ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жеті күн 12.08.2017

Жеті күн 12.08.2017
Сюжеты
1. Елбасы қабылдаулары 2. Экономикалық көрсеткіш 4%-ға өсті 3. «100 нақты қадам»
4. Құқық қорғау жүйесін реформалау 5. «Нұрлы жол» бағдарламасының игілігі 6. Халықтық жоба
7. Бірінші байлық – денсаулық 8. Кәсіп ашамын десеңіз... 9. Туризм – табыс көзі
   
10. Рухани жаңғыру    

1. Елбасы қабылдаулары

 
Швейцария – еліміздің Еуропадағы аса маңызды серіктесі. Қазақстан қарым-қатынасты жоғары бағалайды және оны әрі қарай дамытуға ниетті. Ақордада Швейцария Конфедерациясының президентімен өткен кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Елбасы Дорис Лойтхардқа EXPO-2017 көрмесі аясында Швейцария ұлттық күнінің ашылуына қатысқаны үшін алғыс білдірді. Кездесуде екі ел ынтымақтастығын дамыту, оның ішінде саяси-экономикалық байланыстарды тереңдету мәселелері талқыланды. Айта кетейін, бұл – Дорис Лойтхардтың елордаға жасаған алғашқы сапары.
 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
–Я приветствую ваш первый визит в нашу новую столицу. Ваш визит на ЕХРО-2017 очень важен для нас. Вы сегодня открыли национальный день. Ваша страна – очень важный партнер Казахстана в Европе, и мы этими отношениями дорожим и хотим их развивать. Растет торговля между нашими странами, товарооборот. И мы заинтересованы, чтобы швейцарский бизнес все шире, больше участвовал в нашей стране. Сейчас уже есть более 300 совместных предприятий. И может быть больше. Я думаю, что для вас был интересный первый визит. Этот город построен за последние 15 лет в основном. И ЕХРО на такой огромной площади мы построили за 3 года. Здесь в Астане очень много уникальных проектов, которые не имеют аналогов в мире. Я рад вас приветствовать.
 
Дорис Лойтхард, Швейцария Конфедерациясының Президенті:
–Құрметті Президент мырза! Сізбен жүздесіп, пікір алысуға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Бұл ретте бірегей жобаңыз – Астана ЕХРО-2017-нің жүйелі жүзеге асуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіз айтқан сфера расымен де таңдай қақтырарлық. Және ол жерде жұмысын бастайтын қаржы орталығының да болашағын зор деп білемін. Сонымен қатар, бизнес тарапынан байланыстарды тереңдетуге қызығушылық жоғары екенін растаймын.
 
Швейцария басшысы Дорис Лойтхардпен кездесуге дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір маңызды әңгімелесу өткізген болатын. Анығы, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен еді.
 
Бауырлас елдер басшылары екіжақты қарым-қатынастың бүгінгі барысы мен келешек өрісі жайында ой өрбіткен. Сондай-ақ бірқатар халықаралық өзекті мәселелер төңірегінде де пікір алысты. Түркия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге, әрі биылғы қыркүйек айында Астанада өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының «Ғылым және технологиялар» жөніндегі саммитіне қатысуға ниетті екенін білдірген.
 
Сондай-ақ бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Александрия қаласының маңындағы пойыз апатынан қаза тапқан және зардап шеккен азаматтар туралы хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Президент өзінің және Қазақстан халқының атынан марқұмдардың отбасылары мен жақындарының қайғысы ортақтасып, көңіл айтты.
 
Бұл аптада Елбасы Үкіметтің 7 айда тыңдырған жұмысының жай-жапсарымен танысып, алдағы атқарылар істің ауқымдылығын айту мақсатында Премьер-Министрді қабылдады.
 
Президенттің тапсырмасымен Үкімет басшысы еліміздің бірнеше өңірін аралап, мемлекеттік бағдарламалардың, оның ішінде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттердің орындалу барысымен танысып қайтқан еді. Аймақтардағы ахуал кездесуде түгел айтылды.
 
Жалпы ел экономикасы екпін алып келеді. Жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 4,2 процентке өскен. Ал, осы кезеңмен салыстырғандағы былтырғы көлем 1 процент болған.
 
Осы тұста тағы бір жағымды деректі тілге тиек ете кетсек. Еліміздегі сауда балансы алғашқы алты айда 1,8 есеге артыпты. Атап айтар болсақ, экспорт – 19 миллиард долларды, ал импорт – 10,9 миллиард долларды құраған. Демек әлемдік нарықта қазақстандық өнімдерге сұраныс артып отыр деген сөз.
 
Жалпы сауда айналымының көлемі 6 айда 29,9 млрд долларға жетіп, 29,2 проценттік өсім көрсетіпті. Яғни Қазақстанның «антидағдарыстық стратегиясы» тиімділігін танытты.
 
Әрине бұған жаһандағы жылымық та себеп. Әсіресе, төскейде малымыз қосылатын қоңсылас мемлекеттердегі тұрақтылық түрткі. Осы жылдың алғашқы 6 айында жалпы ішкі өнім өсімі Ресейде – 0,5, Еуроаймақта – 1,7, Қытайда – 6,9 процент болды. Сауда-саттық жағынан алғанда, осы үшеуі – біздің негізгі серіктестеріміз.
 
Дегенмен, батыстың Ресейге қатысты санкциялары басталып жатқан тұста тоқмейілсіп отыруға мүлдем болмайды. Жұмыла жұмыс істеу керек. Елбасы Үкімет мүшелерін осыған шақырды.
 

2. Экономикалық көрсеткіш 4%-ға өсті

 
Төрткүл дүниенің экономикасы қазір тұрақты деп айта алмаймыз. Құбылып тұр. Алпауыт елдер бір-біріне доқ көрсетіп, қысым жасап алыс-берісті азайтты. Сәйкесінше, қазыналарына түсіп жатқан қаржы да кеміді. Бұл араздық, көп елдің дамуына салқынын тигізді. Алайда біреуге қарайламай, өз ісін дөңгелетіп отырған мемлекеттер де аз емес. Солардың бірі – Қазақстан. Біздің елде ішкі жағдайымызды жақсартуға бағытталған бірнеше бағдарлама бар. Олар: Ұлт жоспары – 100 нақты қадам, Үшінші жаңғыру, Рухани жаңғыру. Міне осы жүйелі жоспар халықтың әлеуетін әлдендендірудің дара әрі жаңа жолы болды. Бұлай айтуымызға толық негіз бар. Өйткені жарты жылда ел дамуы қарыштап болмаса да, қарыстап алға басты.
 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
–Биылғы жылдың 7 айы өтіп кетті мінекей. Жалпы экономиканың көрсеткіші жаман емес. Былтырғымен салыстырғанда 4 процентке жоғары өсім бар. Осындай темпті жылдың аяғына дейін сақтап қалудың талабы тұр алдымызда. Барлық облыстар оған жиналып жұмыс істеу керек. Менің тапсырмам бойынша біраз өңірлерді аралап қайттың. Жалпы жағдай дұрыс деп санаймыз.
 
Елдегі барлық бағытта өсім бар екені рас. Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда-саттық салалары экономикамызды алға бастырып тұр. Шикізатты өндіру мен өңдеу бағытында да жағымды өзгеріс байқалған. Мәселен жартыжылдықта тау-кен өндірісі 9,4 пайызға, мұнай 9,7, көмір өндіру 16 пайызға артқан.
 
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі:
–ЖІӨ бойынша өсім 4,2 пайыз соны құрап отыр. Соның ішіндегі өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда бойынша да үлкен өсімдер бар. Оның бәрі өзінің оң ықпалын экономикамыздың өсуіне тигізіп отыр. Жалпы өндіріс саласына келетін болсақ, бізде Қызылорда мен Маңғыстау облысынан басқа облыстардың бәрінде оң өсім 100 пайыздың үстіне шықтық. Басқа облыстардың бәрінде өндіріс бойынша оң ілгерілік айтылған тапсырма бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр.
 
Еліміздің қаржы секторында да ілгерілеу бар. Бұл тұста төл теңгенің тұрақтанып қоймай, нығайып келе жатқанын да айтып өткен жөн. Өткен айда Ұлттық банк жарты жылда валюта 3,3 процентке күшейгенін жеткізді. Осындай жағымды көрсеткіштер негізінде банктік пайыздық мөлшерлеме төмендеді. Мәселен қаржы институттардың несие үстемақасы қазір 10,5 пайыз болса, бұрын 12-еді.
 
