Жеті күн 22.04.2017 - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жеті күн 22.04.2017

  • Сенбі, 22 Сәуір 2017 20:42
Сюжеттер
1. Сыртқы саясат 2. Стратегиялық серіктес 3. Елбасы тапсырмалары
4. Президенттің қатысуымен EXPO-2017 көрмесіне арналған кеңес өтті 5. Дін және қоғам 6. Елбасы зиялы қауым өкілдерімен кездесті
7. Елбасы кездесулері 8. Сұраусыз су 9. Халықаралық ұйымдағы 100 күн

1. Сыртқы саясат

«Бесқонақ» белес асып, күн күлімдеді. Бірақ әлі де көңілдің күйі қашып тұр. Себебі биылғы су жылдағыдан жойқын. Ал саяси аренаға ауыссақ, бұл жылы Орталық Азияда жылымық. Түбі бір, тарихы ортақ бауырлас елдер етене байланысқа екпін берді.

Ұлыстың ұлы күнінде Өзбекстанның жаңа Президенті Шавкат Мирзиеев Астанаға ат ізін салып, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Нәтижесінде 75 келісімшартқа қол қойылып, екі тараптың кәсіпкерлері алғаш рет бизнес-форумда жүздесті. Бұл қатынастың қарымы күшейгенінен хабар бермей бе?! Тарихи оқиға деп бағалануы да сондықтан. Бір айтар тұс Шавкат Мирзиеев бізге келмес бұрын Ашхабадқа барған.

Енді, міне, Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қазақ жеріне қадам басты. «Аркадаг» президенттікке қайта сайланғаннан кейінгі сапарын басқа емес, біздің елден бастады. 

Ал қазір XXI ғасырдың ең ірі жобасы саналатын «Жібек жолының экономикалық белдеуі» турасында сөз тарқатсақ. Ол Жер шары тұрғындарының төрттен үшін құрлық және теңіз жолымен байланыстырып, біріктіреді деп болжанған. 

Біраздан бері осы бағдарламаны біздің елде жүзеге асып жатқан «Нұрлы жолмен» ұштастыру мәселесі қаралуда. Нақты талқыға салынар сәті – 15 мамыр. Дәл сол күні Бейжіңде «Бір белдеу – бір жол» атты халықаралық форум өтеді. Жөні бөлек жиынға Нұрсұлтан Назарбаевты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин арнайы шақыртқан. Елбасы шақыртуды құрметпен қабыл алып, Қытай Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Чжан Гаолимен кездесуінде шараға қатысуға дайын екенін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Наши  отношения с КНР имеют высокий уровень. Между Казахстаном и Китаем особая модель партнерства. Мы сотрудничаем в энергетической сфере. Газопроводы, нефтепроводы идут через Казахстан в КНР. Я выражаю признательность Председателю КНР Си Цзиньпину за приглашение на международный форум «Один пояс – один путь» и поддерживаем эту программу. У нас много предстоящей совместной работы. Надеюсь, вы на 8 заседании комитета по сотрудничеству обсудили эти вопросы. Мы надеемся на торговые, экономические отношения в будущем.

Былтыр Қазақстан Президентінің аспанасты еліне ресми сапары барысында «Нұрлы жол» мен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларын үндестіру жоспарына қол қойылған еді. Сол жоспар көліктік-транзиттік және инвестициялық дамудың көкжиегін кеңейтті. Мәселен, 2017 жылдың қаңтар-ақпанында екі арадағы тауар айналымы 30 пайызға артқан. Және «Қытай-Қазақстан-Еуропа» бағытындағы контейнерлік тасымал да күн санап көбейіп келеді. Биылғы екі айдың көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге өскен. Бұл сандарды саланың сабын ұстаған министрлер мәлім етті.

Бұдан бөлек, серіктестердің бірлескен индустриялық-инновациялық ынтымақтастық бағдарламасын қабылдағаны тағы бар. Оның да байланысты берік етері сөзсіз. Құжат аясында жалпы құны 27 миллиард долларды құрайтын 51 жоба қолға алынған. 

Чжан Гаоли, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Бірінші Вице-Премьері:

-Бүгінде Сіз басқарып отырған Қазақстанның экономикасы дамып, елде әлеуметтік тұрақтылық орнағаны байқалады. Халықтың әл-ауқаты да артып жатыр. Әлемдік аренада қазақ елінің беделі өсіп келеді. Қытай Халық Республикасы Қазақстанда жүзеге асып жатқан реформаларды толық қолдайды. Сіздің рухани жаңғыру жөніндегі бастамаңыздың маңызы зор.

Чжан Гаолидің айтуынша, Қытай басшысы елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне және уақыты 8-9 маусым аралығы деп белгіленген Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

Осы тұста айта кетсек, таяуда Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлерімен кездесті. Басқосуда алдағы алқалы жиынның тәртібі тәптіштеліп, таразы табағына тасталар тақырыптар анықталды. Экстремизм мен есірткі тасымалына қарсы күрес, қоршаған ортаны қорғау, мәдени-гуманитарлық саладағы әріптестік сынды өзекті мәселелерге мән берілмек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Планируем, что будет подписание Конвенции ШОС по противодействию экстремизму и принятие заявления по этому вопросу, а также Антинаркотическая Стратегия государств-членов организации. Экономическое и культурно-гуманитарное сотрудничество в рамках ШОС имеет очень большое значение. Следует отметить еще один немаловажный вопрос повестки дня предстоящего саммита – принятие решения о завершении процедуры приема Индии и Пакистана в полноправные члены ШОС. Также предполагается принятие Астанинской декларации, где мы определим наши планы на будущее.

Негізі қазақ-қытай қарым-қатынасының нығаюы түрікмен туыстарымыз үшін де тиімді. Олар да алып нарыққа шығуды алға қойған. Бұл ретте Ашхабадқа Астана көмек қылады. Өйткені Қазақстан – сенімді серіктес. Бұл әсіресе қазіргідей әбігерде керек нәрсе. Әбігер деген әңгіме мынадан шығады.

Түрікменстан мен Әзербайжан ғасыр басында «Набукко» аталатын газ құбыры арқылы Еуропаға еркін шығуды ойлаған. Алайда солтүстіктен салқындық сезіліп, жоба жоспардағыдай жүзеге аспады. Тіпті былтыр «Газпром» түрікмен газынан түбегейлі бас тартты.

Сондай-ақ Ашхабад 2010 жылы Ауғанстан мен Пәкістанды кесіп өтіп, Үндістанға баратын «Тапи» желісін тартуды қолға алған. Алғашында ашылуы биылға белгіленген еді. Бірақ кедергінің көптігінен кейінге шегерілді. Ендігі меже – 2020 жыл. Оған қоса қауіпсіздік тұрғысынан да қауіп басым. Соған қарағанда болашағы бұлыңғырлау сынды.

Әрине, Еуропа мен Үндістан екеуі де – ірі нарық. Десек те, олардың деңгейі Қытайдың тұтынушылығынан төмендеу. Сондықтан аспанасты еліне өнім жеткізу өзекті. Ал Түрікменстан үшін төте жол – Қазақстан аумағы. Бұл ретте транзиттік жағынан мәселе туындамасы анық. Өйткені жаңғырған «Жібек жолының» желісімен «Өзен-Берекет-Горган» арасын жалғайтын теміржол төселген.

Бейресми түрде ғасыр жобасына баланған шойын жолдың құрылысы қиын қыстау кезеңде жүрді. Дағдарыстың дауылы енді екпін алған беймаза шақ болатын. Бірақ Қазақстан да, Түрікменстан да, Иран да  бұл бағыттың тиімді екенін түсініп, жұмысты бір сәтке бәсеңдетпеді. 

