Мұрағат

«Тарих. Тағдыр. Тұлға». Жазушы Ілияс Есенберлин

«Тарих. Тағдыр. Тұлға». Жазушы Ілияс Есенберлин

Ілияс Есенберлин – Кеңес Үкіметі тұсында ұлттың рухын көтеретін тарихи роман жазған алғашқы жазушы. Оның «Көшпенділер» атты туындысы аз ұлттың еңбегі еленбей келген сонау Совет Одағы тұсында әлем елдерінің көптеген тілдеріне тәржімаланған. Кесек туынды қазір де өзектілігімен құнды. Роман 30 жылдың ішінде 50 рет басылып, 3 млн тиражбен тараған қазақ әдебиетінің тарихындағы бірегей туынды.