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі: 
–Негізгі капиталға инвестиция салу мәселесіне келетін болсақ бұл да былтырғы жылмен салыстырған кезде 3,7 пайызға өсім бар. Барлық облыстарда ілгерілеушілік байқалады. Экономикаға несие беру мәселесіне келетін болсақ, онда екінші деңгейдегі банктардың беріп отырған бүгінгі жартыжылдықтағы мәліметі бойынша 12,6 триллион теңге экономикаға қаржы бөлінген. Былтырғы жылмен салыстырған кезде 1,4 пайызға жоғары. Енді инфляцияға келетін болсақ, 7 айдың қорытындысы бойынша инфляция былтырғы маусым айына қарағанда 0,1 пайызға өсіп, жалпы желтоқсанға дейінгі уақытта 3,8 пайыз болды. Оның ішінде азық-түлік бағасы 0,5 пайызға төмен түсті.
 
Жыл басында 22 миллион гектар алқапқа дәнді-дақыл егуді жоспарладық. Енді міне сол астықты шашпай-төкпей жиып алу мақсаты тұр. Елбасы Премьер-министрге осы жұмысты тиянақты атқару керектігін айтты. Өйткені ауыл шаруашылығы дақылдарының ел экономикасына келтірер пайдасы мол.
 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
–Алдымызда үлкен астық жинайтын науқан бар. Бар астықты ауыл шаруашылығында жинап алу керек. Одан кейін экономика жағынан, индустрия жағынан, рухани жаңғыру жағынан бағдарламаларды орындау барысы. Қабылданған біздің жоспарларымыз, бағдарларымыз жолдаудағы айтылған мәселе, соның барлығы дұрыс жұмыс істеп жатыр.
 
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі:
–Биылғы жылғы егін орағына келетін болсақ, Оңтүстік өңірлер және де Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарында орақ қарқынды жүріп жатыр, 25 пайыздан асты. Негізгі астықты өңірлердегі астықтың шығымы жаман емес. Сапалы астық алуға бәрі дайын.
 
Қазір мемлекеттік бағдарламалар арқасында халықтың тұрмысы түзелді. «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер» аясында бүгінде жұмыс қызып, жұрт екі қолға бір күрек тапты. Оның есебін де Президент тыңдады. Бақытжан Сағынтаев 600 шақырым жол пайдалануға беріліп, 100 мың пәтердің құрылысы жүріп жатқанын баян етті.
 
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі:
–Нұрлы жол негізгі біздің экономикамыздың өсуіне негізгі ықпал беріп отырған осы «Нұрлы жол» бағдарламасы. Биылғы көрсетілген жолдарға автомобиль жолдарына 356 миллиард теңге, 22 жоба 4,4 шақырым жол. Енді осы уақытқа дейін 600 км іске берілді. Жұмыс жүргізіліп жатыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 10,2 миллион шаршы метр үй салынып жатыр. Бұл дегеніміз 100 мың пәтер. Қазіргі орындалуы 5 жарым миллионы іске қосылды. 
 
Кездесуде Елбасы осы көрсеткішті сақтау керектігін жеткізді. Ол үшін әрине жұмысқа қарқын беріп, әр істі ынтамен атқару керек. Сонда ғана экономикамыз ілгері басады.
 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
–Итоги 7 месяцев положительные. Эту динамику надо сохранить. Виды на сельскохозяйственную продукцию и урожай хорошие. Надо организованно убрать. Программы, которые мы наметили по строительству жилья, инфраструктурные программы по строительству дорог. 600 км уже введено в этом году. Идет удовлетворительно. Но, до конца года проблемы еще есть у нас. Надо все программы, все намеченные средства должны быть освоены. Это касается всех областей. Риски есть еще до конца года. Колебания цен на энергоносители наши, на сырьевую продукцию есть. Влияние возможно санкций западных к России. Может быть, у нас это влияние, надо это учитывать. И выполнять индустриальные программы, «Нұрлы жер», инфраструктурные программы. Очень важно для осуществления задач, которые перед нами стоят. Правительство напряженно работает. Чувствуем мы обстановку на местах. И ко всем я обращаюсь, чтобы оставшееся время года мы все очень организованно отработали, чтобы выйти в этом году с хорошими показателями.
 
7 айдың қорытындысына баға беріп, нақты тапсырма жүктеген Президент ЕХРО-2017 көрмесі турасында сөз қозғады. Премьер-министрге шарадағы тың технолгиялармен танысып, оны біздің елде қолданысқа енгізу жолдарын қарастыруды жүктеді. Бұл іс өте маңызды. Өйткені Қазақстан болашақтың энергиясына басымдық берген бірегей ел.
 
Авторы: Сәкен Сейітханұлы

3. «100 нақты қадам»

 
Ақордада Елбасының төрағалығымен құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі кеңес өтті. Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында заңның үстемдігін қамтамасыз ету керектігін айтып, осы бағыттағы дайындықты сапалы жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ тергеу жүргізу тәртібін жеңілдетіп, сотқа дейінгі сатыларда сот бақылауын күшейту қажеттігіне ерекше тоқталды.
 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
–Қабылданған ұлттық жоспар бойынша, 5 бағыт бойынша жұмыс істеп, «100 қадамды» іске асырып жатырмыз. Осы жылдардың ішінде экономиканы модернизациялау, саяси модернизациялау жөнінде көп шаруалар іске асырылды. Соның ішіндегі ылғи айтып келе жатқанымыз – құқық қорғау мәселесі. Адамдардың құқығын сақтау. Жұмыс барысында барлық біздің органдар бірігіп жұмыс істеген кезде, халықтың наразылығын тудырмайтын заң бойынша жұмыс атқарып, тексеру мәселесін жеңілдету керек. Бірақ заң шеңберінде жұмыс істеуіміз қажет.
 
Кеңеске Президент Әкімшілігінің басшысы, Жоғарғы сот пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалары, еліміздің Бас прокуроры мен Ішкі істер министрі бастаған бірқатар құзырлы орган өкілдері қатысты. Жиын соңында оларға Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді
 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
–Мы сегодня в рамках «Плана нации», особенно в части обеспечения верховенства закона, ещё раз рассматриваем вопрос по совершенствованию базовых направлений модернизации системы уголовного преследования. При этом повышение уровня защиты граждан в уголовном процессе, состязательности уголовного процесса, упрощение процедур расследования, дальнейшее расширение судебного контроля, исключение дублирования, четкое распределение полномочий между органами уголовного преследования, прокуратурой и судом. Это все соответствует, как я уже сказал, второму направлению «Плана нации» – обеспечение верховенства закона. Поскольку мне эти материалы представлены, они говорят о том, что вы изучили опыт других стран, учитывая наши реалии, уровень наших следователей и наших судей.

4. Құқық қорғау жүйесін реформалау

 
Құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөнінде, оның ішінде Елбасының нақты тапсырмалары жайында біз бүгін Бас Прокурор Жақып Асановпен сұхбаттаспақпыз. Жақып Қажманұлы студиямызға хош келдіңіз.
 
Ринат Думанұлы, жүргізуші:
–Құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөнінде оның ішінде Елбасының нақты тапсырмалары жайында біз бүгін бас прокурор Жақып Асановпен сұхбаттасатын боламыз. Жақып Қажыманұлы студиямызға қош келіпсіз. Осы аптада өткен кеңес жаңа реформаның басы дегенді білдіреді ма жоқ па?