Қазір бұл елдер үшін Қытай мен Ресей нарығына оңтайлы жол ашылса, ал бізге Парсы шығанағына шығудың мүмкіндігі туды. Кәсіпкерлер тарапынан белсенділік болса, бұл мүмкіндіктің берері мол. Себебі Парсы шығанағындағы мемлекеттерде ауылшаруашылық тауарлары тапшы. Мәселен, 10 миллион тоннаға дейін бидай жеткізсек, олар алуға асық. Демек, астық сатудың өзінен асығымызды алшысынан түсіруге жағдай жасалып отыр.

Бәлкім бұған дейін белгілі бір мөлшерде бөгет болған шығар. Осы жолғы жолығудан соң оның да жойылуы тиіс. Оған Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердімұхамедовтің стратегиялық серіктестік туралы құжатқа қол қою дәлел. Сонымен қатар екі ел арасындағы шекараны демаркациялау туралы да шарт жасалды. Айта кеткен жөн, Қазақстан бұған дейін Қытаймен ғана арадағы шекараны белгілеген. Әрине, қалған көршілерімізбен де келіссөздер жүріп, бірлескен жұмыс атқарылып жатыр.

Томаға тұйық боп, бейтараптық қағиданы қатты ұстанатын мемлекетпен мұндай келісімдерге келу – аса маңызды оқиға. Түрікменстанның аймақтағы үдерістерге араласуды жөн санағаны жөн болған. 

2. Стратегиялық серіктес

Қазақ елі мен түрікмен халқының достығы сан ғасырдан бері жалғасып келеді. Әсіресе соңғы жылдары бұл байланыс беки түсті. Енді осы тура жолдан таймау – қос тараптың да мұраты.

Салтанатты рәсімнен соң тараптар келіссөздерге кірісті. Екеуара сұхбаттасып, әріптестіктің негізгі бағыттарын саралады. Ширек ғасырда қос ел арасындағы байланыс жан-жақты өрбіді. Экономика мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық дами түсті. Көлік-транзит саласында да айтулы жетістіктер бар. Осы бағытта бірлескен жобалар жүзеге асырылды. Ең ірісі – «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» темір жолы. Сол арқылы аймақтың инфрақұрылымдық әлеуеті артып, біраз мемлекетке Парсы шығанағына жол ашылды. Ендігі мақсат – осы жолдағы жұмыстарды барынша жандандыру.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Один из своих выездов вы делаете в Казахстан – братскую страну, близки по духу и по всем направлениям. Мы это очень ценим. Туркменистан, туркменский народ считаем самым близким соседом, партнером и братским народом для нас. Все годы независимости, уже 25 лет. Все эти годы всегда было взаимопонимание. Не было никаких нерешенных вопросов между нашими странами. Как мы построили отношения, до сих пор это идет. Сотрудничаем в сфере внешней политики, поддерживаем инициативы Туркменистана на международном уровне. Туркменистан поддерживает наши инициативы.

Түрікменстан президенті Қазақстанмен серіктестік сенімге негізделгенін жеткізді. Өйткені екі елдің ұстанымдары ұқсас. Бауырлас елдердің болашаққа жасаған байламы да бір. Бейбітшілік пен тұрақталық тұғырын нығайту.

Гурбангулы Бердімұхамедов, Түрікменстан Республикасының Президенті:

-Біз бейбітшілік пен тұрақтылықтың аймақтық дәрежеде ғана емес, барша әлемде орнағанын қалаймыз. Осы орайда Сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы, өз алғысымды жеткізейін деп едім. Себебі Сіз біздің бастамамызды қуаттап қана қоймай, өз үлесіңізді қосып жүрсіз. Біз де Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі бастамаларын әрдайым қолдаймыз.

Қазіргі таңда екі ел арасында 50-ден астам түрлі келісім бар. Олардың қатарын тағы онға жуық құжат толықтырды. Қос ел көшбасшысы стратегиялық серіктестік жөнінде келісімге қол қойып, мемлекеттік шекараны шегендеу жөніндегі мәмілеге мән берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сегодня мы подписываем важнейший договор о стратегическом партнерстве между Казахстаном и Туркменистаном, выходим на новый этап развития в связи с этим договором. Мы решаем все вопросы границ между нашими странами, это будут единственные две страны, у которых не будет пограничных проблем.

Қос ел серіктестігінің салмағы артып келеді. Әсіресе соңғы жылдардағы тауар айналымы едәуір артқан. 2016 жылы екі ел 283 миллион долларға сауда жасапты. 2015 жылы 178 миллион доллар болған. Өткен жылғы көрсеткішті еселеуге екпін бар. Мұны көшбасшылар баса айтты.

Гурбангулы Бердімұхамедов, Түрікменстан Республикасының Президенті:

-Арадағы сауда-саттық көлемін арттыруға дайынбыз. Бұл ретте Нұрсұлтан Әбішұлы жақсы ұсыныс жасады. Шекарадағы сауданы жеңілдетуге қатысты ұсыныс. Біздің жинақтаған тәжірибеміз бар. Енді осы бағытта Қазақстанмен де жұмыс істеуге әзірміз.

Көшбасшылар халықаралық және аймақтық күн тәртібінде тұрған мәселелерді де ой елегінен өткізді. Қауіпсіздік және терроризммен күрес алдыңғы орында тұрды. Бұдан бөлек, су ресурстарын тиімді пайдалануға да назар аударылды. Әсіресе Арал тағдыры екі елді қатар алаңдатып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Важной темой переговоров стала водно-энергетическая сфера и активизация деятельности международного фонда спасения Арала. Мы вместе призываем наших соседей все возникающие вопросы решать взаимным доверием, взаимной выгодой для всех наших государств. Мы еще раз подтвердили, что водные ресурсы трансграничных рек Центральной Азии являются нашим общим достижением, пунктом нашей дружбы, нашего взаимопонимания. От их разумного использования зависят судьбы десятков миллионов людей. В этом году председательство в Международном фонде спасения Арала перешло к Туркменистану.

Экология мен экономикадан бөлек, кездесуде тағы бір маңызды сала сөз болды. Ол мәдени-гуманитарлық байланыс. Нақтырақ айтсақ, түрікмен басшысы білім саласындағы бірлікті бекемдеуге ынталы.

Гурбангулы Бердімұхамедов, Түрікменстан Республикасының Президенті:

-Сіз білім саласына үлкен көңіл бөлесіз. Түрікмен жастарының Қазақстанда оқып, білім алуы менің осы сөзімді айғақтайды. Сіздің осы жолыңызды жалғауға біз де ниеттіміз. Енді қазақ жастары Түрікменстанда білімін жетілдіргенін қалаймыз.

