бұл үрдіс үзілмек емес. Биыл «Теңіз» кен орнының «Болашақ» кеңейту жобасын жүзеге асыру үшін 37 миллиард доллар қаржы құйылыпты.  

Сондай-ақ Қарашығанақ кенішінің де өндірісі өркендемек. Қазір ондағы мұнай көлемін 12 миллион тоннаға арттыру жайында келіссөз жүріп жатыр. Егер осы қарқыннан қалмасақ, «2030 жылға қарай 100 миллион тоннадан артық қара алтын шығарамыз» деген жоспар бар. Бұл – мамандар болжаған меже.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я вот хотел спросить расширение КТК до 67 миллионов он нас обеспечивает надолго? Транспортировка. Не забывайте у нас есть очень большой потребитель рядом – Китай. Там у нас в трубе есть 10 миллионов. Вот КТК будет долго думаю нас будет удовлетворять. В вопросах переработки было бы здорово если бы Консорциум совместно с нами взялся бы за строительство одного газохимического комбината.

Атырауда өткен кездесу барысында инвесторлар Қазақстан Президенті мен халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады. Мерейтойдың құрметіне орай мұнай құйылған символдық сауыт пен 25 мың голланд қызғалдағы түйнегіне арналған сертификатты табыс етті. Оның 8 мыңы – «Президент Назарбаев», 7 мыңы – «Қазақстан» сұрпы, қалғаны – голландық қызғалдақтар. 

Бен Ван Берден, Royal Dutsh Shell компаниясының атқарушы директоры

-Бұл ерекше күн. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы күн болғандықтан да шығар. Мен Елбасымен алғаш рет кездескенде біз ол кісіге қызғалдақтың «Назарбаев» деп аталатын түрін ұсынған болатынбыз. Екі елдің арасындағы сыйластық пен сүйіспеншіліктің белгісі ретінде бұл жолы мен қызғалдақтың 25 мың талын алып келдім. Олар Астанада егілетін болады.

4. Мерейлі мекен – Мәңгілік ел

«Қастықтан қашық, достыққа асық». Қазақстандықтардың барлық буынының басты игілігі осы. Бір болу. Егер түрлі тарихи себептермен бір шаңырақ астында тоғысқан 130-дан астам этностың басы бір болмаса, береке де қонбас еді, мереке де болмас еді.

Осыны озық ойлай білген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендікті еншілей сала, яғни 1992 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясын құру» туралы идеяны жариялады. Сөйтіп 1995 жылдың 1 наурызында құтты мекенге тұрақтылық тамырын жайғызатын институт құрылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сегодня на этом этнокультурном форуме участвуют дети моих соратников, с которыми мы вместе создавали впервые АНК более 20 лет назад. Это пример преемственности поколений. Я приветствую молодежь, которая здесь находится. Все, что мы делали 25 лет – мы посвящали вам, чтобы вы жили лучше, чем мы, ваши дети лучше, чем вы. В этом суть нашей деятельности. Поэтому я особо приветствую всех молодых активистов ассамблеи. Вы и есть наша нация единого будущего, сплоченная вокруг общенациональной идеи «Мәңгілік ел».

«Мәңгілік елдің» бірегей жолы – тең құқықтылық. Бөліп-жару деген жоқ. Этносаралық, конфессияаралық төзімділік принципі қатаң сақталады. Әр этнос мемлекетті құраушы ұлттың құндылықтарын құрметтей отырып, өзінің тілін, ділін, салт-дәстүрін дамытуға мүмкіндік алған. 

«Бейбітшілік пен келісімнің» қазақстандық моделін алып державалардың өзі мойындап отыр. Осы аптада осындай құндылығымызды құнттап отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының фестивалі өтті. 

Этномәдени бірлестіктердің 10 мыңға жуық өкілі жиылған шараға Елбасы қатысты. Рухты өр еткен фестивальден тілшіміз Сәкен Сейітханұлы сөз өреді.