Жақып Асанов, ҚР Бас Прокуроры:
–Рахмет. Шын мәнінде реформа деп айту қиын. Бұл реформа емес. Бұл енді жаңғырту, модернизация деп айту дұрыс болар. Өйткені осы күнге дейін жасап жатқан жұмыстың барлығын біз дұрыс емес деп отырған жоқпыз. Оның барлығын жоямыз деп отырған жоқпыз. Бұл шын мәнінде Елбасының егемендік алғаннан бері бірітіндеп жасап отырған қылмыстық саясатының кезекті қадамы деп санау керек. Ал, енді бұл жағдайды түсіну үшін сәл тарихқа үңілсек. Қазір көп жастар тіпті 35-40 келгендердің өзі осының бәрін біле бермейді. Ал енді 90-жылдары біз білеміз, кеңес одағы құлағанан кейін қандай жағдай болды, қандай қиын жағдай болды. Қазынада ақша болмай, айлық төленбей, зейнетақы, жәрдемақы, сосын өндіріс тоқтады. Сондай қиын жағдайда қылмыс өршіп кетті. Ал енді 95-96 жылдары сол сонда өзім Президенттің әкімшілігінде қарапайым қызметте болдым. Сонда мен өзі көзіммен көрдім Елбасы осы жағдайды ескеріп күн сайын құқық қорғау органдарының бірінші басшыларын шақырып, күн сайын осы мәселені талқылап, жалпы қылмыспен күресуді жеке өзі сол жылдары басқарды. Ал енді мынадай мүмкіндік жоқ бәрін егжей-тегжейлі айту. Бірақ сондай жұмыстың арқасында Елбасының біздің елімізде ауыр қылмыстар, адамға қарсы жеке адамға қарсы қылмыстар, кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиын келтіру, қарақшылық сияқты, осы қылмыстарға қарап кез-келген елдің адамдарының қауіпсіздігі қандай екені бағаланады. Ал сол қылмыстар бізде 20 жыл қатарынан 96-шы жылджан бастап азайып келеді. Ол дегеніміз не? Ол дегеніміз Қазақстандықтардың өмірі жылдан-жылға қауіпсіз жағынан жақсарып келеді деген сөз. Ал енді осының барлығы, осы біздің Елбасының жүргізіп отырған саяси курсының тікелей нәтижесі. 

Ринат Думанұлы, жүргізуші:
–Білумізше қылмыстық процестік кодекс осыдан екі жыл бұрын 2015-ші жылы күшіне енді. Енді соған қатысты өзгерістер болады деп естіп жатырмыз. Оған не себеп болып отыр?

Жақып Асанов, ҚР Бас Прокуроры:
–Жалпы расында екі жыл болды ол жаңа кодекстің жұмыс істеп келе жатқанына. Ал енді олардың да біраз жақсы жақтары бар. Мысалы, мен жаңа айттым ең алдымен қылмыстардың тіркелуі қазір бұрынғыдай жаппай жасыру жоқ. Қылмыс жасағаннан кейін ол бойынша ешқандай тергеу, ол бойынша ешқандай іздеу жұмыстары жасалынбай. Сондықтан бұл бір өте жақсы жағының бірі. Сонымен қатар, айта берсең көп соңғы қылмыстық процесуалдық кодекспен мынадай жаңа фигура енгізілді тергеу судьясы деген. Ал енді сол қылмыстық процестің қатысушысы адвокат болсын, жәбірленуші болсын бір тергеушінің немесе прокурордың іс әрекетімен келіспей жатса онда оның іс әрекетін олар тергеу судьяға шағымдануына құқылы. Ал енді осы 2-жарым жылдың ішінде тергеу судьялары 4 мыңға жуық арызды қарап шағымды соның әрбір төртіншісі қанағаттандырылған. Сондықтан бұл да, институт өте тиімді жұмыс істеп жатыр деп айтуға болады. Дегенмен Елбасы біздің алдымызға міндетті қойды соның ішінде мынау қылмыстық процеске қарапайым адамның көзімен қарау. Неге қарапайым адамдарға біздің қылмыстық процесс көп проблема туғызады. Сондықтан, расында да сұрақтар көп. Мынау қылмыстық процеске іліккен адамдардың құқықтары жеткілікті қорғалған ба? Мысалы неге прокуратура органы неге осы қылмыстық процестердегі заңсыздықтарға тиімді тосқауыл бола алмай отыр. Адвокаттар мысалы қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары олардың мүмкіндіктері қорғалуына жеткілікті ма, жеткіліксіз ба? Бүкіл әлем қазір цифрлық технологияға көшіп жатқанда құқық қорғау органдары осындай консервативный болып, неге олар қылмыстық істерді осы уақытқа дейін қағаз түрінде жүргізіп жатыр. Сондай-сондай сұрақтар көп. Елбасы осындай міндеттерді қойып, арнайы жұмыс тобын құрды. Сол жұмыс тобының шеңберінде біз осы сұрақтарға жауап іздеп тиісті ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз.
 
Ринат Думанұлы, жүргізуші:
–Сот бақылауы күшейтіледі деген Елбасы осы кеңесте. Ол бойынша қандай жұмыстар атқарылмақ ? Нендей шаралар жоспарланып жатыр. 

Жақып Асанов, ҚР Бас Прокуроры:
–Жалпы мынадай барлық елдерде оның ішінде әсіресе дамыған елдерде мынадай бір принцип бар. Кез-келген азаматтың кез-келген құқығы тек сот арқылы шектелуі тиіс. Басқа бірде-бір орган ондай мүмкіндік ондай құзыр, ондай өкілеттілік бермеу керек. Сондықтан, біз неше түрлі санкциялар, неше түрлі шектеулерді бәрін осындай соттарға беріп жатырмыз. Екінші жағынан оның барлығы осындай біздің міндет 100 қадам деген ұлттық жоспар шеңберінде жасалып жатқан қадам. Мысалы, қазір айтсақ егер адамды қамамау үшін тергеу барысында кепілдік беруге болады. Бүгінгі күні сол құқық сол прокурор мен сотта бар. Енді тек сотта ғана болады. Екіншіден, қазір біреуге қатысты жасырын тергеу амалын жасау үшін бүгінгі күні санкцияны прокурор береді. Енді біздің ұсынысымыз ол Елбасының да талабы мұндай санкцияларды прокурор емес, прокурор соттан сұрау керек деген. Жалпы соттың рөлі тергеу процесі қадағалау жағынан күшейеді.
 
Ринат Думанұлы, жүргізуші:
–Халықтың ең көп байланысқа түсетін құқық қорғау органдарының бірі жергілікті полиция қызметі полиция. Жергілікті полиция қызметінің Ұлт жоспарындағы нақты міндет ретінде құрылғанын да білеміз. Қазіргі қызметі қалай? Көңіліңізден шығады ма? Және осы модернизация ауқымыда полицияға қатысты қандай өзгерістер болуы мүмкін.
 
Жақып Асанов, ҚР Бас Прокуроры:
–Мен жалпы полиция жөнінде айтқым келеді. Шынында да көп жағдайда қарапайым халық өкпесі бар. Әсіресе полиция қызметкерлеріне мысалы мынау тергеу жөнінде әңгіме болып жатқаннан кейін сол тергеу жөнінде көбірек айтайын. Манандай мысалды келтірейік: Бір азамат қылмыс үстінде ұсталды кінәсін мойындап тұр. Барлық дәлелдемелер бар. Видео түсірілім бар. Куәлар айтып тұр. Енді ешқандай проблема жоқ. Ешкім оны жоққа шығарып отырған жоқ. Барлығы келісіп отыр. Ал енді тергеуде мынандай форма бар: жылдам жүргізу формасы деген. Ал енді соның өзінде полиция сол іс бойынша 15 күн тергеу жасайды. Одан кейін прокурор 3 күн қарайды. Одан кейін ол соттың қарауында 20 тәулік қаралады. Жалпы сондай қарапайым іс 38 күн кемінде қаралуы мүмкін. Әрине сол уақыттың ішінде куәлар, жәбірленушілер басқа да азаматтар соған қатысы бар. Солардың барлығы барып жүруге тергеу органдарына мәжібүрлі, соттарға баруға. Сондықтан олардың өкпесі қара-қазандай. Сондықтан біз Елбасының тапсырмасымен жылдың басынан 7 ауданды іріктеп алып осы Республика бойынша бір қызық эксперимент жасап жатырмыз. Сол ІІМ бірге тиісті бұйрықты қабылдадық. Ал енді осындай істерді алып, біз көрдік. Тиімді ұйымдастыру арқылы тергеу органдары мен прокуратураның жұмысын тиімді ұйымдастыру арқылы қалай сол процесті жеңілдетуге болады. Сонда біздің көзіміз жеткені айлап тергеліп жатқан істерді қазіргі күні біз орта есеппен 5 күнде бітіріп сотқа жеткізіп жатырмыз. Ал енді ол ешқандай дау болмаса, барлығы келісіп тұр. Ешкім күмәнға келтіріп отырған жоқ. Жаңағы күдікті мойындап отыр. Жәбірленуші де риза. Сондай жағдайда. Ал осындай істердің үлесі 70 пайыз. Жалпы полиция органдары жаңағы қылмыстық істердің 70 пайызын 5 күнде біз жеткізіп жатырмыз сотқа дейін. Әрине ол деген үлкен жеңілдік олардың уақыттары көп басқа жұмысқа босап, әсіресе мынау ашылмай жатқан, әсіресе аса ауыр қылмыстарға уақыттары босап қазір мысалы сондай көп мүмкіндіктер ашылды. Қазір енді соны шілденің басынан бастап бүкіл Республика бойынша таратып отырмыз. Осы эксперименттің қорытындысын біз процесуалды кодекске заңдастырамыз деп отырмыз. Осындай-осындай жаңалықтар көп. Осының барлығы түбі жалпы қылмыстық процестің мемлекетімізге халықтың көңілінен шығатынына біздің сеніміміз бар.
 
