ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жеті күн 02.12.2017

Жеті күн 02.12.2017

Cюжеттер

1. Мерейтойлық саммит 2. Стратегиялық серіктес 3. Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен жүздесті
4. Жол картасын бекітті 5. Елбасы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті 6. Елбасы қабылдаулары
7. 100 жаңа есім 8. Қазақ мәдениеті қос ұлымен қоштасты 9. Көшбасшы келбеті
   
10. Жүйелі жоспар    

Тағы бір қараша тарих боп жазылып, желтоқсанның екінші күні есік қақты. Бұл – халқымыз үшін он екі айдың ішінде орны бөлегі. Себебі осы айда ұлттығымызды сақтар ұлы қадамдар жасалған.

Соның бірі – ширек ғасыр бұрынғы тағдыршешті таңдау. 1991 жылдың 1 желтоқсанында егемен еліміздің Тұңғыш Президенті сайланды. Сол уақыттан бастап Қазақстан шежіресінің жаңа парақтары жазылды. Елбасының ерлік жолы – өскелең ұрпақ үшін өнеге. Сондықтан 1 желтоқсан елдік дәрежедегі елеулі мерекеге айналды.

2012 жылдан бері мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін атаулы мейрамның бүгінде өзіндік ерекшелігі мен дәстүрі қалыптасқандай. Мәселен, сақа сардарлар мен жігерлі жауынгерлердің Ақорда алдында сап түзеп, Президент штандартын тұғырға қондыру рәсімі – жылдағы ғұрып.

1. Мерейтойлық саммит

Президенттің саясатына көз салсаң, бір ұстанымға беріктігі көрінеді. Елбасы өзгеріс желі соққанда қорған емес, желкен тұрғызады. Яғни қазіргі толқынның қауіптілігіне қарамастан, біз мінген кеме тек алға жүзуі керек. Оның стратегиясы сызылған, жоспары жүйеленген, бағдары белгіленген. Бірақ «кемедегінің жаны бір» деген де ақиқаттың барын айтады. Демек, «жүрістің жылдамдауы – ескек ұстаған әр азаматтың есебінен» деген сөз. Ал елімізде 18 миллион адам бар. Әрқайсысында бір ескек. Кім қалай еседі? Мәселе сонда. Нұрсұлтан Назарбаевтың «бұл ұстанымды өзімізге ғана емес, күллі әлемге ортақ етсем» деген ниеті бар. «Үшінші мыңжылдықтың ықтимал жауын ықтырудың амалы – ықпалдасу» деп жүргені де сондықтан. Алайда интеграция деген ойын да, саясат та емес, ол – өмір.

Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ ел экономикасын еселеудің жолы болса, ал Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы – қоғам тыныштығын қамтамасыз етудің тетігі. Соңғы аталған ұйымның осы аптада отырысы өтті. Минскіде ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары бас қосты. Бұл жолғы сессия «мерейтойлық» мәртебеге ие. Биыл – «Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарттың» бекітілгеніне 25 жыл. Президенттер ширек ғасырлық жұмысты бір шолып өтіп, алдағы жоспарды айқындады.

Бұл күндері Александр Лукашенконың резиденциясы мәртебелі меймандарға толды. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы кеңесінің сессиясы – кезекті бас қосу емес, мерейтойлық жиын. Сондықтан Беларусь елі бұл шараға тыңғылықты дайындалған.

Нұрсұлтан Назарбаев – сарайға табан тіреген алғашқы мейман. Александр Лукашенко әріптестерін ерекше ықыласпен қарсы алды. Елбасының ізін ала алты елдің көшбасшылары түгел жиналды. Жоғары деңгейдегі жиындар көпжақты байланыстарды бекемдеп қана қоймай, көкейкесті мәселелер бойынша пікір алысуға, тіпті шешуге ұйтқы болады. Жиын басталмай жатып, көшбасшылардың бір-бірімен шүйіркелесуі сондықтан.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан мен Тәжікстан көшбасшылары әуелі халықаралық және аймақтық қауіпсіздік жағдайын саралады. Алты елдің ұйқысы тыныш болуына осы ұйым да септігін тизігуде. Демек, міндетін абыроймен атқарып келеді. Дегенмен көпшілік жаһан ахуалына алаңдайды. Дүниенің қай түкпірін алсаң да, дүрбелең, шиеленіс, дағдарыс. Дені біздің аймақтан алыс емес. Сондықтан Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымын толғандырмай қоймайды. Яғни күштерді ортақ мүддеге біріктіріп, қатерлердің алдын алу маңызды. Етек жайған терроризмнің өзі неге тұрарлық?! Ұйымның соңғы жылдары қауіп-қатерлермен бірігіп күресуге бет бұруы содан. Астана ұстанымдарымен үндескен бұл жұмыс Минск төрағалығы кезінде ерекше қарқын алды.

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының Президенті:

– Ұжымдық қауіпсіздіктің құрметті мүшелері Беларусь ұйым аясындағы белсенді өзара іс-қимылдың, оның қызметінің нәтижелілігін жан-жақты арттырудың, халықаралық аренадағы беделін нығайтудың жақтасы болып қала береді. Бұл жолғы сессия ҰҚШҰ дамуына жаңа серпін әкеліп, мәселелерді шешуге, жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге оң серпін береріне сенімдімін.

Қауіпсіздік ұйымы болған соң отырыс жабық есіктің арғы жағында өтері хақ. Бұл жолы да солай. Дегенмен күн тәртібінде қаралған сұрақтар айдан анық. Барлығы 20-ға тарта мәселе, оның ішінде Корей түбегіндегі ахуал, Ауғанстан мен Сирия жағдайы пысықталды. Барлық елдер Сирия шиеленісін реттеуде Астана процесінің маңыздылығы мен тиімділігін атап өтті. Көпшілік бұл алаңдағы жұмысты жалғастыруға ниетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы подробно обсудили текущую ситуацию в мире, а также наметили меры по укреплению коллективной безопасности. Рассмотрели повестку дня и выразили согласие по всем подготовленным документам. Казахстан поддерживает и готов подписать юбилейную декларацию, в которой отмечены наши совместные достижения за прошлый период, также отражена точка зрения организации по актуальным вопросам безопасности. Сегодня мы примем соглашение в области обеспечения  информационной безопасности. Все остальные документы, которые включены в повестку дня в нынешней сессии, полностью поддерживаются казахстанской стороной.

Төрағалық тізгін Беларусьтен Қазақстанға берілді. Келесі жиын 2018 жылы Астанада өтпек. Өз кезегінде ұйым қызметін ширатуға Қазақстан өзіндік үлесін қосуға дайын. Нұрсұлтан Назарбаев алдағы атқарылатын ауқымды жұмыстарды 5 бағытта тізіп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Первое – расширение инструментов взаимодействия государств-членов ОДКБ в военной сфере. Второе – организация практического военно-технического сотрудничества государств-членов ОДКБ. Третье – участие ОДКБ в формировании международной системы глобальной по противодействию терроризму. Четвертое – совместные методы реагирования государств-членов ОДКБ на кибербезопасности. Пятое - повышение эффективности мер по противодействию незаконному обороту наркотиков. Выражаем надежду, что наши предложения найдут должную поддержку со стороны всех государств-членов ОДКБ, что будет обеспечивать их успешную совместно с вами реализацию.