Бейбітшілік пен келісім орнаған жерде Тәуелсіздік мәңгі болады. 25 жылдың ішінде еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Халықтың әл-ауқаты әлденіп, тұрмысы түзелді. Мұның бәрі бірліктің арқасы. Тұрақтылықтың тұғыры мығым болғанының көрінісі болса керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Баршамызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған бүгінгі форумның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін осы аренаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, барлық өңірлерінен этно-мәдени бірлестіктері жүрегінде патриоттық сезімі, бойында жастық қуаты тасыған жастар жиналып отыр. Тәуелсіздіктің ең басты тірегі – бейбітшілік пен келісім, тыныштық пен тұрақтылық. Осының арқасында 25 жылда мемлекет құрдық, деңгейін көтердік, халықтың әл-ауқатын жоғарылаттық. Ал Ассамблея – осы қасиетті тірегіміздің мызғымас тұғыры.

Қиын-қыстау кезеңде Қазақ елі өзге жұртты жатсынбай, жылы қарсы алды. Олардың еркін өмір сүруіне жағдай жасады. 1995 жылы Елбасының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстанның барлық өңірінде өзге этностардың 1032 орталығы ашылды. Өз тілі мен ділін құрметтеуге мүмкіндік молаяды. Бұл қамқорлықты олар жақсы түйсінді. Ақкөңіл елдің жомарттығына сүйсінді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мир, согласие, стабильность – наше золотое достояние. Это – главное сокровище всех 25 лет независимости. Государство постоянно и широко поддерживает все этнокультурные объединения, финансирует школы для детей, обучают родному языку. Наши газеты и журналы говорят на 15, театры на 7-ми языках. В Казахстане это настоящая реальность, чего нет в других странах.

Қазақ талай ұлттың баласын бауырына басты. Жетімін жебеп, жесірін жылатпады. Сол азаматтардың дені бүгінде елі үшін талмай еңбек етсе, кейбірі ата-қоныстарында қайта оралды. Олар әлемнің әр қиырында жүрсе де, Отанын ешуақытта ұмыт қалдырмайды. Солардың бірқатары шараға арнайы келді. Араларында Ингушетияның алғашқы Президенті де бар.

Руслан Аушев, Ингушетия Республикасының тұңғыш Президенті

-Сол қиын қыстау жылдары бауырлас Қазақстан халқы бізді өз бауырына басты. Оны біз ешқашан ұмытпаймыз. Әрдайым балаларымызға, немерелерімізге айтып жүреміз. Қазақстан біз үшін атамекенге айналды. Қазір экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық фестивалінде 3 бірдей өнер ордасына академиялық мәртебе берді. Олар – корей, ұйғыр, неміс театрлары.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сегодня на этом фестивале я объявляю о своем решении присвоить трем нацтеатрам: корейскому, немецкому, уйгурскому статус академических театров страны. Убежден, что это откроет новый этап в развитии всего театрального искусства нашей страны. Поздравляю коллективы с этим замечательным успехом. Желаю больших творческих успехов. 

Осы жасалып жатқан ізгі істің бәрі болашақ ұрпақ үшін. Елбасы бұл сөзді жастарға айтты. Қазақтың қанына сіңген берік дәстүр келешекке үлгі болуы керек екенін еске салды. Осы үрдісті жалғау үшін өскелең өрендер талмай еңбек етіп, халқын шын сүюі керек. Сонда ғана бірлік пен тірлік жарасым табады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Обращаясь к молодым хочу сказать, трудитесь честно во имя процветания нашего Казахстана, любите родину, цените и поддерживайте друг друга. Цените нашу сплоченность и доверие каждого человека друг к другу.

Ел Президентінің жігерлі сөздерінен қанаттанған жастар концерттік бағдарламаны тамашалады. Әуелгі шырқалған Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әні. Бұл шығарманы үш буын өкілдері шырқап, ұрпақтар сабақтастығын көрсетті. 

Ізін ала 11 ұлт өкілдерінің жастары ұлттық билерін сахналады. Көпшілікке өздерінің салт-дәстүрін сақтап келе жатқандығын жариялады. Ол, әрине, әр бишінің қимылынан байқалды. 

Ассамблея өзге ұлттарды бір шаңырақ астында ұйыстырумен қатар қамқорлықты да қатар алып жүр. Бір ғана мысал. «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында 595 000 адамға 6 миллиард теңгеден астам көмек көрсетілді. Игі бастаманың игілігін көрген ата-аналар да ағынан жарылып, Елбасының өлшеусіз еңбегіне ізгі лебіздерін білдірді.