Ринат Думанұлы, жүргізуші:
–Жақып Қажыманұлы салиқалы сұхбатыңызға рахмет айтқым келеді. Басталып жатқан құқық қорғау саласындағы модернизация ел мүддесі үшін тиімді жүзеге аса берсін.
 
Қауіпсіз қоғам орнаған ортада тұрақтылық болады. Ал тұрақтылық тұрақтаған жерде елдің әл-қуаты артады. Экономикамыздың 4,2 процентке өскені, ең алдымен – осы бейбіт күннің арқасы.
 

5. «Нұрлы жол» бағдарламасының игілігі

 
Мемлекеттік бағдарламалардың да рөлі орасан. Әсіресе «Нұрлы жол» бағдарламасының алар орны ерек. Өйткені көліктік-логистикалық жағдай талапқа сай келмесе, тауар тасымалдаушылар үшін тауқымет. Елбасы бастамасымен 2010 жылы қолға алынған бағдарлама аясында 4400 шақырымдық тақтайдай тасжол мен жүрдек пойыздардың жылдамдығына төзімді теміржол төселді. Қарт Каспийдің жағасынан заманның жосығына сай «Құрық» аталатын порт салынды. Бұлардан бөлек тағы бірнеше жоба жүйелі түрде жүзеге асып жатыр.
 
Жалпы «Нұрлы жол» бағдарламасы іске қосылғалы бері 5 мың шақырымға жуық тасжол күрделі жөндеуден өтіпті. Нәтижесінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 85 проценті, ал облыстық және аудандық көлемдегі жолдардың 65 проценті «жақсы» әрі «қанағаттанарлық» деңгейге жеткен.
 
Ал теміржол турасында айтсақ, жалпы ұзындығы 112,37 шақырымды қамтитын «Алматы - Шу» учаскесінде екінші жол желісін салу бойынша жоба іске асырылып жатыр.
 
Сонымен қатар еліміздің шығысында, яғни Қытай шекарасы маңындағы аумақта «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтар базасында 2015 жылы «Құрғақ» порттың және инфрақұрылымның құрылысы аяқталған болатын.
 
Қытай шекарасындағы екі теміржол өтпесі мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралін технологиялық тұрғыдан байланыстыруда «Құрғақ» порттың алар орны орасан. Нағыз «көліктік-логистикалық хаб» десек қателеспейміз. Бұл Қытайдан Еуропаға, сондай-ақ Орталық Азия елдері, Түркия және Парсы шығанағы мемлекеттеріне жүк ағынын тиімді таратуды қамтамасыз етуге мол мүмкіндік береді.
 

6. Халықтық жоба

 
Осы жобалар негізінде құрлықтың қос алып нарығы саналатын Қытай мен Еуропа арасындағы жол ұзақтығы бірнеше күнге қысқарды. Қазақтың «жақсы жол – елге жора» дейтін тәмсіліне тап бүгін куә болып отырмыз. 
 
300-дей тұрғыны бар Шұбар ауылындағы әрбір отбасы ауызсуды 27 жылдан бері 3 шақырым жердегі бастаудан тасып ішеді. Қысы-жазы көрген ауыртпалықты айтып жеткізу қиын. Енді оның бәрі артта қалып, қуанышқа кенелетін күн жақын.
Тұрғындар енді 74 метр тереңдіктен шығатын сапалы суды пайдаланатын болады. Бүгінде құбырдың негізгі бөліктері түгел тартылып, жеке үйлер мен мектеп, балабақша, емхана сияқты әлеуметтік нысандарға да жеткізілді.
 
Сейітбек Бекбаев, Шұбар ауылының тұрғыны:
–Мына суды ауыл тұрғындары кәдімгі ауадай күтіп отыр. Қыс бойы су тасыған халық бұл жаңалыққа риза. Енді әркімнің үйінде болса, қалалық өмір басталады. 
 
Ауыл сыртындағы арнайы резервуардың жұмыстары жалғасып жатыр. Қауіпсіздік шараларының бәрі қарастырылған. Айналасы қоршалып, бейнебақылау орнатылады.
 
Асқар Кенженов, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім жетекшісі:
–«Нұрлы жол» бағдарламасының шарапаты тиіп жатқан елді мекендер көп. Бөлінген қаражаттың 2 миллиард теңгеден астамы игерілді. Облыста қолға алынған 9 жобаға сәйкес 195 шақырымдық су жүйесі тартылуға тиіс. Қазір оның 60 пайыздан астамы дайын болды.
 
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Алматы облысындағы елді мекендерге ауызсу жүйелерін тарту үшін былтыр 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. 9 жоба нәтижелі іске асырылса, 263 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтылады.
 
Аталмыш бағдарлама экономикалық өсім мен отандық құрылыстың негізгі драйверіне айналды. Шығыс пен батысты, оңтүстік пен солтүстікті жақындатып, мыңдаған шақырым жол салынып жатыр. Биыл ұзақтығы 4400 шақырым болатын 22 автожол салынбақ.
 
Олардың қатарында Орталық-Оңтүстік пен Орталық-Шығыс жобалары бар. Мәселен жыл соңына дейін Астана-Павлодар жолының 230 шақырымында 4 жолақты қозғалыс іске қосылмақ. Бұдан бөлек ұзақтығы 2 мың шақырым болатын жаңа жобаларды жүзеге асыру басталып кетті. Жетібай-Жаңаөзен, Талдықорған-Өскемен, Меркі-Бурылбайтал, Үшарал-Достық сияқты 10 ға жуық бағытқа жаңа тасжол салынады.
 
Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:
–Қазіргі уақытта ұзақтығы 228 шақырым болатын Құрты-Бурылбайтал учаскесінің жұмысына кірісіп кеттік. Сондай-ақ Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолын қайта жасауды жақында бастаймыз.
 
Бірінші жартыжылдықта іске асырылып жатқан жобалар бойынша 112 миллиард теңге игерілді және бұл жобаларға 80 мың адам жұмылдырылды. Жыл соңында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 600 шақырым жолды аяқтау жоспарланған.
 
Айбатыр Жұмағұлов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
–Автожол жобаларында қаражатты игеру 35,6 млрд теңгеге ұлғайды. Жылу, сумен жабдықтау және су тарту жүйесін жаңғырту 5 млрд теңгеге көбейді. Осы салада 700 шақырым желі жаңартылады. Ал білім беру саласында қаражатты игеру 11,3 млрд теңгеге артты. Жыл аяқталғанша 70 нысанды іске қосу жоспарланып отыр.
 
Бағдарлама шеңберінде өңірлердегі автопарк те жаңартылады. Шығыс Қазақстан облысындағы қалааралық және халықаралық тасымалдағы автобустардың 60 пайыздан астамы ескірген. Қоғамдық тасымалды жаңғырту үшін «Нұрлы жол» бойынша автостанция салынатын болды. Сөйтіп 18 ауылға жаңа тасымал бағыты ашылады.
 
Ал Қызылорда қаласының көшелері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Облыс орталығының күре тамыр қатынас жолы саналатын Қорқыт ата көшесі жуырда жаңарып, түрленеді. Көліктердің кедергісіз өтуіне мүмкіндік жасайтын темір жол өткеліне жаңа технологияларға сәйкес резеңке төсеніш салынды. Сондай-ақ жауын-шашын салдарынан көпір астына жиналатын суды құрғататын арнайы құрылғы орнатылуда. 4 жолақты, ұзындығы 6 шақырымға жуық маңызды жолды күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 1 миллиард 426 миллион теңге бөлініпті.
 