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар стратегиялық шешім қабылданды. Тізімде мерейтойлық декларация мен Сирияға қатысты бірлескен мәлімдемелер бар. Қабылданған құжаттар бірлестіктің беделін нығайтуға, қызметін жетілдіруге бағытталған.

Юрий Хачатуров, ҰҚШҰ Бас хатшысы:

– Мемлекет басшылары бүгін 2025 жылға дейінгі ұжымдық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру жөніндегі нақты шаралар жоспарын бекітті. Ол – орта мерзімге арналған құжат. Бұл жоспар ұйым қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды. Олардың бірі – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейту.

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары Таулы Қарабах жағдайын реттеу жөніндегі Минск тобы пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бітімгерлік бастамаларын қолдап, бірлескен мәлімдеме қабылдады. Барлығы 21 құжат мақұлданды. Жалпы Астана – аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікке жағдай жасаудың жақтасы. Халықаралық құқық қағидаларын сақтай отырып, қауіп-қатерлермен бірлесіп күресуге үндейді. Сондықтан серіктестер алдағы жылы Астананың төрағалығы аясында бұл жұмыстарға ерекше екпін беруге ниетті.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев, Айдос Ентебеков

2. Стратегиялық серіктес

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бұл сессиясы тұрақтылық жолында күш біріктірудің маңыздылығын тағы бір мәрте танытты. Енді экономикалық интеграцияға екпін берсек, Президент: «Әр мемлекеттің әлегі – өзінде, бірақ адамзатқа ортақ мәселеде ортақтық болуы керек», – дейді. Яғни «аққу көлге, шаян шөлге тартпасын» деген талап. Міне сонда «соғыссыз әлем» идеясы салтанат құрады. Атаулы бастамаға апарар нақты қадамдар Еуразиялық деңгейден енші алғандай. Қазір «Бір белдеу, бір жол» жобасы жүзеге асып жатыр. Бұл ретте еліміздің географиялық орналасуынан ұтарымыз көп. Солтүстікте Ресей, оңтүстікте Үндістан, шығыста Қытай, батыста Еуропа елдері сынды алып нарықтар тұр. Оларды бір-бірімен байланыстырудың өзі байлық емес пе?!

Сондықтан Елбасы күннің шуағындай тарам-тарам болған тасжол мен темір жолдарды салу ісіне салмақ берді. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2500 шақырым теміржол және 4000 шақырым тасжол төселді. Және арнайы экономикалық аймақтар мен көліктік-логистикалық орталықтар іске қосылды. Қазақстанның логистикалық логикасынан бір өзіміз ғана емес, көршілес елдер де пайда көріп отыр. Тауар тасымалдаудың жүгі жеңілдеді, уақыты қысқарды. Бұл – Кедендік одақ төңірегіндегі кәсіпкерлер үшін кәдімгідей көмек. Беларусь Республикасының басшысы бастап, бизнесмендері қоштап айтқан «қошемет».

Дегенмен Нұрсұлтан Назарбаев пен Александар Лукашенко құрлықтағы транзиттік әлеуеттің толықтай игерілмей отырғанын тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаевты осы аптада Минскіде ерекше күтті. Қалада Қазақстан Президентіне деген айрықша ілтипат сезілді. Көшелерде қатар желбіреген қос елдің туы берік достықтың сырын шертіп тұрғандай.

Бұл сапарды шын мәнінде тарихи деп бағалауға болады. Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнағанына 25 жыл толды. Мерейлі белес. Сондықтан Александр Лукашенко Қазақстан басшысын Минскіге арнайы шақырды. Қос көшбасшы Президенттің резиденциясында қауышты. Тәуелсіздік сарайы деп аталады. Мұнда ресми сапардың жөн-жоралғысы жасалып, қабылдау әдеттегідей салтанатты бөлімнен басталды.

Ширек ғасыр сенімді ынтымақтастық пен адал әріптестік. Бұл кезеңде қазақ-беларусь байланысы жан-жақты дамыды. Екі елдің ойы бір арнада тоғысқан. Саяси ұстанымдары ұқсас үзеңгілестер экономикалық қатынастарға да екпін бере білді. Қуанышты бірге тойлап, қиын сәттерде көмегін аяған емес. Осынау етене қатынастардың барлығы әуелі екі ел көшбасшыларының арқасында. Берік достық стратегиялық серіктестікке ұласты. Бүгінде Қазақстан Беларусь елінің ТМД кеңістігіндегі ең ірі сауда әріптестерінің үштігіне кіреді. Қазіргі таңда Қазақстанда 260 Беларусь компаниясы мен 6 ірі бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Келіссөздер барысында ең әуелі осы экономикалық байланыстарды бекемдеуге ерекше мән берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

За эти годы мы с Вами, прежде всего Вашими усилиями, создали мощную экономическую, политическую базу сотрудничества. В тяжелейших условиях Вы сделали очень много для вашей страны. Беларусь настоящая европейская страна. Вашим сельским хозяйством все восхищаются. Сохранили потенциал машиностроения, по всему миру развивается выход товаров. Сегодня в Казахстане работает 260 белорусских предприятий, на наших прилавках - продукция белорусского сельского хозяйства, магазины с белорусской мебелью можно видеть во всех городах, 6 совместных предприятий – это «БелАЗ», МТЗ, «Гомсельмаш», который работает у нас. Я знаю, что на бизнес-форуме наши деловые люди подпишут новые контракты на поставку в Казахстан десятки «БелАЗов», новой техники, заключим договор по локализации продукции, создание сборочных предприятий.

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының Президенті:

– Беларусь еліне деген Сіздің құрметіңіз ерекше. Екі мемлекеттің бір-біріне деген құрметі еш уақытта төмендеген емес. Сіздің бүгінгі сапарыңыз алдағы жұмыстарымызды одан әрі жақсартуға мүмкіндік берері сөзсіз. Бір-бірімізден алар үлгі көп.

Ендігі меже сауда-саттықты ұлғайту екенін қос Президент қадап айтты. Соңғы жылдары алыс-берістің азайғанын сыртқы факторлармен байланыстыруға болады. Алайда өткеннің есесін толтыруға екі ел де асық. Қуантарлығы, биылғы жылдың 9 айында тауар айналым 65 пайызға артып, жарты млрд долларға жуықтады. Енді бұл көрсеткішті еселей түсу маңызды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Много того, что производит Белоруссия, мы откуда-то покупаем из далека, то, что производит Казахстан, Белоруссия импортирует откуда-то. Если наше Правительство посмотрит, мы за короткое время поднимем торговлю. Тем более таможенных барьеров нет, проезды нормальные.

Екі ел Үкіметі сауданы 1 млрд-қа небәрі 1 жылда жеткіземіз деп отыр. Бұл жұмыс басталып кетті.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Үкіметаралық комиссияға нақты тапсырма берді. Тауар айналымы 2 есе көбейіп, 1 млрд-қа дейін ұлғаю қажет. Енді 1 жылдың ішінде екі Президенттің тапсырмасын орындаймыз деп жоспарлап отырмыз. Біздің әлеуетіміз жақсы.