Айнаш Сағындықова, көпбалалы ана

-Біздің Қазақстан – мейірімділік пен жақсылықтың мекені. Менің ұлым Әлиасқар анасының дауысын, өзін қоршаған әлемнің дыбысын естімейді. Балама тек қымбат есту аппараты көмектесе алады. Бар үміт осы құрылғыда. Оны сатып алуға Ассамблея қолдау көрсетті. Бүгін осы сахнада тұрған жүрегі жылы кісілер көмектесті. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің арқаңызда 195 отбасы баласының денсаулығын түзей алды.

Мұндай бастаманы меценаттар үнемі қолдайды. Ол жомарт жандар мына азаматтар. Олар да сахнаға шығып, игі іске қолдау білдіретіндерін жеткізді. 

Бекзат Алтынбеков, меценат

-Осындай игілікті істердің арқасында қаншама жанның үміті жанып, еліміздің жерімізге деген перзенттік ықыласы артып отыр. Ұлтына қарамастан, Ұлы Даланың мұраттарын, заңдарын ақ ниетпен қабылдап, қайырымдылықпен мұрат еткен барша азаматтардың атынан бүгін қайырымдылық Елбасыға алғысымызды білдіргіміз келеді.

Тəуелсіздіктің ширек ғасырлық тойы – өткенге салауат айтып, ертеңге бағыт бағдар құру. Жоғымызды түгендеп, барымызды ардақтау. Бағалайтын қазынамыз жоқ емес, бар. Ең құнды байлығымыз – бейбіт күніміз бен татулықты сақтап отырған барлық ұлттың бірлігі. Атамекендегі ауызбірлігіміз арта берсін, Қазақстан мәңгі жасай берсін. Бұл –шараға келген көптің тілегі.  

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

5. Елорда жаңа театралдық сахна «Астана Балет» театрымен толықты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық хореография академиясының бірегей кешеніне енген жаңа мәдениет мекемесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. 

Әлемнің үздік үлгілеріне сай түрлі шығармашылық ұжымдардың қойылымын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өнер ордасының маңызы зор. 

Мемлекет мәдениет майталмандарына мейлінше қолдау көрсету жолында аянып қалған емес. Орталық Азия мен барша Еуразия кеңістігіндегі хореографиялық өнердің дамуына үлес қосатын бұл мекеме соның айғағы болса керек. 

Бас қаламыздағы жаңа театрдың ашылуы қазақстандықтардың жоғары мәдени деңгейін дамытуға және елорданың жағымды имиджін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз. 

Театр жалпы көлемі 15 мың 467 шаршы метр аумақты қамтиды. 783 орынды көрермен залы бар. Сахнаның көлемі – 536 шаршы метр. Сахна төрт көтеріп-түсіру планшеті мен төрт әртістік көтергішпен жабдықталған. 

Көрермендер желтоқсанның 10-ы мен 11-і күндері жаңа сахнада бразильдік хореограф Рикардо Амарантенің «Биге деген махаббат» және «Диверсити» балет қойылымдарын тамашалай алады. 

Тойған Ізім,  ҚР Еңбек сіңірген әртісі

-Бүгін біздің Астанамызда үлкен бір қуанышты күн болып жатыр. Би өнерін жақсы көретін, би өнерін жанына серік қылып жүретіндерге осындай бір ғимарат сыйға тартылып жатыр. Жалпы қаламызға тағы бір өнер ошағы қосылды деуге болады.

Жұпар Ғабдуллина, «Астана Опера» театрының жетекші опера солисі

-Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай осындай тамаша өнер ордасы ашылып жатыр. Мен барлық өнерсүйер қауымды, Астана тұрғындарын, Қазақстан елін құттықтаймын. Өйткені осы жылдар ішінде бізде, Қазақстанда өте көптеген өнер ордалары ашылды. Соның бірі, міне, тамаша ғимаратта опера да, балет те, концерттік бағдарлама да жүреді. Бұл театрдың акустикасы да керемет.

Ғалия Байғазинова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі

-Бұл бүгінгі мереке Қазақстанның 25 жылдығына өте үлкен тарту деп білемін. Президентімізге үлкен алғыс айтқым келеді. Өнерде жүрген қаншама жастарға осындай сыйлық сыйлап отыр. Енді осы театр арқылы  біздің Қазақстанның болашақ жұлдыздарына жол ашылды деп ойлаймын.