Кездесулер аяқталған соң Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентін бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Сәкен Сейітханұлы, тілші:

-Қос тарап барлық сала бойынша тізе қосып, жұмыс жасауға уағдаласты. Әсіресе ресми Ашхабадтың Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан бағытында газ құбырын тартатыны көңілге қонды. Өйткені осы іс қолға алынса, Қазақстан Түрікменстанның мұнай-газ секторына қажет рельстерді, құбыр және басқа да өнім түрлерін жеткізу үшін халықаралық тендерге қатысуға мүмкіндік алады. Демек, байланыс көкжиегі кеңейе береді.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Жұмағали Біргебаев, Азамат Сәметов 

3. Елбасы тапсырмалары

Осы аптада Президент Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдап, тапсырмалар жүктеді. Тиісінше жыл басынан бергі жасалған жұмыстың жай-жапсарымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Үкіметтің алдында көптеген шаруа тұр. Бұрынғы қабылданған бағдарламалар, әсіресе индустриялық бағдарлама, «Нұрлы жер» өте көп жұмыс істеуді талап етеді. «Жүз қадам», бес салалы реформамыз бар. Соның бәрі ішінде қапталып, ұмытылып кетпеу үшін Үкіметтің аппараты қарап, қадағалап отыруы керек. Оның үстінде жақында жарияланған «Рухани жаңғыру» деген бағдарлама бар. Мен аппаратқа тапсырма бердім. Қалай істеу керектігі жөнінде жоспар дайындалып жатыр. Оның ішінде қаражат шығаратын мәселелер де бар. Бірақ көпшілігін бюджетке салмақ салмай шешуге болады. Мысалы, «Туған жер» деген бағдарламаны әкімшіліктерден ұлттық комиссия жасаймыз да, комиссияның ішіне кіргіземіз. Ол жергілікті жерлерде болуы керек. Кітап аудару мәселесі шешілген. Қазіргі бөлінген қаражат арқылы кітаптарымызды сыртқа шығару мәселесін шешу бар. Латын әліпбиіне көшуге қатысты ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Осы арада мен көптеген хат пен хабарландыру алып жатырмын. Шығармашылық ұжымдардан, театрлардан, жазушылардан, мектептерден, жоғарғы оқу орындарынан қолдау тауып жатыр. Үлкен үміт халықтың ойына себілді. Сондықтан Үкімет жағынан үлкен жұмыс істеуге тура келеді.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Жолдауда жүктелген тапсырмалардың орындалуын Үкімет қатаң бақылауға алған. Жауапты тұлғалар бекітіліп, арнайы жоспар түзілген.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі:

-Сіздің Үкіметтің кеңейтілген жиылысында экономикалық өсімді қатаң бақылауға алуды тапсырған болатынсыз. Сол жұмыстың нәтижесінде 3 айдың қорытындысы шықты, биылғы макроэкономикалық көрсеткіштердің негізгі бөлігін қарайтын болсақ, онда ішкі жалпы өнімнің өсімі осы үш айдың қорытындысы бойынша үш пайызға көтерілді. Бұл барлық экономиканың өсіп жатқаны Сіздің бағдарламаңыздың жемісі деп білеміз. Үкімет өзінің бар күш-жігерін осы 3 пайыздық өсімді жылдың соңына дейін төмендетпей ұстап қалуға салады.

4. Президенттің қатысуымен EXPO-2017 көрмесіне арналған кеңес өтті

Көптен күткен халықаралық көрмені көрер күн жақын. Бүгіннен санасақ, «ЭКСПО»-ға елуге жуық күн қалыпты. Шараны шашау шығармай өткізу керек. Себебі ел абыройына ықпалы ерекше. Міне, осы мақсатта Елбасы кезекті рет жасыл технологияның жаршысы болуға тиісті жаңа қалашықтың жай-жапсарымен танысты. Арнайы кеңес өткізіп, атқарылған және атқарылмай қалған жұмыстарды жіпке тізді. Қысқасы, көп дүниенің көбесі сөгілді. Тіпті кейбіреулердің шымбайына батар шындық та айтылды.

ЭКСПО-ға дайындық қызу. Оны абыроймен өткізу – парыз. Сондықтан Елбасы бұл шараның басы-қасында өзі жүр. Көрмеге ұзын саны 115 ел, 21 халықаралық ұйым қатысады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Біздің көрмеміз халықтың, Қазақстанның дәрежесін тағы бір сатыға көтеру керек. Мұны абыроймен өткізу халыққа да, Үкіметке де сын болып табылады. Көп шаруа бітті. Қала ЭКСПО-ның ашылуына дайын болуы керек. Туристердің жататын жері, емделетін жері, жүретін жолы қаланың мойнында болады.

Көрмеге қатысушылар біртіндеп павильондарға жайғасып жатыр. Жоспарланған 22 ғимараттың 18-і дайын тұр. Енді келер айдың ортасына таяу қалғаны әзір болмақ. Оларды қайта жобалаудың нәтижесінде 25 млрд теңге үнемделді.

Қонақтарды қарсы алуға шаһар тас-түйін дайын болуы тиіс. Қала басшылығының мұраты – меймандарға жан-жақты жағдай жасау.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

-Халықаралық делегацияларды күту үшін 110 автобус қарастырылған. Қосымша 7 «Шаттл бас» бағыттары іске қосылады. Арнайы Friendly taxi қызметі құрылды. Сол арқылы шетелдік туристерге 5 тілде қызмет көрсету қарастырылуда. Мәдени-спорттық шаралар да кең ауқымда ұйымдастырылады.

Қазіргі уақытта көрмеге 930 мың билет сатылған. Ұзын саны 2,5 млн-ға жуық турист келеді. Олардың алған әсері зор болуы тиіс. Ол үшін әуелі елордалық сервистің сапасын артыру керек. Алайда Президенттің пікірінше, олқылықтар әлі баршылық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Приходит покупатель, продавец задом поварачивается. Такого на Западе никогда не терпели. Покупатель туда больше никогда не придет. Где вежливость? Их же частники нанимают. То есть, культуру столичного города поднять. В столичном городе особый климат есть. Люди другие должны быть.

Астана аты затына сай болуы тиіс. Өңірлер елордаға қарап, бой түзейді. «Бұл орайда бас шаһардың заманауи, смартқалаға айналуы маңызды», – деді Елбасы. Цифрлық технологияларды көптеп енгізу қажет. Бұл тұста елордада шешілуі тиіс мәселе аз емес. Бірінші кезекте көлік трафигін реттеу. «Ақылды бағдаршамдар» енгіземіз дегелі қай заман. Бірақ жүргізушілер кептелістен бой жазар емес. Жаяу жүргінші де опық жеуде. Ертең туристерге де қолайсыздық тудыруы мүмкін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-В городе недостаточно надземных и подземных пешеходных переходов. Это уже как сказка про белого бычка. Все время про это говорим. Это столица. Давайте сделаем нашу столицу комфортной для жителей. Давайте потратим на это дело если надо. За 5 лет таких пешеходных переходов введено всего два. Взять к примеру, пересечение Мәңгілік Ел и Сығанақ, где переходить людям, скажите мне? Чтобы перейти в другую сторону надо пройти километр. Вон смотри, где проходят!

Президент Астананың дамуына баса мән береді. Бас шаһардың құлпырып тұрғаны жақсы. Дегенмен кейбір жекелеген аудандарда жағдай басқаша. Елбасы әбден ескірген үйлерді сүру мәселесін тағы бір мәрте қаперге салды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Посмотрите как у нас сейчас выглядит центр города. Смотри! А там, с той стороны театр оперы знаменитый наш. Видишь? Еще другие места есть. Вот центр города! О чем мы говорим? Вот туда туристы пойдут, сфотографируют, покажут всему миру! Давайте работать глужбе, если надо специально выделяйте деньги ЭКСПО. Наведите порядок, почистите перед ЭКСПО. Потому что это столица, это интересы страны в целом.

Қыс кетіп, көтем келді. Көкпен бірге кемшіліктер де шыға бастағандай. Кедір-бұдыр жолдар мен ұсқыны қашқан үйлерді кеңседен шықпай-ақ көруге болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Посмотрите фасады некоторых наших домов. Прямо перед носом Президента все плитки выпали и никому дела нет. Лето пришло, они разбитые, обшарпанные. Собственники не приводят в порядок, потому что никто с них не спрашивает. Смотри, это все в центре. Я постоянно всем акимам говорю, у нас длинная зима. Зимой зелени в городе нет. Только веселые фасады наших зданий украшают столицу. Давно в мире разработан колор. Я считаю, синий, желтый и белый очень подходят для нашего города. Кто-то должен этим заниматься. Вот южнокорейцы строят большие просторные дома, серость какая-то. Не жилой дом, а заведение для МВД. Хотя бы белые дома должны быть. Какая трудность в этом?

