12:00 Әрі қарай эфирде: Жаңалықтар
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» телеарнасы «Eurovision 2018» балалар ән байқауын көрсетеді

«Хабар» телеарнасы «Eurovision 2018» балалар ән байқауын көрсетеді

Балалар арасында өтетін «Eurovision 2018» ән байқауын «Хабар» арнасы көрсетеді.

Айта кетейік, бұл халықаралық шараға Қазақстан алғаш рет қатысқалы отыр. Мамандар биылғы өнер жарысы алдыңғы жылдармен салыстырғанда қызықты өтеді деп болжайды. Себебі  байқауға 19 мемлекет келетінін растады. Бұған дейін қатысушылардың саны мұншалықты көп болмаған.

Еске сала кетейік, биыл өнер додасы 25 қараша күні Беларусь астанасы Минскіде өтеді. Оған 9-14 жас аралығындағы жас әншілер қатысады.