Әлеует инвестиция мен технология алмасу саласында да жоғары. Екі ел жасыл экономика мен тың салаларды бірлесіп дамытуға бел буды. Бұл сапардың ерекшелігі де, жетістігі де сонда. Тіпті бірлескен трансұлттық компаниялар құру ойда бар.

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының Президенті:

– Өзара инвестиция, өндіріс, өнімдер мен қызметтерді нарықтық қамту маңызды бағыттарға айналуы тиіс. Әлемдік алаңдарда сәтті жұмыс істеу үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өзіміздің трансұлттық корпорацияларымызды құруымыз керек. Мұндай ауқымды жоспарларды жүзеге асыру үшін ресурстар жеткілікті. Білім беру мен логистикаға дейінгі салаларды қамтыған мұндай корпорацияларды құру бойынша бүгін біз екі ел Үкіметтерінің ұсыныстарын мақұлдадық.

Екі жақ бірлескен өндірістерді де көбейтуге ниетті. Осы мақсатта кәсіпкерлер бизнес-форумда қауышты. Ұзын саны 350-ге тарта бизнесмен ондаған жобаны қарастырып, жаңа келісімдерді бекітті. Нәтижесінде қос елдің іскерлік кеңесі құрылып, Қазақстанға комбайндар, жүк көліктері мен коммуналдық техника тасымалдау артады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Проходит бизнес-форум. Я знаю, подготовлены к подписанию документы, где расширяются эти отношения. Потому что они нам нужны, они выгодны, они предоставляют работу вашим рабочим инженерам. Они нужны на наших огромных карьерах. Мы говорим сегодня о совместном создании новой сельхозтехники для уборки зерна. Это очень хорошие предложения, я их поддерживаю. Мы находимся на высшей стадии сотрудничества, потому что между нашими странами нет никаких политических, экономических или других проблем. Это открывает путь еще шире работать вместе.

Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукошенконы екі елдің транзиттік мүмкіндіктерін де кеңінен пайдалануға шақырды. Қазір Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға жылына 136 мың контейнер өтеді. Осы орайда Қазақстанның жол тораптары Беларусьтің де игілігіне қызмет етуге дайын. Есесіне көлік-транзит саласындағы ынтымақтастық нығая түспек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Одна из крупных программ, которые мы осуществляем, это индустриально-инновационное развитие Казахстана. Мы за 5 лет ввели 1200 новых предприятий. Вторая программа - инфраструктурная программа «Нұрлы жол». Мы построили за последние годы 2500 км железных дорог и 4000 км автомобильных дорог. И тем самым открыли возможности и для белорусских перевозчиков. Развитие IT- технологий, которыми Беларусь занимается опережающими темпами. Мы в этом заинтересованы. Мы договариваемся, чтобы вместе осуществить 2-3 крупные идеи и в этой части, поскольку на месте ЭКСПО-2017 мы создаем IT- парк.

ІТ салада Беларусь мамандары озық технологияларға қол жеткізді. Олар ғылыми, инновациялық жетістіктерімен бөлісуге әзір. Өндірістік кооперациядан бастап ғарыш саласына дейін ынтымақтастықты күшейту көзделіп отыр. Тіпті жерді қашықтықтан зондтау бойынша бірлескен қадамдар қолға алынбақ.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

– Біз әскери-техникалық ынтымақтастықта жаңа деңгейге аяқ бастық. Себебі қорғаныс кәсіпорындары арасында өндірістік кооперация бойынша үкіметаралық келісімге қол қойылды. Және ғарыш саласында серіктестікті дамыту қарқын алуда. Беларусьтің спутниктерге пайдаланылатын оптикасын атап өтуге болады. Келешекте ғарыш аппараттарын жобалау кезінде біз бірлесіп жұмыс істеуге және сол оптикаларды пайдалануға ниеттіміз.

Келіссөздер жемісті. Нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылды. Олар ақпараттық технологиялар, мәдениет, спорт және ғылым саласын қамтиды. 2026 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісім – ең негізгісі. Сөйтіп Қазақстан мен Беларусь стратегиялық қадамдарын айқындап қойды.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

– Көптеген уағдаластыққа қол жеткізілді. Келісімшарттарға қол қойылды. Бұл – жоғары көрсеткіш. Өйткені бәсекелі әлемде екі ел өздерінің ынтымақтастығын көрсетіп жатыр. Біз сапалы деңгейде өзіміздің ынтымақтастығымызды көтерудеміз. Ауыл шаруашылығы, машина жасау, бірнеше экономикамыздың күрделі саласында ынтымақтастық жаңа деңгейге көтереді.

Қос көшбасшының салып берген сара жолы екі ел игілігі үшін. Бір-біріне шынайы көмектесу, сауда жасау, екі елде де өндіріс ошақтарын көбейтіп, жұмыс орындарын ашу – ортақ мұрат. Бұл мақсатқа жетудің төте жолы – қабылданған келісімдерді іске асыру. Ал ол жұмыс енді Үкіметтердің еншісінде.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Между Белоруссией и Казахстаном создана огромная договорная правовая база. 70 документов работают. Сегодня, как вы видели, также подписан большой пакет документов. Среди них я особо выделяю договор по социально-экономическому сотрудничеству до 2026 года. Его комплексный характер определяет новый, стратегический ориентир для сотрудничества наших стран. Самое главное, у нас есть общее желание, общее видение постепенно и мощно увеличивать партнерство в интересах двух государств и народов. Мы провели переговоры по актуальным вопросам международной тематики, здесь мы едины во мнении, вместе работаем. Мы теперь находимся в едином Евразийском экономическом пространстве. Это нам помогает больше торговать.

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасына ресми сапары аясында Жеңіс монументіне гүл қойды. Минскіге ресми немесе мемлекеттік сапармен келген Президенттер мұнда бас сұқпай өтпейді. Бұрыннан қалыптасқан дәстүр. Бұл монумент сонау 1954 жылы Ұлы Жеңістің құрметіне Жеңіс алаңына орнатылған. Беларусь астанасының символдарының бірі саналады.

Осылайша өзара сенім мен ынтымақтастыққа негізделген қатынастар қарқынды дами бермек. Бұған қос тарап мүдделі екеніне сапар барысында көптің көзі жетті.

Серіктестіктің жаңа кезеңі басталды. Қабылданған құжаттар қазақ-белорус ынтымағының ұзақ мерзімге бағытталғанын айқындап отыр. Ендігі ынтымақтастық инновациялар мен жаңа технологияларға негізделетін болады. Демек бұл сапар екіжақты байланыстарды тереңдетуге тың серпін берді деуге негіз бар.