Жаңа үйді тапсырған компаниялар құрылыс қалдықтарын шығармайды. Аулалардың көркін кетіріп тұрған тағы бір мәселе осы. Мұны да әкімшілік қадағалауға алуы тиіс. Ендігі түйткіл – көші-қонды реттеу мен тіркеу жағдайы. Бір үйде мың тұрғын тұрады дегенге сенесіз бе? Көшіп келгендерді тіркей беретін үй иелерін жауапқа тарту мәселесін Елбасы тиісті органдарға тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-В одном из частных домов улица Березовая, дом 156 в районе юго-востока зарегистрировано свыше 1700 человек в одном доме. Что за такая резиновая комната? В общежитии микрорайона Пригородный только в одной комнате прописано 1200 человек. Ну что за безобразие? Ты разберись, собери всех. Что надо для этого, законы? Давай законы изменим. Никто не занимается экономией государственных средств.

Кәсіпкерсымақтар ашық жарнама жүргізуден де қымсынбайды. 15 минуттың ішінде тіркеу жасап беретіндер туралы интернеттегі ақпараттар Елбасын аң-таң қалдырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президент:

-Вот читайте. Прописка в Астане дешево, через ЦОН, адресная справка за 15 минут. Что за безобразие?! Ты разберись с этим, министр. Сегодня после обеда разберись. Что это за такие люди продают и вот в этих домах резиновых прописывают? Ни одна городская служба не реагирует на это безобразие, кто ответственен за это. Начальник ДВД Аубакиров, не қарап отырсың?!

Қаланы абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту қарапайым халық үшін. Жұмысты ширату керек. Ал оған әкім жауапты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Хороший мэр города должен быть хорошим мэром города. Он встает в 5 часов утра, объезжает весь город вместе с замами и аппаратом, потом приходит на работу, говорит: «Пока Президент сейчас приедет, чтобы все помыли, почистили, побелили». Я теперь сейчас до ЭКСПО буду рано выезжать, сначала буду объезжать весь город, потом буду приезжать на работу, если ты этого не хочешь делать. Это касается всех городов, областных центров. Начальник города должен быть хозяином города, любить этот город.

Астана астана болғалы қала кеңейді, гүлденді, дамыды. Елдің басты мақтанышына айналды. Демек, оның ертеңі ел мұраты үшін керек. Президенттің бас қалаға баса мән беруі де сондықтан. ЭКСПО арқылы Астана бұрынғыдан да құлпыра түскені ақиқат.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-ЭКСПО деген бір жағынан бәрімізге жұмыс болды, екінші жағынан тәжірибе болды,  үшінші жағынан бұл еліміз үшін үлкен мәртебе. Өте үлкен оқиға. Тағы бір рет Қазақстанның әлеуетін паш ететін үлкен шаруа. Барлықтарың осыған жұмылып, жұмыс істейтін болыңыздар!

Талай сыннан сүрінбеген елорданы тағы бір үлкен сынақ күтіп тұр. Сондықтан ЭКСПО-ны абыроймен  өткізуге барын салары хақ. Жасыл экономикадағы отандық үздік жетістіктер көрмеге қойылады. Шараның мазмұндық жағына ерекше мән беріліп отыр. Сәйкесінше, біздің павилонымыз да ең үздік болуы тиіс. Бұл жайттар да Елбасының жіті қадағалауында.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Айдос Меделбеков 

5. Дін және қоғам

Бұл жазда Астана ауқымды шаралардың алаңына айналады. Ал ондай шақта қауіпсіздік қалқанының мықты болмағы маңызды. Көрмесек те естіп жүрміз, күштік құрылымдар тәртіпті күшейтуге кіріскен. Күні кеше Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында арнайы операция жүргізіліп, 11 жат пиғылды азамат ұсталған. Олар Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйымның ылаң тірлігін насихаттады. Яғни сыртқы ықпалдың айдағанымен жүріп, айтқанын істеген.

Осы тұста Елбасының Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілдерімен кездесуіндегі мына сөзі ойға оралады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Ұлан-ғайыр жеріміз бар, ол жердің үлкен байлығы бар, ішіміздегі тыныштық бар. Елдің дәрежесі бар. Оған ала көзбен қарайтын адамдар аз емес. Белгілі. Жалпы қазақты ешкім жеңбеген. Ішінен ірітіп, жүз-жүзге бөліп, сонан кейін барып жаулап алған болатын. Тарих солай. Сондықтан біз ойлануымыз керек. Сырттан ықпал етудің бір тәсілі – бізге жат діни ілімдерді тарату.

Қаба сақал қойып, қараға тұмшаланғандар – өркениеттен безініп, орта ғасырды көксейтіндер. Бұл – бейбітшілікті ту еткен Исламға да, қазақтың ұлттық тарихы мен дәстүріне де, қысқасы адамдыққа жат қылық. Мүлдем ақтауға келмес ақиқат.

Осыны терең ұғынып, түйсікке ұялатқан жөн. Әйтпесе басымызға әңгір таяқ ойнатқандардың ойыны күшейе түсуі әбден мүмкін. Өйткені жерімізге де, елімізге де қызғанышпен қарайтындардың қарасы қалың. Десек те, сыртта сценарий сызып отырғандардан гөрі, іштен шыққан жау жаман болып тұр. Сондықтан тек салт-санамызға берік болып, ұлттық иммунитетті нығайту арқылы ғана жат жұрттық ағымдарға тойтарыс бере аламыз. Елбасының имамдарға айтқан ойының төркіні осыдан оралады. 

Тәуелсіздік алған жылдары діннің мәртебесі мен беделі артты. Алайда 70 жыл атеистік қоғамда өмір сүріп, бойын қайтадан тіктей бастаған қазақ жеріне дәстүрлі емес діни ағымдардың ағылғаны белгілі. Арам пиғылдылар рухани байлығымыздың бір бөлшегін өз уысында ұстауды көздейді. Қазір дін – саясат құралы.

Бұған Таяу Шығыстағы елдердің басындағы жағдай мысал. Ақордадағы рухани кездесуде осы мәселе кеңінен талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Өздеріңіз білесіздер, дін мәселесі біздің рухани байлығымыздың бір тармағы болып саналады. Мемлекет бұған өте үлкен көңіл беріп отыр. Арнайы министрлік те құрылды. 

Мемлекет діннен бөлек. Алайда жат ағымның қоғам санасына тереңірек сіңіп, нық орын алуы радикалды ұстанымдағы азаматтардың көбеюіне әкелді. Жүгенсіз кеткендерді жөнге салмаса, елге қауіпті. Асылында ислам үрейдің діні емес. Дәстүрлі Ислам – ата-бабадан қалған мұра. Елдің бірлігін сақтап келген мазһаб. Ұлттық болмысымызбен біте қайнасып жатыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Біз дінімізбен бірге ұлттық дәстүрімізді мықты ұстануымыз керек. Біздің қыздарымыз атам заманнан бөрік киген, келіндері орамал салған, аналарымыз кимешек киген. Міне, біздің салтымыз. Ешқандай дін де одан бөлінген жоқ. Тағы да айтайын, қазақта шымқай қара киіну – жаман ырым. «Кісісі өліп, қара жамылып отырды» деген сөз бар. Сонда біздің жастарымыз бізге керек емес, осындай ата-бабамыздан қалмаған өсиетке қарай жүретін болса, еліміздің болашағы не болады? Біз оған жол бермейміз! Бізге Қазақстанның бірлігі, болашағы керек, өсіп, өркендеп зайырлы мемлекет болуымыз керек.