Нұрлыбек Нәлібаев, қала әкімі:
–Биылғы жылы да осы жұмыстарды жалғастыруға республикалық бюджеттен 3 млрд 44 млн тг қаржы бөлінді. Бұған қазір 27 жоба бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстардың барлығы алдағы 1 қазанға дейін толық аяқталатын болады.
 
БҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандар құрылысы да қарқын алды. Биыл 109 білім беру нысанына 71,7 миллиард теңге қарастырылған.
 
Шығыс өңірдегі Аягөз қаласында екі мектеп салынып жатыр. Олардың құрылысына «Нұрлы Жол» аясында 2 миллиард теңге қаралған. Бұл аудандағы үш ауысымды білім беру жүйесін түбегейлі жойып, апатты деп танылған білім ошақтарынан құтылуға сеп болады. Қазір құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Материалдардың барлығы жергілікті жерде шығарылған. 
 
Дархан Жөргекбаев, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары:
–Сапасы өте жақсы әрі жарық. Жұмыс жоспары уақытымен жүріп жатыр. Барлығы осы отандық құрылыс материалдары және Аягөз қаласындағы кірпіш зауытының кірпішімен салынған.
 
«Нұрлы Жол» арқасында мыңдаған қазақстандықтың қоныс тойын тойлайтын күн де алыс емес. Алдағы бес жылда бір ғана Қостанай облысында 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй тапсыру жоспарда. Биыл екі шағын аудан бой көтереді. 430 отбасы баспаналы болады.
 
Назарбек Қонқабаев, қала әкімінің орынбасары:
–Биылдың өзінде біз осы шағын ауданда 900 орындық мектеп құрылысын бастадық. Одан тыс әрқайсысы 280 балаға есептелген екі балабақша салынады. Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында үлкен спорт кешені ел игілігіне беріледі.
 
Жалпы биыл аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға 480 млрд теңге бөлінген. Әзірге оның 40 пайызы игерілді. Халықтық жобаға бөлінген қаржы қатаң бақылауда болады. Ұлттық экономика министрлігі ай сайын мониторинг жүргізіп отырады.
 
Авторы: Бағдат Бектұрғанқызы

7. Бірінші байлық – денсаулық

 
Еліміздегі адамдардың өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа жетеқабыл. Бұл біріншіден, бұқаралық спортты дамытуға ден қойғандықтың нәтижесі, ал екіншіден, денсаулық сақтау жүйесінің иммунитеті артқандығының дәлелі. Мойындау керек, атаулы сала тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «комада» болған. Құтқарған «шұғыл операция». Мамандардың саланы аман алып қалғаны былай тұрсын, тіпті ширек ғасырда жоғары деңгейге жеткізгені шындық.
 
Десек те «мұны соңғы меже» деп отырған министрлік жоқ. Түрлі бағдарламаларды қолға алып, «қайткенде отандық медицинаны өзгелердікінен оздырамыз» деп отыр. Осы мақсатта 2016 жылы елімізде «Денсаулық» бағдарламасы бекітілген. «Жоспардағы жұмыстар 2019 жылға дейін жүзеге асуы тиіс» деп құжатта белгіленген.
 
Бағдарлама негізінде жүзеге асатын бағыттардың бірі – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі болатын. Жүйе осы жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастады. Бір жарымға айға жуық мерзімде қорға 1 милилард теңгедей қаржы жиналыпты. Демек жұртшылық бұл жүйені жақсы қабылдап жатыр деген сөз. 
 
Дегенмен қоғам өкілдері тарапынан түрлі сын айтылғанын да ескергеніміз абзал. Себебі атам қазақ «ауруын жасырған өледі» деп тәмсілдейтін. Айта кету керек, сынды жаңа министр жақсы қабылдады. Оған осыдан санаулы күндер бұрын арнамыздың тікелей эфирінен көрсетілген жекпе-жек айғақ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов белгілі экономист Рахым Ошақбаевпен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі төңірегінде сөз таластырып, ой тарасқан еді. Мұны дауласу дегеннен гөрі, азаматтық қоғамның белсенділік танытуы деп түсінген жөн. 
 
Сәкен Сейітханұлы, шолушы:
–Елімізде әсіресе ауылдық елді мекендерде дәрігер тапшы. Жылда жоғары оқу орындары мыңдаған маманды дайындап шығарса да, салада серпіліс байқалмайды. Алайда министрлік өкілдері бұл олқылықтың орнын толтыруға тырысып-ақ жүр. Тек санға емес, сапаға да ерекше мән беруді жөн көріпті. 2014-жылы Финляндияның оқыту жүйесі сынақ ретінде тәжірибеге енді. Республика көлемінде 6 колледжге осы бағыт бойынша талапкер қабылданды. Ерекшелігі сол студенттер білім мен тәжірибені теңдей меңгереді. Яғни аураханаларға жиі барып, бас мейірбикелердің дәрісін тыңдап, ісін жалғайды. Сәйкесінше дәрігердің еңбегі ескеріліп, колледж қосымша ақы төлейді. Бұрын студенттердің емханаларға баруы 30 пайыз болса, бұл жүйеде 50 процентке негізделген.
 
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі департаментінің директоры:
–Стратегиялық әріптестік шеңберінде фин моделіне сай мейірбикелерді дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта айтып кеткен 320 бакалавр деңгейіндегі дайындықтар 6 пилоттық колледждерде жүргізіліп жатыр. Бітіргеннен кейін қалада да, ауылдық жерде де жұмыс істей алады.
 
Дәрігерлер жұмыс істейді. Бірақ сол еңбегінің дені қағаз толтыру. Мұны министрліктің мамандары айтты. Бұл басы артық істен оларды алшақтату үшін ауруханаларға электронды жүйе орнатылған еді. Соның арқасында қағазбастылық 30 пайызға төмендепті. Мұндай игі қадамдар әлбетте алдағы уақытта да жасалады. Жыл соңына дейін медициналық мекемелерді ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету 50%-ға жеткізілмек. Жоспар бойынша бұл жұмыс 2018 жылдың аяғына дейін толық орындалуы тиіс.
 
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі департаментінің директоры:
–Қағаз жұмыстарын төмендету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айтылып кеткен 30 пайызымыз, ол ең біріншіден әрбір емхана мен ауруханада ақпараттану жүйелері енгізіліп жатыр. Соның арқасында көптеген есептік қағаздардың барлығы ақпараттық деңгейге өтіп жатыр. Сондықтан қағазды қайталып жазудың қажеті жоқ. Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесіндегі кейбір есептік қағаздар бар. Солардың көлемі де төменделіп жатыр. Соның арқасында дәрігерлердің қолы босайды.
 
Соңғы жылдары елімізде дәрі-дәрмек шығару ісі едәуір ілгеріледі. Соның негізінде отандық өнімді пайдалану да жолға қойылды. Нақтылап айтсақ, дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалған ақшаның 30 пайызы отандық өндірушілерге түскен. Келер жылы бұл сан ұлғайуы мүмкін. Өйткені ем алуға бөлінетін қаржы көбейеді.
 
Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
–Бүгінде 2 млн-нан астам науқас 68 млрд теңгенің дәрі-дәрмегін тегін алады. Келер жылы амбулаторлық ем алуға бөлінетін қаржы 38 пайызға ұлғаяды. Медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру үшін денсаулық сақтаудың барлық қызметін біріктіру саясаты жүргізіліп отыр.
 
Саланың бірді-екілі асқап тұрған тұстарын жоғарыда айттық. Енді табыстарына тоқталсақ. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде келесі өзгерістерге қол жеткен. Адамдардың өмір сүру жасы 6 жылға ұзарған. Ана өлімі 4 есе төмендеген. Ал сәбилер өлімі 1,6 есеге азайыпты.
 

8. Кәсіп ашамын десеңіз...

 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке «Қандай дүлей дауыл соқса да, әлеуметтің әлеуетін төмендетпеуге талпыныс жасаңдар, халықты жұмыссыз қалдырмаңдар», – деп нақты тапсырмалар жүктегені есте. Атқарушы билік осы мақсатты жүйелі атқармақ ниетте «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» жаңа мемлекеттік бағдарламасын бекіткен болатын.
 