Авторы: Мұхтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев, Айдос Ентебеков, Хасен Омарқұлов және Алмаз Омарғалиев

3. Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен жүздесті

Нұрсұлтан Назарбаев Минск сапары барысында Қырғыз Республикасының жаңа басшысымен жүздесті. Кездесуге өтініш білдірген айыр қалпақты ағайын тарапы. Талқыға түскен мәселенің төркіні айтпаса да түсінікті. Туыстық қарым-қатынастағы жағдайды қалпына келтіру.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбековтің бұл кездесуінен кейін арадағы күрмеуі қиын күрделі жайттың барлығы реттелеріне күмән жоқ. Оған жақын күндері жұмысын бастайтын «Жол картасы» дәлел. Құжатқа қол қою үшін Қырғыз Республикасының үкіметтік делегациясы Астанаға келетін болды. Минсктегі кездесуде шекара төңірегіндегі түйткілдің де шешімі қаралды. Сооронбай Жээнбековтің өтініші бойынша Қордай бекеті уақытша ашылады. Бар жауапкершілікті қырғыз басшысы өз мойнына алып отыр. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековті сайлауда жеткен жеңісімен құттықтап, Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біріншіден, Сооронбай Шарипұлын сайлауда жеткен табыстарымен шын жүректен құттықтадым. Алыс жерде болса да, осылай кездесіп қалдық. Екіншіден, біз жаңа келістік. Екі елдің арасындағы туысқандық-бауырлық қатынастың барлығын орнына келтіреміз. Ол – екі халықтың мүддесі. Шекарада болған жағдайдың не үшін болғанын бәріміз білеміз. Сондықтан біз былай келістік. Екі мемлекет келіскен Жол картасы бар. Сол Жол картасын қарау үшін бүрсігүні Қырғыз үкіметі Қазақстанға келеді. Біздің топпен екеуі соған қол қояды. Содан кейін Сооронбай Шарипұлының сұрауы бойынша уақытша Қордай шекарасын ашамыз да, екі жақтан бақылау қоямыз. Қазақстаннан да, Қырғызстаннан да. ЕврАзЭСтен үш адам әрбір жүкті қарайды, бірақ өткізе беретін болады. Біз мұны Қытайдың шекарасында да жасаймыз. Содан соң жаңадан сайланған Қырғызстан Президенті Сооронбай Шарипұлын Қазақстанға ресми сапармен шақырып отырмын. Келгенде барлық шаруаны артқа тастап, қазақ пен қырғыз арасындағы жағдайды түзетеміз деп келістік.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:

– Біз құрметті Нұрсұлтан Әбішұлымен сөйлестік. Мені құттықтағаны үшін рақмет айттым. Мен Нұрсұлтан Әбішұлына денсаулық тілеймін. Біздің бауырлас қазақ елінде жақсылық болғанын қалаймын. Болған мәселелер бойынша көп сөйлестік. Шешімге келдік. Жол картасы бар, екі Үкімет әзірлеп, желтоқсанның аяғына шығарамыз. Одан кейін көп мәселе шешіледі. Шекараны ашып берді. Мен жауапкершілік алып отырмын. Көп мәселе бар, оны екі тараптан шешеміз. Рақмет, Нұрсұлтан Әбішұлы!

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Табысты бол! Қырғызстан халқына ақ тілегімнен басқа еш нәрсе жоқ. Бір туған елміз. Өмірде барлығы бола береді. Оның барлығын артқа тастайық. Бір нәрсені кешірмесең, ол адаммен тағы да қарым-қатынасың болады деген сөз. Кешірсең, жабылды.

4. Жол картасын бекітті

Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жол картасын бекітті. Тиісті құжатқа Астанада Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі Толкунбек Абдыгулов қол қойды. «Жол картасының іс-шараларын толыққанды әрі дер кезінде орындау ортақ нарықты ашықтық және өзара тиімділік ұстанымдарына сәйкес қалыптастыруға сеп болады», – деді Асқар Мамин. 2017 жылдың 3 желтоқсаны күні сағат 00.00-ден бастап Қазақстанның шекара қызметі барлық Қазақстан-Қырғызстан өткізу бекеттерінде күшейтілген бақылаудан шекараны күзетудің күнделікті тәртібіне көшеді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

– Мемлекет басшысының Минскідегі Қырғызстан Президентімен кездесу қорытындысынан кейін берілген тапсырмасы бойынша қос елдің Үкіметтері екіжақты экономикалық ынтымақтастық және шекарадағы жағдайға қатысты құжатқа қол қойды және келіссөздерді аяқтады. Жол картасы 50 іс-шарадан тұрады. Оның 16-сы жедел түрде, 5-і қысқамерзімді, 29-ы жүйелі жүзеге аспақ. Еуразиялық экономикалық одақ нарықтарына қырғыз тауарларын өткізуді қамтамасыз ету мақсатында бұл нормалар ұйымның талаптарына қырғыз экономикасын толық бейімдеуге бағытталған. Атап өту керек, қолға алынған шаралар нәтижесінде 10 қазан мен 1 желтоқсан аралығында шекарада 4 мыңнан аса заңбұзушылық анықталған. Жол картасына қол қойылғаннан кейін біз Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларындағы кедендік, салықтық, ветеринарлық, фитосанитарлық және санитарлық эпидемиалогиялық бақылаудың жаңа тәсілдеріне көшеміз. Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Қырғызстан шекарасы арқылы экспорттық және импорттық, транзиттік тасымалдарды қамтамасыз етеміз. Осылайша қырғыз тарапы Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкес аталған салаларда тиісті бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алды.

5. Елбасы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

Осы аптада Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев екі мәрте телефон арқылы сөйлесті. Дүйсенбідегі тілдесуде негізінен екіжақты ынтымақтастықтың екпіні сөз болды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.

Биыл көшбасшылар бес рет кездескен. Шавкат Мирзиеев Қазақстанға төрт мәрте табан тірепті. Сол жүздесулерде қол жеткізген уағдаластықтар бүгінде өз жемісін беріп келеді. Бизнестік байланыстың қарқыны күшті. Тиісінше тауар айналымы төске өрлеген. Ендігі міндет – өзара іс-қимылды одан әрі ілгерілету. Қос тарап әңгімесінің қорытындысы осы.

Ал кешегі қоңырау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай соғылған. Нұрсұлтан Назарбаевты әріптесі Шавкат Мирзиёев айтулы мерекемен арнайы құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Және жоғары деңгейдегі тұрақты диалогтың бергені мен берері жайында сөз болды. Бұл – қазақ-өзбек серіктестігінің жемісті болуына кепіл. Бұл – Орталық Азиядағы тұрақтылықты нығайтып, елдердің бір-біріне деген сенімін берік ететін маңызды фактор. «Тұрақты диалог» төңірегінде осылай ой түйді көшбасшылар.

Естеріңізде болса, қыркүйектің бірінде Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президентімен телефон арқылы сөйлескен. Сонда Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға ресми сапармен келуге шақырған еді. Біздің тарап сапарды 2018 жылдың қаңтарына жоспарлады. Оның өзіндік себебі бар. Себебі қаңтар айында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді. Бұл – көптен күткен кульминациялық сәт.

6. Елбасы қабылдаулары

Осы орайда Елбасы Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдап, дайындық барысын пысықтады. Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға барғанда, жоғары деңгейдегі бірқатар кездесу өткізбек. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің жұмысына қатысу туралы жоспары бар. Кездесу соңында Президент дипломатқа бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Во-первых, очень серьезный вопрос наше участие, председательство в Совете Безопасности ООН. Важный вопрос и встреча в Вашингтоне.

Ержан Қазыханов, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі:

– Біздің қарым-қатынасымыз өте жоғары деңгейде. Телефон арқылы сөйлескеніңізден кейін бізді ол жақта ізгі ілтипат, ерекше көңіл-күймен күтіп отыр.

Мұхиттың арғы жағындағы алпауыттың Қазақстанға қатысты ұстанымын қыркүйекте ұққандай болдық. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон әлемге «Назарбаев нұсқасын» үлгі етті.