Жат ағымның жетегінде кеткендер бүгінде ата-анасы, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден жеріді. Өзінің шынайы болмысын мойындағысы жоқ. Мұның басты себебі – діни сауатсыздық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Бізде соңғы кезде жас жігіттер сақалын сапситып қойып, балақтарын шорт кесіп келеді. Бетін тұмшалап бүркеп, қап-қара көйлек киген қыздардың қатары көбейді. Бұл біздің ұлтымызға да, сана-сезімімізге де, дәстүрімізге келмейді. Қазақта қараны кісі өлгенде киеді. Қара жамылып отыр екен деген содан қалған. Үйдің иесі өлді немесе бала-шағасы қырылды деген сөз. Әрине, әркімнің не кием десе өз бостандығы бар. Бірақ ол басқа нәрсе. Мынау әдейілеп бізге қарсы шығатын, қазақты бөлетін дүние. Құдай деген адамның жүрегінде болуы керек емес пе?

Қазақстан – көпұлтты, зайырлы мемлекет. Айқын ұстаным. Азаматтардың наным-сеніміне бостандық берілген. Ислам атын жамылғандар дінге күйе жағуда. Жұртты жиһадқа шақырып, жат елде соғысып жүргендер қаншама. Талай отбасының шаңырағы шайқалды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаһандану заманында жастарды барынша білімге тарту керектігіне тоқталды. Жамағатқа жол бастап, пәтуа айтатын имамдар үнемі ізденісте болуы тиіс. Діннің басты қалқаны солар. Қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасында 3800 имам қызмет етеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жамағатқа сөзін өткізу үшін имамдардың беделін көтеру керек. Өздері инабаттылық пен тазалықтың үлгісін көрсетулері керек. Шетелдерге өз бетінше діни білім алуға кеткен кейбір жастарымыздың жат ағымдардың арбауына түсіп, теріс идеялардың келу қаупі бар. Енді алдап-сулап, дүниеде әр нәрсеге қолы жете алмай, жұмыссыз қалған жастарға біраз ақша беріп, алып кетіп соғысқа салып, олар шетінен қырылып жатыр. Егер де жаман жолға түсіп, экстремизм, терроризмге осы жақтан кетер болса, ол Қазақстанға қайтып келмейді. Ата-аналары да, бәрі де білуі керек. Барғаннан кейін өкініп, бармағын тістеп жатқандары да толып жатыр. Мен оны білемін.

Руханиятты реттейтін органға жүктелген міндет көп. Министрлік былтыр күзден бастап іске кірісті. Ведомство басшылары теологтармен ақылдасып, мемлекеттік дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдаманы әзірледі. Дінбұзарлар мен жастардың шетелде діни білім алуы қатаң бақыланбақ. Бұл тізімге миссионерлік қызмет пен діни әдебиеттерді тарату да кіреді. Іштен шыққан жау жаман. Қазақстан лаңкестерді азаматтығынан айыруға әзір.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазіргі заманға сай болып жатқан мынау тартыс, сөз салыстырулардың ара жігін білетін сауатты имамдар ғана елдің бетін бері қаратады. Зайырлы, білімді де білу керек. Басқа діндерді де терең білу керек. Сонда салыстыра келе, біздің адамдарға түсіндіретін боласыздар. Солай ма?

Теологтардың пікірінше, бізде үгіт-насихат жұмысы ықшам, негізгі ойды тез түсіндіре алатын тәсілдерге зәру. Діни біліммен ғана шектелетін заман келмеске кетті. ІІ республикалық имамдар форумындағы басты тақырып осы. Жиында ақ сәлдені басқа ораған имамдар сүбелі 2 құжатты қабылдады.

Ержан Маямеров, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти:

-Діни саланы білу ғана емес, зайырлық принциптердің барлығын қолдаған, сыртқы-ішкі саясатты білетін, жалпы халықпенен етене байланысып кете алатын үлкен тұлғаға айналуы керек. Осы мақсатта біз құжатты қабылдап отырмыз. Әбу Ханифа мәзһабы, Матуриди ақидасы, «Қазақстандағы исламның дәстүрлі жолы» деген құжат қабылдадық.

Ахметжан Керімбек, ҚМДБ, ОҚО бойынша өкіл имамы:

-Дін мен дәстүр деп бірге насихаттауға, яғни осы екі құндылықты бірге насихаттау арқылы біз өзіміздің болмысымызды сақтайтын, өзіміздің ұлттық менталитетімізді қорғай алатын мүмкіндік болады екен.

Қазақстан – жаһандағы 1,5 млрд мұсылмандардың бір бөлшегі. Асыл дініміздің атын жамылып, исламға еш қатысы жоқ біреулердің қоғамға іріткі салуы бәрімізді қынжылтады. Президенттің рухани жаңғыру жөніндегі бағдарламасы дін саласын да айналып өтпейді. Осы бағытта жұмыс жүргізу ұлттық комиссияға жүктелген. Себебі ата дінімізді көздің қарашығындай сақтау – бүгінгі ұрпақтың парызы.

Шариғат пен шаңырақты бір-біріне қарсы қойып, шайтанның шатағына шырмап тастайтын теріс ағымдарды ауыздықтауда рухани жаңғырудың рөлі басым болмақ. Себебі қанымыздағы асыл қасиеттердің қайта оянуы ұлттық салт-дәстүрдің биікке өрлеуіне сеп. Ал қазақы дәстүр тыныштықтың қаймағын ешқашан бұзбайды. Біз тілдескен саясаттанушылардың ойы да осыған саяды.

Талғат Қалиев, Youth ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

-Жаһандану заманында бірегейлікті сақтап қалу үшін бай рухани-мәдени мұрамызды пайдалануымыз керек. Сонымен қатар бұл – теріс діни ағымдардың қоғамға ықпалын жоюдың төте жолы. Олар өзге жат дүниені жадымызға сіңіртуге тырысады. Біз бұған өз құндылықтарымызбен ғана қарсы тұра аламыз.

Дос Көшім, саясаттанушы:

-Бұл жерде тек қана мемлекет емес, қоғамның да араласуы болады. Бұрынғы жақпен де қалып қоймау керек және қазіргі жаңа лепті де біліп, соған ыңғайлау керек. Бірақ мұның барлығы ұлттық құндылықтардың негізінде жасалуы тиіс.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Елдар Бақпаев

6. Елбасы зиялы қауым өкілдерімен кездесті

«Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен,

Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем,

Керегі жоқ басқа атақ,

Басқа абырой

Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!»

Әрбір қазақстандық Қадыр Мырза Әлідей кіндік қаны тамған жері туралы осылай тамсанып айтса, алға озарымыз ақиқат қой. Міне, сол себепті Елбасы «Туған жер» деген бағдарламаны қабылдау жөнінде тапсырма берді. Талай түйіні шешілмей жүрген түйткілдің күрмеуін табуда бұл істің ілгері болары анық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

-Студенттер каникулға барғанда, өз ауылының барлық жағдайын жазсыншы. Мынау ауылдың аты неге олай, мына төбенің аты қалай жарияланған? Ел аузында қалған қандай батырлар, шешендер бар? Сол жерде қандай өсімдіктер өседі? Осының барлығы жазылса, еш уақытта қазақтың аты, тарихы сөнбейді.

Елбасы зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп, рухани жаңғыру төңірегінде емен-жарқын әңгімелесті. Бұған аптаның айшықты оқиғасы деп баға берсек, артық айтпаспыз.