Гүлжан Әспетова, ҚР Халық әртісі

-Мен өте қуаныштымын. Өнер адамы болғандықтан біздің Қазақстанның өнерінің өркендеп, өсіп жатқанына қуанып тұрмын. Әр мемлекетте жеке балет театры жоқ. Біздің Қазақстанда балет театры бар. Сол үшін қуанып тұрмын. Қазақ халқының өнер шаңырақтары көбейе берсін. Рухани байи берейік. Елбасымызға рахмет!

Естеріңізде болса, Орталық Азияда теңдесі жоқ Қазақ ұлттық хореография академиясы биыл білім күні қарсаңында өз жұмысын бастаған. Көпдеңгейлі кәсіби және хореографиялық білім беретін алғашқы жоғары оқу орнының ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. 

Мемлекет басшысы жаңа өнер ордасының бүкіл Еуразиядағы балет пен би шеберлерін даярлайтын жетекші орталықтардың біріне айналатынын айтқан. Академияға Англия корольдік театрының, Марсель балетінің прима-балеринасы, Ресейдің ең мықты Ваганов балет театрының көркемдік жетекшісі болған. Әлем «Жизель» деп мойындаған Алтынай Асылмұратова жетекшілік етеді. 

Өнер ордасында жалпы білім беретін би мектебі, колледж, институт бар. Жатақхана, бассейн, дене шынықтыру орындарымен толық қамтылған. Оқу тегін. Балет өнеріне бейімі бар жастар еліміздің түкпір-түкпірінен, аудан, ауылдарынан жиналған. Олар өте қатаң сынақтарда іріктеліп алынған. Қазақстандықтармен қатар шетелдердің шығармашыл дарынды жастары да оқи алады. Академиядағы оқу ісі би және балет өнерінің негіздерінен бастап, магистрлер мен докторанттарды дайындауға дейінгі кезеңді қамтиды.  

Пол Эмерсон, хореограф /АҚШ/

-Мұндағы құндылықтарды сөзбен жеткізу қиын. Би ансамбльдеріне арналған 21 студияны көру үшін-ақ шекара асуға болады. Өз мәдениетін қолдап, осынша жағдай жасау әркімнің қолынан келмейді. Таң қаларлық жайт.

6. Ынтымақтың жаңа кезеңі

Төртінші желтоқсан күні Өзбекстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Төрт үміткердің ішінен Шавкат Мирзиеев жеңіске жетті. Ол ел Президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін, уақытша Президенттің міндетін атқарған еді. 

Енді, міне, 15 миллион 906 мың 724 адамның дауысын иеленіп, Өзбекстан Республикасының Президенті атанды. 

Алғашқылардың бірі болып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті жеңісімен құттықтап, сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысына табыс тіледі. 

Телефон арқылы болған тілдесуде екі тарап қарым-қатынасты одан әрі жандандыру жайын сөз етті.

7. Елбасы Ауғанстан мен Индонезияға көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Жетінші желтоқсан күні Хавелиан қаласының маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 48 адам бақилық болған. 

Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Пәкістан халқына көңіл айтты.

Дәл осындай көңіл айту жеделхатын Елбасы Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға жолдады.

Жетінші желтоқсан күні Ачехте провинциясында алты жарым магнитудалық жер сілкінісі болып, 752 адам жарақат алған. Сондай-ақ көз жұмғандар да бар.

Қазақстан Президенті қаза болғандардың туыстары мен жақындарына және достас Индонезияның барша халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

8. Осы уақытқа дейін қанша отбасы баспаналы болды?

2014 жылы Елбасы Үкіметтің алдына міндет қойған. «Жалға берілетін әлеуметтік баспана салу мен тұрғын үй ұсынуда тұрғындарды қолайлы шарттармен қамтамасыз етіңдер» деп. Бұл тапсырма қалай орындалып жатыр? Осы уақытқа дейін қанша отбасы баспаналы болды? Қолжетімді баспанаға

қол жеткізудің жолдары қайсы? Көкейдегі көп сауалдың жауабын тілшіміз Әсем Қабылбек іздеп көрді.

Астаналық Жанар Иманбекова – 2 баланың анасы. Былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша пәтер алып, қоныстойын тойлаған. Тұңғышы Нұрдина – мүгедек. 21 жаста. Кембағал жанды асырайтын ата-ана ретінде 1 бөлмелі пәтерге құжат өткізген екен. Үйді уақытша жалға алу – тұрғын үй мәселесін шешудің бір амалы.