Рекс Тиллерсон, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы:

– Қазақстан Республикасы ядролық қарудан бас тарту арқылы көптеген мемлекетке үлгі болды. Бұл батыл шешім ядролық қаруды, оның құрылымын, технологиясын қатыгездердің қолына түсуден екі есеге дейін азайтты. Осы қадам мемлекеттің БҰҰ-ға мүше болуына септігін тигізді. Әлем Қазақстанға ядролық қаруды жоюшы ретінде қарамайды. Керісінше Қазақстан барлық көршілес мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан. Жылдан-жылға сенімді сауда нарығын да қалыптастырып келеді. Биыл Қазақстан әлемге болашақ энергиясын насихаттап, елдің экономикалық мүмкіндігін көрсететін EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізді. Сондықтан өңірлік және әлемдік дамуға мемлекет айтарлықтай үлес қосып жатыр деп есептеймін. Яғни Қазақстан өз шешімінен ұтылған жоқ, қайта жемісті жетістіктерді бағындырды. Менің бұрынғы қызметтерімде Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, осы шешімі жайлы өзінен сұрауға мүмкіндігім болды. Ол бұл туралы мүлдем өкінбейтінін айтып, жас мемлекет үшін жасаған жұмысының ең жақсысы екенін атап өтті.

Дараланудың астарында Ұлы даладан дарыған ұлылық бар. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды әріде Қорқыт ата, орта тұста Асан қайғы, бертінде Абай кемеңгер аңсаған. Бүгінгі бастама – сол ежелгі іздердің сүрлеуі. Арғы бабалардан жеткен арманның бірі – ел қондыратын елорда салу. Ол да орындалды. Еуразияның кіндігінде, елдің жүрегінде ажары бөлек Астана бой көтерді. Оның бедері де, бейнесі де өзгеше. Әлемнің бар әдемісін бойына жиып алған. Бірақ қазақы қасиетінен айнымаған. Парасатты, бейбітшіл, бітімгер. Сонысына қарай Сарыарқаның долы дауылын, жылымық желге айналдыра білді.

Бүгінде Астанада өз қолтаңбасын қалдыруды қалайтын архитекторлар көп. Солардың бірі – испан сәулетшісі Сантьяго Калатрава. Футуристік нысандардың авторы ретінде танылған азаматты осы аптада Елбасы қабылдады. Шетелдік мейман Мемлекет басшысына Қазақстанға келіп, Астананың сәулетімен танысуға мүмкіндік жасағаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ ойда жүрген жоспарларын да ортаға салды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Я ознакомился с вашими трудами, историей. И у вас сейчас появилось желание работать здесь, в Астане. Пожалуйста, я готов слушать.

Сантьяго Калатрава, испан сәулетшісі:

– Президент мырза, алдымен осында келгенімізге қуанышты екенімізді айтқым келеді. Астана қаласының тез дамып, өсіп жатқанына таңырқай қарағанымыз рас. Бүгін Сіздермен өзіміздің бай, 36 жылдай қалыптасқан тәжірибемізбен бөліскіміз келеді. Мәселен, біздің компания бүгінде әлемнің 20 мемлекетінде жұмыс істейді. Соның ішінде бірнеше алып инфрақұрылымнан тұратын жобаларымыз бар. Мысалы, Афиныдағы олимпиадалық нысандарды, Лиссабондағы EXPO көрмесінің кешендерін айта кетер едім.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Астана – совершенно новый город. Мы будем отмечать в следующем году только 20 лет ему. Фактически мы построили его за 15 лет. Идея моя заключается в том, что в этом жилом квартале, в центре будет закрытый проспект, где люди будут из дома выходить, не раздеваясь, не переодеваясь. И здесь будут магазины, здесь будут культурные мероприятия, а, может быть, и школы, и как это сделано в Торонто и в других городах, люди будут ходить, общаться. Вы изъявили желание взяться за это и сделать.

«Жылтырағанның бәрі алтын емес» дейтін астарлы сөз бар. Яғни кез келген қаланың салтанатты сарайлардан, сәнді ғимараттардан ғана құралмасы анық. Оның жаны – парасатты тұрғындары. Бұл тұрғыдан алғанда, Астананың еңсесі биік. Бүгінгі Астананы саясат пен экономиканың ғана орталығы деп есептеуге келмес. Бүгінгі Астана – алты құрлықты алаңдатқан мәселелер қаралатын ашық диалог алаңы. Бүгінгі Астана – спорттан әлемдік рекордтар жаңаратын, өнерден өзгеше реңді туындылар дүниеге келетін мекен.

Соңғы сөзімді Тұңғыш Президент күніне орай өткен «Арнау» ұлттық би кеші айғақтайды. «Астана балет» театрында болған шараны елмен бірге Елбасы да көрді. Әсем қимылмен бейнеленген хореографиялық қойылым ұлттық өнерді ұлт жадында жаңғыртады. Жалпы бұл – әлемдік аренаға жол тартуға жолдамасы бар заманауи ұжымдардың бірі.

7. 100 жаңа есім

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ұйымдастырылған және бір шара – Қазақстандағы 100 жаңа есімді таныстыру. Айтулы жобаға екі мыңнан аса үміткер қатысқан. Солардың ішінен оқ бойы озық шыққаны – 102 адам. Яғни бұлар – елдің көп дауысын иеленгендер.

Олар – тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы сан алуан этностың өкілдері. Ортақ анықтама осылай сөйлейді. Бірақ 102-сінің 102 түрлі тағдыры бар. Елбасы айтпақшы: «Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш». Сондықтан бұл 102-ге артылар жүк те жеңіл емес.

Президент жаңа есімдерге жаңа міндет жүктеді. Олар жеткіншектерді үздік болуға жетелеуі тиіс. Міне сонда жаңа заманның бәсекесінде бәс жібермес жаңа толқын қалыптасады. Жалпы айтқанда, жобаның жөні осы.

Тәуелсіздік жылдары елдің дамуына үлес қосқан, алайда есімдері тасада қалып қойған замандастарымыздың жетістіктері ескерілуі тиіс. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының басты идеясы осы. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған жоба қорытындыланды. Форум алдында Елбасы табысқа жеткен тұлғалардың фотокөрмесін аралап, әр азаматтың жетістікке жету жолдарымен танысты.

Бұдан кейін Президент толағай табыстарға жеткен азаматтармен қауышты. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына тоқталып, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың еңбегін атап өтті. «Шын мәнінде әрбір жетістіктің артында алуан түрлі тағдыр тұр. Сондықтан мемлекеттің өсіп-өркендеуіне шаңның тозаңындай пайда әкелген адамның еңбегін елеу қажет», – деп, Елбасы барша жиналғандарды жетістіктерімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Я ознакомился с вашими биографиями, вашей жизнью. Вы кипите в этом обществе, созидаете. Вы вышли вперед. И мы теперь встречаемся как 100 новых лиц времени независимости, которые победили, стали ведущими. Я вас поздравляю!