Үнемі ресми іс-шаралар өтетін Ақордада ерекше кездесу. Емен-жарқын әңгіме. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметті меймандары – белгілі жазушылар Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков және Смағұл Елубаев. Үшеуінің де қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Дөңгелек үстел басында ұлт тағдырына қатысты кесек-кесек ойлар айтты. Соның бастысы – «Бір ұлт – бір ел». «Яғни қазақстандық ұлт идеясы төңірегінде топтасатын уақыт жетті», – дейді Смағұл Елубаев.

Смағұл Елубаев, жазушы:

-Қазақстанда тұратын барлық халықтар, өзге ұлт өкілдері де бір идеяның төңірегінде топтасқанда ғана біздің айдарымыздан жел еседі. Ол нәрсені шынында да балабақшадан бастау керек деп ойлаймыз. Балабақшада барлық балалар мемлекеттік тілде ұлтына қарамай тәрбие алатын болса, ол барлық ата-ана үшін зор пайда келтіреді. 1-сыныптан бастап орыс, қазақ деп бөлінбей, барлық оқу, тәрбие бір ғана программамен, мемлекеттік тілдің басымдылығыменен оқытылса екен. Кейбір пәндер орыс тілінде, кейбір пәндер ағылшын тілінде болғанымен, бірақ негізгісі мемлекеттік тілде берілсе деген идея бар.

Жазушының меңзегені елдің бірлігі бекем болу үшін халық үшін бір-бірін түсінуі шарт. Себебі өз ішіміздегі кей түсініспеушіліктер осыдан туындап жатады. Ал рухтас халықтарды жікке бөлу оңай емес. Үштілділік те «Бір ел – бір ұлт» идеясымен үндес. Көп тіл білгеннің артықшылығы көп. Дегенмен ана тілінің жөні бөлек.

Смағұл Елубаев, жазушы:

-Мынау үштілділік деген нәрсеге жұрттың бәрі бірдей оң көзбен қарап отырған жоқ. Оны жақсы білесіз. Бұл неге жұртты шошытып отыр? Бұл үштілділік деген сөз құрылымы құлаққа «Қазақстанда 3 мемлекеттік тіл бар» дегенді айтып тұрғандай естіледі. Бізге түрпідей тиеді. Меніңше, олай болмауы керек деп ойлаймын. Мемлекеттік тіл ылғи да бірінші орында тұруы керек деп ойлаймын.

«Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар». Елбасының мақаласы – көптің асыға күткен дүниесі. Саяси-идеологиялық құжат елдің еңсесін көтерді.

Дулат Исабеков, жазушы:

-Біз неге осыны ертерек жасамады екен деп асықтық. Енді қарап тұрсақ, әр нәрсенің өз кезеңі болады. Мысалы, піспей үзілген жеміс шикі болады немесе ащы болады. Жаңғырудың жаңа бір сатысына аяқ басуға жасаған мақалаңыз бәріміздің көңілімізден шықты.

Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі. Татулық пен тұрақтылық жер иесі ретінде қазаққа қажет. Бір тудың астында туған елдің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Бұл – ортақ мұрат. 

Дулат Исабеков, жазушы:

-Қазақстанның жерінде қаншама ұлттың өкілі тұрып жатыр. Кейде біз асығыстық жасаймыз. Кейде сізден асығыс бір инициативаны күтіп қалатынымыз рас. Неге ол кісі бұлай етпеді, неге ол кісі бұлай жасамады дейміз. Біз ел ішінде көп боламыз. Ауылда да сауатты адамдар бар. Олардың бәрі сізге қарап отырады.

Рухани өмірдің қамын жеген ағалардың айтары көп. Қазақстанның 25 жылда қол жеткізген жетістіктері аз емес. Өткенімізді түгендеп, болашақтың қамына кірістік. Бексұлтан Нұржекеев латын әліпбиіне көшуде қазақ тілінің емлесін ескеруді сұрады. Өйткені басы артық әріптерден құтылатын уақыт жетті. Латынға көшу – машақатты жұмыс. 

Бексұлтан Нұржекеев, жазушы:

-Өзіңіз: «Біз ұзақ дайындалдық», – деп  айттыңыз. Ал мен ғалымдардың дайындығын көріп отырған жоқпын, кешіріңіз. Неге дейсіз ғой? Біз латынға көшуіміз керек. Көшкенде әріпті өзгерте салуменен мәселе бітпейді. Ол түк те шешпейді. Мәселе тілде. Қазір етікшілердің өзінің заңы бар. Кәсіпкерлердің өз заңы бар. Тек тілдің заңы жоқ. Тек ескі заң. Онда былай деп жазылған. Бұл адамға қиянат. Орыс тілінен енген сөздер орыс тілінің орфографиясы бойынша өзгертілмей жазылады дейді. Одан кейін 2-тармақта: «Араб тілінен, иран тілінен енген сөздер қазақ тілінің заңдылығы бойынша өзгертіліп жазылады», – дейді. Сонда араб, парсы шет тілі, орыс тілі шет тілі болмай тұр. Көрдіңіз бе? Бұдан құтылғанымыз жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Тіл – әр ұлттың, әр халықтың, әр мемлекеттің мәселесі. Жаңағы әліпби қабылдау ол да әр мемлекеттің негізгі мәселесі болған. Біз ешкімге тиісейік деп, ешкімнің құқығын тартып алайық деп отырғанымыз жоқ. Бұл өзіміздің тарихи дамуымыздың белгісі. Шынын айтқанда, 25 жыл неге шыдап отырдық? Соның бәрін басқа халық түсінсін дейміз. Солардың ойын ойлап, солардың жағдайын ойлап, шыдамдылық білдіріп келе жатырмыз.

Қазақ – талай нәубетті бастан кешкен халық. Ұлан-ғайыр атыраптың мұрагері – келер ұрпақ. Демография – мемлекеттiң іргетасы және тірегі. Деміккен демография сауықса, тіл мен дін секілді мәселелер өздігінен шешімін табады. Жат жұртта тарыдай шашыраған қандастарды елге шақыру қажет. Қалталы азаматтар білімді, тәжірибесі мол қаракөздердің атамекенге оралуына көмектессе дейміз. Әзірге тәтті арман ғана.

Смағұл Елубаев, жазушы:

-Халықтың алғысына қалады. Осы байлардың тарихтың алдында беті ашық болады. Сол бір қозғалысқа айналуы керек. Өйткені біз енді 10-15 жыл күтсек, ол елден айырылып қаламыз. Өкінішке орай, Ресей, Қытай, Өзбекстандағы қазақтар бір жерде орыстанса, бір жерде қытайланып, жаңағы мектептің арқасында оларда біз айтқан программамен, негізгі мемлекеттік тілде оқытып жатыр.

ХХ ғасыр революциялық оқиғаларға толы. Біздің көксегеніміз – эволюциялық жолмен даму. Бәсекеге қабілетті ұрпақ. Прагматизм. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Білімнің салтанат құруы. Сананың ашықтығы – ұлтты өзгеден озық етудің жолы. Енді мәдениет пен тарихты түгендеу мектеп партасынан басталмақ. «Туған жер» жобасы өткенімізге үңілуге көмектеседі. Отансүйгіштік отбасынан басталады.

