Өзекті

«Junior Eurovision 2018»: Республикалық іріктеуден өткен финалистер гала-концертке дайындалып жатыр

«Junior Eurovision 2018»: Республикалық іріктеуден өткен финалистер гала-концертке дайындалып жатыр

Қазақстандық жас таланттар биыл «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауына қатысуға мүмкіндік алды. Республикалық іріктеу кезеңінен өткен 10 жеңімпаз 22 қыркүйекте Алматыда өтетін гала-концертке дайындалып жатыр.

3 жасынан бастап өнердің сиқырлы әлеміне қанат қаққан Зәуре – қазірдің өзінде бірнеше халықаралық байқаудың жүлдегері. Сабақ, би, спорт пен вокалды қатар алып жүрген ол: «Дыбыс жазу студиясында өзімді еркін сезінемін»,
– дейді.

Зәуре Әмірбекова, байқауға қатысушы:

- Спорттың музыкада көмегі зор. Себебі сахнада өзіңді сенімді сезінесің, еркін қимылдай аласың. Ән айтып тұрып, музыканың ырғағына сай қимыл жасап, билеуің керек.

Биыл Минск қаласында өтетін «Junior Eurovision» байқауына қатысуға 19 мемлекет өтініш берген. Демек, бәсеке де жоғары. Балалары үшін тақымын қысып отырған ата-аналар: «Ең бастысы еліміздің абыройын асқақтатса екен», – дейді. Айта кетейік, Зәуре Әмірбекова Мәскеуде өтетін «Битва талантов» байқауына да шақырту алыпты.

Жанар Әмірбекова, Зәуренің анасы:

- Дайындалып жатырмыз. Ол біз үшін маңызды конкурс. Іріктеуден өткен барлық бала өз алдына талантты деп ойлаймын. Зере абыроймен сол балалармен дос болып, әдемі концерт берсе дейміз. Дайындалып жатырмыз. Кім өтсе де қуанамыз.

22 қыркүйекте Алматыда гала-концерттің жеңімпазы атанған әнші бала 25 қарашада Минск қаласында өтетін «Junior Eurovision 2018» байқауына жолдама алады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев, Кенже Амраев