Елбасының рухани жаңғыруға қатысты тапсырмаларын жүзеге асыруға байланысты арнайы жұмыс топтары құрылған болатын. Солардың қатарында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен бірігіп, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының басты органы ретінде белгіленген еді. Барлығы бастапқыда аты айтарлыққа лайық 2000 адам ұсынылды. Кейін жұмыс тобы ол қатарды үш жүзге дейін қысқартып, оның ішінен ел үшін ерен еңбек еткен мықты жүздігін, бір жарым миллион халық ғаламтор арқылы дауыс беріп, іріктеген еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

100 новых лиц Казахстана, которые выросли за 26 лет нашей независимости, это вы. Я знаю, что вы прошли через 3 тура конкурса. Было интернет-голосование за и против. Выбрали вас. Я смотрел, вы уникальны. Независимость дала вам возможность показать свои таланты, проложить путь в будущее. И самое главное - стать примером для молодежи, которая будет идти за вами.

Талантты да талаптыларды артқа тартатындар көп болады. Ол жасырын емес. Бірақ кертартпа сөзге қарамастан, арман-мақсатқа жету – болашаққа бағдары бар, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың қолынан ғана келетін іс. Осыны айтқан Елбасы жетістікке жеткен тұлғалардың ұмтылысы мен өзгеге көрсетер ұлағатына жоғары баға берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Талантливых преследуют, потому что талант выделился, он необычный среди других. А обычные говорят: почему мы не такие, вот таланты. Его преследую, а гениев убивают просто. Коперника сожгли, Леонардо да Винчи преследовали. Поэтому пробиться людям талантливым и гениальным очень трудно. С другой стороны вы теперь герои, я хочу сказать. Вот почему для полного возрождения изменение сознания казахстанцев имеет огромное значение для нашего будущего.

Іріктеу барысында біржақты қарамай, азаматтың тұлғалық қабілетіне де баса назар аударылды. Оның бойында іскерлік, адамгершілік, білім, мәдениет деген ұғымдар болуы шарт болды. Жұмыс тобы таңдалған тұлғалардың бойынан осы қасиеттердің бәрін тапқан. Мәселен, олардың қатарында әлемді қазақи әуендермен таңқалдырған жас композитор бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Я, как обычно перед сном, слушаю Моцарта, мне нравится. Успокаивает, и мне кажется, на него снизошёл небесный дух, космический. Такая музыка не может просто так родиться. Вот теперь буду тебя слушать.

Қазақ атын әлемге ғылым саласында жаңғыртып жүргендер де бар. Физика пәнінен дүниежүзілік олимпиадаларда бірнеше рет жеңіске жетіп, әйгілі НАСА-да жұмыс істеп, ғарышқа «Спейс икс» секілді ұшу аппаратын жөнелтуге атсалысқан қазақ баласы таныстырылды. Америкада тәжірибе жинап, елге қайта оралған Ернұр туған елдің дамуына атсалыспақ.

Ернұр Рысмағамбетов, жас ғалым:

Мен қоғамға одан да зор үлес қосқым келді. 2009 жылдан бастап мектеп оқушыларын физика пәні бойынша дүниежүзілік олимпиадаға дайындауды бастадым. Мексикаға шәкірттерімізбен барып, екі алтын медаль, Таиландтан үш алтын медаль жеңіп алдық. Біздің еліміз Қазақстан ең үздік 10 мемлекеттің арасынан көрінді.

Еліміздің еңсе көтеріп, егемендік алуына елеулі үлес қосқан тұлғалар аз емес. Оларды ұрпаққа ұлықтап, ізгілікті істерін насихаттау маңызды. Мәселен, Ерлан Күмісқалиев бас және жұлын миы зақымданған балаларды қолдау орталығын басқарады. Өзі ұзақ уақыт бойы ауыр дертке шалдығып, төсек тартқан азамат қазір бар өмірін өзгеге көмектесуге арнаған. Бүгінге дейін сал ауруы, даун дертіне шалдыққан балаларға тегін медициналық жәрдем жасауға атсалысып келген.

Ерлан Күмісқалиев, «Атырау. Шағын ел» ҚБ жетекшісі:

– «Қоғамға қандай пайда әкелдім, қандай із қалдырдым?» деген сұрақтар туындады. «Атырау. Шағын ел» орталығының жұмыс істеп келе жатқанына 5 жыл болды. Бәрі де тегін. Тиын алған емеспіз. Себебі бұл – менің қалауым. Ақжүректі, жомарт адамдар бар екенін қоғамға жеткізе білгім келді.

Тек еңбек ғана емес, елімізде ерлік те зор еленеді. Осыдан бірер жыл бұрын Қарағанды облысының әскери бөлімдерінің біріндегі оқу-жаттығу кезінде полковник Қайрат Үмбетов сарбазды денесімен гранатадан қалқалап, өмірін құтқарып қалған еді.

Кейін бұл ерлігі елге жайылып, Президент оған «Халық қаһарманы» атағын берген еді. Бұл тұлғаның есімі де тарихқа жазылуға лайық деп танылды.

Қайрат Үмбетов, Қазақстанның Халық қаһарманы, ҚР ҰҰ 6505 Әскери бөлiмi штабының бастығы:

Ұлттық ұлан қатарында 20 жылдан астам сіңірген еңбегім мен 2016 жылы жасаған ерлігім еленіп, Елбасы қолынан мемлекеттік марапат алдым. Азаматтардың таңдауына үлкен алғысымды білдіремін.

«Туған жерге туыңды тік». Бұл – Баһаргүл Төлегенқызының өмірлік ұраны. Қытайдан Қазақстанға қоныс аударып, бизнес бастау оңай болған жоқ. Бүгінде ол қазақтың ұлттық қолөнерін насихаттап жүр.

Баһаргүл Төлегенқызы, жеке кәсіпкер:

– Ең бастысы – адал еңбек, елге деген адалдық, отанды сүю. Рухани жаңғырудың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу. 20 жылдан бері қазақ халқының байырғы өнерін жаңғыртып, жаңа заман үлгісінде түрлендіруге атсалыстық. Елбасының қабылдауында болу – мен үшін үлкен мәртебе.

Форум қорытындысында Президент жетістікке жеткен азаматтармен емен-жарқын әңгімелесті. Жастарға әсіресе ғылым саласына назар аударып, жаңашылдықтарға бет бұрып, білімге зор талпыныс жасау керек екенін насихат етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мен жаңадан бір кітап оқыдым. Человека замораживают, и потом через сто лет его оживляют, но самое главное, оказывается, сохранить мозг и сохранить память. Тело можно любое поставить. Врачи кто здесь. Они все знают. Есть криотерапия. Но это фантастическое такое произведение. Но это делали 3-4 человека в закрытых лабораториях сидели, изучали. И там говорится, что девушку и парня оживили. И они дальше жили. И помнили все. Можно же так.

Тарихқа аттары таңбаланып жазылған 100 есім ішінде жас пен жасамыс, сан саланы тізгіндеген азаматтар бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы тізімге енбей қалған өзге тұлғаларды да ескеруді тапсырды. «Барлығы елі, жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады деген үміт бар», – деді Президент. Салтанатты шара қорытындысында есімдерін ел ескерген азаматтар естелік суретке түсіп, тарқасты.

Авторлары: Жұрағат Баман, Айдос Медельбеков

8. Қазақ мәдениеті қос ұлымен қоштасты

Бұл аптада қазақ мәдениеті қос ұлымен қоштасты. Көрнекті ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұзафар Әлімбаев пен белгілі хор дирижері, педагог Анатолий Молодов дүниеден өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдап, марқұмдардың туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мұзафар Әлімбаев пен Анатолий Молодовтың ел өміріне сіңірген еңбегі ерен. Сондықтан олардың өздері кеткенімен, іздері қалды. Ол іздер – өскелең ұрпақ үшін ешбір байлықпен өлшенбес өнеге. Елін сүйген ерді ел ұмытпас!

