Хабар телеарнасы

АЭФ сарапшылары елордалық студенттерге дәріс оқиды

Бұл ақпаратты Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жариялады.

Жалпы биыл саммит бағдарламасының ауқымы кеңейді. Форум барысындағы панельдік отырыстардан бөлек, БҰҰ шеңберінде теңізге шыға алмайтын елдер делегацияларының конференциясы, Орталық Азия аймағындағы барлық орталық банк өкілдері мен фискалдық органдардың кездесуі сынды ауқымды жиындар жоспарланған.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Форум өтетін 3 күнде ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Ондағы бағдарлама жан-жақты. Тақырыптар да салмақты. Форум барысында екіжақты, көпжақты кездесулер, панельдік сессиялар және басқа да көптеген іс-шара ұйымдастырылады. Мұндай кездесулер байланысты арттырып, тиімді келісімшарт жасауға мүмкіндік береді. Біз елімізді болашақта қалай көргіміз келеді? Міне, мәселе осында. Сондықтан қазірден бастап қаржылық, экономикалық негізі берік қаланған, болашаққа нық сеніммен қадам басқан дамушы елді көрсетуіміз тиіс.