Бұл жоба төмен табысты ауыл халқының елеулі бөлігіне кәсіпкерлікте алғашқы қадамдарын жасауға және өздерінің бизнес-бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жаңа бағдарлама жастардың мамандықты тегін игеруіне де жол ашады. Бұл – бағдарламаны таныстыру сәтіндегі жауапты министрлік жасаған мәлімдеме. 
 
Қызылордалық Айгүл Кәрімбаеваның алғашқы мамандығы – есепші. Көп балалы ана 15 жылдан бері жұмыссыз. «Нәтижелі жұмыс пен қамту» жайлы алғаш рет баспасөзден естіген. Кейін ойлана келе бағдарламаға қатысуға бел буады. Оқу орталығында аспаздық шеберлігін шыңдауға кірісті.
 
Айгүл Кәрімбаева, бағдарламаға қатысушы:
–Бірінші сұйық тамақтарды жасауды үйрендік. Кейін екінші тағамды және және көкөністерді сұрыптауды үйрендік. Ай сайын бізге 21 600 теңге шәкіртақы төлейді. Жолақымызды шығарып отырамыз.
 
Елімізде Айгүл секілді 500 мың отандасымыз бағдарлама аясында арнайы курстан өтіп, бизнестің қыр-сырын меңгеріп жүр. «Бизнес бастау» іскерлік әлемнің әліппесі. Кәсіп ашуға ауыл тұрғындары құлықты. Оқу барысында болашақ кәсіпкерге істі неден бастау керектігі үйретіліп, бағыт-бағдар көрсетіледі.
 
Қуанышбек Ерниязов, оқытушы:
–Біздің ең басты мақсат – оларға несие алып беру емес, жоба біткеннен кейін олар өздерінің кәсіптерін ашу керек. Ол жаңағыдай әртүрлі жобалар болуы мүмкін. Мысалы тігін ателье де болуы мүмкін. Оған көп қаражат керек емес. 50 мың теңгеден бастауға болады.
 
Арнайы сертификат алған азаматтар бизнес жобасын қорғауы тиіс. Елімізде жеке бизнес ашуға 16 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Ақшаны қайтару мерзімі – 5 жыл. Үстемесі 6 процент. Жеке кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекеттен 10 млрд теңге бөлініп отыр.
 
Жалпы жыл басынан бері Қазақстанда 170 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Бұл жоспардың 62 пайызы. Үкімет отырысында жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы бағдарламалардың атқарылу барысы пысықталды.
 
Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
–Біздің мониторинг жұмысқа орналасқандардың 83 пайызында ғана міндетті зейнетақы жарналары бар екенін көрсетті. Кей өңірлерде 40 пайыздан да төмен. Мысалы Алматы қаласында 17,3 пайыз ғана жарналары бар. Екіншіден өңірлердің көбі уақытша жұмыс орындарына басымдық беруді жалғастыруда. Мәселен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі Қазақстан бойынша 56 пайызды құраса, өз кезегінде Қызылорда облысында – 11 пайыз, Астана қаласында – 18, Алматы облысында – тұрақты жұмысқа ие болғандары 26 пайыз ғана.
 
Өңірлерде оқыту қарқыны әр түрлі. Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында жұмысты ширату қажет. Жаппай оқуға жұрттың ынтасы зор. Қысқа мерзімде оқытуды жыл соңына дейін 70 мыңға жеткізу көзделіп отыр.
 
Жамбыл облысында жыл басынан бері 433 адам «Бизнес бастау» жобасы бойынша білім алған. Олардың алды өз кәсібін ашып, пайдасын көре бастады. Солардың бірі – Қайрат Тұтов. Байзақ ауданының тұрғыны. Кәсіпкерлік негіздерін бір ай оқып, несиеге бірнеше құлынды бие сатып алды. Ісі алға басса, мал басын тағы көбейтіп, жұмысшы алмақ ойы бар. Мемлекеттік жобада берешекті өтеу 6 айдан кейін қарастырылған.
 
Қайрат Тұтов, кәсіпкер:
–Оқып болғаннан кейін осы бағдарламамен 1 млн 600 мың несиеге жылқылар алдым. Сауынды биелерді сауып, қымызын сатып, пайда көріп жатырмыз.
 
Биыл өңірге «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасына 9,8 млрд теңге бөлінген. Жобаға қатысуға өтініш білдіргендер саны – 22 мың.
 
Запира Медетова, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы:
–«Бизнес бастау» бойынша Жамбыл облысында 1125 адамды оқытамыз деп жоспарлап отыр. 1 тамызға 433 адам қазір оқудан өтті. Бұл бағдарламаны бизнес бастауды қаржыландыруға 18,1 млн теңге бөлінген.
 
Ал батысқазақстандық Сабырғали Сейсенов бұған дейін күнбағыс сатумен айналысқан. Кәсіпкерлік курсынан кейін өсімдік майын өндіруге бел буып отыр. Арнайы қондырғы әзір. Енді ғимарат салмақ.
 
Сабырғали Сейсенов, кәсіпкер:
–15-20 күн бұрын несие ақшаны алдым. Алған бойда бір кісімен телефон арқылы сөйлесіп, сол кісіден барып алып келдім. Рафинадталмаған май сағатына 160 литр май береді.
 
Халықты жұмыспен қамтудың тағы бір жолы – қысқа мерзімді курстар. Сәуірден бері оларға 28 мың жұмыссыз азамат қатысып жүр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпорындар бірлесіп оқыту орталықтарын ашқан. Қазір 39 кәсіпорын жанынан құрылған оқу орталығы жұмыс істеп тұр. Қыркүйектің бірінен бастап кәсіптік білім беруге түлектер тартылмақ.
 
Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
–Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей яғни оқу орнына түспей қалған мектеп түлектеріне қатысты болады. Бүгінге 21 мыңға жуық осындай балалар қыркүйектен қабылдауға 321 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы дайын. Бағдарлама есебінен шәкіртақысы, бір мезгілдік ыстық тамағы, сырттан келгендерге жол шығындары мен тұрғын үй шығындарын жалдауға материалдық көмек берілетін болады.
 
Мәселен Сыр өңірінде кәсіптік оқыту бағытына сәйкес азаматтар 25 мамандық бойынша 14 колледж бен 4 оқу орталығына жіберіледі. 
 
Мұрат Ергешбаев, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы:
–Шағын несиелендіру мәселесі бойынша бізде 2,2 млрд теңге қаражат қаралған. Бұл 202 млрд теңге ішінде 700 млн астам қаражан бөлінді. 48 адам несие алды.
 
Бизнесін жаңа бастаған тұрғындар арасында наубайхана, тауарды қайта өңдеу, шағын құрылыс материалдарын сату, ет өнімдері мен бал шаруашылығына қызығушылық жоғары. Ал кәсіп нәсіпке айналса, елге құт. 
 
Авторлары: Рауан Мыңбаев, Әсем Қабылбек

9. Туризм – табыс көзі

 
Нью-Йорктегі әйгілі «Уолл Стритті» білесіздер?! Ұзындығы 1 шақырымнан асатын бұл көше – АҚШ-тың негізгі «қаржылық қайнар көзі» болып табылады. Дұрысы «табылды». Себебі соңғы кездері «Уолл стрит» сенімнен айырылып барады. Сарапшылар атаулы биржаның болашағына қатысты «бұлыңғыр болжамдар» жасауда. Демек Нью-Йорк нарығының бұдан былай америкалықтарды асырауы қиын. Жұмыссыздық қазірдің өзінде «мықтап» белең алған. Енді «әлемнің ең ірі агломерациясы» не істейді?
 
Калифорния штатындағы «Кремний алқабы». Жаңа идеялар жүзеге асатын индустриалды орталық бұл. Өйткені ақпараттық технологиялар саласындағы ең озық компаниялар осында орналасқан. Нью-Йорк «иммунитетті күшейтудің» күшті тәсілі ретінде Калифорниямен бәсекеге түсуді таңдады. Яғни «Кремний аллеясы» жобасын қолға алды. Қазір олар дүниежүзіндегі ең ірі ақпараттық және технологиялық компанияларды өздеріне шақырып жатыр. «Жұмыс істеймін» дегендерге жеңілдік көп. Осылайша Нью-Йорк жұмыссыздар мәселесін шешуге талпыныс жасап, өз атағынан айырылмаудың амалына кірісті. Демек жақын болашақта жаңа жұмыс орындарын ақпараттық технологиялар саласы ғана бере алады.
 
Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі. Атымызды 6 құрлыққа танытып, алты алаштың абыройын арттырған шара. Бұл енді берілген бағаның бергі жағы ғана. Ол жерде адамзат болашағына ықпал ететін, тіпті түбегейлі өзгертуі мүмкін жаңа идеялар мен жаңа технологиялар тоғысады. Ал ондай ортада отандық ғалымдардың да қиялына қанат бітері анық. Себебі сырттан келгендердің «сиқырлы құрылғыларын» көргенде ойлы сананың бір сілкінуі қажет.
 
Үш айлық көрме қарсаңында «жасыл технологияларды» көріп-білсек, біткеннен соң да, бітірер іс әжептеуір. ЕХРО қалашығының орнында алып технологиялық орталық пен халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді. Әлгі «Кремний алқабы» мен «Уолл Стриттің» шамасындағы шаруа бұл.
 
Асылында ЕХРО-2017 көрмесінен көрер пайда көп. Әсіресе Астана экономикасына ерекше екпін береді. 
 
ЕХРО көрмесінің басталғанына тура 2 ай. Осы уақыт аралығында халықаралық шараға келгендер саны 2 млн-нан асты. Көрменің 2 миллионыншы қонағы – батысқазақстандық Ғайса Жұмалиев. Кәсіпкер Астанаға іс-сапармен келген. Құрметті мейманға «Астана ЕХРО» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов сый-сияпат тапсырды.
 
Ахметжан Есімов, «Астана ЕХРО-2017» ҰК» басқарма төрағасы:
–Алдымызға қойған меже 2 млн болатын. Соған біз бүгін жетіп отырмыз. Елбасымыздың үлкен аумақты жобасы іске асып жатқанының дәлелі. Әлі де көрменің аяқталуына 1 айдан астам уақыт бар. 
 
Көрменің арқасында біріншіден, әлемдегі озық технологиялар мен ғылыми жетістіктерді алпауыт елдерден үйренеміз. Екіншіден, ЕХРО – жаһан назарын Қазақстанға аударатын имидждік қадам ғана емес, экономикалық стратегия. Сауда жүрген жерде пайда бар. Соңғы 2 айдың ішінде бас қаладағы салық түсімдері 462 млн теңгеге жеткен. Қазынаның бүйірі қампайды. Әсіресе қызмет көрсету саласы көшбасында тұр.
 
Малика Бектұрова, қала әкімінің орынбасары:
–Шағын және орта бизнестің өсуі ЕХРО салдарынан қазіргі кезде 2,6 есе болды. Сондықтан олардың төлейтін салықтары 2,5 есе өсті және Астана қаласының барлық қонақүйлері мен мейрамханалары қазіргі кезде өте жақсы жұмыс істеп жатыр.
 
Туристердің 30 проценті – шетелдік демалушылар. Сырттан келген меймандардың таңдауы – қонақ үй мен хостелдер. Қазіргі уақытта 200-ден аса қонақ үйдің 60 проценті адамға лық толы.
 
Нұрлан Есетов, қонақтарды қабылдау бөлімінің жетекшісі:
–Көрмеге келген көптеген қонақтар алдын ала қонақүйден орын тапсырыс беріп қояды. Бізге Ресейден, Қытайдан және АҚШ-тан келетін қонақтар өте көп.
 
Бас қалада көрме кезінде туристер санының артуымен азық-түлік тұтыну көрсеткіші өсті. Шілде айында көкөніске сұраныс – 20, жеміс пен қантқа – 40, ал етке – 35 процент артқан. Көрме басталмас бұрын әкімдік тамақ бағасын тұрақтандыру үшін қор құрған. Онда 2500 тонна азық сақтаулы.
 
Ризагүл Мүслімова, қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің басшысы:
–Мысалға өткен жылы 2 тоннаға жуық ет сатсақ, дәл осы аралықта осы жылы 3 тоннаға жуық ет өнімдері сатылды.
 
Әсіресе ет өнімдеріне сұраныс жоғары. Астанаға келген меймандар ұлттық тағамнан дәм татуға әуес. Мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындары қала билігімен серіктес. Мінсіз қызмет, жоғары сапа – басты орында. Туристер дән риза. 
 
Джинг Уэй, турист /Қытай/:
–Қазақстандағы кез келген тамақтың құрамында ет мол. Ұлттық тағамдарыңыз өте құнарлы. Дәрумендерге бай. Нандарыңыз дәмді. Денсаулыққа пайдалы. Мұнда әзірленген қытай тағамдары біздікінен бір кем емес.
 
Мейрамхана бизнесі Гүлнәр Пішенованың ұзақ жылдан бергі кәсібі. Келушілердің көңілін табу үшін барлық әдісті қолданыпты. Мұнда қазақы нақышқа айрықша мән берілген. Ұстанған бағыты - «Чайнес френдли». Яғни, Қытайдан келген туристерді қарсы алады. Ас мәзіріне шектеу жоқ. «Көрмеден үйренгеніміз көп. Жетістіктің құпиясы айналысқан ісіңді сүю», – дейді Гүлнәр Пішенова. 
 
Гүлнәр Пішенова, мейрамхана директоры:
–Көрме басталғалы жұмысымыз қарбалас. Көбінесе делегациялармен жұмыс істейміз. Бұл тізімде Армения, Грузия және Иран да бар. Олардың біздің елге қызығушылығы жоғары. Мінсіз қызмет көрсету үшін аянып қалмаспыз.
 
Сырттан келушілерді қоспағанда көрме ішкі туризмнің тынысын ашты. Туристік операторлар үшін пайда табуға қолайлы кезең. Күніне 500-800 адамға қала бойынша экскурсия ұйымдастырады. Ал көрме аумағын аралауға 1 күн қажет. 
 
Дайырбек Жақыпов, Екібастұз қаласының тұрғыны:
–200 адамның ортасынан 4 кісіні жіберді. Біздің бөлімде 200 адам жұмыс істейді. Енді көрмеге келгелі бері Германия павильонына кірдік. Бәрін көріп жатырмыз. Жақсы қарсы алып жатыр.
 
Қонақтардың жатын орны мен тамағы туристік операторлардың мойнында. Сала мамандары табыс көбейгенін жасырмайды. Отандық компаниялар алғаш рет ауқымды жобада тәжірибе жинады.
 
Гауһар Жеңісбек, Ұлттық туристік компанияның бас директоры: 
–Қазақстандықтардың 50 пайызы осы жазда Қазақстанның ішінде қалуда. Ол жерде әрине Түркияға баратын сұраныстар да бар. Қазір ЕХРО-ға байланысты көбісі осы Астанаға келуде.
 
Жаһандық дағдарыс кезінде әлемдік экономикада туризмнің дамуы 4 процентке өскен. Бұрын отандық гидтер небәрі 100-120 адамға экскурсия жасаса, қазіргі көрсеткіш одан 3-4 есеге көп. Жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр.
 
Гауһар Жеңісбек, Ұлттық туристік компанияның бас директоры: 
–Осы 3 айдың ішінде шамамен 20-25 мың турист қабылдадық. 31 тамызға дейін де қабылдаймыз. Қазір бізде жазылып қойғаны бар. Олардың келетін күндері бар. Бір топ аз дегенде 150-200 адамнан келеді. Кеше 800 адам қабылдадық.
 
Елге тұрақты турист тарту – қажырлы еңбек. Сырттан келген өзге жұрттың талабы мен талғамы басқа. Қонақтың қалауын бұлжытпау орындау үшін үнемі ізденіс қажет.
 
Малика Бектұрова, қала әкімінің орынбасары:
–Астана қаласының туризм саласын дамыту жоспары бойынша 2020 жылға дейін осы қазір алған жылдамдықты сақтағымыз келеді. Сондықтан біз ЕХРО бойы алған тәжірибені ары қарай жалғастырамыз.
 
Бұдан ұққанымыз, көрмеде қолға алынған бастамалар уақытша дүние емес. 2020 жылы Астана Еуразия кеңістігінде туристер үшін тартымды қалаға айналмақ. Ол үшін қазірдің өзінде озық үлгідегі инфрақұрылым жасалған. Әуежай, темір жол вокзалы, қонақүйлер қонақтарды қарсы алуға дайын.
 