9. Көшбасшы келбеті

Жаңа дәуір басталғалы «саясат сөздігіне» де жаңадан көп термин жазылды. Солардың арасында аңдағайлап тұратын бір тіркес бар. «Назарбаев нұсқасы».

Ол – 130-ға жуық этностың бір шаңырақ астында ынтымақтаса өмір сүруі. Ол – атом қаруынан ат-тонды ала қашып, бейбітшілік туын берік ұстау. Ол – Ұлы дала ұлағатының дағдарыс дақпыртына араласуы. Ол – Еуразияның кіндігінде еңселі елорда салу. «Назарбаев нұсқасының» анықтамасы айта берсең, ауыз таларлықтай көп.

Тиісінше Нұрсұлтан Назарбаев жайлы айтылған пікірлердің де ауқымы кең.

Елбасының бейбітшіл әрі бітімгер екеніне бүгінгі әлем де, кешегі тарих та куә. Жиырма бірінші ғасырдың жеңілісіне баланған Сирия дағдарысын реттеу мәселесінде біздің Президент дағдарып қалған жоқ. Астананың бейтарап алаңын ұсынды. Осы уақытқа дейін Шам еліндегі шиеленісті шешуге бағытталған 7 келіссөз жүрді. Нәтижесіз емес.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

– Қазақстан Президентіне Астана алаңын ұсынғаны үшін алғысымды айтқым келеді. Астана процесі арқылы біз қақтығыстарды азайтуға қол жеткіздік. Оған дәлел – белсенді әскери іс-қимылдардың тоқтауы және дислокация аймағының құрылуы. Бұл әрине Сириядағы жағдайдың сапалы өзгерісіне ықпал етті.

Сирия сергелдеңі осы жылдың басты жаңалығы болғаны әмбеге аян. Жаһан жұрты Астанада өткен әр келіссөзді жіті бақылады. Әсіресе Таяу Шығыстағы елдер текетірестің тоқтауын тілейді. Иордания Сириямен құдайы көрші болғандықтан, бұл азаматтық соғыстың аяқталуын олар қалап отыр. Мұны король ІІ Абдалла бен Әл-Хусейн қараша айында Астанаға жасаған сапарында айтты. Әрі ол Елбасыға бейбітшіліктің жарқын үлгісін көрсетіп отырғаны үшін алғыс білдірді.

ІІ Абдалла бен Әл-Хусейн, Иордания королі:

– Сіз сириялық қақтығысты деэскалациялау бойынша барлық күш-жігерді қолдайсыз және Женева келіссөздерін табысты өткізу үшін жақсы алаң ұсынып отырсыз. Біз Қазақстанның Астана процесін өткізудегі рөлін жоғары бағалаймыз.

Ресей мен Түркия арасындағы салқынқандылыққа Қазақстан Президенті арағайындық айтқан болатын. Содан кейін Путин мен Ердоған қайта табысты. Елбасының бітімгерлік қасиетін қос елдің басшысы жоғары бағалап, алғыстарын білдірді. Қыркүйек айында Режеп Тайип Ердоған Астанаға келіп, Президенттің бейбітшілік бастамаларын тағы бір мәрте атап өтті.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті:

– Бұл жерді өзіміздің екінші үйіміз деп санаймыз. Қарым-қатынастарымызды экономика, мәдениет, әскери және саяси алаңда дамытуға тырысамыз. Еліміз арасында тауар айналымы 2 млрд долларға жетті. Бұл шегі емес, себебі бұл көрсеткішті 5 млрд-қа жеткізуді ойлап отырмыз. Бұл мақсатта Қазақстанның да, Түркияның да жеткілікті әлеуеті бар. Біздің өңірдегі қақтығыстарды шешудегі талпынысыңыз үшін ризашылығымды білдіремін.

Президенттің БҰҰ мінберінен төрткүл дүниені ядролық қарусыз әлем құруға шақырғанын көп ел ұмыта қойған жоқ. Мәселен, биыл Қазақстанға сапарлаған Германия федералды Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ядролық қарудан бас тартып, бейбіт өңірді құру жолындағы Елбасының еңбегін жоғары бағалаған еді.

Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия федералды Республикасының Президенті:

– Негізі біз Қазақстанды осы аймақтағы тұрақтылық пен тыныштықтың мекені ретінде жақсы білеміз. Бұл ретте сіздің ядролық қарудан бас тартып, бейбіт өңірді құру жолындағы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Соның арқасында саяси-экономикалық дамуға да жол ашылады.

Абдолла Гүл, Түркияның бұрынғы Президенті:

– Қазақстан қазір тұрақтылықтың орталығына айналды. Және ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті дамудың даңғыл жолымен жетелеп қана қоймай, қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселесінде көшбасшы елге айналдырды.

Елбасының бейбітшілік бастамаларымен бір төбе болса, экономикалық даму жолындағы ұсыныстары бір шоғыр. Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақтың түзілуін бірінші болып көтерген біздің Президент еді.

Игорь Шувалов, Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары:

– Еуразиялық экономикалық одақтың шынайы теоретигі де, практигі да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екенін ерекше атап өтемін. Күрделі уақытта біз бірлесіп, тың экономикалық жобаларды қолға алдық. Бұл істің жалғасы жемісті боларына күмән жоқ.

Гюнтер Кнабе, Орталық Азия елдері бойынша сарапшы: /Германия/

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа бастап барады. Қазіргі құбылмалы заманда ел дамуына ерекше мән беріп отыр. Сіздің ел келешектің кең жолын таңдады. Бұл қадам нәтижесін берері сөзсіз.

Еліміздің астанасы бүгінде көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатыр. «Сырт көз – сыншы», – дейді қазақ. Биыл бас қалаға ат суытқан шетел басшылары Астанаға таңырқай қарады. Сәулетті қала тұрғызған Елбасыға жылы лебіздерін арнады.

Наваз Шариф, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі:

– Мен Қазақстанға қашан да қуана келемін. Әсіресе Астана келбеті қайран қалдырады. Осы ретте сіздің тарапыңыздан атқарылған жұмыс орасан зор. Мұны ерекше атап өту керек. Осындай кемеңгерлігіңіз бен көшбасшылығыңыздың арқасында Қазақстанның аты күллі әлемге танылып отыр.

Милош Земан, Чехия Президенті:

– Біз Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Тіпті алып держава десек те болады. Тікелей Сіздің бастамаңызбен осындай әсем қала Астана бой көтерді. Бұл – сіздің еңбегіңіздің жемісі.

Елбасының бастамалары арқылы әлем Қазақстанның жаңа мүмкіндіктерімен кеңінен танысып жатыр. Оның бірегейі ТМД елдері ішінде біз Астана ЕХРО-2017 көрмесін бірінші болып өткіздік. Бұл тарихи сәт жаһандық сарапшылар тарапынан оң бағаланды.

