ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қызықты деректер

Қызықты деректер

«Eurovision» халықаралық ән байқауының 60 жылдық тарихындағы ең қызықты деген деректерді назарларыңызға ұсынамыз!

1. Ең табысты қатысушы елдердің бірі – Ирландия. Байқау тарихында 7 рет жеңімпаз атанған. Соның ішінде 1992, 1993 және 1994 жылдары қатарынан 3 рет жеңіс тұғырынан көрінді.

 

 

 

 

 

 

 

2. 1999 жылға дейін әр ел өз ана тілдерінде ән айтқан. Соған қарамастан ағылшын тіліндегі әндер 24 рет жеңімпаз атанып үлгерді.

4. Жеке орындаушылар арасында 34 рет әйел, 10 рет ер адам жеңіске жеткен.

5. Александр Рыбак «Fairytale (Сказка)» әнімен ең көп ұпай жинаған жеңімпаз. Ол 2009 жылы Ресейде өткен байқауда 387 баллмен рекордтық көрсеткішке ие болды.

6. Конкурс қатысушылары арасында ең дарынды әнші ирландық Джонни Логан. Ол 1980 және 1987 жылдары бас жүлдені жеңіп алды. Ал 1992 жылы композитор ретінде Линда Мартинге ұсынған әні де жеңіс алып келді.

7. 1969 жылы өткен 14-і «Eurovision» байқауында 4 бірдей елдің әншісі жеңімпаз деп танылды. Олар:  Франциялық Фридой Боккараның орындауында «Un Jour, Un Enfant» әні, Нидерланды елінен Ленни Кюр «De troubadour» әнімен, Испаниялық Саломе «Vivo cantando» әнімен және Ұлыбританиялық Лулу «Boom bang a bang» әнімен бас жүлдені жеңіп алды. 

8. «Eurovision»  байқауының ең жас жеңімпазы Бельгиялық Сандра Ким. 1986 жылы өткен конкурста ол 13 жаста болатын.  

9. Ұлыбритания «Eurovision» байқауын ең көп өткізген ел ретінде есте қалды. 8 рет әлемдік музыканттарды құшақ жая қарсы алып, қонақжайлық танытқан. 5 рет өз жеңісінен кейінгі заңды эстафетасын қабылдаса, 3 рет байқауды өткізуден бас тартқан елдерге көмек қолын созған.

10. Әзербайжанда өткен «Eurovision 2012» әнжарысы байқау тарихындағы ең қымбат шоу болып есептеледі. Ұйымдастырушылар ол үшін 721 млн доллар қаражат жұмсаған.

11. 2010 жылы Осло (Норвегия) қаласынан трансляцияланған финалдық конкурсты 125 млн телекөрермен тамашалаған. Бұл рекордтық көрсеткіш болатын.

12. «Eurovision» байқауының ең тұрақты қатысушысы ретінде неміс композиторы Ральф Зигельді атап өтуге болады. Ол конкурсқа 19 рет қатысқан.

13. «Eurovision» фавориттері қатарында Ұлыбритания, Франция, Швеция және Люксембург көш бастап тұр. Олар 5 рет жеңімпаз атанып үлгерген. 

14. Халықаралық конкурс ABBA, Селин Дион, Тото Котуньо, Хулио Иглесиас секілді жұлдыздардың әлемдік деңгейде танылуына жол ашты.