Жанар Иманбекова, қала тұрғыны

-Мүгедектік бойынша 9 жыл кезекте тұрдық. 9 жылдан кейін өзімізге күтпеген жерден туыс апайымыз  қоңырау соқты. Сондай-сондай программа болып жатыр, сол программаға сен қатысып көр деді. Сосын мен екінші күні ЦОН-ға барып, электронный вариант дейді ғой, сол арқылы құжат тапсырдым. Ешқандай қиыншылық болған жоқ.

Тиісті құжатты жинап, ипотекалық компанияның тексеруінен сәтті өтеді. 20 жылға жалға берілген пәтер үшін айына 47 мың теңге төлеп жүр. 5 жыл өткен соң, үйдің ақшасын толық өтеп, меншікке аударуға мүмкіндік бар.

Жаңа пәтер, жаңа өмір. Баспаналы болған Жанардың қуанышы еселене түсті. Бұл үйге көшкен соң, араға 20 жыл салып нәрестелі болды. Кішкентай Мұрагер – отбасының көз қуанышы. Анасы бала күтімімен үйде отыр. 

Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы 2 бөлмелі пәтерге қол жеткізгендердің бірі – Гүлсая Асқарова. Жас ұстаз колледжде сабақ берсе, отағасы IT саласында жұмыс істейді. Пәтердің жалпы аумағы – 60 шаршы метр. Үй жылы. Жас отбасының кірісі пәтердің ай сайынғы төлеміне жеткілікті. Табысы аз жағдайда, кепіл болатын тұлға болуы керек.

Гүлсая Асқарова, Астана политехникалық колледжінің оқытушысы

-Мен бюджеттік қызметкер категориясы ретінде тапсырдым. Сол бойынша өттім. Астана қаласы политехникалық колледжінде бухгалтерлік есеп пәнінен сабақ беремін. Ол колледжде жұмыс атқарғаныма 10 жылдан артық уақыт өтті. Осындай бағдарламаларға сену керек. Жастарды қолдап жатқанына көптен-көп рахмет айтамыз. Сену керек. Тапсырып көруге болады.

Бастауышқа сабақ беретін ұстаз сыныпқа кірген сәттен бастап өзін де, өзгені де ұмытады. Балаға әріп үйрететін мұғалімге артылатын жүк ауыр. Сондықтан әр күні қарбалас. Бұл Айман Дәуренбекқызының өмірлік дағдысына айналған.

Шәкіртіне білім нәрін сусындату үшін еш жалыққан емес. Еңбек өтілі – 15 жыл. Айман Балымбетова пәтер жалдаудың қиындығын бір адамдай біледі. Көпбалалы ана ұл-қыздарын аяққа тұрғызу үшін талай сынақты бастан кешті. Елордаға 11 жыл бұрын Сыр өңірінен қоныс аударды. Жақсылықтан үміт үзген жоқ. Ақыры тілегі орындалды. 

Кезекте тұрған мұғалім жинақ қорынсыз-ақ пәтерге қол жеткізді. Күн сайын іңір қараңғысында жұмысы аяқталатын ұстаз қазір үйіне асық.

Айман Балымбетова, №51 мектеп-гимназиясының мұғалімі

-Астанаға келгенімізге 11 жыл болды. 11 жылдың алдында 2006 жылы үйге кезекке тұрған болатынмын. Көпбалалы ана ретінде «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2015 жылы құжат тапсырып, осы 3 бөлмелі пәтерге қолымызды жеткіздік. Бірнеше жыл пәтер жалдап жүрдік. Пәтердің азабын көрдік.

Айман Дәуренбекқызы отбасымен қауышқан сәтте шаршағанын тез ұмытады. Алғашқы жарнасыз 20 жылға жалға берілген үйдің іші берекеге толы. Әсіресе немересі әжесін тағатсыздана күтеді. 

Елімізде «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы арқылы үй алғысы келетіндер саны артты. Әзірге республикамыз бойынша 9 мың отбасы баспаналы болды. «Бәйтерек» холдингінің еншілес мекемесі «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ұсынған баспанаға сұраныс жоғары. Сондықтан 2020 жылға дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 4,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда бар. Оның ішінде 1,7 миллионы жалға берілмек. Ал қарапайым халық жылдар бойы ақша жинағаннан, жалдамалы пәтерді жекешелендірген тиімді дейді.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Абылайхан Сейілбек