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

10. Жүйелі жоспар

Қазақстанның ендігі мақсат-мұраты – ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын дербес орны бар мемлекет қалыптастыру. Әрине қазірдің өзінде бізді әлем білмейді емес, біледі. Бірақ тоқмейілсудің оздырмай, тоздыратыны тағы бар. Оған қоса бағдары белгіленіп, мақсаты айқындалмаған елдің болашағы бұлыңғыр емес пе?!

Осы аптада Үкімет еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын бекітті. Ол – экономикалық өсімнің жаңа моделін құруға негізделген құжат. Жауаптылардың сөзіне сенсек, жобаға сәйкес жалпы ішкі өнімнің көлемі жыл сайын кем дегенде 4,5-5 пайызға артып отырмақ. Мұндай көрсеткішке қол жеткізу үшін жеті салада реформа жүргізу міндет. Оларды анықтау, талқылаудың талай кезеңінен өтіп, отандық және халықаралық сарапшылардың ақыл таразысына тасталыпты. Көпшілігі: «Ұлттық экономиканы жаңғыртуға ауадай қажет құжат», – деп ой қорытса керек.

Білімді бәрінен биік қойған елдің болашағы жарқын болары анық. Осы қағидаға сүйенген Жапония, Оңтүстік Корея, Финляндия бүгінде дамыған мемлекеттердің қатарына қосылған. Бұл мемлекеттермен тереземіз тең болу үшін біз де қам жасап жатырмыз. Тәуелсіздік алған уақыттан бері білімге көп көңіл бөлініп келеді. Күні кеше Үкімет мақұлдаған 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының алғашқы бағыты осы саланы меңзейді. Яғни жаңа адами капиталға басымдық береді. Мамандардың көксегені жастарымыз жаһанданудың білім жарысынан қалыс қалмауы тиіс.

Жақсыбек Күлекеев, қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі:

– Енді 20 жылдан кейін білім саласындағы реформа қандай болатынын қазір болжау мүмкін емес. Ал 50 жылдан кейін балаларды оқытудың қажеті жоқ болатын шығар. Мүмкін оларға тәрбие берсек, жеткілікті болатын шығар. Өйткені қазіргі технологияның дамуы сондай. 3-4 жасар баланың миына чипті апарып, бүкіл ақпаратты апарып қоя салсаң, ол баланы оқытудың қажеті жоқ.

Әрине, бұл маманның болашаққа жасаған болжамы ғана. Бірақ технологияның күннен-күнге қарыштап дамып жатқанын ескерсек, жорамалдың ақиқатқа айналуы кәдік. «Технология мен цифрландыру сиқыр жасайды» дегенге сенетін күн де жетті. Бізде бұл сала ескерусіз қалған емес. Мәселен, қолға алынған жеті реформаның бірі – технологиялық жаңару мен цифрландыру. Бұл орайда жаңа отандық технологиялар әзірленіп, өнімділігі жоғары кәсіпорындар ашылады. Жасыл технологияларды дамытуға арналған халықаралық орталық құру жоспары да бар.

Жақсыбек Күлекеев, қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі:

– Мына дайындалған бағдарламаның ең негізгі жетістігі ретінде технологиялық тұрғыдан модернизация жасауымыз керек. Одан бөлек рухани жаңғыруды да естен шығармағанымыз жөн. Ол туралы Елбасы да айтып жатыр. Бұл жобаның елімізге үлесі көп болатынына сенемін.

Отандық бизнес бәсекеге қабілетті болуы үшін біздің елде бірқатар бағдарлама қабылданды. Соның негізінде кәсіпкерлікті одан әрі жетілдіру қолға алынбақшы. Тарқатып өтсек, Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бизнестегі кедергілер азайып, өндірістердің өсуіне бағытталған шаралар қабылданады. Жобаны жүзеге асыру арқылы шағын және орта бизнестің үлесі 26-дан 35 пайызға жетпек. Ал шикізаттық емес өнімнің экспорты 50 пайызды еңсермек.

Олжас Құдайбергенов, стратегиялық бастамалар орталығының серіктесі:

– Алдымен ол бюджетке түсетін ақшаның көлемін үлкейтеді. Қазір ЖІӨ – 16 пайыз, ал кейін ол көрсеткіш 25 пайызға дейін өседі. Екінші көрсеткіш – экономиканы несиелендіру деңгейі. Ол 18 пайыз болып тұр, 7 жылдан кейін 50 пайызға өсуі керек. Өзіміздің тұтыну тауарларын 70 пайыздай импорттаймыз, бұл бағдарлама арқылы 70 пайыздан 40-30 пайызға дейін төмендейді. Өзіміз тұтынатын тауарларды өзіміз өндіреміз.

Дамуға бастайтын 7 бағыт бір-бірімен тығыз байланысты. Сарапшылар елдегі сандық жүйені дамыту арқылы сатып алу үдерістерін әділ етеміз деп отыр. Сөйтіп сыбайлас жемқорлықтың жолын кеспекші. Онымен бірге осы мақсат жазылған 4 реформада сот жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ісі жалғасатыны көрініс тапқан. Бұл елдің инвестициялық тартымдылығын арттырады. Сондай-ақ өңірлердегі экономикалық теңсіздікті жою мақсатында аймақтық деңгейде инвестиция тарту ісі қолға алынады.

Рахым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының басшысы:

– Үкіметтің белгілі бір өсімге қол жеткізгенін көріп отырмыз. Елдегі өндіріс саласының дамуы 8 пайызға артты. Дегенмен біз қолдағы байлықты, яғни кірістерді ұлғайта алмай отырмыз. Соның салдарынан төмендеу байқалады. «2025 стратегиясы» осы сынды мәселелерді шешетін құрал деп айта аламын. Өйткені министрлік экономиканың дамуын жан-жақты ойластырып отыр.

Экономикалық жоспарлармен қатар қоғамдық сананы жаңғырту жұмысына да ерекше мән беріледі. Нақтырақ айтсақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде кешенді жұмыстар атқарылмақ.

Меруерт Махмұтова, қоғамдық мәселелерді талдау орталығының директоры:

– Үкімет жағынан жұмыс орны болуы керек. Бизнес дамыту үшін үмкіндік болу қажет. Білім саласы даму керек. Сондықтан азаматтардың өз басына, отбасына, ауылына, қаласына, жалпы елімізге деген жауапкершілігіміз ұлғаюы керек.

Жоспар жүйелі іске асу үшін мемлекеттік органдар да атсалысуы қажет. Елдің жаңғыру жолындағы қозғаушы күш ретінде олардың рөлі артады. Өйткені бар бағдарламаның толық орындалуы өңірлерге байланысты болса керек.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Осы құжат Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын іске асыруға бағытталған. Олар – «Қазақстан-2050 стратегиясы», «100 нақты қадам – Ұлт жоспары», Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы. Стратегиялық жоспар Қазақстанның 2025 жылға дейінгі кешенді даму бағытын айқындайды.

2025 жылға дейін жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі 46 мың долларды құрап, еңбек өнімділігі өсімі жылына 4,7 пайызға жетуі тиіс. Ал экономикалық өсім жылына орта есеппен 4,5-5 пайыздан кем болмауы шарт. Бұл мақсаттарды еңсерсек, дамыған 30 елдің қатарына кіреміз. Себебі олардың көрсеткіштері негізге алынды.

Авторы: Сәкен Сейітханұлы