Хабар телеарнасы

«Хабар» телеарнасы «Құтқарушылар» жаңа деректі сериалын ұсынады

Алдағы дүйсенбі, 9 сәуірде «Құтқарушылар» деректі сериалы эфирге шығады. Болған оқиға ізімен түсірілген сериалда адам өміріне төнген қауіп, өмір мен өлімнің арпалысы суреттеледі.

Сондай-ақ көрермен жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсету, «Жол апатына ұшырағанда не істеу керек?», «Үй отқа оранса, құтылу жолдары қандай?» деген сұрақтарға жауап табады.

Әр дүйсенбіде 15:00-де «Хабар» арнасынан «Құтқарушыларды» қараңыздар.