Бексұлтан Нұржекеев, жазушы:

-Облыстың әкімін Астанаға шақырып, тыңдап жатасыздар. Сол әр облыстан шыққан ақын-жазушылар бар, ғалымдар бар. Соларды шақырып, ана әкімге сұрақ қояр едім. «Сіз мына біздің облысты басқарғаныңызға бәлен жыл болды. Орбұлақты барып көрдіңіз бе? Ананың басы 370 жыл ата-бабамыздан сақталып кеткен орынның қазіргі жағдайы күн сайын құрып бара жатыр. Ең болмаса 200 метрін қоршауға алуға соған жағдай жасадыңыз ба? Ана Аңырақай шайқасы өткен жерін тіпті көрмей-ақ емес, әрі-беріден кейін осы облысты басқарғаннан кейін тәу етуге бару керек қой» деп сұрақ қояр едім, мысалы.

Революциялар дәуірі мұнымен бітпейді. Тек қауіптің реңі өзгерген. Қазіргінің бес қаруы: тіл, дін, мәдениет, тарих және экономика. Озық технологияны меңгерсең, есебің түгел. Жастардың дүниетанымын кеңейту мақсатында шетелдік 100 оқулық қазақшаға аударылмақ. Президент сөзімен айтсақ, бәсекеге қабілетті, дені сау ұрпақ – мемлекет байлығы. Сыртқы саясаттағы әр қадам да маңызды рөл. Қазақ алыспен сыйлас, жақынмен тату. Бүліктен бас тартқан.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Маған мына мемлекетті тапсырғаннан кейін, әрине мен болашақты да ойлаймын. Не болады қазағымыз? Қалай болады? Үлкен екі империяның ортасында отырмыз. Оңтүстік жағымыздан мұсылман елдері, мына көршілеріміз бар. Шығыстағы ұлы елдің саясаты қалай болады түбінде? Мына солтүстіктегі саясат не болады? Біз барлық шекарадағы татудың арқасында, ішкі татулықтың арқасында осыған жетіп отырмыз. Оны істемеген адамдарды көріп отырсыздар. Айтпай-ақ қояйын.

Қазақ тарихында рухани жаңғыру мәселесі екінші рет көтеріліп отыр. Алаш зиялылары кезінде ағартушылықты қозғаған. Алайда үміт ақталмады. Ол кезде мемлекеттік құрылым тәуелсіз емес еді. Ал біздің өркениет жолын таңдауда күш-жігерімізді барынша сынауға мүмкіндігіміз бар.

Автор: Әсем Қабылбек 

7. Елбасы кездесулері

Рухани жаңғыруды компанияға айналдырмай, ойға алғандай жүзеге асырсақ қана маңызды. Осы орайда Мемлекет басшысы арнайы комиссия құру жөнінде Жарлыққа қол қойды. Түрлі сала өкілдерінен құралған топты Президент Әкімшілігінің басшысы басқарады.

Сонымен қатар Елбасы осы аптада бірнеше кездесу өткізді. Ақордадағы қабылдауда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Президентке есеп берді. Алдымен ел дамуының басым бағыттары бойынша ақпаратпен бөлісті. Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, партия құрылымдарына базынасын айтып келген халықтың саны 30 пайызға артқан. Былтыр 283 мың өтініш түссе, соның дені оң шешімін тапқан. Елбасы биыл тарихи бастамалар жасады. Жолдау мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала – келешекке бағыт көрсететін басты құжаттар.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

-Біз еліміздің барлық өңірлерін түгел аралап шықтық. Сіздің барлық тапсырмаларыңыз бойынша халықпен кездесу өткізіп, жыл бойына халықтың ортасына келіп, жұмыс атқарып жатырмыз.

Жолдау мен Елбасы мақаласын қоғам қызу талқылауда. Онда жазылған әр жоспар ұлтқа қызмет етуі тиіс. Түркі академиясы мен «Егемен Қазақстан» газетін қатар басқаратын Дархан Қыдырәлі ұйымның осы бағытта атқаратын жоспарымен бөлісті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» шеңберінде жүктелген міндет көп. 

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті:

-«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы төңірегіндегі жоспарларымызды мәлімдедік. Сонымен қатар «Егемен Қазақстан» газетінде атқарылып жатқан істерді мәлімдеп, кеңінен баяндадық. Президент атқарылып жатқан істерді оң бағалап, өзінің тапсырмаларын берді.

Саяси реформа ішкі істер саласын да айналып өтпек емес. Еліміздің бас полицейі Қалмұханбет Қасымов елімізде өте ауыр қылмыстардың азайғанын жеткізді. Министрге осы бағытта жұмысты одан әрі күшейтуге пәрмен берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Өте ауыр қылмыстар төмендеді. Орташа ауырлығы 10 пайызға, басқасы 32 пайызға төмендеді. Дегенмен басқаларында кемшіліктер бар. 

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Барлық қылмыстың ішіндегі 66 пайызы – ұрлық жасау. 

Тасқынынан зардап шеккен аймақтар Президент бақылауында. Мүлкіне залал келген халыққа барлық жағдай жасауды тапсырды. Оларға жәрдем беру үшін кешенді іс-жоспар құрылмақ. Бұл жұмыстар табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге теңдей көрсетілуі тиіс. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов су деңгейін қадағалауға алғанын айтты.

8. Сұраусыз су

Қалай десек те, биылғы көрініс бұрынғыдан өзгерек. Өңменнен өтіп, өкіндіріп тұр. Өлеңмен айтсақ: 

«Сабылып келді, міне, сәуір айы,

Сәуір айы – қазақтың тәуір айы.

Жылайды да тұрады жылаңқы бұлт,

Бара жатыр не болып ауа райы?!»

Ақын Мұқағали тауып айтқан. Биыл да сол, табиғат шалдуар мінезін танытып, шатақ шығарып тұр. Қардың қалың түскені бір бөлек, күннің күрт жылынғаны тағы бар. Бәлкім төтенше жағдайға жауаптыларды сынағаны болар. Сонымен бұл сында сүрінгені мен сүрінбегені кім? 

Апат айтып келмейді. Ел ішін әп-сәтте еріген қар суы жайлады. Өзен-көлдер ернеуіне жете толды. Қоймаларға жиналған су 2,8 миллиард текше метрге жетті. Тасқынға тосқын қоюға әзірлік тас түйін деп жүргенде бір апта ішінде 5 облыста бірнеше ауыл су астында қалды.

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ғабит Мүсірепов ауданындағы бірнеше ауылды бір түнде жайылма су басты. Жем барақ және Шарық өзендері ернеуінен асты. 6 бірдей елді мекенді еріген қар суы жайлады. 263 үйді су шайып кетті. 700-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Шарықтан басталған тасқынның екпіні қатты болғаны соншалық, мұздақтар баспаналарды қиратып тастаған. «Бір сәтте 7 үйдің тас-талқаны шықты», – дейді тұрғындар.

Сергей Синельник, Рузаевка селосының тұрғыны:

-Тасқын кезінде үйден қалай шыққанымызды білмей қалдық. Қолымызда не қаражатымыз, не құжатымыз жоқ. Әзірге туыстарымызды паналап отырмыз.

Қауіп әлі де сейілген жоқ. Сергеев су қоймасы тасып, Есіл өзені көтерілді. 11 ауылға қауіп төніп тұр. Қазірге дейін 4 ауылдағы 300-ден астам адам көшірілген. Топан су облыс орталығына беттеп келеді.

Асхат Ержанов, СҚО ТЖД Жедел штабының жетекшісі:

-Есіл өзені қауіп төндіре бастады. Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарындағы осы 11 елді мекен аталмыш өзеннің жағалауында орналасқан. Бұл ауылдарда бүгінгі күні 400-ге жуық адам тұрады. «Заречный» поселкесі биыл тағы да су астында қалуы мүмкін.

Ең күрделі жағдай Ақмола облысында. Жабай өзені тасып, Атбасар ауданының Атбасар қаласында және Сандықтау ауданында күрделі жағдай қалыптасты. Ал еріген қар суы Целиноград пен Аршалы аудандарындағы тұрғын үйлер мен аулаларды жайлады. Қазір жағдай тұрақтанды. Ағын судың беті қайтты.