Авторлары: Әсем Қабылбек, Батырбек Ғаділбек, Санжар Жартиев, Аманжол Байғазин, Дәурен Жұрхабаев

10. Рухани жаңғыру

 
Қазіргі өмір сүру салты бұрынғыға қарағанда тым жеңіл. Баға мен бәсекелестікті айтпағанда. Мәселен коммуналдық төлемдерді төлеу үшін бүгінгі күні әр есікті бір қағудың қажеті жоқ. Барлығы – қолыңыздағы телефонда. Бір тексеріп шығып, бір ғана тетікті бассаңыз жеткілікті. Яғни ақшаны қалтаға салып жүрмейсіз, онлайн түрде басқарасыз. 
 
Сондай-ақ кейбір құжаттар мен анықтамаларды халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ алуға мүмкіндік туды. Ол үшін электронды үкімет порталында нөміріңізді қалдырасыз. Сәлден соң, смс-хабарламамен құпия сөз келеді. Соны сайтқа қайта енгізсеңіз, қажетті анықтама қолыңызда. Әзірге 20 қызмет түрі қолжетімді.
 
Әрине, технологияның бұлайша дамуы қазіргідей «уақыт» тапшылығы туындаған тұста әбден қолайлы. Бірақ бұл адамзаттың алдына үлкен мәселе қойып тұр. Барлығы осылай автоматтандырыла берсе, жер бетіндегі 7 миллиард тұрғын жұмыссыз қалмай ма?!
 
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялағандағы мақсатының бірі осы – қазақстандықтарды жаңа заманның талабына сай болуға шақыру.
 
Оңтүстік Қазақстан облысының Сәмбет Саттаров атындағы ауылында 250 түтін тұрады. Күннен күнге шағын елді мекеннің жағдайы жақсарып келеді. Мешіт салынды, жолдар жаңарды, ескі мектептің орнына жаңасы бой көтерді. Осының барлығына ұйытқы болып жүрген жергілікті Пердебай Сәбитов «туған жерді түлету әр азаматтың парызы», – дейді. Оны жұртшылық «халықтың ұлы» атап кеткен. Қаладағы қызметінен қолы босаса, ауылға бүйрегі бұрып тұрады.
 
Таңатар Темірбаев, С.Саттаров ауылының тұрғыны:
–Ауылымызда бір кездері су, жол жоқ еді. Осы жерде туып өскен Шмадиярұлы Пердебай ағамыздың арқасында 9 км жолдың салынуына себепші болды.

Енді көгілдір отынның жеткізілуіне күш салып көрмек, емхана тұрғызу да жоспарда бар.
 
Пердебай Сәбитов, кәсіпкер:
–«Тәні саудың жаны сау» дейді. Осы ауылдан келешекте мемлекет есебінен болмаса өзіміздің демеушілік көмекпен 1 фельдшерлік емхана салу ойымда бар.
 
Ал маңғыстаулық кәсіпкер Ұлбосын Ахметованы жерлестері «құрылысшы әйел» атайды. Ол сонау 90-жылдары тоқырау кезінде тұралап қалған ондаған тұрғын үйді өз қаржысына аяқтап, баспанаға мұқтаж 690 отбасына берді.
 
Тұрсынкүл Беспай, Ақтау қаласының тұрғыны:
–Бұл пәтерді алғанда, бірнеше айға пайызсыз бөліп бердім. Өзінің қайраттылығының арқасында бірнеше үйді тұрғызып, біз сияқты жас отбасылар материалдық жағынан жақсы көтеріліп кетті. 
 
Кәсіпкер сондай-ақ аймақтағы әлеуметтік нысандар мен тарихи ескерткіштердің құрылысына демеушілік жасады. Оған қоса, өзі ашқан шипажайға қариялар, көп балалы аналар, науқас балаларды тегін емделуге шақырады.
 
Биыл қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Абай» романының жарық көргеніне 75 жыл. Осыған орай Ұлттық академиялық кітапханада «Бір кітап көрмесіне» алғаш рет 1942 жылы шыққан «Абай» романы мен әр жылы түрлі тілде жарық көрген басылымдары қойылса, «Құлақтан кіріп, бойды алар» дөңгелек үстелінде ұлы ақынның шығармашылығы талқыланды. Ал 116 тілге аударылған «Абай жолы» романы әлемдегі ең көп оқылатын теңдессіз туындының біріне айналған.
 
Сыр өңіріндегі түрлі этнос өкілдері еліміздің бірқатар көне қаласы мен киелі орындарына саяхат жасады. Оған «Туған жер» бағдарламасы арқау болған. Тарихи-танымдық экспедиция Отырар төбеден басталды. XII ғасырда гүлденген қала Шыңғыс хан әскерлері мен жоңғар шапқыншылығынан соң жермен жексен болғаны мәлім. Ашық аспан астындағы музейде консервация жұмыстары жалғасып жатыр. Экспедиция мүшелерін Отырар маңындағы Шығыс моншасы ерекше қызықтырды. Құрылысы мен инженерлік жүйесі бүгінгі өркениеттің бастауы болғаны сөзсіз. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көне қаланың солтүстік қақпасы, медресе мен мешіті қайта қалпына келтірілген.
 
Ләйлә Төрешова, Облыстық ҚХА хатшылығының басшысы:
–Экспедиция өңірдің басқа да киелі жерлеріне саяхат жасайтын болады. Олар насихаттау жұмыстарын жүргізеді деп ойлаймыз. Бұның барлығы осы Қазақстандық патриотизмге тәрбиелейді және бірлік, қоғамдық келісім құндылықтарын нығайтады деп түсінеміз.
 
Солтүстік Қазақстан облысында киелі жерлердің картасы әзірленді. Әзірге оған 14 нысан енгізілді. Тізімде дала өркениетінің бастауы саналатын «Ботай қонысы» бар. Дәл осы жерде ата-бабаларымыз 4 түліктің төресі жылқыға ауыздық салған. Картаға Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткіші, Уәлиханов мазары мен Абылайхан резиденциясы да енгізілді. 14 нысанның 4-еуі Петропавлда. Қалғаны ауылды жерлерде. Жалпы Солтүстікте 30-дан астам тарихи-мәдени ошақ бар. Барлығы мемлекет қарамағында.
 
Батысқазақстандық археологтар 2001 жылы Оралдың оңтүстік-батыс шетінен көне қалашықтың орнын анықтаған. Ғылыми жұмыстар шаһардың 13-14 ғасырлар, Алтын Орда кезеңіне тиесілі екенін дәлелдеді. Шаһар өз заманында қолөнері мен өнеркәсібі өркендеген әкімшілік орталық болған, ірі сауда жолының бойында орналасқан. Жайық өзенінің алабындағы көне кенттен тұрғын жайлар мен мешіт, монша, кірпіш және әк күйдіру пештері табылды. Ал, қасындағы белестен 2 кесене орны анықталды. Мамандар бұл жерді болашақта ашық аспан астындағы мұражайға айналдыруды ұсынады.
Атырау облыстық музейінің этнографиялық бөлімінде қазақы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты айғақтайтын жәдігерлер жеткілікті. Мұнда 100-ге тарта күмістен соғылған бұйымдар бар. Ата-бабамыз күміске ерекше мән берген. Соның бірі – «құстұмсық» жүзік.
 
Ләззат Салықова, облыстық музей этнографиялық бөлімінің меңгерушісі:
–Бойжеткен қыз ұзатылар сәтте анасы «құстұмсық» жүзікті қызының қолынан шешіп, қыз жасауымен бірге орамалға түйіп, сандығының түбіне салатын болған. Бір жылдан кейін төркін жұрты апасының жағдайын білуге барғанда «құстұмсық жүзік» қайтып оралатын болса, қыздың шешесі құдағиым қызыма өз қызындай қарайды екен деп, ауыл арасына шағын той жасайтын болған.

Ер-тұрманды күміспен күптеу де ежелден бар дәстүр. Ердің қасы мен өмілдірік-құйысқанды күміспен қаптау тіл-көзден, басқа да ібілістік азғырудан қорғайды деген ұғым Батыс өңірде әлі күнге сақталған.
 
Авторы: Ақбөпе Бәкір