×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Өзекті

«Хабар» Агенттігі «Киелі Қазақстан» жорығына ақпараттық қолдау көрсетеді

«Хабар» Агенттігі «Киелі Қазақстан» жорығына ақпараттық қолдау көрсетеді

Қазақстанның тұмса табиғатын төрткүл дүниеге танытатын ауқымды экспедиция басталды.

Танымал саяхатшылар, белгілі блогерлер мен туристік компаниялардан құралған топ еліміздің 20 табиғи нысанына табан тіреп, әр өңірдің өзіндік ерекшелігін жаһан жұртына паш етпек. Экспедиция 6 бағыт бойынша жүреді. Саяхатшылардың алғашқы аралайтын орны – Тянь-Шань шатқалы.

Ішкі туризмді дамытуға бағытталған жоба Қазақстанның көрікті жерлерін насихаттаумен ғана шектелмейді. Шетелдік саяхатшылар тарихи орындарды аралап, қасиетті мекендермен танысады. Алғашқы бағыт – Тянь-Шань тауы.

Максим Левитин, таспагер:

- Біз Тянь-Шань шатқалының тек солтүстік бөлігін ғана араламаймыз. Орта тұсына дейін баруды да жоспарлап отырмыз. Содан соң Баянкөлге аттанып, арғы беттен Хан Тәңіріне аялдаймыз. Бұл әлемдегі ең биік шыңдардың бірі. Тау туризмімен шұғылданып жүрген әрбір адам Хан Тәңірін міндетті түрде көруге тырысады.

Кувейттік Фатима Ахмадидің Қазақстанға алғаш келуі бұл. «Қазақ турзим» ұлттық компаниясының келісімімен экспедиция мүшелігіне қабылданыпты. Осыған дейін әлемнің 100 шақты елінде болған блогер Қазақстан жайында көлемді мақала жазбақ. Экспедицияға барлығы 25 адам аттанады.

Фатима Ахмади, саяхатшы:

- Қазақстанның көрікті жерлерін көруге асықпын. Алған әсеріммен әлбетте бөлісемін. Көлемді мақала жазбақшымын. Мұндай табиғаттың барын әлем жұрты білуі керек.

Екі аптадан кейін экспедиция мүшелері Алтайға аттанады. Бұл сапар қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Айтулы шараға «Хабар» Агенттігі ақпараттық қолдау көрсетеді. Әріптестеріміз осы сапар турасында бірнеше бағдарлама әзірлеп, «Kazakh TV» арнасынан көрсететін болады.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Анастасия Вылегжанина