Мәлік Мырзалин, Ақмола облысының әкімі:

-Сандықтау ауданында үйлерін су басқан отбасылар қазір баспаналарына қайта оралды. Ендігі біздің басты міндетіміз – апаттың зардаптарын бәріміз жұмылып жою. Ең бастысы материалдық шығынды дұрыс бағалап, әрбір адамның көмекпен қамтылуын қадағалау керек.

Жығылғанға жұдырық. Атбасар ауданындағы бөгет су қысымына шыдас бермей бұзылды. 200-ден астам үй су астында қалды.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

-Үкіметтің тапсырмасымен биыл мемлекеттік және жекеменшік гидротехникалық құрылымдар тексерілді. Ал Атбасардағы бөгеттің құрылысы өткен жылдың қараша айында аяқталған. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен қылмыстық іс қозғалады. Жобаны жасаған мекеме өкілдері, мердігерлер де жауапқа тартылатын болады. Атбасардағы жағдай қазір толық бақылауда.

Облыста көктемгі тасқын басталғалы 30-дан астам елді мекенді су басқан. 900-ге жуық үй зардап шекті. Екі мыңнан астам адам өз баспанасын тастап, көшуге мәжбүр болды.

Машан Есхат, Атбасар ауданының тұрғыны:

-Терезені шағып, балаларымның аяқ киімін алдым. Оның өзінде қайықпен бардым, әйтпесе кіруге мүмкіндік болған жоқ.   

Мұндай жағдайда далада қалғандардың жайы не болмақ? Үй кімдерге беріледі? Оны арнайы комиссия анықтайды. Қазір Атбасардағы 12 отбасы үйлеріне қайта көшіп келген. 166 үй судан тазартылған. Баспаналардың сапасын сарапшы мамандар тексеріп жүр.

Ақтөбеліктер: «Соңғы 25 жылда болмаған тасқынды көрдік», – деп отыр. Өңірдегі су қоймалары кемеріне келді. Бір ғана қойманың өзіне 5 күнде 288 млн текше метр су түсіпті. Бүгінде жағдай тұрақталды. Бірнеше өзен деңгейі төмендеді. Қарғалы су қоймасына жиналған қор азайтылып жатыр. Қала саяжайларында 600-ге жуық үй су астында қалған. Құтқарушылар мыңға жуық адамды уақытша қабылдау бекеттеріне жеткізді.

Меруерт Иманова Махамбет ауылының тұрғыны:

-5 немерем, 4 үйлі жан келіп отырмыз. Үйім құлап қалды. Бүкіл зат кетті. Балдар құжаттар қалды деп, атпен барып еді. Суға кетіп қала жаздады.

Бауыржан Сыздықов, Ақтөбе облыстық ТЖД басшысы:

-Су тасқыны кезеңіне біз жүз пайыз дайын болдық. Бірде бір адам суға кетіп қайтыс болған жоқ. Ең бірінші біздің жестістігіміз осы.

Су басқан үйлерді ұры-қарыдан қорғау үшін атты полицейлер күзетіп, ал далада қалдық деп зар илеген халыққа басу айтып әкім жүр.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

-Жаңағы құрылған комиссия жұмыс жасайды. Әр үйді зерттейді, содан кейін шешім қабылдаймыз. Ең негізгісі ешқайсыңыз көмексіз, бақылаусыз, қараусыз қалмайсыздар.

Қарағанды мен Қостанай облыстары да көктемгі тасқыннан зардап шеккен аймақтар қатарында. Арқа жерінде 4 ауданда төтенше жағдай жарияланды. Жолдарды су басып, көліктер суға кетті.

Қардың күрт еруінен соңғы үш күнде Қостанай облысында 103 үйді су басты. Оның басым бөлігі құрғатылып, тұрғындар баспаналарына оралды. Тек Жамбыл ауылында 30 шақты үй әлі де су астында. Өңір басшысы: «Апаттан келтірілген шығын өтеледі», – деп отыр.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

-Бастапқы есеп бойынша 12 үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 үй ысырылып тастап, жаңадан салынады.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қазір тасқыннан зардап шеккен ағайынға әр аймақтан көмек жөнелтіліп жатыр. Аймақтарда қайырымдылық қорлары құрылды. Депутаттар, еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер бір күндік жалақыларын аудара бастады.

Ал белсенді жастар әлеуметтік желілер арқылы жұртты қайырымдылыққа шақырып, елден көмек жинақтап жатыр.

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Әбдез Рахманұлы, Жұрағат Баман 

9. Халықаралық ұйымдағы 100 күн

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болғанына жүз күннен асты. Бұл аралықта талай шаруаның басы қайырылды. Бір ғана Астана процесін алайық. Шам еліндегі шиеленіс шаммен қаралып, тараптар алғаш рет бір үстел басында жиналды. Оқ атпау туралы келісімнің негізі қаланды.  Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы жиынында Астанадағы бұл жетістіктерді Қытай, Италия және Боливия өкілдері жеке атады. Өткен 100 күнде біздің ел Қауіпсіздік кеңесіндегі террорлық топтармен күрес жөніндегі 3 комитетке жетекшілік еткенін де айтқанымыз жөн.

Қайрат Омаров, ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

-Жүз күннің қорытындысы бойынша, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде біраз шаруа атқарды деп айтуға болады. Еліміз түрлі тақырыптағы 100-ден астам отырысқа қатысты. Талқыланған тақырыптар сан алуан. Таяу Шығыс, Еуропа, терроризм секілді өзекті мәселелерде Қазақстан өз ойын білдіріп, ұсыныстарын айтты.

Еліміздің мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл. Абыройды асырып, сырт көзден құпияны жасырып жүрген іргелі ұйым ширек ғасырда міндеттерін мінсіз орындады. Мәселен, жоғары лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігіне қырағы қарап, салтанатты рәсімдерді халықаралық талапқа сай өткеріп, мемлекеттік нышандар мен маңызы бар нысандарды қалтқысыз қорғады. Құзыретті құрамның қоғамдағы қызметі көзге көрінбегенімен, көтерген жүгі ауыр. Елбасы тарапынан олардың жауапты жұмысы қашанда ескерусіз қалған емес. Биыл да арнайы жасаққа жоғары баға берілді. Еңбегі сіңген ардагерлер мен жаңадан сапқа тұрған сардарларға арналып, шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Концертке келгендер патриоттық ән мен күйге сусындап, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жылы лебізін тыңдады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Бүгінгі үлкен мереке ұжымның 25 жылдық тойымен баршаларыңызды құттықтаймын! Мемлекеттік күзет, мемлекетті қорғайтын деген сөз. Мемлекеттің ұйымдарын, ғимараттарын, Елбасыларын, басшы болып отырғандарды қорғау мемлекетті қорғаумен бірдей болып саналады. «Телохранитель» деген сөз бар. Қазақша оны оққағар деп аударады. Қандай керемет. Оққағар деген келе жатқан оққа қарсы тұрып, өзіне қабылдайды деген бар шығар. Дегенмен сол оқты атқызбау үшін әрекет жасау керек деген сөз. Ол үшін жаттығу жасап, білікті маман болу керек, көп жұмыс істеу керек.

Елбасы айтады: «Күшті болу үшін ең алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық керек. Сүттей ұйыған осы татулығымызды тіл-көзден сақтаса, игілік атаулы қазақ жеріне бірте-бірте келе беретініне күмәнім жоқ». Біздің болашағымыз бірлікте.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.